Ұлттың руханиятымыздың өзектілігі-тіл ҚМЖ 10-сынып Жаратылыстану -математикалық бағыт

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттың руханиятымыздың өзектілігі-тіл ҚМЖ 10-сынып Жаратылыстану -математикалық бағыт

Материал туралы қысқаша түсінік
Арман -ПВ баспасы бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

1- тоқсан . 10-сынып ЖМБ «Тексерілді» _______Иманалиева Ж.М ДОІЖО

САБАҚ: 2

Бөлім: Тіл және алаш идеясы

Мектеп: № 201мектеп-гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бактыбаева Д.А

Сынып: 10 -сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық -руханияттарымыздың өзегі тіл

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Мәтінде көтерілген мәселені талдайды;

Оқушылардың басым бөлігі;

Негізгі ойды анықтайды;

Кейбір оқушылар:

Ғаламдық мәселелермен байланыстырады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Сабақтың басы

5 минут















Сабақтың ортасы


35 минут



















І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады




Тыңдалым алды тапсырмасы беріледі .


Ой қозғау мақсатында сұрақтар беріледі

Көтерілген мәселе – ақпаратта қозғалып отырған жағдай. Мәселені әр қырынан алып карастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу арқылы көтерілген мәселені талдаймыз. Талдау арқылы мәтіндегі негізгі ой анықталады.

Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой бір-бірімен тығыз байланыста болады. Автордың айтқысы келген басты пікірі мәселені талдауға жол ашады. Талдауда ғаламдық мәселемен байланыстыруға болады.

Ғаламдық мәселелер – адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс – ғаламдық қауіп-қатердің өршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде, сондықтан ғаламдық мәселелер үш топқа жіктеледі:

1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер;

2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер;

3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер.

Көтерілген мәселені ғаламдық мәселемен байланыстыруда пікір білдіреміз. Мысалы, «Тілін білмеген – түбін білмейді», «Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау» деген ойларда тілге немқұрайлы қарау мәселесін көтереді. Осы мәселені ғаламдық мәселемен байланыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтарын өзіңнің пайымыңмен саралайсың. Мұны – белгілі бір мәселеге қатысты пайымдалған пікір дейміз. Пікір білдіре отырып, бір шешімге, байламға келесің, тұжырым жасайсың.

Ғаламдық мәселемен байланыстыру арқылы мәселенің түйінін, шешімін табуға болады. Шешім процесінде шешімді іздеу, қабылдау және іске асыру кезеңдері сараланады. Шешімдердің тиімділігі — қандай да бір сұраққа адамның өте жақсы шешім құрастыруы; қабылданған шешімді іске асыру нәтижесінде максималды жағымды жетістіктерге жетуі, мүмкін болатын жағымсыз салдарды минимумге жеткізуі.

Көтерілген мәселенің қорытындысын шығару үшін пікірді мазмұны бойынша белгілі тәртіпте бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Кездейсоқ қатар келетін пікірден қорытынды шығаруға болмайды, өйткені оларда ортақ мазмұн жоқ. Мысалы, мына екі пікірден қорытынды шығаруға болмайды: «Алаш идеясы – Тәуелсіз Қазақстан», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», өйткені бұл пікірлердің арасында логикалық байланыс жоқ




Сабақты бекіту


Сабақтың соңы

5 минут




1Picture 3 .Ынтымақтастық атмосферасы.


Тыңдалым алды тапсырмасы

Шахмат аты секілді жіріп отырып Ғ.Мүсіреповтің ана тілі туралы айтқан ұлағаты сөзін оқып талқылыйды

М.Шахановтың «Рух пен тіл» әнін тыңдап,тірек сөздерді жазады

Тыңдалым тапсырмасы.Мәтінді тыңдап, тілдің маңызы туралы ой бөліседі.

1. Алаш зиялылары ана тіліміздің өркендеуіне қандай үлес қосты?

2. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Алаш зиялылырының пікіріне өз көзқарастарын білдіріп «Жылдам дебатқа» қатысады

Алаш зиялыларының пікірі

Менің пікірім

«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі»

А.Байтұрсынов


Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз.

Ғ.Қараш


Мұстафа Шоқай: ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды



2-тапсырыма. Көтерілген мәселені ғаламдық мәселемен байланыстырып,ой қозғайды.


3-тапсырма.

Берілген сөздердің соңғы буындарында ұ,ұ,ө дыбысы айтыуымен жазылмау себебін түсінідіреді



«Сұрақ – бізден, жауап – сізден» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып,сабақты қорытынды жасайды


4-тапсырма



3-2-1»

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық тудырған 2 аспект

Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ



«Бас бармақ»










ҚБ: Өзара бағалау

-Мұғалім тыңдап жүріп бағалау ретінде кері байланыс беріп отырады.





ҚБ. Өзара бағалау










ҚБ. Бас бармақ.










Дескриптор

-Көтерілген мәселенің өзектілігін ғаламдық мәселемен байланыстырып, өз пікірін жазады.

- Өз пікірін білдіруде тірек сөздерді қолданады.








Слайд














https://www.youtube.com/watch?v=nRqfn5uBcSU&ab_channel=%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%81%D0%B5%D1%82

Рух пен тілі







10-сыныпқа арналған оқулық. –Алматы: Аман -пв , 2019.













Ж.Қ.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2024
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі