400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде математика пәнінен кездесетін мәселе есептерді шығару жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәселе есептерді теңдеулер құру арқылы шығару математика мен физика курстарының, математика мен химия курстарының пәнішілік байланыстарын жүзеге асыру мәселесін ғана шешуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар физика және химия пәндерінің және математика курсындағы негізгі тақырыптардың байланысын жүзеге асырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы №23 орта мектеп КММ-нің математика пәні мұғалімі Даулова Сауле Утегеновна



Қозғалыс есептері



  1. Катердің ағыспен жүзгендегі жылдамдығы мен ағысқа қарсы жүзген жылдамдығының қосындысы 44 км/сағ. Катердің ағыспен 5 сағ жүзген жолы, ағысқа қарсы 6 сағ жүзген жолына тең. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: Катердін меншікті жылдамдығы - x

Өзен ағысының жылдамдығы - у

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

(x+y)+(x-y)=2*x=45, бұдан х=22,5

Келесі теңдеуді құрамыз: 4(22,5+y) =5(22,5-y), бұдан y=2,5

Жауабы: 2,5 км/сағ



  1. Ара қашықтығы 45 км болатын елді мекен ағыс жылдамдығы

3 км/сағ болатын өзен жағасында орналасқан. Меншікті жылдамдығы 12 км/сағ болатын қайық бір елді мекеннен екіншісіне өзен ағысына қарсы жүзіп барса, жолға қанша уақыт жұмсайды?

Шешуі: Қайық өзен ағысына қарсы 12–3= 9 км/сағ жылдамдықпен жүзеді. Онда жолға жұмсайтын уақыты 45:9=5 сағ

Жауабы: 5 сағ



  1. Өзен жағасындағы екі айлақ арасын қайық ағыспен 2 сағ жүзсе, ағысқа қарсы 3 сағ жүзеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы 8 км/сағ. Ағыс жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: Өзен ағысының жылдамдығы - х

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

2(8+x) =3(8-x), бұдан х=1,6

Жауабы: 1,6 км/сағ



  1. Меншікті жылдамдығы 20,5 км/сағ моторлы қайық ағыспен 2 сағ, ағысқа қарсы 3 сағ жүзді. Ағыс жылдамдығы 2,5 км/сағ. Моторлы қайықтың барлық жүзген жолын табыңыз.

Шешуі: 2(20,5+2,5) +3(20,5-2,5)= 100

Жауабы: 100 км



  1. Моторлы қайық екі айлақтың арасын өзен ағысымен 6 сағ, ал ағысқа қарсы 8 сағ жүзеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы - x

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

6(x+3) =8(x-3), бұдан х=21

Жауабы: 21 км/сағ



  1. Катер 7 сағатта 60 км өзен ағысымен және 64 км ағысқа қарсы жүзді. Екінші ретінде 80 км өзен ағысымен және 48 км ағысқа қарсы жүзді. Катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: Катердін меншікті жылдамдығы - x

Өзен ағысының жылдамдығы - у

Есеп шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрамыз:

Катердің меншікті жылдамдығы- 18 км/сағ

Жауабы: 18 км/сағ



  1. Екі қаланың арақашықтығы 240 км. Бір қаладан 60 км/сағ жылдамдықпен шыққан машина 2 сағаттан соң жылдамдығын 20 км/сағ-қа азайтты. Барлық жолға машина қанша уақыт жұмсады?

Шешуі: Жылдамдығын 20 км/сағ-қа азайтқандағы уақыт - x сағ

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

60*2+(60 -20)*x=240, бұдан х=3

Барлық жолға машина 2+3=5 сағ уақыт жұмсады.

Жауабы: 5 сағ



  1. Бір қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шыққан автокөліктердің жылдамдықтары 75 км/сағ және 90 км/сағ. 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы қанша болады?

Шешуі: (75 + 90)*3 =495

Жауабы: 495 км



  1. Екі айлақ арасын катер ағыспен 3 сағ жүзеді, ал сал 21 сағ жүзеді. Катер осындай қашықтықты көлде жүзуге жұмсайтын уақытын табыңыз.

Шешуі: Катердін меншікті жылдамдығы - x

Өзен ағысының жылдамдығы - у

Есеп шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрамыз:

бұдан 3(x+y) = 21y; x=6y

Онда = 3,5

Жауабы: 3,5 сағ



  1. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.

Есеп шартына сәйкес белгілеу енгізіп аламыз:

  1. Өзен ағысының жылдамдығы - х км/сағ

  2. Моторлы қайықтың өзен ағысымен жүргенге кеткен уақыты- сағ

  3. Моторлы қайықтың өзен ағысына қарсы жүзгенге кеткен уақыты - сағ

Енді теңдеу құрамыз:

Жауабы: 3 км/сағ

  1. Моторлы қайық су ағысының бойымен 28 км, ағысқа қарсы 25 км жүзгенде тынық суда 54 км жүзгендегідей уақыт жұмсады. Егер ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Есеп шартына сәйкес белгілеу енгіземіз:

  1. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы – х км/сағ

  2. Өзен ағысымен жүзгенге кеткен уақыты - сағ

  3. Өзен ағысына қарсы жүзгенге кеткен уақыты - сағ

  4. Тынық судағы жүзгенге кеткен уақыты – сағ

  5. Енді теңдеу құрамыз:

Жауабы: 7 км/сағ

  1. Ағынсыз судағы жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең катер ағысқа қарсы 36 км сағ және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ

Ағысқа қарсы жүзгенге кеткен уақыт - сағ

Өзен ағысының бойымен жүзгенге кеткен уақыт - сағ

Теңдеуі:

Жауабы: 2 км/сағ

  1. Өзен бойындағы екі пристаньның ара қашықтығы 80 км. Қайықтың бір пристаннан екінші пристаньға барып қайтуына 8 сағ 20 мин уақыт кетеді. Ағыс жылдамдығы 4 км/сағ деп есептеп, қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Қайықтың пристаньға барғанға кеткен уақыты - сағ

Қайықтың пристаньнан келгенге кеткен уақыты - сағ

Барлық жолға кеткен уақыты 8 сағ 20 мин - сағ



Теңдеуі: Жауабы: 20 км/сағ



  1. Тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ болатын моторлы қайық өзен ағысының бойымен км жүзіп барып, қайта қайтып келеді. Қайық барлық жолға 20 сағ уақыт жұмсаған болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ

Өзен ағысымен жүзгенге кеткен уақыт - сағ

Қайтар жолға кеткен уақыты - сағ

Теңдеуі: Жауабы: 4 км/сағ



  1. Моторлы қайық ағыс бойымен 18 км және ағысқа қарсы 14 км жүрді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ. Ағыстың жылдамдығын табыңыз.

Ағыстың жылдамдығы – х км/сағ

Өзен ағысымен жүзгенге кеткен уақыты - сағ

Ағысқа қарсы жүзгенге кеткен уақыты - сағ

Барлық жолға кеткен уақыт – 3 сағ 20 мин - 3 мин

Теңдеуі : Жауабы: 2 км/сағ



  1. Моторлы қайық өзен ағысымен 28 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Барып қайтуға 7 сағат уақыт кетеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екендігі белгілі. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Қайықтың тынық судағы жылдамдығы – х км/сағ

Өзен ағысымен жүзгенге кеткен уақыты - сағ

Өзен ағысына қарсы жүзгенге кеткен уақыты - сағ

Теңдеуі: Жауабы: 9 км/сағ



  1. Моторлы қайық ағыспен 12 км, ағысқа қарсы 12 км жүрді. Ағысқа қарсы жүрген жолына ағыспен жүрген жолынан 1 сағат артық уақыт жіберген. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 9 км/сағ болса, ағыс жылдамдығын табыңыз.

Ағыс жылдамдығы - х км/сағ

Ағысқа қарсы жүзгенге кеткен уақыт – сағ

Ағыспен бірге жүзгенге кеткен уақыт - сағ

Теңдеуі : Жауабы: 3 км/сағ

  1. Турист 160 км-дің бөлігін автомашинамен, ал қалған бөлігін катермен жүріп өтті. Катердің жылдамдығы автомашинаның жылдамдығынан 20 км/сағ аз. Турист автомашинамен катерге қарағанда 15 мин артық жүрген. Автомашина мен катердің жылдамдықтары қандай?

Автомашина жылдамдығы - х км/сағ

Катер жылдамдығы – х-20 км/сағ

160 км-дің бөлігі – 100 км

Қалған бөлігін катердің жүрген жолы 160-100=60 км

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

Теңдеуі : Жауабы: (60; 80); (80; 100).



  1. Шаңғышының 30 км-лік ара қашықтықты жүріп өтуі тиіс еді. Жүруді белгіленген уақытынан 3 мин кешірек бастаған шаңғышы жоспарланған 1 км/сағ артық жылдамдықпен жүгіріп отырып, белгіленген жерге дер кезінде келіп жетті. Шаңғышы қандай жылдамдықпен жүгірді.

Шаңғышы жылдамдығы -х км/сағ

Жылдамдық артқанға дейінгі жолға кеткен уақыт - сағ

Жылдамдық артқаннан кейінгі уақыт - сағ

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз :

Теңдеуі : х1=-24, x2=25 Жауабы: 25 км/сағ

  1. Өзен ағысымен катер 3 сағ, ағысқа қарсы 4,5 сағ, жол жүрді.Катер жылдамдығы 25 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығы қандай?

Өзен ағысының жылдамдығы - х км/сағ

Өзен ағысымен жүзген жолы – 3(25+х) км

Өзен ағысымен қарсы жүзген кеткен уақыты – 4,5(25-х) км

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

3(25+х) = 4,5(25-х) Жауабы: 5 км/сағ

  1. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортада кездескен. Бірінші пойыз екіншісіден 1 сағ кеш шығып, екінші пойыздың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр поездың жылдамдығын табыңыз.

1-ші пойыз жылдамдығы – х км/сағ

2-ші пойыз жылдамдығы – х+ 5 км/сағ

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

Жауабы: 45 км/сағ, 50 км/сағ

  1. Велосипедші 49 км жолды 3 сағатта жүріп өтті. Бірақ әрбір келесі сағатта, алдыңғы сағатқа қарағанда 2 есе аз жол жүрді. Велосипедші соңғы сағатта қанша жол жүрді?

Велосипедшінің жүрген жолы – х км

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

Теңдеу : Жауабы: 7 км

  1. Ара қашықтығы 18 км болатын А пунктінен В пунктіне қарай жаяу жүргінші шықты. Жаяу жүргіншінің артынан 2 сағаттан кейін велосипедші шығып, екеуі бір мезгілде В пунктіне келеді. Егер велосипедші жылдамдығы жаяу жүргіншінің жылдамдығынан 4,5 км/сағ артық болса, велосипедшінің жылдамдығын табыңыз.

Велосипедші жылдамдығы – х +4,5 км/сағ

Жаяу жүргінші х км/сағ

Барлық жол – 18 км

Есеп шартына сәйкес теңдеу құрамыз:

Жауабы: 9 км/сағ

  1. Реактивті самолет 0,5 сағатта винтті самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан 200 км артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы винтті самолеттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңыз.

Теңдеу құрамыз:

Реактивті самолет жылдамдығы – 3х км/сағ

Винтті самолет жылдамдығы – х км/сағ

Теңдеу құрамыз: х+200 = 0,5⋅3x

Жауабы: 400 км/сағ, 1200 км/сағ

  1. Ағынсыз судағы жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең катер ағысқа қарсы 36 км және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ;

Ағысқа қарсы жүзгенге кеткен уақыт – сағ;

Өзен ағысының бойымен жүзгенге кеткен уақыт – сағ.

Теңдеу құрамыз:

Жауабы: 2 км/сағ.



  1. Тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ болатын моторлы қайық өзен ағысының бойымен 139 км жүзіп барып, қайта қайтып келеді. Қайық барлық жолға 20 сағ уақыт жұмсаған болса, өзен ағысының жыдамдығын табыңыз.

Шешуі: Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ

Өзен ағысымен жүзгенге кеткен уақыт – сағ

Қайтар жолға кеткен уақыты – сағ

Теңдеу құрамыз:

Жауабы: 4 км/сағ.



  1. Катер өзен ағысымен 75 км және ағысқа қарсы 75 км жүрді. Катер барлық жолға тынық суда 80 км жүретін уақыттан 2 есе артық жұмсады. Егер ағынның жылдамдығы 5 км/сағ болса, катердің жылдамдығы неге тең?

Катер жылдамдығы – х км/сағ

Өзен ағысымен жүргенге кеткен уақыт - сағ

Өзен ағысына кеткен уақыт - сағ

Есеп шартына сәйкес теңдеуі:

Жауабы: 20 км/сағ

  1. Ағынсыз судағы жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең катер ағысқа 30 км және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ

Ағысқа қарсы жүзгенге кеткен уақыт – сағ

Өзен ағысының бойымен жүзгенге кеткен уақыт – сағ

Теңдеуі:

Жауабы: 2 км/сағ.



  1. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: ­Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ

Моторлы қайықтың өзен ағысымен жүргенге кеткен уақыты – сағ

Моторлы қайықтың өзен ағысына қарсы жүзгенге кеткен уақыты – сағ

Теңдеуі: . х1=3, х2= –108.

Жауабы: 3 км/сағ.



  1. Тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ болатын моторлы қайық өзен ағысының бойымен км жүзіп барып, қайта қайтып келеді. Қайық барлық жолға 20 сағ уақыт жұмсаған болса, өзен ағысының жыдамдығын табыңыз.

Шешуі: Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ

Өзен ағысымен жүзгенге кеткен уақыт – сағ

Қайтар жолға кеткен уақыты – сағ

Теңдеуі: .

Жауабы: 4 км/сағ.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20 қыркүйек
5939
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі