жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұлт жоспары Қазақстандық арманға бастайтын жол"
Тақырыбы:
«Ұлт жоспары-Қазақстандық арманға
бастайтын жол» «Болашаққа бағдар:рухани
жаңғыру»
Мақсаты:
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық
сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды
жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық
сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған
халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты
сіңіру.
Оқыту
нәтижесі:
Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты
ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді
идея:
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
Қатысушылар:
10 «А»сынып оқушылары,сынып жетекшісі-
Өмірбекова Гулхадиша
Кіріспе
бөлім:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
алған 26 жылдағы жетістіктері
Негізгі
бөлім:
«Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру»
Қорытынды
бөлім:
Мәңгілік ел болу үшін не істеуіміз
керек?
Жүргізуші:
10 «А»сынып оқушысы Журымбаева Әсел
Негізгі қозғалатын тақырыптар:
-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне -26жыл
-«Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру»
-Мәңгілік
ел
Жүргізуші:
-Еліміз
жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің
мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі,
ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз
ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын
жаңғырып отыруы тиіс.
-1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады
-Оқушылар Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 26 жылдағы жетістіктері жөнінде өз ойларымен бөліседі.
-Экономикалық жаңғыру жоспарларын сөз етеді.
Әр заттың екі ұшы бар, солай емес пе? Олай болса, біздің де мемлекетіміздің өзіндік үлкен көлемдегі проблемалары бар, солардың бірі сыбайлас-жемқорлық. Осыған байланысты видео роликке көз жүгіртіп , өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Жүргізуші:.
-«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы санаға серпіліс тудырып, тұтас елге қозғалыс салды. Жұрт жайдары қабылдаған ол мақалада келешекті болжай білетін , алдағыны ойлай алатын Елбасымыз Қазақстанның даму жолында жаңа сапалық деңгейге қол жеткізетінін айқын да жасампаз идеяларды ұсынады.
Кіріспе
және « XXғасырдағы ұлттық сана туралы»,
«Таяу жылдардағы міндеттер» екі негізгі
тарау мен қорытындыдан тұрады. Осыған
байланысты видео ролик көріп кетсек,
кейіннен тақырыптар тұрғысынан сөз
қозғаймыз.
І.
ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі
жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде.
халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым
заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт
- дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік
діңі ете отырып, әрбір қадамын нық
басуын, болашаққа сеніммен бет алуын
қалаймыз.
1.
Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас
халықтың өзі бәсекелік қабілетін
арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік
алады.
2.
Прагматизм
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас
болып, қанымызға сіңген, бүгінде
тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі
қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке
байлығыңды нақты білу, оны үнемді
пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды
жоспарлай алу, ысырапшылдық пен
астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке
жол бермеу деген сөз.
3.
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық
сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық
салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз,
бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз
бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4.
Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға
ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы
білім екенін әркім терең түсінуі керек.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді
бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа
жетеді.
5.
Қазақстанның революциялық емес,
эволюциялық дамуы
Ұлт болып ұйысып отырған халақты кенедей
қыруға бастайтын революциялар дәуірі
келмеске кетті деп арқаны кеңге салуға
әлі ерте.Сондықтан бұдан кейінгі кезеңде
дамудың тек эволюциялық жолын таңдап
дамуымыз қажет.
6.
Сананың ашықтығы
Егер
қазақстандықтар жер жүзіне үйден
шықпай, терезеден телміріп отырып
баға беретін болса, әлемде, құрлықта,
тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл
соғып жатқанын көре алмайды.
Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады.
«Таяу жылдардағы міндеттер»
-2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.
Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз.
«Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын.
«100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
Жүргізуші:.«Мәңгілік ел» патриоттық актісі. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылық ұсынылған: - Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы; - Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; - Зайырлы қоғам және жоғары руханият; - Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім; - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; - Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; - Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
-«Мен
елімнің патриоты ретінде «Мәңгілік
ел»идеясына қалай үлес қосамын»-
сұрағына әр оқушы өз ойын ортаға
салады.
Жүргізуші:.
Дағдарыстардың
бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел
тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы
сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен
айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын,
біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең
шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған
30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам
басамыз.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!
Алға, Қазақстан!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген