Тақырыбы: Ұлттық біріңғай тестілеуге
сеніммен барайық
Мақсаты: Мұғалім-оқушы-ата-ан негізінде
жұмыс жүргізу. Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру. ҰБТ-ге
жан-жақты білім дағдыларын толық қабылдауына ықпал ету, жағдай
жасау. Оқушылардың өзіндік ойларын ашық айтуға қалыптастыру. Топта
жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал дұрыс қарым-қатынас орнату.
Стресті жеңуге жол көрсету. ҰБТ-ді сенімді тапсыруға
дайындау.
Қажетті
материалдар: ақ қағаз, ватман, түрлі-түсті
қарындаш, қанатты сөздер, интерактивті тақта, «тілек ағашы»,
стикерлер.
Түрі: Коучинг
Әдісі: Сұрақ-жауап, ой
талқы
Қатысушылар: 11 сынып оқушылары,
ата-аналар, пән мұғалімдері
І. Кіріспе бөлімі
Сәлеметсіздерме құрметті
ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздер бүгін Ұлттық біріңғай
тестілеу–білім сапасының негізі және педагогикалық-психологиялық
қолдау мен көмекке келіп ой бөліскелі отырсыздар. Бүгінгі «ҰБТ-ге
сеніммен барайық» атты коучингке қош келдіңіздер. Көңіл-күйлеріңіз
қалай? Барлықтарыңызды психологиялық жаттығуларға белсенді қатысуға
шақырамын. Олай болса жаттығуымызды бастаймыз. Түсінік жұмыстары
жүргізіледі.
«Танысу» жаттығуы Жүргізілу
барысы; Танысу кез-келген тренингтің
алғашқы сабағының қажетті бөлігі болып табылады. Қатысушылар
бірін-бірі білгеннің өзінде де танысу міндетті түрде
өткізіледі.
Шарты; барлық қатысушылар шеңбер
бойынша өз кезегімен есімдерін айтып және бойындағы бір қасиетін
айтады. Мысалы: Назира батыл, Гүлайым сенімді
т,б.
ІІ. Негізгі
бөлім Топқа
бөлу. 3 топқа бөлінеді 1- топ.
Мұғалімдер 2- топ. ата-аналар 3- топ. оқушылар
а/. /
тайн киппер/ деп аталады
топ басшы
сайлау, топқа ат қою, топтың ұраны /сурет салып
қорғайды.
ә/. Постермен
жұмыс Сіз үшін ҰБТ деген не? ҰБТ-ді
қалай елестетесіздер?
/сурет салу, қорғау/ 8 минут уақыт
беріледі.
б/. «Екі жұлдыз бір
тілек» стикерге жазып, оқып топтарға
тапсыру.
Мысалы: құнды пікірлеріңіз
үшін, балаға көмектеріңіз үшін, балаларыңыз 125 балл
алсын.
ІІІ. «Ой
бөлісу» сұрақ-жауап әдісі Мұғалім,
ата-ана, оқушылар біріге отырып қиындықты біз қалай жеңеміз? -Ұлы
ақын Абай айтқандай
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздақ еткен жалықпас, Үйретуден балаға –деп айтуында терең
мағына жатыр.
а/ Ұстаздарға
сұрақ:
-
ҰБТ-ге дайындалу кезінде ата-ана тарапынан қолдау
қажет пе, қандай қолдау қажет?
-
Оқушылардың интеллектуалдық және моральдық
қиындықтарының қайсысымен жұмыс істеу керек деп
ойлайсыздар?
Ата-анаға
сұрақ: Мына шағын әңгімеге назар
аударыңыздар.
Мухит түбінде інжу /жемчуг/ қалай пайда болады?
Кәдімгі молюска өз денесіне жабысып қалған көзге көрінбейтін тас
түйіршігін денесінен түсіріп тастауға әрекеттенеді екен. Оның
жұп-жұмсақ денесіне жаңаға тас түйіршігі қатты батады. Оны алып
тастау үшін молюска денесінен сұйықтық шығарады да, онымен жаңағы
түйіршікті майлай береді, майлай береді... біршама уақыт өткен соң
жаңаға түйіршік әдемі інжуге айналады да жабысып қалған жерінен
түсіп қалады екен.
-
Енді сіздердің балаларыңыз аз уақыттан соң үлкен
өмірге қадам басқалы отыр, осы кездегі сіздің көңіл-күйіңіз қандай
болып жүр?
-
Сіздердің өз тараптарыңыздан ҰБТ-ге сапалы
дайындалуына қандай үлес қосып жатырсыздар?
Оқушыларға
сұрақ:
-
Сендер үшін өмірдегі ең басты нәрсе
не?
-
Сендердің таңдау пәндеріне ата-аналарының ықпалы
болды ма? Жоқ өзің таңдадың ба?
Рахмет! жақсы ой бөлістіңіздер енді
назарларыңызды көрініске аударсаңыздар.
ә/ Көрініс «полковниктің
ұлы» Ой талқы; көрініс бойынша ой
бөлісу.
б/
Сауалнама алу
/10 сұрақтан
тұрады/
ІҮ. Қорытынды:
а/ «Арман
ағашы» бір-бірлеріне стикерге тілек
жазып ағашқа іледі
ә/ Психологиялық
жаттығу. - Рахмет бұл демалыс сіздер
үшін. Коучингке келіп, қатысып ой бөліскендеріңізге көп
рахмет.


Панфилов ауданының «Е.Сыпатаев атындағы орта
мектеп МДШО» КММ
Білімі жоғары, бірінші
санаттағы педагог –психологы
Махмутова Назира
Қасымханқызы