Материалдар / Ұлт болашағы- ұлттық тәрбиеде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлт болашағы- ұлттық тәрбиеде

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт болашағы- ұлттық тәрбиеде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
304
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлт болашағы- ұлттық тәрбиеде.

«Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке –бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз».


Н. Ә. Назарбаев

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы- тіл болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Тіл ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы, баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы. Қазіргі кезеңде қазақ тілі мұғалімдерінің алдындағы басты мәселе болып отырған – өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табу. Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің туған жерінің қасиетін сезініп, Отанының алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ұлтымыздың салт – дәстүрімен таныстырыу. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген бала келешекте өз елінің ірге тасын қалыптастыратын көшбасшы бола алады. 
Егеменді ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз.

Мен осыдан он бірнеше жыл бұрын «қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» деген дипломды қолыма алып мектеп-балабақшасына бастауыш сыныптарда қазақ тілінен сабақ беруге келген болатынмын. Сол кезде бұл мамандықты таңдағаныма шыны керек сәл өкініңкіредім, себебі оқушылардың тілге деген қызығушылықтары жоқ болатын. Тіпті ата-аналар арасында кейде келіп «Бізге бұл тілдің қажеті жоқ, біз түбі Ресейге кетеміз, балаларды көп қинай бермеңіз» деп ренжіген ата-аналардың сөзінен кейін, қатты қиналып, қапыға түстім. Сонда өзіме-өзім қайтсем де балалардың, одан құрды ата-аналардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін оятамын, оның тиімді де қызығушылық жолдарын іздеймін деп уәде бердім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым —өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту екенін ескере отырып, «Ойын арқылы балалардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін ояту» деген тақырыппен үш жыл жұмыс жасап, оның жетістіктерін көрдім. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін ойын арқылы оқыту технологиясын қолдандым.Неге десеңіз бастауыш та, мектепке дейінгі тәрбиеленушілер де ойын балалары. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың : «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады емес пе. .Арине сабағымда тек қана ойын түрлерін қолданбай, өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа заманауи инновациялық коммуникативтік әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға іздендім себебі жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді. Балаларды қазақ тілін үйрету кезінде түсінгенім, сөздік қоры болмайынша, өзге тілде сөйлеуі мүмкін емес. Пәнді оқытуда интерактивтік әдістер: сабақ презентация, сынақ сабақ, зерттеу, жоба құру тәсілдерін қолданып, ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Өз тәжірибемде қолданылатын, балалардың белсенділігін арттыратын интерактивтік тәсілдер олардың тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік берді. Өзге ұлт балаларының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқай бастадым. Өкінішке орай кейін мектеп-балабақша жабылып, нақты айтқанда мектеп жабылып, тек балабақша қалды. Арине мүмкін өзімді мақтағандай болармын, дегенмен осы күндері сол оқушыларымды немесе олардың ата-аналарын кездестіріп қалып жатқанда, айтып жатқан шексіз алғыстарына «Еңбегім зияға кетпеген екен» деп, дән риза болып қаламын.

