400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық киімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім атауы: Киім. Сән.Талғам.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық киімдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.4.2.1 -сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу


Сабақтың мақсаттары

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі


Жоспар


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»

  • Қандай ұлттық киім түрлерін білесіңдер?

  • Халқымыздың қандай ұлттық бас киімдерін білесіңдер? Ұлттық киімдер қандай ою-өрнектермен әшекейленген? Сұрақтарға жауап беріп, сұхбат құрыңдар.

  • Суреттегі киімдердің атауларын білесіңдер ме?

  • Заманауи киімдер мен ұлттық киімдердің қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар?

  • Киім атауларын өздерің білетін тілдерге аударып көріңдер.

(оқушылар жауабы тыңдалады)

Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, назары сабаққа аударылады.



Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын көрсету. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтап, тақырыппен байланыстырады.











5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы











Сабақтың ортасы

















Мағынаны тану Жұптық жұмыс

ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, «Жылқы сұлбасы» стратегиясымен жұпта талқылаңыз.

«Қазақ киімдері» бейнежазбасын https://www.youtube.com/watch?v=3BP_VHi5eEo /) мұқият тыңдаңдар.

«Жылқы сұлбасы» стратегиясы.

1. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздерді

жазыңыз.

2. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпаратты

қысқаша жазыңыз.

3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша

ақпаратты жазыңыз.

4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды

жазыңыз.

Кейінді ықпал – бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп ықпал жа сауын айтамыз. Кейінді ықпал заңдылықтары:

1. Қатаң қ, к, п дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі қатаң дауыссыз дыбыс ұяң дауыссыз дыбысқа айналады: Мысалы, тілек+і – тілегі, құлақ+ы – құлағы, соқ+у – соғу, доп+ы – добы, сеп+е+ді – себеді, т.б.

2. Н дыбысына біткен сөзге б және п дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда түбірдегі н дыбысы м болып айтылады. Мысалы, сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, т.б.

3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, ғ, г дыбыстарының алдынан келгенде айтуда ң болып өзгереді. Мысалы, Дүйсенғали – Дүйсеңғали, Сәрсенкүл – Сәрсеңкүл, түнгі – түңгі, сәнқой – сәңқой, т.б.

4. Ш дыбысының алдынан келген с және з дыбыстары айтуда ш болып өзгеріп кетеді. Мысалы, құрылысшы – құрылышшы, сөзшең – сөшшең, таныс шығар – таныш шығар, Бозшағыл – Бошшағыл, Тасшайнар – Ташшайнар, т.б.

5. Түбір сөз соңғы з дыбысы кейінгі с дыбысының ықпалынан с болып айтылады. Мысалы, сөзсіз – сөссіз, сазсырнай – сассырнай, жүз сом – жүс сом, жазса – жасса, т.б.

6. Алғашқы сөз з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж болып айтылады. Мысалы, Оразжан – Оражжан, құз-жартас – құж-жартас, көз жазбау – көж жазбау, күз жақын – күж жақын, т.б.

7. Кейбір сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың соңғысының ықпалынан алдыңғы дауысты дыбыс айтуда түсіп қалады. Мысалы, Сарыөзек – Сарөзек, алтыатар – алтатар, қара ала – қарала, жеті ешкі – жетешкі, шеткі үй – шеткүй, т.б.

Дәптермен жұмыс

4-тапсырма

6-тапсырма дыбыс үндестігін сақтай отырып, көп нүктеніңорнына тиісті жалғауларды жазыңдар. Кейінді ықпалды тап.





Қорыту

Оқушылар бүгінгі тақырыпты қорытындылау мақсатында бір-біріне проблемалық сұрақтар қояды.

«6 НЕЛІКТЕН?»


Бүгінгі сабақ бойынша ойларын қорытындылайды, топтастыру жасайды.

Солнце 1

Қазақтың ұлттық киімдері









Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, «Жылқы сұлбасы» стратегиясымен жұпта талқылаңыз.



Мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтайды;

•мәтіндегі маңызды ақпаратты қысқаша жазады;

•мәтіндегі қосымша ақпаратты анықтайды;

•мәтін бойынша қорытынды шығарады.




Оқушылар бүгінгі тақырыпты қорытындылау мақсатында бір-біріне проблемалық сұрақтар қояды.


Бүгінгі сабақ бойынша ойларын қорытындылайды, топтастыру жасайды.









Дескриптор:

мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтайды;

мәтіндегі маңызды ақпаратты қысқаша жазады;

мәтіндегі қосымша ақпаратты анықтайды;

мәтін бойынша қорытынды шығарады.





































Дескриптор:

Оқылуы бойынша жазады.

Ықпал түрлерін ажыратады.

Дескриптор:

көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жазады

Кейінді ықпалды табады.







https://www.youtube.com/watch?v=3BP_VHi5eEo



Тапсырма қағаздары
















Сабақтың соңы


Кері байланыс.

«Білім қоржыны»

Бағалау

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
67
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі