Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әндері мен өлеңдерін, оның музыкалық мұрасын насихаттау.
Кештің тақырыбы: «Ұлттық мұра –Абай әндері:Рухани қазына»
![]()
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Мектебіміздің музыка пәні мұғалімдері Айбекова Ақмарал,Шахидинова Айгүл апайларымызбен мектебіміздің көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырып отырған «Ұлттық мұра – Абай әндері: Рухани қазына» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Біз өскелең ұрпақ Абай атамызды таныту арқылы Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай атамыз әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Абай – сөздің кестесін тіккен
ғұлам,
Жүректен шыққан сырлы ән, терең ғалам.
Өмірдің мәнін іздеп, ой өрген елге,
Өнегесі қалды бізге мәңгі жырдан – дей
келе
Бүгінгі кешімізде ақынның әндері арқылы оның терең ойларын, шексіз даналығын сезініп, ұлттық музыкалық мұрасына саяхат жасаймыз.
Абайдың әндері – тек музыка емес, ол өмірдің мәнін, адамгершілікті, махаббат пен қайғыны, үміт пен арманды жеткізетін ерекше саз. Бұл кешімізде Ұлы ақынның әндері мен өлеңдерін тыңдай отырып, оның ұлылығын тағы да тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз.
Абай Құнанбайұлы (1845–1904) — қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушы және композиторы. Ол Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Абай қазақ әдебиетінің классигі және қазақ халқының рухани жаңғыруына үлкен үлес қосқан тұлға болып саналады.
Абайдың шығармашылығы терең философиялық мазмұнға ие. Ол өз өлеңдерінде адамгершілік, білім, еңбек, әділеттілік сияқты құндылықтарды насихаттап, қоғамның кемшіліктерін сынға алды. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы қазақтың әндеріне, музыкалық мұрасына да үлес қосып, бірнеше ән жазды.
Ән: «Айттым сәлем Қаламқас» орындайтын 11 сынып оқушысы Түркмен Аяжан
Жүргізуші: (Ән аяқталған соң)
Бұл ән – Абайдың махаббат пен сағынышты ерекше нәзік әрі терең сезіммен жеткізген лирикалық шығармасы. Әнде адамның ішкі әлемі, сүйгеніне деген сағыныш пен күйзеліс көрініс тапқан.
Жүргізуші:
Абайдың лирикалық шығармаларының бірі. Әннің сөздері мен әуені адам жүрегіне терең әсер ететін әндерінің бірі «Көзімнің қарасы» әні.Орындайтындар 10 сынып оқушылары Орынбасар Бексұлу мен Байтұрсын Ақбота.
Жүргізуші:
Абай атамыздың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, адам өмірінің қиыншылықтарын, оның моральдық, рухани құндылықтарын ойластыру арқылы туындаған шығармасы «Сегіз аяқ» әні. Әнде сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік мәселелерін, халықтың тыныс-тіршілігін және адамзаттық құндылықтарды терең түсінгендігін көрсетеді.
Ән: «Сегіз аяқ» орындайтын 7 сынып оқушысы Жақсыбай Інжу
Жүргізуші:
Қазіргі таңда бұл ән халық арасында көп танымал болып, көпшіліктің жүрегінен орын алып келе жатқан Абай атамыздың әндерінің бірі «Мен бір жұмбақ адаммын» әні. Бұл ән Абай атамыздың ғана емес, жалпы қазақ музыкалық мәдениетінің байлығын, тереңдігін көрсетеді. Әннің сөздері мен әуені, оның ерекше мәні мен мазмұны адамдарға терең ой салып, әнді тыңдаған әрбір жанға өз өмірін, қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынастарды қайта ойлауға мүмкіндік береді.
Ән: «Мен бір жұмбақ адаммын» орындайтын 9 сынып оқушысы Дүйсенбек Балауса
Келесі кезекті Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берсек. Мәнерлеп оқу
Жүргізуші:
Адамның терең философиялық ойлары мен адамгершілік құндылықтары мен адамның рухани болмысын,адамгершілікке жән моральдік қасиеттерге үлкен мән беріп, осы құндылықтарды дәріптейтін ақын шығармаларының бірі « Әсемпаз болма әрнеге» әні. Ақын бұл әнінде адамның ішкі рухани байлығы мен адамның өзін-өзі тану маңыздылығын алға тартады. Мәтінде «әрнеге» деген сөзбен әртүрлі жағымпаздық пен сән-салтанатқа қызығушылық білдіретін адамдарға қарсы көзқарас байқалады. Ақын адамның сыртқы келбетімен емес, оның ішкі болмысымен бағалануы керектігін айтқысы келеді.
Ән: Әсемпаз болма әрнеге» орындайтын 6 сынып оқушысы Талғат Ақнұр
Жүргізуші: Абай Құнанбайұлының танымал әндерінің бірі «Бойы бұлғаң» әні – адамның ішкі сезімдері мен қоғамдағы мінез-құлықтарын терең ой елегінен өткізе отырып, адамның өзін-өзі тануындағы ұғымдарды суреттейді. Әнде Абай адамның бойына тән қасиеттерді, оның жаратылысы мен сыртқы көрінісінің маңызды екендігін айтып, осы арқылы сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың арасындағы байланысты көрсетеді.
Ән: «Бойы бұлғаң» орындайтындар 10 сынып оқушылары Орынбасар Елдос және Әшірбек Бекжан
Жүргізуші:
Табиғаттың сұлулығы мен тыныштығын бейнелейтін туындыларының бірі «Желсіз түнде жарық –ай» әні. Әннің әуені мен сөзі терең философиялық мағынаға ие. Бұл ән арқылы ақын табиғаттың сұлулығы мен адамның ішкі дүниесінің үйлесімділігін жеткізген.
Хор: «Желсіз түнде жарық –ай»
-
Құрметті қонақтар, бүгін біз Абай Құнанбайұлының әндері мен өлеңдері арқылы оның ұлылығын тағы да бір рет еске алдық. Абайдың музыкалық мұрасы – қазақ халқының мәңгілік рухани байлығы. Оның әндері мен сөздері әрқашан жүрегімізде сақталады. Сіздерге осы кешке қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Абай Құнанбайұлының әндері мен өлеңдері әрдайым біздің жүрегімізде өмір сүре береді. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлттық мұра - Абай әндері: Рухани қазына"

шағым қалдыра аласыз