400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық киімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша және МАД тобының тәрбиешісілеріне арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»

Білімділігі: Балаларды қазақтың ұлттық киім түрлерімен таныстыру;

Дамытушылығы: Дұрыс сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру

Тәрбиелілігі: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақтың тарихына, салт - дәстүріне деген балалардың қызығушылығын арттыру.

Әдіс- тәсілі:  Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:  Қазақтың ұлттық киімдерінің суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төремізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

- Аттарын атап беріңдерші?

-    Қазір жылдың қай мезгілі?

-    Көктем мезгілінде неше ай бар?

-    Аттарын атап беріңдерші?

- Көктем мезгілінің ерекшелігі?

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Өте жақсы балалар!

Осы тамаша көңіл-күйлерімізбен сабағымызды бастайық!

- Балалар біз өткен сабақта не туралы әңгімелестік?

-Көліктердің неше түрі?

- Аттарын атап беріңдерші?


Өте жақсы балалар!



Балалар шаттық шеңберге тұрып, өлең жолдарына сай қимыл-қозғалысын жасайды,





- Төрт мезгіл бар.

- Көктем,жаз, күз,қыс.

-  Көктем мезгілі

-  Үш ай бар?

-  Наурыз, сәуір, мамыр

- күн жылына бастайды, ағаштар бүршік атады, жаңбыр жауады.

- Тамаша


- Көліктер


- 3 түрі бар?

- Әуе көлігі, жер көлігі, су көлігі.


Ұйымдастыру-

шылық – ізденушілік

Балалар бүгін біз киім жайында оның ішінде Қазақтың ұлттық киімдері туралы өтіп олармен танысамыз. Киім - денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын жасанды жамылғы, тұтыныс бұйымы. Қазақ халқының ұлттық киімдері өзіндік өзгешелікке толы. Ұлттық киімдерге біз тақия, айыр қалпақ сәукеле, мәсі, кимешек, көйлек, камзол, шапан, ішік тағы сол сияқты киімдерді жатқызамыз. Біз бүгін олардың әрқайсысына жекелеп тоқталамыз.
Тақия-
жеңіл бас киімі. Тақия ою-өрнектермен кестеленеді. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ұл балалардың тақиясы ою-өрнектермен тігіледі.

Балалар тақияны тек ұлдар ғана емес, қыздарда киеді екен. Қыздардың тақиясының өзіне тән ерекшелігі бар. Ол әдемі асыл тастармен әдемі моншақтармен тігеледі екен. Қыздардың ұнатып киетін бас киімі- үкілі тақия. Оның төбесі дөңгелек болып келеді. Алтын, күміс зер жіптермен кестелеп, асыл тастармен безендіреді. Үкінің үлпілдек қауырсынын тақияның төбесіне қадайды. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.

Шапан – сырт киім. Шапанды қалың матадан қазақтың ою-өрнегін салып тігеді.Шапан: сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді.

Шапанды ерлер де, әйелдер д, балаларды киеді. Қыздарға арналған шапанның жаға жеңіне, етегіне зермен әшкейледі. Ал ерлр, ұл балаларға арналған шападар ою-өрнекпен безендіріледі.Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.

Қамзол-жеңсіз жеңіл киім.Бұны қыз балалар киеді. Оны ою-өрнектермен кестелеп, асыл тастармен әшекейлейді. Балалар камзолды қазір көбіне тойларда, наурыз мересінде киеді.

Ішік - әрі жылы, сәнді, сырт киім. Ішікті еркектер де әйелдер де киеді. Ішікті әшекейлеп, ою, кестелеп, зерлеп тігеді

Кимешек- үлкен әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді.

Айыр қалпақ

Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ - ақ киізден қалың матадан тігілген, биік төбелі баскиім. Төбесі шошақ биіктеу етегі кең келген бұл баскиім күннің сәулесін, суық өткізбейді, жауын-шашыннан пана сәнді киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді.

Сәукеле - қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән - салтанатының, салт - дәстүрінің, мәдениетімен шеберліктің озық үлгісі.
Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы.

Көйлек-әйелдердің киімі. Көйлек әдемі ою-өрнектермен жәнеде асыл тастармен әшекейленеді. Қос етекті, кең етекті болып бөлінеді.


Сергіту сәті:


Балаларға киімдердің суретін көрсете отырып олардың атын жеке және хормен атату.
1) тақия
2) қалпақ
3) мәсі
4) кимешек
5) көйлек
6) камзол
7) шапан
8) ішік

9) сәукеле

Дидактикалық ойын.

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: Балалар 2 топқа бөлініп, 1 топ камзол, 1 топ шапан құрастырамыз. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңіске жетеді.


Балалар мұқият тыңдайды.


















































































Балалар өлең жолдарын айтып, қимыл-қозғаыс жасайды.


Балалар хормен қайталайды.








Балалар қызыға ойнайды.

Рефлексиялық -түзетушілік

Балалар бүгін қандай сабақ өттік?

Қазақтың ұлттық киімдеріне нелер жатады?

Ерлер, әйелдер тақиясын қалай ажыратамыз?

Сәукелені кімдер киеді?

Балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар! Сау болыңыз!

Қазақтың ұлтттық киімдері.

Балалардың жауабы.





Біледі; ұлттық киім түрлері және өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастығын білу.

Игереді; ұлттық киімдердің айырмашылығын игеру.

Меңгереді; ұлттық киімдердің өзіне тән ою-өрнектермен безендіруді меңгеру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
997
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі