400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Ұлттық бірыңғай тестке дайындық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Көп оқу білім алуға жатама?
Кейбір оқушылар сабақ оқуға көп уіақытын бөлседе ,ойдаған мақсатына жете алмағанын айтып , шағымданып жатады.Оқушы сабақ оқуға кететін уақыттың ұзақтығы мен тынығатын уақыттың ұзақтығын дұрыс реттемегендіктен ,ойлау қабілеті нашарлайды да , оқуға деген құлшынысы азайады ,сабаққа ынтасы жоғалады.Осыған байланысыты мынаны ұмытпау керек:кітап пен дәптердің алдында ұзақ уақыт өткізу сабақ оқуға жатпайды.Көп оқуды емес тиімді дайындала білуді мақсат ету керек.Уақытты барынша тиімді қолдану деп пайдалы және қолайлы білім алу тәсілін айтады.
Білім алу неге қиын?
♠ Оқу керектігін білемін ,бірақ бір түрлі оқи алмаймын;
♠ Мүлдем сабақ оқығым келмейді;
♠ Сабақ оқып отырып зерігіп кетемде ,бәрін тастай саламын;
♠ Сабақ оқыған кезде ынта қойып оқи алмаймын?
Бұл сөздер –ҰБТ-ға дайындалған көптеген оқушының шағымдары.
Сабаққа дайындалған оқушылар сабақты қалай оқу керектігін емескөбінесе осындай проблемаларды ойлап басын қатырады.Оқушылар көбіне «сабақ оқуға кірісе алмау»проблемасын бастан кешеді.
Бұдан шыған жол ,негізінде ,оқушының өзі. «Оқи алмаймын ,қолымнан келмейді»деп қаша беру проблеманы шешпейді ,керісінше ,проблеманы одан сайын көбейтіп жібереді.
Жалпы ,ҰБТ-ға дайындалатын оқушының екі проблемасы бар:
*Дайындықты бастай алмау;
*Дайындыққа кіріссе де ,аяғына жеткізе алмау.
Ал бұл жағдайда душар болудың басты себебі –
ынтаның аздығы.

«Ынталану» деген ұғымға « ой санамен және дене бітіммен мақсат етілген межеге жұмылу»деген анықтама беруге болады.Бұл көлік жүргізуге ұқсайды:қайда баратыныңызды көлікке отырмай тұрып,жүргізбей жатып ,алдын-ала білуіңіз керек.
Ынта –ықылас – оймен қимылмен жетістікке жетудің әрі табысқа жетудің әрі табысқа кенелудің кілті.
Жалпы алған да үлгерімі төмен оқушының ынтасы да аз болады ,дегенмен үйрену үшін ,әркім өз еркімен сабақ оқуға кететін уақытқа бағынуға ,білім алуға жетелейтін қағидаларға мойынсыну керек.




Ынталы оқушы мен ынтасыз оқушының әрекеттері бір-біріне ұқсамайды.Ынталы оқушыда мынадай белгілерді байқауға болады.
♣ үнемі қызығып, мән беріп әрекет етеді;
♣ өзі қалап оқиды ,уақытты тиімді пайдалауға тырысады;
♣ тақырыпқа терең үңіледі;
♣ кедергіге тап болғанда ,қолдан келгенше жеңіп шығуға тырысады;
♣ соңына дейін жетуге мықтап кіріседі;

◙◙◙ Ынтаны арттыру үшін не істеу керек? ◙◙◙
♣ Сабақ оқитын жерді ретке келтіріңіз;
♣ Ағзаңыздың қажеттіліктерін орнына келтіріңіз;
♣ Жұмысыңызды түрлендіріп отырыңыз.(Бір пәнді қайталаудан шаршасаңыз ,жалықсаңыз ,ойыңыз шаршаса ,дереу басқа пәнге ауысыңыз.Осылайша әрі тынығасыз,әрі ойыңызды жинайсыз)
♣ Адам бір тақырыпты шамамен 25 минут бас алмай оқи алады.Одан әрі қарай ми шаршап ,ойы бөліне бастайды ,бірақ әр 25 минут сайын үзіліс жасай алмайсыз.Алайда әрбір 25-30 минутта орныңыздан тұрып ,1-2 минут бірнеше қадам жүріп ,терең дем алып ,қайтадан сабаққа кіріссеңіз ,миыңыз серігіп қалады.
Сондай – ақ:
1) өзіңізге талап қоя біліңіз;
2) қол жеткізуге болатын меже белгілеңіз;
3) нені біліп ,нені білмейтініңізді анықта;
4) кедергі келтіретін істерді кейінге қалдырыңыз;
5) белгілі бір жүйемен ,тәртіппен дайындалыңыз:
6) сабақ оқуға деген шабыттың келгенін күтпеңіз;
7) жауапкершілігіңізді түсініп ,сабаққа мықтап кірісіңіз;
8) мақсатыңызға жете алатыныңызға сеніңіз және бұл сеіміңізді жоғалтып алмаңыз;
9) дайындық барысында туындайтын өзгерістергедайын болыңыз және соларға қарай жоспарыңызды ыңғайлай біліңіз;
10) «Сабақ оқу керек»дегендей жалпылама түрде емес ,қай пәннің қай тақырыбына қай әдіс-тәсілмен дайындалу керектігін нақтылап алып ,мақсатыңызды анықтаңыз;

◙◙◙ Ынтаны жоятын факторлар негізінен мыналар ◙◙◙
А) психологиялық жағдай;
Ә) ортаның сабақ оқуға қолайсыздығы;
Б) ағзаның қажеттіктері.



А) Психологиялық жағдайды реттеу
Ойды бөлетін екі түрлі психологиялық жағдай бар:
♣ қиялдау(армандау)
♣ уайымдау.
Қиялдау – дйындыққа кіріскен оқушының жұмысына кедергі келтіретін әрі жиі кездесетін жағдай.
«Бәрі менен көп дайындалады»;
«Оқитын тақырып көп ,бірақ уақыт қалмады ,бітті ,тынды...»
Мұндай ойлар миыңызды қатырып ,құлшынысыңызға кедергі келтіреді.Өзіңізді іштей мазалаған осындай ойлардан кейін өзіңізге мына сауалдарды қойып көріңіз.
? Бұл ойлар менің дайындығымды жеңілдетіп жатыр ма?
?
Бұл ойлар менің мақсатыма қызымет етіп жатыр ма?
? Бұл ойлар маған көмектесіп жатыр ма?
Жауабы біреу-ақ:
жоқ.
Алдымен алға мақсат қойыңыз және маңызына қарай жұмыстарыңыздың ретін белгілеңіз.

♣ Оқу керектігін білемін ,бірақ бір түрлі оқи алмаймын;
♣ Кітапты ашамын ,бірақ әшейін бетіне қарап отырамын;
♣ Дайындалуға кірісе алмай-ақ қойдым.
Сабақ оқу керек бола тұра ,беріліп кірісе алмай жүрген оқушылардың көпшілік бөлігі – осы уақытқа дейін алдына нақты мақсат қоя алмағандар.
Мақсат қоярда ,мына сұрақтардың жауабын ескеріңіз...
? Болашағыңыздың қандай болғанын қалайсыз?
?
Қай университетте оқығыңыз келеді?
?
Қай мамандықты таңдайсыз?
?
Армандарыңызғы жету үшін қандай жұмыстарды орындауыңыз керек немесе қандай кедергілерді жоюыңызкерек?
?
Қолданып жүрген жоспарыңыз сізді мақсатыңызға жеткізе ме?
Өмірдегі мақсаттар тізімі:
♠ Ағылшын тілін жетік білу;
♠ Компьютерлік инженерия маманы болу;
♠ Беделді компанияда жұмыс істеу;
♠ Отбасын құру.





Өмірдегі мақсаттар қалай анықталады?
1) Өзіңізді танып біліңіз.
Әр адамның өзіндік ерекшеліктері бар.Жасы ,жынысы ,ұлты ,сенімі ,білімі ,сезімі - бәрінің орны бөлек.Сондай-ақ жетілдіруді қажет ететін жасырынып жатқан ерекше жақтары бар.Адам өзін тану үшін ,осы ерекшеліктеріне назар салу керек.Ол үшін өзіне мына сауалдарды қою білуі керек:
? Мені не қызықтырады?
? Қай салаға қабілетім жетеді?
? Қай мамандық қызығушылығым мен қабілетіме лайықты?
2)Өзіңізге сеніңіз.
Әркімнің қолынан келетін міндетті түрде бір кәсібі болады.Кез келген адам өмірде түрлі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.Бұл сәтсіздіктер оның бұдан кейінгі өмірінде жалғасады деген сөз емес.Қайта әрбір сәтсіздіктен дәріс алып ,қалай жетістікке жететінін ойластыру керек.
3)Қолыңыздан не келеді?
Әр нәрсенің өзіне тән қиындығы бор ,сондықтан болашақта өзінің жүзеге асыра алатын мақсаттарды белгілеу керек.Мақсатыңыз қызығушылығыңыз бен қабілеттеріңізге үйлесу керек.Адам өзінің күш - жігерін өзі сүйетін ,өзін бақытты ететін мақсатқа жұмсауы керек.Егер жұмыс рет – ретімен істелсе ,жүйелі түрде орындалса ,алға қойылған мақсаттар міндетті түрде жүзеге асады.
Атқарылатын істерді маңызына қарайтізбектей отырып ,өміріңіздегі
қысқа әрі ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды көрсететін маңызды істердің тізімін жасап шығарасыз.Міне ,осылар – сіздің нағыз жүзеге асыратын істеріңіз.
Мысылы ,қысқа мерзімді мақсаттарға:
♣ Мектепте математикадан болатын сынақтан жақсы баға алу;
♣ Қазақ тілі пәні бойынша «Талапкердегі»тест сұрақтарын бітіру;
♣ ҰБТ – ға дайындық сынағынан ең кемі 95 ұпай жинау.
Ұзақ мерзімді мақсаттарға:
♣ Ағылшын тілін үйрену;
♣ ҰБТ-тен 110 ұпайдан кем алмау;
♣ Университеттің компьютерлік инженерия факультетіне түсу;
♣ Мектептегі сабақты жақсы меңгеру.
Бұл тізімді әрдайым көрініп тұратын жерге іліп қойыңыз.Ең басты мақсатыңызды өзге түспен үлкен әріппен жазып ,алдыңызға қойыңыз.Сөйтіп ,сабақ оқып отырғанда ,басыңызды көтерген сайын ,мақсатыңызды еске түсіріп отырасыз.Осылайша ,ойыңыз аз бөлінеді ,әрі сабақ оқуға деген ынтаңыз артады.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.03.2019
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі