Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ (ҰБТ) ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУДА ПАЙДАЛАНАТЫН ТИІМДІ ӘДІСТЕР МЕН ПСИХОТЕХНИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ (ҰБТ) ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУДА ПАЙДАЛАНАТЫН ТИІМДІ ӘДІСТЕР МЕН ПСИХОТЕХНИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

Тиімді әдістер мен тәсілдер ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушылардың психологиялық жай-күйін жақсартып, олардың сенімділігін арттыруға көмектеседі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, оқушыларды психологиялық тұрғыда қолдау - олардың нәтижелілігін арттырып, күйзеліске қарсы тұру сезімдерін оятады, денені босаңсыту арқылы алаңдаушылықты төмендетеді.

ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушылар тек академиялық білімді меңгеріп қана қоймай, ұсынылған өзін-өзі басқару, күйзелісті жеңу және психотехникалық, психосоматикалық жаттығулардан - жүйке психикалық күшті түсіру тәсілдерін, жағымды психоэмоционалды күйге жетуге арналған тиімді жаттығулардан - мотивация сақтау дағдыларын дамытады.

Психологиялық дайындықта қолданылатын әдістердің ішіндегі тиімділері: тыныс алу, релаксация, медитация және визуализация, аутотренинг, когнитивті, күзелісті басқару әдістері.

Түлектерді қолдаудың эмоционалды тәсілдері оқушылар, ата-аналар және педагогтерді қамтиды. Эмоционалды қолдау тәсілдері - жеке және топтық әңгімелер, мотивациялық тренингтер өзін-өзі бағалауды жақсартуға , сенімділікті арттыруға және стресс пен үрейді жеңуге көмегін тигізеді. ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушылармен психотехника жаттығуларын да жүргізу оң нәтижесін береді. Психотехникалық жаттығулар тұлға аралық қарым- қатынастың тиімділігін де қамтамасыз етеді, тұлғаның өзін-өзі реттеуі мен өзін бақылауын дамытады, денедегі қысымдарды уақытында "шығарып тастайды" және денені босаңсытады.

Сол себепті сіздерге төменде бірнеше жаттығуларды ұсынамын.


а) Тыныс алу жаттығуы

Мақсаты: Өзін-өзі тыныштандыру, қалпына келтіру, жағымсыз ойларды алыстату, денені сергіту.

Ыңғайлы орынға жайғасып алып, тамағыңызды қысып тұрған «шынжырды» терең тыныс алу арқылы үзіп тастап, денеңізді түзу, еркін ұстап, терең-терең тыныс алып, кеудені жеңілдетіңіз. Мұрын арқылы кеудені ауамен толтырып, ауыз арқылы бірнеше рет шығарыңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.


б) "Теңізді тегісте" жаттығуы

Мақсаты: стресстік жағдайды жеңілдету дағдыларын меңгеру, өзінің жетістіктерін бағалауға үйрету.

Жаттығудың сипаттамасы: қандай да бір стресстік жағдайды елестетіп көріңіз. Сіздің денеңізде қандай сезімдер пайда болатынын қадағалаңыз. Көбінесе мұндай жағдайларда төс сүйегінің артында ыңғайсыз жағдай пайда болады (қысым, қысу, қызу, пульсация). Көзіңізді жұмып, төс сүйегінің аймағына ішкі көзқараспен қарап, эмоциялардың "отты теңізін" елестетіңіз. Енді көзбен сол теңізді тегістеп сипаңыз (визуалды)

Енді сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

Тағы бір рет қайталап көріңіз.


в) «Құсты ұшыру» жаттығуы

Психотехникалық жаттығулар оқушылардың пәнге деген құндылық, мотивациялық қатынасын қалыптастырады. Үнемі сабаққа дайындық бала бойын шаршатып, денесін ауыр тартқызады.

Мақсаты: Зейінді, есте сақтауды, қиялды дамытады, жағымды сезімдерді оятады.

Жаттығудың орындалуы: Тік тұрып, басыңыздың үстінде ауыр болып тұрған шәпке деп елестетіп, мойыныңыз бен иығыңызды бос ұстап, бастағы ауыр шәпкені басыңыздан қолыңызбен емес, мойыныңызды қозғалтып шешіп тастауға тырысыңыз. Осылай бірнеше рет қайталап, «ауыр шәпке» шешілгенше жасаңыз. Ауырлық басыңыздан түскен соң, өзіңізді жеңіл де бос ұстайсыз.


г) «Отты өшіру» жаттығуы

Мақсаты: Дене мүшелеріндегі ауырсынуды басу, аяқ пен қолдағы қысымды босату, шаршағанды басу, денені тыныштандыру сәтіне енгізу.

Қатты шаршағанды, алақаныңыз бен аяғыңыздың дуылын басымын десеңіз, орындыққа жайғасып, алдымен аяғыңызды «қыздырып» ауыртып тұрған отты өшіруге кірісіңіз. Аяғыңыздың алдында жылы, күннің көзіне шағылысып тұрған су бар деп елестетіп, аяғыңыздағы табанның отын өшіруге тырысып, аяғыңызды «суға» ( визуалды) малыңыз, бірнеше рет қайталап, содан кейін алақандағы «отты» өшіруге кірісіңіз, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. Аяқ-қолыңыз жеңілденсін десеңіз, осы жаттығуларды бірнеше рет қайталаңыз.

Күнделікті жаттығуға жұмсалған 3-5 минут ішінде сіз шаршауды жеңілдетіп, ішкі тұрақтылықты сезініп, еркіндік күй кешіп, өзіңізге деген сенімділікті арттыра аласыз.

Сәттілік!



ШЕГИРОВА ЖАДЫРА БАТЫРБЕКОВНА

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы №18 МЛ» КММ

педагог-психологі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі