Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттану: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған бастауыш сынып бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттану» атты авторлық бағдарламам 4- сынып оқушыларына арналып, 34 сағаттық оқу жоспарына негізделген. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бағдарлама – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды құралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Аршаты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бадисолтанова Риза Амангельдиновна

Педагог- зерттеуші




Ұлттану: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған бастауыш сынып бағдарламасы

Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бағдарлама – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды құралы.

Оқушылардың болашақта ұлттық сана – сезімі жоғары, отансүйгіш азамат болып қалыптасуының негізін қалайды. Осыған орай «Ұлттану» атты авторлық бағдарламам 4- сынып оқушыларына арналып, 34 сағаттық оқу жоспарына негізделген.

Жалпы бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:

Бағдарламаның мақсаты- оқушыларды қазақ халқының тарихы, тілі, мәдениеті , салт- дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарымен таныстыру арқылы оларға ұлттық рухани байлықтың маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Балаларға қазақ халқының салт- дәстүрлерін үйрету.

  2. Ұлттық ойындар мен өнерге қызығушылықтарын қалыптастыру.

  3. Туған жерге, ана тіліне, ата-аналарға деген құрметті арттыру.

  4. Қазақстанның табиғаты мен мәдениетіне сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Бұл бағдарлама төрт негізгі модульден тұрады.

  1. Ұлт және оның құндылықтары

  2. Салт-дәстүріміз -халқымыздың бойтұмары

  3. Қазақ тілі-ұлтымыздың айнасы

  4. Ұлттық бірегейлікті айқындайтын нысандар.

Әр модуль оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалып, олардың танымдық, тәрбиелік және патриоттық қабілеттерін дамытуға бағытталған.Әр модуль жеке тақырыптық мазмұнды қамтиды және оқушылардың танымдық , рухани және патриоттық тәрбиесін дамытуға бағытталған.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ұлттық сана мен тәрбиені қалыптастырудың негізі.

1.Ұлт және оның құндылықтары.

Модуль мазмұны:

Ұлт ұғымы: тарихы мен ерекшелігі;Ұлттық құндылықтардың түрлері: тіл, мәдениет, руханият; Құндылықтарды сақтау мен дамыту жолдары.

Бұл модульде оқушыларға «ұлт» ұғымының мәні мен мазмұны түсіндіріліп, оның құндылықтары талқыланады. Қазақ халқының негізгі құндылықтары: тіл, мәдениет, дәстүр, рухани байлықтар және ата-бабадан мұра болып қалған салт- сананы насихаттау арқылы балаларды патриоттық рухта тәрбиелеу көзделген.

Тиімділігі: Оқушыларға өз ұлтының ерекшеліктерін танытып, мақтаныш сезімін ұялатады. Баланың таным көкжиегін кеңейтіп, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға үйретеді. Ұлттық сана мен рухани байлықтың негізін қалыптастырады.

2. Салт- дәстүріміз- халқымыздың бойтұмары. Бұл модульде қазақ халқының бай салт- дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарының тәрбиелік мәні қарастырылады.

Модуль мазмұны:

Дәстүрлердің тәрбиелік және рухани маңызы; Қонақжайлылық, тұсаукесер, үлкенге құрмет көрсету дәстүрі; Ұлттық ойындар мен мерекелерді түсіндіру.

Бұл модуль ұлттық салт- дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашуға бағытталған. Оқушыларды қонақжайлылық, үлкенді сыйлау, амандасу, Наурыз мерекесі, тұсау кесер, бата беру сияқты дәстүрлерімен таныстыру арқылы олардың күнделіті өмірде қолданылуын үйрету көзделген.

Тиімділігі: Оқушылар дәстүрлердің адам өміріндегі рөлін түсініп, оларды қадірлеуді үйренеді. Әлеуметтік және қарым- қатынас дағдылары жетіледі. Отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсініп, ұлттық бірліктің құндылығын ұғынады.Ұлттық ойындар ойнату, дәстүрлер туралы қысқаша көріністер көрсету, дәстүрлік іс- шарлар ұйымдастыру әдістері арқылы жүзеге асырылады.

3. Қазақ тілі-ұлтымыздың айнасы

Бұл модуль қазақ тілінің ұлтты қалыптастырудағы рөлі мен маңызын түсіндіруге арналған.Оқушылар қазақ тілін терең меңгеріп, оның байлығы мен көркемдігін сезіну арқылы өз ойын жеткізу дағдыларын дамытады. Тілдік жаттығулар мен ойындар арқылы оқушылардың сөздік қоры байытылады.

Тиімділігі: Балалардың тіл байлығын арттырып, сауатты сөйлеуге үйретеді.Мемлекеттік тілді құрметтеу және оның мәртебесін көтеру туралы түсінік береді. Оқушылардың оқу, жазу және тыңдау дағдыларын жетілдіреді.

Жаңылтпаштар, мақал- мәтелдер жаттату, шығармашылық жазу тапсырмалары , қазақтың көркем әдеби шығармаларын оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады.

4.Ұлттық бірегейлікті айқындайтын нысандар

Қазақстанның тарихи және мәдени нысандары , ұлттық мұралары таныстырылады. Мысалы: Күлтегін ескерткіші, Ұлытау, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі т.б сияқты нысандар туралы мәлімет беріледі. Бұл ұлттық тарих пен мәдениетті құрметтеуге тәрбиелейді.

Тиімділігі: Тарихи мұраларға қызығушылық тудырып, оқушыларды елдің өткенін зерттеуге ынталандырады.Ұлттық бірегейліктің ұғымын түсіндіреді. Елжандылық сезімін нығайтады.

Іске асыру үшін, тарихи экскурсиялар ұйымдастыру, фото және видео материалдар көрсету, викториналар өткізу тиімді болып табылады.

Бұл төрт модульден тұратын бағдарлама оқушылардың ұлттық сана- сезімін қалыптастырып, олардың рухани дамуына ықпал етеді. Бағдарлама оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды жете түсінуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бағдарлама бала бойында отансүйгіштік қасиеттерді нығайтып, елдің болашағына сенімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Бағдарламада әр модуль аяқталғаннан кейін оқушылардың меңгерген білімін бекіту және тексеру үшін бақылау сұрақтары мен жаттығулар ұсынылады.Бұл тәсіл білімді жүйелеуге , оқушылардың түсіну деңгейін анықтауға және кемшіліктерді дер кезінде жоюға мүмкіндік береді. Мұндағы әр тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, түсінікті және қызықты етіп құрастырылған. Бақылау сұрақтары білімді тексеруге , ал жаттығулар шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған. Қорытынды бақылау кезінде нәтижелер мұқият талданып, оқушылардың жетеістіктері мен кемшіліктері анықталады. Әр модульден кейін бақылау сұрақтары мен жаттығуларды енгізу бағдарламаның тиімділігін арттырады. Бұл әдіс оқушылардың алған білімдерін нақтылап, бекітуге және олардың өз білімін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай тәсіл білім беру сапасын жақсарту мен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2025
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12