Сөйтіп, мемлекеттік тілді үйрету жұмысын ары қарай мен тек балабақшада жалғастырдым. «Ойын арқылы балалардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін ояту» деген тақырыпты жапқан соң, шығармашылық жұмысымды енді қандай тақырыппен жалғастырсам екен деген ой мазалады. Себебі, мектепте оқушылармен жұмыс жүргізу жеңілірек болатын. Олармен көптеген жұмыс түрлерін өз беттерімен орындауға беруге болатын еді. Ал балабақшада ондай әдіс жарамайды, мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер міндетті түрде үлкендердің жетекшілігін талап етеді. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру- баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс деп түйіндедім. Бүгінгі таңда балабақшадан бастап, бала тәрбиесіне ұлттық педагогика құндылықтарын сіңіру заман талабының сұранысы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің сөзінде қаншалықты ұлттық тәрбие, болашақты болжаған көрегенділік жатыр. Біздің мақсатымыз балаларға балабақшадан бастап, ұлттық тәрбиені заманауи үлгіде сіңіру. Бала кезінен бүлдіршіндерге ұлттық тәлім-тәрбие беріп, баулып, қазақ халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиелеу. Президентіміз: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Оған орай Абай атамыз «Ел салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білмей ел болмайды» демекші, ұмыт қалған, тіпті кейбір өз ұлтымыздың адамдары ұмыт қалдырған дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жаңғыртайық деген мақсатпен жұмысымды «Қазақ тілі сабағында ұлттық педагогиканы қолдана отырып балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру» деген тақырыпқа тоқталдым. Неге десеңіз ұлттық педагогикаға халқымыздың әдет-ғұрыпы да, салт-дәстүрі де, халық-ауыз әдебиеті де кіріп жатыр. Ал бұның бәрін білмей тілді меңгеру ол жоқпен бір. Себебі ұлттық педагогика мен тілді меңгеру әрқашанда егіз жүреді. Ал мектепке дейінгі оқу және тәрбиелеу жұмыстарының қай түріне тоқталсақ та, ойынсыз өтпейді. Сол себептен балаларға ұлттық ойындар арқылы мемлекеттік тілді меңгертіп, сөздік қорларын дамыту, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт - дәстүрін таныстыруды негізгі мақсатқа қойдым. Сонымен жұмысымды ең алдымен қазақ тілі бөлмесінен бастадым. Көзбен көріп, қолмен ұстамай баланың есте сақтау қабілетін дамыту оңай емес, сол себепті тәрбие отбасынан басталады демекші, қазақ халқының бастапқы шаңырағы киіз үй болғандықтан қазақ тілі бөлмесіне киіз үй іспеттес бұрыш орнатылды. Оның іші қажетті құралдармен жабдықталды. Арнайы сөрелерде ұлттық ойыншықтар, дидактикалық материалдар, қол моторикасын дамытуға арналған ұлттық заттар мен бұйымдар қойылып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін кіші макеттермен безендірілді. Жұмсақ ойыншықтар, ұлттық-дидактикалық ойын атрибуттары, түрлі геометриялық пішінде қиылған қазақ ертегілерінің сюжетті пазлдары, көркем әдебиеттер балаларға қолжетімді орналастырылған. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдануға арналған демонстрациялық құралдар, көрнекі материалдар кешені де жасалған. Ұлттық жабдықтармен безендірілген киіз үй іспеттес бұрышта «Алау» телекомпаниясы талеранттық тақырып бойынша жиырма шақты бағдарлама түсірді. Одан алау радиосына сұхбатқа шақырылып, онда да осы бөлме туралы әңгіме қозғалынды. Ендеше бұл да еңбегімнің бір жемісі шығар деп ойлаймын.

Енді осы ұлттық тәрбиені жүзеге асыру үшін келесі талаптарды ескердім:

а) Сабақтың өмірімен, қоршаған ортамен байланысты болуы. Сабақта қолданатын ойын түрлері, диалог, әнгімелесу тақырыбы, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылпаштардың мазмұны т.б. материалдар баланы қызықтыратын болуы қажет. Балаларға әсері жоқ, оның өмірінен алыс, өзіне тартпайтын материалдар тілді үйретуге көмектеспейді. Сондықтан оқу материалын балаға таныс, тәрбиеленуші тез түсінетін, оның өмірімен байланысты болуын есепке аламын.

б) Сабақтын тәрбиелік мәні. Оқу мен тәрбие балабақшада бірігіп жүргізіледі. Сондықтан қазақ тілі сабағында да бұл принцип сақталады. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын барлық материалдардың тәрбиелік мәні күшті болуға тиіс. Қазақ халқының үлкенді сыйлау, ата-әжеге, ата-анаға, үлкенге көмектесу, сый құрмет көрсету сияқты адам тәрбиелеуде үлгі болатын әдет-ғұрыптарды балаға үйрету өте қажет. Сол себептен ата-аналармен бірігіп сабақтан тыс жұмыс түрлерін де молынан қолданамын. Әсіресе, жылда өткізілетін Наурыз мерекесін балалар тағатсыздана күтеді. Тәуелсіздік күні, отбасы күні, 1мамыр- Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні сияқты ұлттық мерекелер ата-аналардың қатысуымен өтеді. Мұндай мерекелерде міндетті түрде ұлттық ойындар ойнатылады. Себебі ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Орыстың ұлы ғалымы С.Тянь-Шанский қазақтар туралы: «Қазақ халқы – өте дана халық. Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері тұнып тұрған білім» деген екен. Бүгінде дамыған Еуропа елдерінен келген Монтессори, Арт-терапия, дамыту ойындары сияқты озық технологиялар мазмұнын қазақ халқы бірнеше ғасыр бұрын-ақ күнделікті тұрмыс-салт жағдайында қолданған. Халқымыз, ерте жастан бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Мысалы, «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Санамақ», «Асық шерту», «Шертпе», «Шекем тас», «Бес тас» тағы басқа ойындарды ойнатуда баланың ұсақ қол моторикасын жаттықтыру, есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мақсатын көздеген.
Сонау кездерде халқымыздың ғылыми білімі, сауаты болмаса да бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ұрпақтың дамуына көрегенділікпен қараған. Бала қабілетінің қайнар көзі, оның саусақтарының ұшында екенін білуінің өзі көрегендік емес пе?! Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни, бала саусақтарымен неғұрлым көп жұмыс істесе, ақыл-ой мен есте сақтау қабілеті де соншалықты тез дамиды. Осы тұста данышпан халқымыздың ұсақ қол моториканы дамытуға арналған ойындары бүгінде ұмытылып барады. Әлемді қыл қаламның құдіретімен таңғалдырған атақты суретші Әбілхан Қастеев: «Сурет салуды әжемнің киізінен, қошқардың мүйізінен үйрендім» дегені осыған дәлел емес пе?!
Сол себепті біз ұлттық педагогика материалдарын балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға пайдаланамыз. Олар: асық ойнау, қамшы өру, жүн түту, шаш өру, шашбау тағу, пазл құрастыру, арқан есу, моншақ тізу, ою, құрт, ірімшік жасау және тағы басқалары. Мұндай жұмыстарды орындауда балалардың жас және жеке дара ерекшеліктері ескеріледі.
Мысалы, «Ұлттық киімдер» жобасында балалар өз қолдарымен қағаздан, матадан ұл балаларға және қыздарға арналған ұлттық киімдердің суреттерін салып, қиып, макеттерін жасайды. Атап айтқанда, зерттеу-іздену жобасында балалар халық даналықтарымен танысады, тәжірибелер жасайды, зерттейді, таниды. «Ұлттық тағамдар» жобасында сүттің айранға айналуы, айранды іріту, айраннан майдың шығуы, сүзбеден құрт жасау, қаймақтан май былғау, бидайдан ұн тарту, келіге арпа, бидай түю сияқты тәжірибелер жасау арқылы балалар дастарқанға келген дайын тағамның қалай жасалатыны туралы мағлұматтар алады. Ата-бабаларымыздың ұлттық тағамдарды қалай әзірлегені туралы дүниетанымдық білімді меңгереді.

Ересек тобында кез келген пәнде топқа бөліп, жарыс түрінде: «Қыз қуу», «Бәйге», «Сиқырлы қоржын», «Тұр сақинам, тұр», «Құс есегім құс!», т.б. ұлттық ойындарын қолданамын. т.б ойнатуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесін құрауға, ұйқастыруға дағдыландырады.

Математика  сабағында ұлттық ойындарды пайдаланып, өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында жарыс сабақ өткізуге болады.

3-топқа бөлемін: «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».

Қазақ тілі сабағында тәрбиеленушілердің тіл байлығын дамыту мақсатында халықтық педагогика элементтерін енгізе отырып халық ауыз әдебиетінің түрлерін пайдаланамын. Мысалы: «Сандарды» тақырыбын меңгеруде сабақтан тыс уақытта жеке жұмыс ретінде қасиетті сандар туралы, сан есімі бар мақалдар, санамақтар, жұмбақтар, жаңылпаштар, өлеңдерді біртіндеп, сыналап, енгізіп отырамын. Кейбіреулерін үйге тапсырма ретінде беріп, өздерінің ізденулеріне жетеледім. Балабақшада балалардың тіл байлығын дамытуға сурет бойынша сөйлемдер, әңгіме, мәтін құрастыру, өз арасында диалог, айтыстар ұйымдастыру өте тиімді. Әсіресе кеңінен төрт-түлік малға байланысты халық ауыз әдебиетінің түрлерін қолданамын. Осы тақырып бойынша облыстық, қалалық семинарларға сабақ үлгілерін көрсеткен болатынмын.

Халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Елбасымыз «Елiмiздiң, ертеңі — бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп айтқандай, бүлдіршіндердің ұлттық сана-сезiмiн оятып, бойына халықтық педагогиканың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиесін, салт-дәстүрі мен үлгi-өнегесін сiңiру басты міндетіміз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда деп ойлаймын. Осы тақырып бойынша екі жыл жұмыс істеп келемін. Аз уақыт ішінде мол тәжірибе жинадым деп айта алмаймын, дегенмен оқушылардың мемлекеттік тілді білуге, осы тілде сөйлеуге деген ынталары артты деуге болады.



Әдебиет

  1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы.      «Рауан», 1998, 125-128 бет

  2. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мәтіндер, мәтінмен жұмыс түрлері // «Ұлағат» журналы. -2007. -№ 2. - 96-101-б.

  3. Қазақ тілін өзге тіл ретінде оқытудың мақсаттары мен міндеттері // «Кәсіптік мектеп» журналы. -2007. -№3. -9-11-б.

  4. Қазіргі заманғы білім берудің негізгі мәселелері // Аманжолов оқулары – 2007:

  5. Отбасы және балабақша №6 (2014) 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!