Материалдар / Ұлт мақтанышы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлт мақтанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
955
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлт мақтанышы



Мен бұрын президенттің атқаратын қызметін онша түсінбейтінмін.2017 жылы жазда мені әжем Астанаға ЭКСПО -2017 көрмесін көруге алып барды. Вокзалда поездан түскен бетте ертедегі ғажайып бір әлемге кіргендей болдым. Содан Астананың әсем жерлерімен келе жатып ЭКСПО көрмесіне де жеттік. Ол жер маған қатты ұнады. Небір мемлекеттердің мәдениетімен таныстық. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мен әжемнен осындай ғажайып қаланы кімнің тұрғызғанын сұрадым. Ол маған барлығы біздің Елбасының арқасы екен айтты. Содан мен біздің Елбасымыз Н.Ә.назарбаев жайлы көп нәрсе білгім келді.Елбасымыз жайлы көп мағұлматтар іздедім. Ол кісіні зерттей келе біздің қазақ елінің нағыз жанашыры , ұлт мақтанышы екенін білдім. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін Елбасының арқасында алған. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Небәрі 27 жыл ішінде атқарған ісі аз емес. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда.

Президент дегенде – адам баласының ойында бай, текті отбасыдан шыққан деген ой туындайды.Президентіміз жастайынан жақсы оқыған.

Н.Ә. Назарбаев жай отбасында туып, металлургия зауытында жұмыс істеген. Одан кейін өзінің ақыл-ойымен президент болуға дейін барған. Қазіргі жастар үшін қолынан келген барлық жұмысты істеді. Басы тайған халқымыздың есесін қайтарып, қабырғалы берік ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған елбасының кеменгерлігі.

Елбасымыздың көптеген кітаптары, өлеңдері мен дәйексөздері бар. Мысалы: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», және т.б. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған Ж.Нәжмединовпен Елбасымыз екенін ұмытпаған жөн. Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жиі түсіп жатыр. Алайда, Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ . Өз есімін Білім және Ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Ә.Назарбаев өз атындағы университеті мен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылды.

Н.Назарбаев 26 жыл президент болып келе жатыр. Осы 26 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі – сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді.

Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін. Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін, әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін мың да бір рахмет айтамын. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға жетелейді. Елді бірлікке шақырды. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды. Қазақстанның жас азаматтары үшін қазақ тіліндегі балабақшалар, мектептер, спорт кешеңдерін және т.б оқу орындарын ашты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдеби шығармалары, өзінің ақын-ғалымдарымен, әлемдегі алып жатқан жерлерімен дүниеге танымал. Біздің кең байтақ әдемі жеріміздей жер бұл дүниеде жоқ шығар.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта бірге жұмыла отырып, қызметін әр түрлі саласында еңбектенуде. Біздің халқымызда елін ардақтау сезімі өте терең дамыған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз өз елің сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің осы бір қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап, мәңгілік сақталып келген. Өйткені Отан бізге оттан да ыстық. Мен осындай елде туғанымды мақтан тұтамын. Өйткені қазіргі кезде басқа елдерде соғыстар, көтерілістер, ашаршылық болып жатыр. Ал біздің елбасымыз мұңдай жағдайларға жол бермей, елді тек жақсы өмірге бағыт беруде. Қазақстанның қарулы күштері болса біздің болашағымызға қауіп-қатер толмауына дәлел бола алады. Біздің еліміз әрқашан да бейбітшілікті құрметтеген. Елбасымыз Қазақстанымызды соғыстардан аулақ ұстаған.

Қазақ тілінің дамуына үлкен назар аударған елбасымыз болған. Ресей қол астында болып қазақ халқы бірте-бірте өз тілінен айрыла бастаған еді. Ал қазіргі кезде президентіміздің арқасында халықтың көбісі өз ана тілінде емін-еркің сөйлейді. Менің ойымша бұл өте маңызды іс. Өйткені өз ана тілі қазақ тілін білмейтін адам қалайша өзін қазақпын деп жариялай аладыЕгер елімізді президентіміз Н.Назарбаевтай президенттер басқарса, біздің еліміз мәңгі тәуелсіз болып қала береді. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесің тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Қазіргі Қазақстан туралы айтатын болсақ , көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Қазір еліміз дамып келуде. Еліміздің дамуына әр-бір отансүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесің қосуы керек деп ойлаймын. Қазақстан менің туған жерім. Кім де кім менен Қазақстан туралы сұрап қалса, мен оған жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен түсінікті етіп айта аламын.

Болашақта менде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұқсаған ер азамат болуды армандаймын. Өз елімді мәңгіге мақтан тұтамын!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!