Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық балюта

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық балюта туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлттық валюта»

Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің ұлттық теңгемізді құрметтеуге; тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын еске сала отырып патриоттық тәрбие беру.

Білімділік: Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай,

кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан

айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы

кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: теңгелер, монеталары бейнеленген плакаттар, «Ұлттық валюта»

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылыр! «Ұлттық валюта» атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер! Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердін бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен,тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары

жүзеге асып тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай өткізіліп отырған «Ұлттық валюта»атты сабағымызды бастаймыз.

Бекбол; Әнұраным – жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім – сағынарым, Жүрсем егер дүние кезіп. Бақыт, бірлік – күн талабы, Тоқтамайды дабыр әні. Мәңгі бақи шырқалады Қазақстан әнұраны!

  Қазақстан Республикасының «Әнұраны» айтылады.

Сөзін жазғандар :Жұмекен Нәжімеденов , Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған :Шәмші Қалдаяқов

Тәуелсіздік туралы тақпақтар.

Көркемай : Ернар : Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Тәуелсіздік ертеңіміз, Бізге оны ешкім аяп бермеді. Арайланып таңы атқан Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың Тәуелсіздік ардагерім Тас көшеде тас талқан боп өлгені Ұрпақтармен жалғасқан. Тәуелсіздік ата-баба арманы, Тәуелсіздік аға жолы, Қандай елмін бүгін міне көр мені. Болашаққа нық басқан.





Инжу : Тәуелсіздік достығымыз, Ынтымағы жарасқан. Тәуелсіздік ел бірлігі, Асқақ арман таласқан.

Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Осы азғантай уақыттың ішінде елімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара–пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Биыл ұлттық теңгеге 24 жыл толды.

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы

  Айнура; 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ.

Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық

валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан

аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.


Нұрғиса;Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Индира; Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
1992 жылы тамыздың  2-сі күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды.

Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз

салынған. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.

«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.

Айда;

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып,тұрды сурет.

Алмас

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт береке болшы бір елге келген. Өз туы елтаңба,гимні бар, Айтыңдаршы,енді елім кенде неден.


Балауса; Ерасыл; Түні нұрлы, ақ таңы, Теңгемізде алғашқы, Жері гүлдей бақтағы. Бейнеленді ұлылар

Ел ырысы - тайқазан, Кейін оған жалғасты, Төл теңгеміз қақпағы. Жетістіктер қыруар.

Абылай : Ерасыл : Қазынамыз толығып, Әбунасыр,Абылай, Болсын дәйім жолы құт! Әбілқайыр,ұлы Абай, «Төл теңге - елтірегі!» Құрманғазы көз тартты, Деп құрметтер оны жұрт. Шоқан менен Сүйінбай.

Мінебүгін теңге күнім - мерекем, Қандай дұшпан «олай- бұлай» дер екен. Осы теңге арқасында келешек, Елге келер тойымшылық, берекем - дей келе келесі кезекте жағдаятты тапсырмаларды шешейік. 1-жағдай Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …? 2-жағдай:Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар. Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге Қай затты алар едің? Неге? 3-жағдай:Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…? 4-жағдай: Мұғалім ертең сағат онда қуыршақ театры болады деді.Билет бағасы – 400 теңге.Сондай-ақ ермексаз 400 теңге, алмасақ болмайды,еңбек сабағына керек. Не істейсің?


Теңге туралы жұмбақтар.

1.Ұлы тұлғалары бар
Керек құнды кағаздар (теңге)


2. Айрықша белгісі
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі (ақша)



Гүлсім – 4 қараша күні 2016 жылы Ұлттық Банкі 500 теңге күміс монеталар сериясы «Күлтегін» ескерткіші суретімен шығарылды.

 Сұрақ – жауап:

- Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993ж. 15-қараша)

- «Теңге» сөзі қай тілден келген? (Түркілердің «таньга» сөзінен шыққан)

- Теңгеміздің авторлары кімдер? (Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжалелов)

- Ұлттық теңгеміз қайдан басылып шықты? (Англияда, «Харрисон және ұлдары» фирмасында)

 


Келген қонақтарға сұрақтар:

- Бір килограмм қант қанша теңге тұрады?

- Астанадан Алматыға дейін поезбен барсаңыз, билеттін бағасы?

- Нан қанша теңге тұрады?

- Денсаулықты акшаға сатып алуға болама?

 

 Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.

Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңге менен дөңгелер.

 

 

Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Олай болса

Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп

келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Назарларыңызға рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
470
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі