Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Яя дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі


Күні:16.02.2018


Мұғалімнің аты-жөні: Құрманбек Перуза


Пәні:

Сауат ашу

Сынып:1 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Яя дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру(мұғалімнің көмегімен)

1.3.5.1. Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер\ мәтін құрастыру және жазу.

1.3.8.1.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады: Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі немесе сұраққа жауап береді. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтайды..

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Берілген сюжетті сурет бойынша әңгіме құрап айтады. Үлгі сызбалар, суреттер қолдана отырып, қарапайым мәтіндер мен сөйлемдер жазады

Кейбір оқушылар орындай алады: Өз білімдерін жүйелі қолданады. Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратаы.. Мәтінді оқиды, мазмұнын әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді,сұрақ жауабын болжайды


Тілдік мақсат

Негізгі сөздермен тіркестер: пияз, қияр ,тақия, таяқ.

Шаян-рак-cancer

Бағалау критерийлері

- Мәтін иллюстрациясына қатысты сұрақтарға пікірін айтады.

- Сөздің буыннан тұратынын түсініп және сөздегі буын санын анықтайды.

-Берілгенсюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

-Әріптерді таниды және ажыратады.

-Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.


Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Пәнаралық байланыс

Математика.дүниетану.көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Бастапқы білім

Сөз, Сөйлем. Яя дыбысы



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Психологиялық дайындық. Оқушылармен сәлемдесу.Үш тілде амандасу.

Бүгінгі көңіл-күйді сұрау

Топқа бөлу

1-топ Дыбыс 5

2-топ Буын 4

3-топ Сөз 3

4-топ Сөйлем 6

Қызығушылығын ояту

-Балалар біз көңіл-күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз.Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Күн нұр сәулесін жан жаққа тарату үшін күн шапағын дағы сұрақтарға жауап беріп орналастыру( күн шапағының кейбірінде ғана сұрақтар бар)

«Сұрақ-жауап» әдісі -

Кімге қандай сұрақ келді сол сұраққа жауап береміз

1. Әріп дегеніміз не?

2. Дыбыс дегеніміз не?

3. Дыбыс нешеге бөлінеді?

4. Кейде дауысты кейде дауыссыз болатын қандай дыбыс?

5.Дауысты дыбыстарды қандай дөңгелекшемен белгілейміз?

6.Дауыссыз дыбыстарды ше?

7.Буын дегеніміз не?

8 Қазақ алфавитінде неше әріп бар?


- Кімге қандай сұрақ келді сол сұраққа жауап береміз

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Дескриптор:

1. Күн шапағын жасайды

2. Сұраққа нақты жауап береді



Оқушылар 6,  5,,4 ,3, сандарын алып сол бойынша топқа бөлінеді

Топта сол санға сәйкес

с өздерді оқиды.





Қызығушылықты ояту

 3 минут

Мағынасын ашу


«Мозайка» әдісі топтық жұмыс

бірінші топ- Алдар көсе

екінші топ- Тазша бала

үшінші топ- Қожанасыр

төртінші топ-Қаңбақ шал

-Мына пазлдарды жүйелі сәйкестендіреміз

-Кімнің есімі шықты ?

-Бұларды қайдан кездестірдіңдер?

-Бұлар біздің қазақ әдебиеті ертегілерінің ұлттық кейіпкерлері. Келешекте бұлар жайлы әлі көптеген мағлұматтарды алатын боламыз.

Саралау тапсырмасы

С) Пазлды құрастырады.

В) Сөзге дыбыстық талдау жасайды.

А)Ол туралы қандай ертегі білесің?


Дескриптор:

1. Мозайканы дұрыс сәйкестендіреді

2. Кейіпкерлерді сипаттады

3.Кейіпкелерді нақты қайдан көргендерін әңгімелейді




Сабақтың ортасы



Таныстырылым



4 минут





























































4 минут



































9 минут

-



Ұлттық кейіпкерлер туралы таныстырылым


Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз адамдардың бірі – Алдаркөсе

Оның аты неге Алдаркөсе болған?

-Себебі, Алдаркөсенің әкесін бай адамдар алдап кете беріпті. Әкесі өте аңқау, сенгіш, қолы ашық адам болған екен. Ашынған әкесі Алладан ұл тілепті. Өйткені оның баласы болмаған екен. Сөйтіп жүргенде ұлды болып, баланың атын Алдар деп қойыпты.»Менің байларда кеткен өшімді алып берсе екен» деп тілепті. Шындығында Алдар өскенде байлардың қарапайым адамдарға жасаған қиянатын көріп, оларды алдаудың жолын қарастырыпты. Ол есейе келе оған сақал мұрт шықпапты. Сол себепті Алдар атына «көсе» деген атты қосып, Алдаркөсе атаныпты.

Тарихта өзіндік орны бар, кедейге жаны ашып, тапқан-таянғанын соларға беретін өте жомарт, аңыз адамның бірі – осы Алдаркөсе. Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды




Бейнеролик арқылы Я дыбысымен таныстыру

1.Я дыбысы және әрпімен таныстыру .

-Я дыбысы қандай дыбыс екен?

-я дыбысы сөздерде қалай айтылады?

Я дыбысы қандай дыбыстардың қосарлануы арқылы жасалып тұр?(Я=и+а; 2дыбыс, 1әріп)

Я дыбысы – дауысты, қосарлы дыбыс.

3.Оқылым.

Оқулықпен жұмыс Дыбыстық талдау жасау

Шаян сөзіне дыбыстық талдау жасау. (2буын, 4әріп, 5 дыбыс) үш тілде айту

Бағандағы сөздерді оқыту. Мұғалім жетекшілігімен оқылым

Аяқ аяз қоян қияр тақия

Таяқ саяз шаян пияз зиян

Аяқ-дене мүшесі

Аяз- ауа райы құбылысы

Қоян-жануар

Қияр-көкөніс

Шаян-жәндік

Тақия- бас киім

Пияз-көкөніс

Дескриптор:

  1. Жаңа әріпті оқи алады.

  2. Я дыбысының сөз басында,ортасында, аяғында келетінін біледі.

  3. Буындық талдау жасай алады.

«Алдаркөсе мен бай баласы» мәтінін оқу

  • Жетекші сұрақтар қою

  • Мәтіннің ұнаған, ұнамағанын сұрау

Дескриптор:

- мәтінді қатесіз оқиды;

- мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жұптық жұмыс

Мәтіннен я әрпі бар сөздерді табу,айту

Оларға дыбыстық талдау жасау


Топпен жұмыс. «Ойлан, жұптас, талқыла»

1-топ: «Артығын тап»

Алдаркөсе, ақша, таяқ, бай баласы , хан, жаяу,бай,алдамшы,қазан,үй,базар

Дескрипторы:

-артық сөзді табады.


2-топ: «Кім жылдам?» Сурет бойынша сөйлем құрайды



Дескрипторы:

-«Я» дыбысы бар сөзді табады; аяз

-сөйлем құрайды.


3-топ: «Жоқ әріптерді тап» ойыны

Мақсаты: сөздегі жоғалған әріптерді тауып, жазу, дыбыстау, буынға бөлу.

Қи... р, а... з, та... қ, а... қ, ша...н, қо...н.


Дескрипторы:

Жоғалған әріптерді табады, жазады, буынға бөледі.

4-топ



Дескрипторы:

-Сөздерді сәйкестендіреді.












































































Сергіту сәті

1 минут

Ойын -«Қандай дыбыс?»

Ойын шарты: Балалар, мен қазір дыбыстарды айтамын. Дауысты дыбыс болса қол шапалақтау, дауыссыз дыбыс аяқ соғу керек.





6 минут

Тақтамен дәптермен жұмыс

Жазылым

Бүгінгі күннің ретімен тақырып жазылады

Дәптермен жұмыс

(Яя дыбысының бас және кіші әрпінің жазылуын түсіндіру. Ауада жазу.)

Яя әрпінің бас және кіші әріптерін жазады

Дискриптор:

  1. Яя әрпінің бас және кіші әріптерін ажыратады.

Яя кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жаза алады

Дәптермен жұмыс.



Қызықты тапсырма





5 минут

Топтық жұмыс. «Стоп кадр» әдісі Сөздерге дыбыстық талдау жасау және сөйлем құрастыру.Бас бармақтар арқылы өзара бағалату.

4. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.

Баяу-жылдам,тез.

Дискриптор:

1. Сөздерге дыбыстық талдау жасап және сөйлем құрастырады.

2.Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады.

Түрлі тапсырмалар




Ой толғаныс

3 минут

«Сөздер тап» ойыны

Өздерінің сөздік қорларындағы «я» әрпіне байланысты сөздерді қағазға жазайық. Бір – бірімен алмастырып, смайлик суретін беру арқылы бағалау.


Сабақтың соңы

2 минут


Кері байланыс.




Стикерлерге

ойларын

жазады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


«Мозайка әдісі» кезінде

саралау тапсырмасы:

С) Пазлды құрастырады.

В) Сөзге дыбыстық талдау жасайды.

А)Ол туралы қандай ертегі білесің?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

- Сөздерді дұрыс оқып, дұрыс буынға бөле білген жағдайда;

- Әріпті өз бетімен дұрыс жаза білген жағдайда;

- Оқушылар өз бетімен сұрақты қоя біліп, сұраққа дұрыс жауап білген жағдайда бағаланады.




Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздікті тексеру

АКТ

Құндылықтар

Математика.дүниетану.көркем еңбек

Сергіту сәттері, белсенді әрекеттер

Суреттермен жұмыс жасай отырып, жапсырмалауда қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі.

Әріптің дұрыс айтылып,жазылуын графопрое́кторда көрсетіледі


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?






Сабақ мақсаттары және оқу мақсаттары дұрыс қойылған.Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді.

Сабақтағы саралау дұрыс жүргізілді.Сабақтың барлық уақыттық кезеңдері сақталды.Сабақ жоспарынан ешқандай ауытқулар болған жоқ




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Топқа бөлу

2: Мозайка құрастыру

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сергіту сәті

2: Тақтамен жұмыс (жазылым )

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Келесі сабағымда Б, С тобындағы оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар дайындау, бағалаудың түрлерін түрлендіруім керек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12