15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық Біріңғай тестілеуде нәтижеге жетудің жаңаша жолдары
Коучинг сабағының тақырыбы: Оқыту мен оқудадағы жаңа тәсілдер аясында Ұлттық Біріңғай тестілеуде нәтижеге жетудің жаңаша жолдары. Сабақтың мақсаты:Мұғалімдердің сыни ойлау дағдыларын жетілдіре отырып ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну. Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: -кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туады; -ҰБТ-ға дайындаудың тиімділігі артады; -оқу үдерісін қызықты ету үшін ізденеді; -шығармашылық деңгейі шыңдалады; -жаңа әдісті тәжірибесінде қолдана алуына қадам жасайды; Түйінді идеялар; Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарын талдай отырып оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдала отырып инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға немесе жетілдіруге көмектеседі.
Сілтемелер:интерактивті тақта,бейнежазбалар,стикер,маркер,плакат. Оқытуәдістері:Сыни тұрғыдан ойлау,диалог,жеке және топтық жұмыс Топқа бөлу әдісі:Жағымды ахуал туғызу түрлі-түсті стикерлер арқылы топтарға бөлу Сабақтың өтілу барысы:
1.Сергіту
сәті:
1. «Табиғат мінезі»
жаттығуы .
Қане,
барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді
жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай
сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі
шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске
толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді
еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы
болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл
жел соқты.
Алдыңызда
тұрған адамның арқасынан жаймен ғана
қолмен жеңіл желдің самалындай етіп
сипаймыз.
Жел
күшейді – енді алдыңыздағы адамның
арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет,
боран басталды – енді боран күшіндей
екі қолмен айналдыра күштірек
уқалаймыз.
Содан
кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр
сіркірей бастады – енді қолымызбен
жаңбырдың тамшысындай жаймен ұрамыз.
Бір
кезде қатты жауын жауды – біз қатты
жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен
жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ
астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ
басымен бұршақ жауғандай қаттырақ
ұрамыз.
Бір
кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып,
адамға бір күшті шуақ берді. Енді
алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы
жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам
орындайды.
2.Топқа бөлу:түрлі-түсті стикерлерге « мектеп» және «өнер» тақырыбындағы сөздер бойынша топқа бөлу.
«Танысу» ойыны
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым – қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу меңгеру;
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек – кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.
3. «Күріш өсіру»
Шетелдің ғалымы үш бірдей 2 литрлік банкіге бірдей көлемде су құйып , күріш салып,аузын жауып қояды.Күнделікті сол банкілерге барып бірінші банкіге «Сен қандай кереметсің,сұлусың,адемісің,жақсысың,тамашасың», екінші банкіге «Сен жақсысың,жарайсың», деп үшінші банкіге мүлде көңіл бөлмейді.Бір апта өткеннен кейн банкілерді тексереді.Сонда бірінші банкі құлпырып,жайқалып тұр, екінші банкі орташа қалыпта тұр, ал үшінші банкі мүлде өспей шіріп кеткен.
Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне байланыстырып постер қорғау.
4. «Сен білесің бе? »
Тақтаға сурет ілінеді. Бұл кім не деп ойлайсыздар?
Тапсырма:Берілген сөздердің біреуін таңдап алып суреттегі кейіпкерге мінездеме бер
жауынгер
қайратты
сұлу
қатал
қолбасшы
мәртебелі
Мұғалімдер жеке жұмыс жүргізеді.Яғни,бір сөзді алып сол бойынша сипаттама береді.Әр топтан бір адамнан оқып шығады.
5. «Топты поэма »
Жеке жұмыс орындалады. Ақ парақтың жоғары бөлігіне қатысушы өз аты-жөнін жазады. Әр қатысушы өлеңнің бір шумағын жазып, келесі адамға береді. Ол адам өз қатарын жазып келесіге береді. Осылайша жалғасып, соңынан бір шумақ өлең жазылады. Ең соңында қатысушылар өз өлеңінің қай жағдайға түскенін көреді.
Жоғарыдағы тапсырмалар бойынша біз оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың қандай тәсілдерін пайдаландық.Әр топ өз ойларын постерге түсіру және қорғау.
7.Қорытынды
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
8.Рефлекция. «Тілек ағашы» әр топ мүшесі бүгінгі коучингтен алған әсерлерін жазып іледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген