жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлттық мәдениет жаңарудың негізгі өзегі Баяндама
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ӨЗЕГІ
Акишева Улбосын Максатовна
Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде
үлкен өркениет орнату мүмкін емес.
Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті
-қазақ мәдениеті.
Н.Назарбаев.
Болашақ бедерінде елімізді жаңа белестерден көргіміз келсе заманға сәйкес жаңарып,жаңғырып отыруымыз керек.Осы тұрғыдан алғандаЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өзектілігімен өміршеңдігімен маңызды.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша қоғамымызға зор сілкініс әкелді. Мақаланы оқи отырып,одан бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар мен мақсаттың көрсетілетіндігін түсіндім. Елбасы мақаласында көрініс тапқан ерекше бастаманың бірі – «Туған жер» бағдарламасы. Неге десеңіз,әр қазақ баласы үшін туған жерден асқан қастерлі ұғым жоқ. Осы баяндамада «Туған жерге сүйіспеншілік туған елге-Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады»-деп Елбасымыз айтқандай туған жерім киелі Құлан жерінің тарихы мен тума таланттары туралы айтылады.
Әркімнің туған жері- Мысыр шаһары деген бағзыдан жеткен тәмсілі бар.Иә, кім-кімге болса да туып-өскен өлкесі өзгеше ыстық болатыны бесенеден белгілі. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» деп туған жердің қадір-қасиетін ұрпағына ұлағат еткен ата-бабаларымыздың туған елге,жерге,Отанға қатысты айтқан нақыл сөздері аз емес.Соның қай-қайсысында болмасын аса бір дәлдікпен,дәйектілікпен айтылған фәлсапалық ой жатыр. Осының бәрін тұжырымдай келгенде туған жердің топырағы сені жіпсіз байлап,өзіне әлде бір тартылыс күші арқылы тартып тұратынын аңғарасыз.Оны әсіресе,өсіп-өнген өлкеңнен жырақ кетіп,жерді аңсап, елді сағынғанда анық сезінесің.Өйткені онда сенің балалық шағың өтті, ауасын жұттың,топырағында аунадың.Сонда өсіп,кіндігің туған жермен байланды.Рухани жетіліп тұлғалық келбетің айшықталды.Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жан-жақты баяндайды. «Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен,бауырында еңбекпен,қаз басқан қасиетті мекені,талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі.Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайд Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған,есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп толғанады.
«Өнер деген өлке бар» демекші рухани жаңғыру аясында әрбір ауылдағы танымал тұлғалардың өмір жолы мен еңбектерін жетістіктерін көрсету іске асырылуда. Әр адам өз шама-шарқынша еңбек етіп,елінің өсіп-өркендеуіне өзінше үлес қосады десекте,елдік мүдде жолындағы ерен еңбегімен еленгендердің орны бір бөлек. «Ер елден шығады» емес пе? Демек,ол адамдарды қазақтың қай ауылына барсаңыз да кездестіре аласыз.Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасы арқылы осындай асыл азаматтарды ұмытпау,олардың өмір жолдарын ұлықтау жайын сөз етіп, өткеніміз бен өшкенімізді қайта жаңғыртуға шақырған еді.Содан бергі кезеңде ел-елде,жер-жерде еліне елеулі азаматтармен кездесулер өтіп, көненің көзін тірілтіп, жаңғыртып,болашақ ұрпаққа бағдар боларлық дүниелер жасалып жатыр.
Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түсуде.Ал,ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс.Себебі,өз тарихын терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі.
Ұлы Жібек Жолының бойында жатқан ежелгі Қүлан өңірі тума талант ақын жазушылар мен сазгерлерден,құлақ құрышын қандырар жыршылар мен термешілерден,даусы жеті қырдан асатын күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілерден әсте кенде болған емес.
Құлан өңірі-өнер дарыған қасиетті мекен.Олай болатын себебі:ауылдан шыққан ақын,термеші,сазгерлер көп-ақ.Жергілікті жердегі тұлғалар өз ауылының тарихын, табиғатын, қоршаған өсімдіктерді,өз сезімдерін әнмен өрнектеген.Өмірлері өнегеге толы ақындардың ғибратты сөздері кім-кімді де ынталандырады.Киелі Құлан өңірінде тайдай тулаған балалығымен ерекшеленген мекенде термені термелеткендер, таңды таңға ұрып, жырды жатқа айтқан жыраулар қаншама.Тұрар Рысқұлов ауданы талай өнерлі мен білімділердің алтын ұясы болып саналады.Әсем әнімен елге танылған Гүлмира Ақүрпекова, Досымжан Таңатаров, Тахмина Ашимбекова, Гүлнұр Өмірбаева, термеші Бейбіт Шошабаев, сазгерНұрлан Байкөзөв, Мэлс Өзбеков, Жаңбыршы Үсейінов, Дүйсеналы Бықыбаев сынды өнер иелері де осы өңірдің түлегі. Құлан жерінен түлеген Өзбек Ақжолұлы, Совет Әлімқұлов, Қазыбай Бижанов, Шырын Мамасерікова, Кәріпжан Нүсіп, Қуандық Шолақ, Мәдина Сәбденбекова, Төребек және Жорабек Әбдікерімовтер, сынды ақындар шоғыры Құлан мәдениетінің көш басында тұрғандығы даусыз.
Сазгер Мэлс Өзбековтің үш әніне арқау болған «Шал тауы» мен «Көгершін тау» және «Көкдөнен» даласы туралы трилогия-аңыздар бар.
Қорағаты ауылы ауданымыздағы шалғай ауылдың қатарына қосылғанымен, мұнда талай атақты адамдар дүние есігін ашқан.Мысалға алатын болсақ,Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының беделді актері,елімізге танымал тележүргізуші Азамат Сатыбалды, сондай-ақ, телекөрермендерге есімі жақсы таныс дубляждың хас шебері Абай Досжан секілді талант иелерінің туған жері болып есептеледі. Астана қаласында «СпецСтройГрупп КZ» компаниясының президенті қызметін атқаратын Марат Досмайловта осы өңірдің тумасы екенін мақтанышпен айта аламыз.
Ел аузында жүрген шежірелерді қайта жаңғыртып, жұрттың санасында мәңгі жәдігер етіп қалдырған жерлесіміз Сейсен Қожеке болса, туған жердің тасы мен суын, табиғатын өлеңмен өрнектеген ақын Қуандық Шолақов болды. Ал,жасы тоқсаннан асқан балалар ақыны педагог-ғалым ағамыз Әбдібай Табылдиев ұстаздарымыздың қолына әр баланың жүрегіне жол табатын тәрбиенің кілтін ұстатты.
Кешегі өмірден өтіп кеткен Қамзақ Төлендиев, Смайл Ырғалбековтей ағаштан түйін түйген шеберлердің қолөнеріне қосқан үлесін қалай жоққа шығаруға болады.Осылардың басы-қасында белгілі мүсінші Қырғызбай Қаңтарбаев қария тұр.Ағаштан түйін түйген шеберлер Ғазиз Күмісбаев пен Азат Өзенбаевтың өнер мектептеріөз алдына бір төбе.Бүгінде Құландық жас өрендер атадан балаға мирас болып келе жатқан киіз үйдің жабдықтарынан бастап, қамшы өруге дейінгі халық өнерін әспеттеп аспанға көтеріп, ұшаққа шығарып келеді. Аудандық мұражайдағы әдеби мәдени құндылықтар мен жәдігерлерді толықтыруға үлес қосып келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы басшылыққа алынып қазіргі кезде колледжде «Әдеби өлкетану» арнайы оқу курсын оқытып жүрміз.
«Әдеби өлкетану» арнайы оқу курсын оқыту арқылы оқушыларға мәдени және әдеби мұралар мен өңір мақтанышына арналған тұлғалар туралы, өскен өңірі туралы білімдерін кеңейтіп отырамыз. Аудандық өлкетану мұражайына апарып, ондағы ескі мәдени,әдеби құндылықтар мен жәдігерлермен таныстырдық.«Сырлы өлеңнің сұлтаны» атты жерлес ақын Бейбіт Шошабаевпен кездесу кешін өткіздік. «Есімдері ел есінде» Т.Рысқұлов, Б.Момышұлы қоғам қайраткерлерінің әдеби мұралары тақырыбына эссе жаздырдық.Кәріпжан Нүсіп өлеңдерін көпке таныту мақсатында мәнерлеп оқу байқауын өткіздік.Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Рухани жаңғырумен жарқын болашаққа», «Туған жерге тағзым» тақырыптары асында дөңгелек үстел өткізілді.
Ұлттық жаңғыру- туған жерден бастау алады. Киелі өңірдің болашағы кемел. Құлан топырағында туып, аты аңызға айналған саңлақтар аз емес.Жас ұрпаққа әдеби, мәдени, рухани тәрбие беруде рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып,жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында Елбасы айтқан сенімнен шығып,еліміздің өсуіне жұдырықтай жұмылып еңбек етеміз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы
13 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.
Тараз Жамбыл облысының энциклопедиясы. - «Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы», Алматы,2003
Құлан - киелі бесік энциклопедиясы. - «Алуа» ЖШС-нің баспасы. Алматы, 2008
Ержанұлы М. туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. - «Құлан таңы» газеті № 94, 24 қазан 2017 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген