Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» («Ата-аналар мектебі» жобасы)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітілді_________________________
Тәрбие сағаты
Педагогтың аты-жөні: Азиева А.Т. |
||||
Күні: 01.04.2024 |
||||
Сынып: 4 «Ә» |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
||
Сабақтың тақырыбы |
«Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» («Ата-аналар мектебі» жобасы) |
|||
Сабақ мақсаттары: |
Қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып,оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту. |
|||
Құндылыққтар |
Эстетикалық тәрбие беру. |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеті |
Ресурстар |
||
Басталуы |
Бүгінгі сабақты осы тақырыпта өткізгелі отырған себебіміз:халқымызда ата-бабларымыздан қалған, қазіргі күнімізге де кәдемізге жаратарлық мұра жетерлік.Солардың бірі қазақты өзге халықтардан ерек шелеп,ажыратып тұратын ұлттық киімі. Жас есейіп,ер жеткен соң,кез келген ұлтын сүйген,саналы аза мат халқымыздың ұлттық киімінің мәні мен мазмұнын терең түсініп,оны заман талабына сай өзгертіп, ықшамдап кигенін теріс деуге болмайды.Атадан бала ширек кем туатынын ескерсек,ата бабадан артық олардан озық мәдениет жасай алмағанымызды ұмытпағанымыз абзал.Осы тұрғыдан алғанда, халқымыз дың өткен тарихына,өмір тіршілігіне үңіле қарасақ,оның салт-дәстүрінде,әдет-ғұрпында үйренер, ұрпақ тан ұрпаққа мұра етіп жалғкастырар талай тағылымды ұлағат бар. |
|
||
Ортасы |
Киім адамның мінез-құлқын,таным түсінігін,қоршаған ортамен қарым-қатынасын,беделін,жан-дүние сін айқындап,көрсетіп тұрады. Біздің халық киім үлгісінің адамның жасына,жыл маусымына,тұрмыс қажеттілігіне,сымбатына,үстіне қонымына,жүріп тұруына ыңғайлы болуына асқан жауапкершілікпен қараған.Қазақтың ұлттық қыз бала киімі,келіншек киімі,әсіресе,бас киімі бір-бірінен ерекше болса,ер адамдардың киімдері де бөлектенбегенімен,оның да өзіндік айырмашылықтары бар. Ұлттық киім бар лық тарихи және қазіргі киімдердің бастамасы.Әрбір киімнің өзіндік мәні,мағынасы бар,соларға тоқталып өтейік. 1.Сәукеле(ол туралы Оразова А айтып,сипаттама береді.) 2.Тақия. 3.Шапан. 4.Ішік. 5.Әшекейлер туралы. Енді кезекті қонақтарымызға берейік. 1.Азаматова Гүлжамал(ұлттық киімдері,шолпй сырғалары т.б)жалпы келіндер сынындағы шарттары туралы айтып береді. 2.Адыева Т.Киімді пішу,тігу,жарасымдылық факториясы бойынша айтып береді. 3.Қалиева О.Адамның көпшілік қоғамдық ортада өзін ұстауы,киім киінісі туралы Қонақтарға сұрақтар қойылады. 1.Киімді бағасына қарай таңдайсыз ба,әлде үйлесімділігіне мән бересіз бе? 2.Алатын киіміңіз өзіңізге үйлесіп тұр,бірақ сапасы өте нашар.Не істейсіз? 3.Киім тіккенде «Сән» журналынан пайдаланасыз ба,әлде өз факторияңызға сүйенесіз бе? 4.Сіз сахнада немесе шағын дастарханда,құдалықты басқаруда киімді қалай киінуім керек деп ойланасыз ба,әлде барымен базар боласыз ба? Соңғы кездері киімдерге әр түрлі әшекейлер пайдаланылып жүр.Мысалы,теледидарда «Бәрінен де сен сұлу» бағдарламасында қатысушыны сәндеу арқылы басқа қырынан көрсетеді.Және де ұлттық әшекейлер пайдаланады және сыйлап жатады.Осы бағдарламадан өзіңізге қандай жақтары ұнайды? Оқушы қыздарға қандай киім үлгісін ұсынар едіңіз? «Жалғасын тап» ойыны(слайд арқылы) 1.Ағаш көркі жапырақ,……… 2.Анасын көріп қызын ал,……….. 3.Киіміне қарап қарсы ал,……………….. Мауыты шапан жамылған, Ата салттан аспаған, Аталы сөзге тоқтаған, Әрі батыр,әрі мәрт, Халықтың сәні,үміті, Қазақтың сері жігіті, Сен не еткен кең едің?! |
|
||
Аяқталуы |
Қорытынды сөз: Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор роль атқарады.Әсемдікті көре,сезіне,түсіне білу адамның ру хани өмірін байтады.қызықты етеді.Оған ең жоғарғы рухани ләззат сезінуге мүмкіндік береді. Эстетика лық тәрбиені қалыптастырудағы басты мақсат – оқушыларды өнер құндылықтарын жасақтауға қатысты ру,тіл,сөз өнерін дұрыс меңгерту,әдепті сөйлеуге баулу,олардың бойында белгілі бір адамгершілік эсте тикалық мәдениетті,көркемдік талғамды,шығармашылық қабілетті тудыру.Болашақ ұрпақ ұлттық киім нің қадір-қасиетін біліп,заман талабына сәйкес лайықтап киіп жүрсе,сөйтіп сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүрі жалғасын тапса,ұлттық сәнге айналып,қалыпты нәрсе ретінде күнделікті өмірімізге енсе,нұр үстіне нұр болар еді. |
|