400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық киімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Ұлттық киімдер


Жалпы мақсат

Оқушыларға ұлттық киімдер туралы қазақ тілінде сөйлей білуге, күделікті өмірде қазақша атауларын айта білуге үйрету, грамматикалық тақырыптар бойынша қайталау жаттығуларын жүргізу.


Міндеттері

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру. .Қалау райы туралы білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: қазақ халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын, ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз-қарасын дамыту. Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы, компьютер, плакаттар

Оқушылыр үшін оқу нәтижелері

Мәтінді түсінеді. Мәтін бойынша сөйлем құрайды. Диалог құрастырады. Салалық терминдерді өз сөзінде орынды қолдана алады.

Түйінді идеялар

Ұлттық киімдер, маусымдық киім үлгілері, әдептілік, т.б.

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық, компьютер, плакаттар, бағалау парағы

Оқыту әдістері

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, жұптық жұмыс.


Дерек көздері

Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, орыс тілі, география, тарих

Оқушы бейнесімен байланысы

□ Ізденімпаз □ Зерделі □ Ойланғыш □ Тіл табысқыш □ Ұстамды

□ Ықыласты □ Қамқоршы □ Тәуекелшіл □ Үйлесімді □ Талдағыш

Талантты және дарынды балалар: ...

(деңгейлік тапсырмалар беріледі)

Бағалау

A және В критерийі

Сөйлесім және қарым – қатынас жұмыстары бағаланады

Тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

1

2

3

І. Қызығу-шылықты ояту

Жаңа сабақты бастағанда оқушыларды тақырыптың ішіне ендіру мақсатында өтілетін тақырып бойынша "Ой шақыру" тәсілімен сұрақтар береді.

Айтылым:

Тыңдайды.Түсінеді.

"Ой шақыру" сұрақтарына жауап береді.

Түсіндіреді, өзара бағалайды.

.

Мағына-ны тану

«Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» демекші балалар, бүгін бізде ерекше сабақ қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлерімен танысамыз.

Жаңа сөздерді таныстырады

1. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрайды.

Тыңдалым. Жаңа сөздерді қайталайды, талдайды.

Әр оқушыға мәтінді бір рет оқуды ұсынады. Мәтін.   Қазақ халқының ұлттық киімдері бар.Ежелгі дәстүрлер бойынша тігеді. Қазақтарда ішкі, сыртқы, біркиер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапап, кеудеше, тон т.б жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі, т.б.

Оқылым. Оқушылар мәтінді іштерінен оқиды.

Оқушылардың мәтінді түсінгендерін тексеретін жұмыстар орындатады.

Практикалық тапсырма

2- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударып, әңгімелеу.

4- тапсырма. Мәтін бойынша 3-деңгейлі тапсырмаларды орындау.

3-деңгей.

А) сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын дұрыс табындар. ( ауызша орындау)

Б) сөйлемдерді мәтін негізінде толықтырып  жаз.

1. Қазақ халқының киімдері  (қандай?) ........... болған.

2. Қазақтың ұлттық киімдері туралы (немен?) ... ... безендірілген.

3. Адамға ( не үшін?) ......... киім қажет.




Айтылым. Оқушылар ойланады, жұппен , топпен бірлесе отырып әр топтан оқушылар сұрақтарға жауап береді, бір-бірін толықтырады. Түйінді ой айтады. бірін -бірі бағалайды.

Мәтінді оқыңдар және мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар.

Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті

Оқылым. Жазылым

1.Қазақ халқы киімдерін қалай тіккен?

2.Көйлектері қандай болған?

3. Камзол, шапандарын немен безендірген?

4. Қандай бас киімдері бар?

5. Зергерлік бұйымдардан нелен таққан?6.Әжелер бастарына не киген?

Сөйлемдердің мазмұнын сақтап, қысқартып жазыңдар. Толықтыруға болады.
1. Ең алдымен, күнделікті киімнің жайын ойластырған жөн.
2.
Сымбатты қыздарға спорт кеудеше мен пуловер немесе күртешемен бірге шалбар кию жарасады.
3. Қыздың екі белдемшесі:біреуі - неғұрлым қалың матадан күнделікті киюге, жұқа матадан сәнге киюге арналып тігілген түрлері болуы керек.
4. Түсі мен өрнегі әр түрлі, арзан және оңай жуылатын матадан тігілген кеудеше, жүннен тоқылған свитерлер немесе күртешелер киім түрлерін байыта түседі


Оқылым. Жазылым.

Оқып,сызбаны толтырады.








Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
1. Киім кию оң қолдан басталады.
2. Киімді желбегей жамылып жүруге болмайды.
3. Бас киімді босағаға емес, төрге іліп кояды
4.Киімнің жағасын басуға болмайды
5. Киім киюдің алдында оны сілку керек.
6. Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.

Айтылым. Жазылым.

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдарды оқиды,дәптерлеріне жазып алады.

ІІІ.

Ой толғаныс


Мәтін мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.

Сұрақтарды пайдаланып диалог құрастыру тапсырылады.

Тідесім. Жұптық жұмыс. Диалогті жұптасып орындайды.


Оқушылар осы тапсырманы орындау арқылы не үйренді?

Оқушылар салалық терминдерді тілдесімде қолдануды үйренді.

ІҮ.

Бекіту

Жаңа тақырып бойынша оқушылардың өздеріне сұрақ дайындату.

Оқушылар жауап береді.

Ү. Бағалау

Формативті бағалау

Өзін-ізі және өзара бағалау

ҮІ.

Үйге тапсырма

Ұлттық киім әңгімелеу

Грамматикалық тақырыпты қайталау

Оқушылар тапсырманы орындайды.

ҮІІ.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазғызу.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі