400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ұлт бірлігі - ұлы байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ елін ұлықтау, дәріптеу мақсатында бастауыш сынып оқушыларына таныстырылым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бижанова Нурсауле Базарбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе қаласы

№54негізгі мектебі

Тақырыбы: «Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі 
болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге 
тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
Мұғалім: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбындағы 3сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер:
Мұғалім:

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.

Әдеби монтаж:
Мұғалім: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 

Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

Ән: «Дос болайық бәріміз»

Мұғалім: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Көрініс: «Өзбек пен грузин айтысы».

Мұғалім: Ағайын туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!








Грузин биі: Орындайтындар: Жолдасбаев Мирас, Мирболатқызы Нұрайна.

Мұғалім:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Хор: «Ақ көгершін»

Мұғалім:Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Барлығы: Бейбітшілік жасасын! Қазақстан жасасын!

Мұғалім: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан! Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

Сау - саламатта болыңыздар!




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
1062
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі