Барлық адам жер бетінде өмір
сүру үшін түрлі қолайлы жағдай жасап, техникалық озықтыққа жетіп,
тұрған жеріне, табиғатқа көп зиян келтіруде. Әрине, даму және
озықтыққа жету адамзатқа қажет, бірақ болашақты ойлау, әр істеген
ісіңе жауапкершілікпен қарау – бұл парыз.
« Миғa
шaбуыл» әдісі
Балалар, суреттерге қарап,
сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын.
Қарашаның
төрті
Сынып жұмысы
Ұлттық экология
бастаулары
Адамға дем алу үшін не
керек?
таза
ауа
Жылыну үшін не
керек? 
Шөлді қандыру үшін не
керек? 
Өмір сүру үшін не
керек? 
Адамның табиғатсыз күні бар ма?
Дұрыс, адамның табиғатсыз күні
жоқ. Адам табиғаттың бір бөлшегі, табиғат пен адамның бөлінбейтін
біртұтас дүние екендігін ұмытпауымыз
дұрыс.
Қоршаған ортаға, экологияға,
табиғатқа зиян келтіретін не? Қалай
ойлайсыздар?
Дұрыс. Заводтар, фабрикалар,
машиналардың түтіні, кәсіп орындар, түрлі өндіріс орындары,
экология апатты аймақтар т.б.
Сонымен балалар, бүгінгі жаңа
сабақтың тақырыбы - Ұлттық экология
бастаулары».
Сабақ мақсатымен, бағалау
критерийімен таныстырамын.
Сабағымыздың
мақсаты:
-
тыңдалған мәтіннің негізгі
мазмұнын түсіну,ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын
анықтау;
-
сөйлеу барысында тақырып
бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану,
өз көзқарасын
дәлелдеу.
Бағалау
критерийі:
- тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсінеді;
-
ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын анықтайды;
-
қажетті аргументтерді орынды қолданады
Жеріміз, табиғатымыз,
өзіміздің тіршілігіміз туралы айтуымыз міндет, себебі бүгінгі күнді
ойламасақ, болашақ ұрпаққа не қалдырамыз?
Экология дегеніміз не?
Ойланайық.




Сөздер мен сөз тіркестері
|
Мағынасы
|
Ғалам
|
Жаһан – алуан түрлі формада болатын әрі
удайы өзгеріп отыатын кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де
жоқ дүние.
|
Экожүйе
|
тірі ағзалар жиынтығының
көректену тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер
де, табиғи ортада да кіретін тірі табиғаттың негізгі функионалдық
бірлігі болып табылады.
|
Тәртіп
|
Адам мінез – құлқының қоғамда қалыптасқан
құқық, мораль нормаларына не әлдебір ұйымының жарғылық талаптарына
сәйкестігі.
|
Жер ана
|
Әр халықтың әр ұлттың
кінлік қаны тамып, туып өскен жер.
|
Өркениет
|
қоғамның материалдық және рухани
жетіктіктерінің жиынтығы
|
Тыңдалым.
Адамдардың кінәсінен бұл күндері елімізде
бүлінбеген жер қалған жоқ. Табиғатты қорғау дегеніміз
– тек қана өсімдік пен
жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи
кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін
ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет.
Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы
сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосса осындай жолмен ресурс
қорын сақтап қалуға болады. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы
топырақты қалпына келтіруге болады, зауыттар мен фабрикаларда
түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып
экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Топырақтың құнарлылыған
көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті
мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру
керек.
Жылу электр
станцияларындағы, зауыттағы және фабрикадағы түтін шығатын
мұржаларға арнайы сүзгі қондырғылар орнатсақ, күл-қоқыстарды
өңдейтін зауыттар салып, ормен өрттерін болдырмайтын болсақ –
қышқыл жаңбырлардан құтылуға әбден болар
еді.
Қоршаған ортаны қорғау үшін
дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы
атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар
қозғалысы дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс
істейді.
1 –
тапсырма.
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап
беріңіз:
1.Табиғатты қорғау дегеніміз
не?
2.Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары
пайдаланған суды қалай тазартады?
3.Топырақтың құнарлылыған көтеру үшін не істеу
керек?
4.Қоршаған ортаны қорғау үшін
дүние жүзінде қандай ұйымдар бар?
5.
Мәтінненің негізгі идеясы
неде?
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтін
бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
береді.
|
Бірінші сұрақтың
жауабы: Табиғатты қорғау дегеніміз
– тек қана өсімдік пен
жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи
кешенді сақтап қорғап қалу.
Екінші сұрақтың
жауабы: Қазіргі кезде көптеген
өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп,
тазалап қайтадан іске қосса осындай жолмен ресурс қорын сақтап
қалуға болады.
Үшінші сұрақтың
жауабы: Топырақтың құнарлылыған көтеру
және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде
минералды тыңайтқыштар беру керек.
Төртінші сұрақтың
жауабы: Қоршаған ортаны қорғау үшін
дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы
атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар
қозғалысы дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс
істейді.
Бесінші сұрақтың
жауабы: Табиғат – адам баласын дүниеге
келтірген аяулы ана, бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы
бесігі, құтты қонысы мен өніп-өсер мекені.
2-тапсырма.
«ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі
ақпараттар бойынша өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
«Менің ойымша, ......»
«Себебі мен оны ........ деп
түсінемін.»
«Оны мен ...... деген
фактілермен дәлелдеймін.»
«Осыған байланысты мен ...............
дегеншешімге келдім.»
Бағалау
критерийі
|
Дескрипторлары
|
Мәтін бойынша жұмыс
|
|
|