жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»
Тақырыбы:
«1 – мамыр
Бейбітшілік
күні»
Мақсаты:
Балалардың
бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты
халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат
болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық
костюмдер.
(Ән ұран
орындалады)
Тәрбиеші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың
-
Көгімізде
жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет
бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін,
жайнай берсін алтын күн!
-
дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «1-мамыр
Бейбітшілік күні» атты мерекемізді тамашалауға
шақырамыз.
Жүргізуші:
Бұл мереке
бұрын бүкіл әлемдік
«Еңбекшілер күні» болып
тойланды.
Қазір ол
«Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып
есептеледі.
(«Елім менің»
атты ән орындалады
Малика:
Жан біткендей
жас тауға,
Шуақ ойнап
арайлы.
Күн күлімдеп
аспанда,
Мамыр әні
тарайды.
Жайдары жаз
түрге еніп,
Жадыратты
жанымды.
Жер-дүние
тербеліп,
Дала, қала
құлпырды.
Бекжан:
Болсын жер мен
су да ортақ.
Болсын біздің
ту да ортақ.
Ақпыз, қара,
сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз.
Еркемай:
Сары, ақпыз,
қарамыз,
Бәрімізде
баламыз.
Біз Отанда
тұрамыз,
Біз мектепке
барамыз
Феруза:
Алтай, Кавказ
ұласып,
Бауырайы кең
жатыр.
Бақытты әні
асқақтап,
Құлаққа даусы
кеп жатыр.
Зере:
Қырғыз, қазақ,
өзбектер,
Моңғол, ұйғыр,
дүнгендер,
Армян, тәжік,
грузин,
Орыс пенен
украин,
Терезесі тең
жатыр.
Ж.Мансур:
Енді бүгін
қарасам,
Айналам бақыт
кең жатыр.
Бірімен-бірі
туысқан,
Қол ұстасқан ел
жатыр.
Асылжан:
Достығымыз
жарасқан,
Ақпыз, қара,
сарымыз.
Қара жер мен
көк аспан,
Ортақ дала
тауымыз.
Бірнеше ұлт
өмір сүреді.
Жүргізуші:
Отаным ордасы
ғой игіліктің,
Көңіліне күн
орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кң
биіктен Отанымның,
Баянды бағы
өрлеген әрбір ұлттың!
-демекші біздің
Республикамызда әр ұлшттың өкілдері
тұрады.
Жүргізуші:
Ел тарихы, жер
тарихы өзіміз,
Болашақтың
қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен
бауыласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп
тұрса сөзіміз.
Қазақстанда
бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын
деп тілейміз.
Ән: «Ақпыз қара
сарымыз»
Жүргізуші:
Міне, осындай
кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері,
кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының
болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады.
Жүргізуші:
Мамыр қандай,
шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл
кілем жамылған жай.
Алатауым басына
ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден
алқа тағылғандай.
Мамыр қандай,
шіркін-ай құлпырады.
Күй толқын
көңіліне жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл
мамыр, сұлу мамыр,
Секілді
адамзаттың ынтымағы.
Жүргізуші:
Бірлік - халық
салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің,
барлық адам баласының бірлігімен
ұласады».
Бейбітшілік
құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып
самғасын.
Тілегімізді
жерге жайсын,
Қанаттары
талмасын.
Шығармашылық жұмыс: «Достық эмблемасын жасау»
Жүргізуші:
Осымен бірлік күніне арналған тақырыптық
сабағымыз аяқталды. Балаларды
мадақтау.
МКҚК №6 «Нұрай» балабақшасы
Тақырыптық сабақ
Тақырыбы: «1-мамыр Бейбітшілік күні»
Күні: 28.04.2017
№5 «Наурыз» ересек тобы
Тәрбиеші: Курмангожина К.К.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген