15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты"
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі:
Күні: _______________
№: 25
Мұғалімі:
Сыныбы: 11
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Қоғамға риясыз қызмет ету, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу.
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық руханият туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу . Міндеттері: 1.
Білімділік: Оқушыларға сүйіспеншілікпен
және шынайылықпен жұмыс істеудің
маңыздылығын түсіндіру; |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru
|
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5.
Татулық.
Тыныштық
сәті.
«Нұрға бөлену». 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №24 – сабақ. Салт – дәстүрлер туралы мақал – мәтелдер жазу. 2. Келесі сабақ. №25, «Дәстүр жалғастығы – ұлт болашағы» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Жоғарыда айтылғандай «ел ағасы» болуға дайынсың ба? 2. Тағы қандай ата салттар мен дәстүрлерін білесің? |
|
||||||||||||||||||||||||
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Дүниенің көзі, тұтқасы түп негізі- заттық нәрсе емес, рухани дүние» Платон Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл. Сұрақтар:
|
|
||||||||||||||||||||||||
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ұлттық рух Қазір барлық елдер мен мемлекеттер біркіндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Негізгі кіндігі еркін таңдау және жеке бастама жасай алатын жеке адам бостандығы идеясына негізделген Батыс өркениеті болып отыр. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі ретіндегі батыстану – бұл тек батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік реттеудің (адам құқығы, жеке адамның тұлғалық тұрпаты, діни сенімі, ұлттық төзімділік, әдептілік, т.б.) мәдени-өркениеттік қалыптар кешенін де қабылдау екенін түсінген дәстүрлі қоғамды жақтаушылардың табанды қарсылығына тап болуда. Бұл тұрғыда негізгі келіспеушілік өркениеттердің өзара кірігуі мен ұштасып кетуіне қарсылықта болып тұр. Анығырақ айтқанда, жаһандану барысында Батыс мәдени құндылықтарының басымдық танытуы жергілікті халықтың байырғы төлтумалық сипатының жоғалуына түрткі болуы мүмкін деген қауіпке әкеліп тірейді. Өйткені, өткен ғасырдың орта шенінен айтыла бастаған өркениет бәсекесі қазір шын мәнінде ақиқатқа айнала бастады. Бәсеке бүгінгі күні экономикада, саясатта, идеологияда, мәдениетте, білімде, ақпаратта, технологияда, тағы басқа салаларда қызу қарқынмен жүріп жатыр. Рас, Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет, алайда, Батыс өркениетінің қоршаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарауға үйретуі, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, бұл мәселеде бізге үлгі бола алмайды. Сондықтан Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік жақсылықтың нышаны емес. Тағы да қайталап айтудың реті келіп тұр, батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндірісті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды сапаға көтеріп алу тиімді. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. Сонымен бірге “Мәңгі ел” ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен Үкімет осы бағытта үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік өкілдері елдің индустриялық-инновациялық даму жолына түсуін қатаң бақылауына алып, жіті қадағалап отыр. Түсінген адамға мұның түпкі астарында да мемлекеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстап жатыр. Елбасының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына орай аталған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттеріне арнап оқыған “Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс” атты дәрісінде осы мәселені жан-жақты талдап, келешегімізге қандай жолмен баруымыз керектігін тағы бір айқындап берді.Бірақ, біз экономикасы тұрақты дамыған елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз. Оның сыртында аса озық технологияларын бізге ешкім де әншейін бере салмайды. Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет”. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының осы бір ой-толғамы түйіндеп отырғандай, бүгінгі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды, оның жаңа ұрпағын қалыптастыруда интеллектуалдық секіріс сөзсіз қажет. Олай болса, сол интеллектуалдықтың өзі ұлттық тәрбиемен келетін жеміс екенін ұмытпағанымыз абзал. Сұрақтар: 1. Ұлттық сана, ұлттық ұғым дегенді қалай түсінесің? 2. Қазақ халқын кімдер, қалай әлемге танытты деп ойлайсыңдар? 3. Руханият бізге не береді? |
|
||||||||||||||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Руханияттың басты түрлерін, олардың мәні мен уәждерін көрсетіп кесте жасау тапсырылады. Осы айтылғандардың нәтижесі есебінде руханияттың түрлерін, оның мазмұнын, себебін үш түрлі қатарға тізіп кесте құрады. Ойды жинақтап, ұтымды жеткізуге дағдыланады.
|
|
||||||||||||||||||||||||
6. Топпен ән айту. «Менің Қазағым» Динара Кемелхан Менің қазағым, Елі жомарт Жері кең. Пейілім дархан, Даласына тиелген, Менің қазағым, Иманына берік ей. Сондықтан ырыс, бақ кетпеген төрімнен. Менің қазағым, Жарқылдаған алдаспан. Ел бабалардан батырлығы жалғасқан. Менің қазағым, Он пернені дәл басқан. Өмірі думан, көңіл – күйі ән дастан.
Азияның әлемге, айбарысын қазағым. Жығылмаған түркінің, байрағысын қазағым. Бауыр тұтқан баршаны, жайдарысың қазағым. Тектіліктің тұмары ай қайнарысың қазағым.
Барыстай алғыр, бойда намыс бұлқынған. Менің қазағым, жанарынан нұр тұнған. Қырандай күшті, тек биікке ұмтылған.
Азияның әлемге, айбарысын қазағым. Жығылмаған түркінің, байрағысын қазағым. Бауыр тұтқан баршаны, жайдарысың қазағым. Тектіліктің тұмары ай қайнарысың қазағым.
Менің қазағым,ұлы қонған атқа жас. Айдай аруы ардың жібін аттамас. Менің қазағым, әлем бүгін бақталас Биікке бастар, бақыт жолын тапты алаш Азияның әлемге, айбарысын қазағым. Жығылмаған түркінің, байрағысын қазағым. Бауыр тұтқан баршаны, жайдарысың қазағым. Тектіліктің тұмары ай қайнарысың қазағым.
ЖАСА МӘҢГІ ҚАЗАҒЫМ , ЖАСА МЕНІҢ ҚАЗАҒЫМ! |
|
||||||||||||||||||||||||
7. Үй тапсырмасы. 1. №25 – сабақ. «Ата салтына адалдық» шығарма жазу. 2. Келесі сабақ. №26, «Ұлт намысы» мәтінін оқып келу. |
|
||||||||||||||||||||||||
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген