Ұйғыр
халқы Осылардың
ішінде ең кең тарағаны дутар аспабы
айтуға болады.
Кеудесі
алмұрт тәрізді болып келген 13-20 пернеден
тұратын ұзын мойынды аспап. Жібектен
не ішектен тұратын 2 ішектен тұрады.Әдетте
құлақ күйі квартамен, кейде квинтамен
бұрау арқылы келтіріледі. Дутардың
негізінде прима, альт, бас және контра
бас дутарлар жасалып, халық аспаптар
оркестрінің құрамына енгізілген.
Балалайка
– орыстың үш ішекті халықтық музыкалық
аспабы. Балалайка алғашқыда екі ішекті
болған. Жеке орындауда да басқа аспаптармен
қосылып ән, биге сүйемел ретінде де
пайдаланылған. 19 ғасырдың аяқ шенінде
В.В.Андреев музыкалық аспап шебері
С.И.Налимовпен бірігіп, балалайканың
жетілдірілген түрлерін (прима, альт,
бас, контрабас) жасап шығарып, оларды
оркестрге қосты. Балалайка үшін көптеген
музыкалық шығармалар жазылды. Прима
балалайка үстіндегі екі ішегі бірдей
бірінші октаваның ми нотасына, ал
астындағы ішегі бірінші октаваның ля
нотасына бұралады.
Б
алалайка
ертеден халықтық музыкалық символ болып
табылады. Балалайка аспабының аталуы
түрлі жорамалданады. Бұл аспаптың
пішіні, құрылысы да өзгеріске ұшырап
отырған. Мәселен, балалайканың көне
түрлері 2 ішекті болса, 3 ішекті түрі де
болған. Балалайканың ішегі темір сымнан
тартылады. Ерте кезде балалайканы
саусақтың ұшымен ойнаса, кейіннен
медиатормен ойнайды. Балалайка аспабы
шертпелі Домбыра аспабының тобына
жатады.
Скрипка (орыс. скрипеть —
сықырлау, итал.итал. vіolіno)
— ысқылы ішекті
музыкалық аспап.
Скрипка тектес аспаптардың (С., альт.,
виолончель, контрабас) ең жоғары регистрлі
түрі. Скрипканың 4 ішегі квинталық
бұрауға келтіріледі. 15 — 16 ғ-ларда С-ның
классик. түрі қалыптасты. 16 — 18 ғ-ларда
Солт. Италияда Скрипка жасау шеберлерінің
ірі мектептері орын тепті. Мыс., Брешиа
(Г. да Сало, Дж.Маджини) мен Кремонада
(А. және Н.Аматилер, Дж.Гварнери,
А.Страдивари). Скрипка симфониялық,
эстрадалық, камералық оркестрлерде
және трио, квартет, квинтет ансамбльдерінде
қолданылады. Ол қазақтар арасына 19 ғ-дың
аяғында тарай бастады. Скрипка
тартушылардың алдыңғы қатарында Жаяу
Мұса болды.
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық
консерваториясында, музыкалық колледждер
мен мектептерде Скрипка кластары жұмыс
істейді. Қазақстанда кәсіби білім алған,
үздік орындаушылық қабілетімен дүние
жүзіне танылған А.Мұсақожаева,
М.Бисенғалиев, Г.Мырзабекова, т.б.
скрипкашылар есімі белгілі.[1