Күні: 3.12.2018ж
Сыныбы: 2-сыныптар
Тақырыбы: «Ұлт көшбасшысы»
Мақсаты: Оқушылардың туған
еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақстан
Республикасының жетістіктерімен танысу,патриоттық сезім
ояту,тарихын құрметтеуге баулу. Топта бірлесе жұмыс істеуге
үйрену.ойлау қабілетін шындау, шапшандық пен нақтылыққа
бейімдеу.
Көрнекілігі: ҚР
туралы слайдтар
Ойын
барысы:
1. Мұғалімнің кіріспе
сөзі: Қайырлы күн, құрметті
қонақтар, сайысқа қатысушы шәкірттер және қара қылды қақ жарар әділ
қазылар!Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына қатысты әрбір айтулы
мерекесі- ең басты, маңызды мереке. Тарлан тарихымызға 1
желтоқсан-«Бірінші Президент күні» айтулы мереке болып
қосылған. Қазіргі 2-сынып оқушыларының арасында өтілгелі
отырған зияткерлік ойынымыз да осы мереке күніне арналмақ.
Зияткерлік ойынымыз 6
кезеңнен тұрады.
1. Таңыстыру
2. «Білгірлер» сайысы
3. «Сөз мерген»
4. «Тарихи тұлғаларды білеміз бе?»
5. «Сөз құрастыру»
ойыны
6. «Егер мен президент
болсам.....»
Ойын болғандықтан жеңімпаздар
анықталу керек.Сондықтан әділқазылармен
танысайық:
1.
2.
3.
Сонымен сайысымызды
бастайық.
Бірінші кезең
–Әр қатысушы
өзін таныстырады,сайысқа келгендегі мақсаты
туралы айтып өтеді.
Екінші кезең
- «Білгірлер сайысы» (сұрақтар беріледі,оқушылар
шапшаң тез жауап беру қажет).
1. Президент күні қай күн? (1 желтоқсан)
2.Елбасының аты кім? (Нұрсұлтан)
3.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әкесінің есімі кім? (Әбіш)
4.Елбасы қай ауылда туылған? (Шамалған)
5.Елбасының туған күнін ата. (6 шілде)
6.Елбасының кітаптарының бірін ата (Әділеттің ақ жолы)
7.Елбасымыз жайлы көркем фильмді ата. («Балалық шағымның аспаны» ,
«Теміртау»)
8. Н.Ә.Назарбаев аталарың 1-ші сыныпқа келегндеріңде қандай кітап
таратты? (Менің Отаным Қазақстан)
9. Тұңғыш Президент сайланған жыл? (1991 ж)
10.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
11.Мемлекеттік рәміздер (ту,елтаңба,әнұран)
12.Қаақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)
13.Қазақ халқының ұлттық аспабы? (домбыра)
14.Киіз үйдің күмбезі не? (шаңырақ)
15.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қай күн? (16
желтоқсан)
16.Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)
17.Елтаңбадағы шаңырақ нені білдіреді? (бірлік)
18.Әнұранның авторы кім? (Сөзі- Н.Назарбаев
Ж.Нажімединов Әні-Ш.Қалдаяқов)
19.Елтаңбаның авторы (Шот-Аман Ыдырысұлы Уалиханов)
20.Тудың авторлары (Шәкен Ниязбеков)
21. ҚР-дағы Жоғарғы қолбасшы кім?
22.Қазақтың ұлттық ойындары
23.Ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)
24.Қазақтың үш биін ата.
Үшінші кезең
«Сөз мерген» сайысы (Ғимараттар мен
ескерткіштердің суреттері беріледі,қай қалада орналасқанын, атауын
табу қажет)
1. «Тәуелсіздік алаңы» Арал қаласы
2. «Бәйтерек» Астана қаласы
3. «Ханшатыр» Астана қаласы
4. «Астана мешіті» Астана қаласы
5. «Мәдениет үйі» Арал қаласы
6. «Ақ кеме» Арал қаласы
7. «Медеу» мұз айдыны Алматы қаласы
8. «Қорқыт ата ескерткіші» Қызылорда қаласы
9. «Тұңғыш президент атындағы музей» Астана
қаласы
Төртінші кезең
«Тарихи тұлғаларды білеміз бе?»
(белгілі адамдардың суреттері
беріледі,кім екендігін табу қажет)
1. Бауыржан Момышұлы
2.Абай Құнанбаев
3.Ыбырай Алтынсарин
4.Қорқыт ата
5.Мәншүк Мәметова
6.Әлия Молдағұлова
Бесінші кезең
«Сөз құрастыру» ойыны
( «Қазақстан» деген сөздегі
әріптерді пайдаланып,бірнеше сөздер құрау)
Алтыншы
кезең
«Егер мен президент
болсам....»
Қорытынды:
Білекке сенер заманда ешкімге есеп бермедік,
Білекке сенер заманда қапы қалып жүрмейік-деп
даналарымыз айтқандай. Келешек білімді ұрпақ қолында
екендігін Елбасымыз Халқына Жолдауында көрсеткен болатын.Біздің
білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған
барлықтарыңызға да тек қана сәттілік тілейміз. Осымен ойынымыз
аяқталды. Осы ойында озық ойлы оқушыларды анықтайтын кезге де
жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына
берейік.