жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық киімдер
Тақырыбы: «Ұлттық киімдер»
Мақсаты: балалардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту;
Дұрыс сөйлеуге, сөздік қорын дамыту және еркін сөйлей білуін жетілдіру:
Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап, көрсету,әңгімелеу, ойын.
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!

Тәрбиеші: балалар біз қандай республикада тұрамыз? Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
Балалар әр халақтың өзінің ұлттық киімі, тілі, салт дәстүрлері, ұлттық құндылықтары бар екенің білесіңдер. Біздің халқымыз өзінің ұлттық киімдерімен ерекшеленеді. Олардың түрлері өте көп. Жыл мезгіліне сәйкес арнайы тігіліп, жиын тойлар мен мерекелерде киетін және күнделікті киетін киімдер болып бөлінеді.
Ендеше, біз бүгін қазақтың ұлттық киімдерін еске түсіреміз.
Слайдпен жұмыс

Ойын: «Дұрыс ата»
Шарты: үстел үстінде ұл балаға және қыз балаға арналған ұлттық киімдердің суреті тұрады. Екі ойыншы шығып ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратып тақтаға іледі.

Тәрбиеші: Балалар енді мақал мәтелдерді есімізге түсірейік. Мен ұлттық киімдерге байланысты мақал мәтел оқимын, арасынан кез келген сөзді тастап кетем, сендер мұқият тыңдап сол мақалдың жауабын тауып айтуларын керек.
МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР:
1. Ел ағасымен жарасады
Не? (киім) жағасымен жарасады,
2. Адамды неменеге (киімге) қарап бағалама.
3. Етік жолға бастайды,
Не? (Шалбар) сорға бастайды.
4. Адамды не (киім) жасамайды.
5. Не ?(Бөрік) адамға көрік.
6. Ағаш көркі жапырақ,
Кім? (Адам ) көркі шүберек.
Тәрбиеші: Балалар енді кішкене бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Мен қазақпын»

Тәрбиеші: Балалар енді ары қарай оқу қызметіміздіжұмбақтармен жалғастырамыз.
Жұмбақтардың жауабын айт
1.Колы бар,
Саусағы жок. (Көйлек)
Ол не балалар? Балалардың жауабы
2.Іші егіс,
Сырты тегіс. (Ішік)
3.Ортасы күмбез
Іргесі тегіс
Күннен қорғайды
4.Шындағы егісті (Қалпақ)
Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген
Етегі желкендей
Киім еді ол нендей? (Кимешек)

-Жарайсындар балалар, өте керемет жұмбақтың жауабын таптыңдар.
Тәрбиеші: Балалар біз білеміз қазақ халқы ұлттық құндылықтарымен ерекшеленеді. Оның ішінде мақал мәтелдерімен, салт дәстүрлерімен, ырым тыйымдарымен, ұлттық ойындарымен және де т.б.
Осылардың ішінде киімге байланысты ырым тыйымдарды есімізге түсірейік.
ЫРЫМ ТЫЙЫМДАР:
1. Бас киімді аяқпен баспа
2. Кір киімді баспа
3. Киімнің жағасын баспа
4. Бөтен адамға бас киім бермейді
5. Киімді жамылуға болмайды
6. Бас киімді теріс киме

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, сендер ырым тыйымдарды ұмытпапсыңдар. Осыларды есімізден шығармай сақтап жүрейік.
Енді балалар сендерге теледидардан ұлттық киімдердің суреті көрсетіледі, бір бала ортаға шығып әңгіме құрастыру қажет.
(Ішік , қамзол, тақия, мәсі)


Қорытынды : Жарайсындар балалар, енді мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп отыр «Ойнайық та ойлайық» деп аталады. Бұл ойында әрі ойнаймыз, әрі ойланамыз.
Шарты: Суреттен ұлттық киімдердің төрттен бір бөлігі көрсетіледі, сендер қандай киім екенің тауып ,жауабын айтасыңдар.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар , бүгінгі оқу қызметінде өте жақсы, белсенді қатыстындар барлықтарын. Рахмет сендерге балалар.
Балаларды мақтау, мадақтау. Балаларға смайликтер таратылады.

Зеренді ауданы
Зеренді селосы
«Балауса» балабақшасы
Тақырыбы:
«Ұлттық киімдер»
«Күншуақ» ересектер тобы

Өткізген: Амангельдинова А. С.
2018ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген