Материалдар / ҰЛТ БОЛМЫСЫ – ҰЛТТЫҚ ТАРИХТА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰЛТ БОЛМЫСЫ – ҰЛТТЫҚ ТАРИХТА

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада ұлт болмысының ұлттық тарихта екені баяндалады. Қазақ болмысын айқындайтын рухани құндылықтарға ерекше көңіл бөліп, ұлт тарихын, ұлттық сананы қалыптайтын, бір ізге түсіретін істерге ерекше назар аудару керектігі туралы айтылады. Қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыруда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қабылданған «Тарих толқынындағы халық», «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары қарастырылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2021
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛТ БОЛМЫСЫ – ҰЛТТЫҚ ТАРИХТА

А.Н.Жакиянова


Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар, Қазақстан


Түйін: Баяндамада ұлт болмысының ұлттық тарихта екені баяндалады. Қазақ болмысын айқындайтын рухани құндылықтарға ерекше көңіл бөліп, ұлт тарихын, ұлттық сананы қалыптайтын, бір ізге түсіретін істерге ерекше назар аудару керектігі туралы айтылады. Қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыруда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қабылданған «Тарих толқынындағы халық», «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары қарастырылады.


Кілт сөздер: Ұлттық тарих, ұлт мүддесі, тарихи сана, мәдени мұра, рухани жаңғыру, ұлы дала, тарихи жады.


Ұлт тарихы – ұлт мүддесі. Ұлттық тарих біздің еліміздің одан әрі нығая түсуінде, шын мәніндегі қазақтың ұлттық мемлекетін құрып, мың жылдық ғұмырын баянды етуде аса зор рөл атқарады. Кезінде Ә.Бөкейханов: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында қор болмайын, «тұқымым құрып қалмасын» деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады», деп жазған болатын. Сондықтан ол бастаған Алаш азаматтары қазақ болмысын айқындайтын рухани құндылықтарға ерекше көңіл бөліп, ұлт тарихын, ұлттық сананы қалыптайтын, бір ізге түсіретін істерге ерекше назар аударды [3].

Ұлттық тарих мәселелері бойынша Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих тол­қы­нындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынған болатын. «Тарих тол­қы­нындағы халық» бағдарламасы халық санасын жаһандық ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қа­лыптастыру арманынан туындайды. 1995 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тапсырмасымен жасалып, Президент жанындағы мем­лекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мақұлдаған «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» өз қызметін атқарды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті - тарих ғылымының басты мәселелерін және оны шешудің мүмкін бағыттарын белгілеу, Қазақ­станның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы жүзеге асыруға жағдай жасау, қазақтың ұлт­тық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлт­тық жаңа тарихи дүниетанымын қа­лып­тастыру, тарихи білім мен ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді. Осы уақыт аралығында гуманитарлық сала ғалымдары аз жұмыс атқарған жоқ. Әсіресе, жаңа ғылыми-зерттеу тақырыптарына байланысты жобалар, «қазақ» этнониміне, қазақ халқы этногенезіне, қазақ мемлекеттілігінің қа­лыптасуына, көшпелі қоғам эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді [2]. 

Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Тұңғыш Президент 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мәдени мұра бағдарламасын» бастайтынын жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған жеті жылда 2004-2011 жылдар аралығында Қазақстанның тарихы, археологиясы мен этнографиясы бойынша 26 арнаулы зерттеу жүргізілді. Мұның бәрі – тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстар. Атап айтсақ, бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.

2017 жылдың 12 сәуірінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады. Тарихи жады мен дәстур модернизацияның алғышарттары ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқының мемлекеттілігі мен ұлттық бірегейлігін ннығайтуға ерекше мән беріледі [5].

2018 жылы 21 қарашада Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасы өзі атап өткендей «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы ретінде жарық көрді. Тарихи сананы қайта жаңғырту жөніндегі пікірін айта келе, нақты жобарларды ойластыруға идея тастауы, «ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады» деген сенімі баршамызға жауапкершілік жүктеді. Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы Ежелгі металлургия, Аң стилі, Алтын Адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны сияқты тараулардың әрқайсысы болашақ ұрпақтың нағыз мақтанышына айналатындай құндылықтар екені даусыз. Тарихи сананы жаңғыртуға қатысты «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасының, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту саябағының, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларының, Түркологтардың дүниежүзілік конгресі мен Түркі халықаралық мәдени күндерін өткізу, Дала фольклорының антологиясын жасау мен «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару, ол үшін бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру, деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу сияқты нақты рухани-тарихи жобалардың қай-қайсысының да жүзеге асуына тарихшылар белсенді түрде атсалып жатыр. Ұлы дала елінің бүгінгі мұрагері тәуелсіз, бірлігі мен берекелі тыныс-тіршілігі ұйысқан еліміздің әлемдік өркениетте алатын орны айқындалған. Қазақстан сан ғасырлық тарихтың ғана емес, әлемдік өркениет қазынасына енетін бай мәдени игіліктің иесі екендігін зерделеу, насихаттау аса маңызды міндет екені көрсетілген. Себебі, қым-қиғаш оқиғаларға толы жаһандық үдерістерде кез келген ел мен мемлекеттің бүгінгі әлеуетін ғана емес, өткен замандардың даңқты парақтарының мұрагерлері ретіндегі жағымды бейнесін де әлемге танытудың маңызы ерекше [4].

Қазақ халқының ұлттық санасы мен жан-дүниесін мазалаған түйткілді ойы мемлекеттік тәуелсіздік еді. Бұл тұрғыдан алғанда тәуелсіздікке балама жоқ. Қалай болғанда да, қазіргі жаһандану заманында өзінің ұлттық бірегейлігін терең ұғынған, соған орай қи-мылдайтын халық қана алпауыт мемлекеттердің жемсауында кетпей, тарих сахнасында сақталып қала алады. Қазақ елі өзінің тәуелсіз дамуының 30 жылы ішінде оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани тұрғыда егеменді жолмен дамуының алғышарттарын жасады. Оған барша Қазақстан азаматтары қал-қадерінше өз үлестерін қосты. Алайда, біз әлі де болса көптеген салаларды үйренуші, өзгелердің істегендерін қайталаушы жағдайында жүрміз. Енді бізге белгілі орыс тарихшысы Карамзиннің «өзгенің ақылымен ақылды бола алмайсың, өзгенің даңқымен даңқты бола алмайсың» деген жанды сөзін ескере отырып, алдағы уақыттарда өз ақылымыз, өз даңқымыз өзімізге жететінін де шамалап, өз межемізге өзіміз ұмтылғанымыз жөн және солай боларына сенім бар [1].

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Халық тарих толқынындаы: Ғылыми серия: мақалалар жинағы/ Т.Шаңбай, А.Ибраева. – Астана: Фолиант, 2013. – 320 б.

  2. Источник: https://e-history.kz/kz/seo-materials/show/28787/

  3. https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-uly-dalanyn-zheti-kyry-atty-makalasy

  4. Халық тарих толқынындаы: Ғылыми серия: мақалалар жинағы/ Т.Шаңбай, А.Ибраева. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің типографиясы, 2015. – 364 б.

  5. https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!