"Ұлттар достастығы" тәрбие сағатының қмж-сы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлттар достастығы" тәрбие сағатының қмж-сы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыпқа сай тапсырмалары берілген.Достық қарым-қатынастың шығу тарихы баяндалған.Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылған тәрбие сағатының қмж-сы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар



Тәрбие сағатының тақырыбы

«Ұлттар достастығы»

Күні


Сынып жетекшісі


Сынып


Оқу мақсаты

Оқушыларға ұлттар достығы туралы түсінік беру. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Құндылықты дамыту

Ұлттық мүдде , ар-ұят

Өткізілу формасы

Саяхат сабақ

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ұлттар достығы туралы түсініктері қалыптасады . Басқа ұлт пен ұлыстардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін бойына сіңіреді. Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойлары дамып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді. Патриоттық сезімдері оянады.

Көрнекілігі

Мақал -мәтелдер , әртүрлі қажетті құралдар, постер

Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Сәлемдесу , тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру .

Шаттық шеңбері». Жер шары макетін бір-біріне табыстау арқылы әлем халықтарына жақсы тілек айту.

Топқа бөлу:

Бірінші топ «Қазақ»

Екінші топ «Орыс»

Үшінші топ «Өзбек»

Төртінші топ «Татар»

Амандасады, мақсатымен таныс болады.

Тренинг шарты бойынша оқушылар тілектер айтады



Түстер арқылы топқа бөлінеді

Жер шарының макеті







Түрлі түсті шарлар

Негізгі бөлім

Бүгін бізде ерекше күн.
Біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы да ерекше..
«Достық – өмір үшін ең қасиетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық игілікке түгел ие бол тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызда достық, ұлттар достығы жайлы білетін боламыз. Құрметті балалар, сіздерді 1- мамыр «Дүниежүзілік ынтымақтастық» мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерге тек қана бейбітшілік, ынтымақ , аспанымыз ашық, достығымыз берік, заманымыз тыныш болуын тілейміз.Балалар ,біздің елімізде 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Олар күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа бір үйдің баласындай тату- тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді.Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ бірлігі мықты, достығы берік , ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне ,ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Бірлік бар жерде бақыт бар.Отан -әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан -біздің туған жеріміз,өзіміздің біздің Отанымыз -Қазақстан.

«Сұрақ-жауап» әдісі.

1.Дост және достық дегеніміз не?

2.Достық қарым – қатынас неліктен маңызды?


3.Бірінші мамыр неге серуендеу мен салтанат мейрамы болып саналады?

4.Қазақстанда бірінші мамыр қалай тойланады?

Олай болса , бұл мейрамның шығу тарихымен таныс болайық.

 Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.

Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе  де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

-Ендеше , балалар , саяхат сабағымыздың бекеттерімен таныс болайық.

Бірінші бекет : «Таныстыру»

Екінші бекет : «Достық туралы мақал-мәтелдер»

Үшінші бекет : «Салт- дәстүр»

Төртінші бекет : «Ұлттық тағам»

Бесінші бекет : «Өнер».



-Керемет , оқушылар. Қаншама құнды дүниелердің куәгері болдық.Жарайсыздар , балалар.

Сынып жетекшісінің алғы сөзін тыңдайды




































Оқушылар сұрақтарға жауап береді











Шығу тарихымен танысады.










































Оқушылар топ болып әр бекет тапсырмасына байланысты өнерлерін ортаға салады.





























Тәрбие сағатының соңы

Кері байланыс «Біз бақытты баламыз» бақытты бала модельін ұсыну.

«Біз бақытты баламыз» бақытты бала модельін ұсынады.

Постер





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі