жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұлттық ойын"
«Балауса» бөбекжай балалар бақшасы МКҚК


Қостанай 2018 жыл
Құрастырған
Есенкельдина Қарлығаш Сунқарбекқызы – "Балауса бөбекжай балалар бақшасы" МКҚК тәрбиешісі
мамандық 0101000 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Пікір жазған:Есенкельдтна К.С "Балауса бөбекжай балалар бақшасы" МКҚК тәрбиешісі
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Балабақшаға арналған әдістеме, ересек топ балаларына ұлттық ойындарды рухани түрде сезіндіріп, қазақ халқының ұлттық ойындарын үйрету.
Қазақ халық ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың жағымды қарым-қатынасын дамыту барысында ұлтжандылыққа, эстетикалық тәрбиеге тәрбиелей отырып, ойынның барысын түсіндіре отырып ойнату.
Түсінік хат.
Балабақшаға арналған әдістеме, ересек топ балаларына ұлттық ойындарды рухани түрде сезіндіріп, қазақ халқының ұлттық ойындарын үйрету.
Қазақ халық ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың жағымды қарым-қатынасын дамыту барысында ұлтжандылыққа, эстетикалық тәрбиеге тәрбиелей отырып, ойынның барысын түсіндіре отырып ойнату. Ұлттық ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ маңызды әр Халық жасаған мұралар сан алуан. Ұлттық ойындар, ұлттық тәрбие ата – бабамыздан бізге келіп жеткен өткені мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Оны үйренудің, өмірде күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде алатын орны зор.
Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесі бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналуы — ел мүддесі, заман талабы. Қазақ халқы мәдени мұраларға бай халық екендігінде сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы — ұлттық ойындар. Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды
Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүние мен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Қазақ халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Мазмұны
Ұлттық ойындар.
Түсінік хат..............................................................................................3 бет
1. «Ақ сүйек» ..............................................................................................5-6 бет
2. «Тақия тастамақ».............................................................................7-8 бет
3. «Соқыр теке».............................................................................................8 бет
4. «Асық ойыны»» ..........................................................................................9-10 бет
5. «Сақина жасыру».............................................................................10 бет
6. «Арқан тарту....................................................................11 бет
7. «Көкпар» ...................................................................................12-13 бет
8. «Қыз қуу» ...........................................................................13 бет
9. «Алты бақан» ...............................................................................14 бет
10. «Тоғыз құмалақ».................................................................................15-16 бет
1 ойын: «Ақ сүйек»

Мақсаты: Бұл ойын балалардың шапшаңдық, күштілік, тапқырлық, ойлай білу қабілеттерінің жетілуіне көмектеседі.
Ойын тапсырмасы: Жасырылған затты бөлме ішінен іздеп табу.
Ойын іс әрекеті: Бөлме ішіндегі заттар мен жиһаздардың ішін және тағы да басқаларды қарап шығу, мақсаты сүйекті табу.
Ойын ережесі: Ойынды басқарушының белгісін мұқият қарап тұру, сүйекті жасырғанда сығалап қарауға болмайды. Ойын барысында күш қолдануға болмайды. Сүйекті іздегенде бір - біріне кедергі жасамау, ұсталған ойыншы сүйекті қарсыласына беруге міндетті.
Құралдар: Ойын топ бөлмесінде немесе даладағы ойнау алаңында және дене шынықтыру залында өткізіледі. Сүйек немесе ұстауға арналған ақ таяқша.
Ойын барысы
Тәрбиеші ұлттық сипаттағы ойынды балаларға таныстырады.
Тәрбиеші: Бұл ойын жаздың айлы түнінде ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Бірақ біз бұл ойынды күндіз ашық аспанда ойнайтын боламыз. Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден кепкен сүйек немесе оның орнына ұстауға ыңғайлы тегіс ақ таяқша пайдаланылады. Ойынның бірнеше нұсқасы бар. Біз бүгін солармен танысамыз. Сендер осы ойынды ойнауға дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә, біз дайынбыз.
Тәрбиеші: Дайын болсаңдар ойынды бастайық.
Тәрбиеші: Балалар менің қолымда қандай зат? (сүйекті көрсетіп)

Балалар: Ақ сүйек (ақ таяқша).
Тәрбиеші: Қазір сендер екі топқа бөлінесіңдер және мен қолымдағы ақ сүйекті бір жерге жасырамын ал, сендер сығалап қарамайсыңдар (немесе сүйек алдын ала жасырып қойылады).
Тәрбиеші балаларға іздеп табуға ыңғайлы жерге сүйекті жасырады да балаларға іздеуге белгі береді. Балалар сүйекті іздеуге кіріседі.
Тапқан топ: «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп, тапқан сүйекті тәрбиешіге апарып береді.
Ойынның тағы бір нұсқасы екі топтың ішінен бір бала таңдалып, ортаға барлық балалар теріс қарап тұрып, сүйекті бар күшімен алысқа лақтырады. Содан кейін балалар сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан бала «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгіргенше келесі ойыншыға ақ сүйекті лақтырып үлгіруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті. Осылай ақ сүйекті бір біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге жеткізген топ жеңімпаз атанып, лақтыру кезегіне ие болады.
Тәрбиеші: Балалар сендерге сүйекті іздеу қиынға соқты ма?
Балалар: Кей біреулері «жоқ» деп, кей біреулері «иә» деп жауап беріп, өз іс әрекеттерін ортаға салады.
Ұлттық ойынның балаларға деген тәрбиелік мәні зор. Сол себепті ұлттық ойындарды қазіргі заманға сай етіп, балалардың қызығушылығын арттыратындай, ойынға жаңашылдық енгізу қажет. Бұл ойында балалардың белгілі бір затты іздеп табуға, яғни алдына бір мақсат қойып іздеген затын өз еркімен таба білуге үйретеді. Және де балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, бір - бірімен қарым қатынаста болуға, жеңіске ұмтылуға талпындырады.
2 ойын «Тақия тастамақ»

Мақсаты: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.
Ойын тапсырмасы: Қарамау арқылы сезіп, дер кезінде қашып үлгіру.
Ойын іс әрекеті: Тақияның өзіңде екенін сезсе, тез орнынан тұрып кету және тақиясы бар баланы көршілері ұстап үлгіру.
Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.
Құралдар: Қазақы ұлттық бас киім (тақия), ұлттық ою өрнекті суреттер.
Ойын барысы
Тәрбиеші балаларға ұлттық ойын мазмұнымен таныстырады. Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгіснен кейін балалар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз.
Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді. Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады.
Осы ойын арқылы балалар өздеріне көптеген жақсы қасиеттерді жинайды. Бұл ойын баланы жылдамдыққа, сақтыққа, көзбен көрмей есту қабілеті арқылы сезе білуге үйретеді. Сонымен қатар көпшілік алдында өз өнерін көрсете білу қасиетін қалыптастырады.
3 ойын «Соқыр теке»

Мақсаты: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.
Ойын тапсырмасы: Қарамау арқылы сезіп, дер кезінде қашып үлгіру.
Ойын іс әрекеті: Балалар қатар – қатар тұрып, мал аты мен шақырады.
Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді.
Құралдар: маска, орамал.
Ойын барысы
Ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғарыда көрсетілгендей мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады. Ойын кең үйде, далада ойналады. «Соқыр теке» ойыны далада ойналғанда дөңгелек сызықтан шықпауы керек. Ойын басқарушы ортаға көзі таңылған «Тентек теке» шығарады. Содан кейін балалар:
-
Соқыр теке бақ-бақ
-
Бізді қайдан таппақ, деген өлеңдерді бәрі қосыла айтады. Өлең айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған соқыр теке балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойыншылардың шеңберден шығып кетпеуі қадағаланады. «Соқыр текені» ұстаған бала оның орнына тұрады. Ойын қайта басталады.
4 ойын «Асық ойыны»

Мақсаты: Бұл ойын балалардың шапшаңдық, күштілік, тапқырлық, ойлай білу қабілеттерінің жетілуіне көмектеседі.
Ойын тапсырмасы: Дәл көздеу.
Ойын іс әрекеті: Шеңбер сызып, асықтарды пирамида етіп жинау.
Ойын ережесі: Ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі. Құралдар: Асықтар.
Ойын барысы
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 - 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.
Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда
ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады.
Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не
тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.
Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден
шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады.
Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы
тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас
қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын
қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір
асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара
алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас
қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан
асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта
басталады.
5 ойын «Сақина жасыру»
Мақсаты: Бұл ойын балалардың шапшаңдық, күштілік, тапқырлық, ойлай білу қабілеттерінің жетілуіне көмектеседі.
Ойын тапсырмасы: Алақанға жасыру.
Ойын іс әрекеті: Ойыншылар дөңгелене отырады. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады.
Ойын ережесі: Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды.
Құралдар: Сақина.
Ойын барысы
Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.
6 ойын «Арқан тарту»

Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балалардың шапшаңдық, күштілік, тапқырлық, ойлай білу қабілеттерінің жетілуіне көмектеседі.
Ойын тапсырмасы: Сызылған сызықтан әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартып жеңуге тырысады.
Ойын іс әрекеті: Ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді
Ойын ережесі:Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысыды.
Құралдар: Екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан.
Ойын барысы
Ойыншылар қарама-қарсы жаққа
қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып,
екі қолтықтың астынан өткізеді.
Төрешінің белгісі
бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға
тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол
ұтқан болады.
7 ойын «Көкпар»

Мақсаты: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.
Ойын тапсырмасы:Тартыс.
Ойын іс әрекеті: Сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.
Ойын ережесі: Көкпарға таласып, тақымына қысып, топқа қарай шабу.
Құралдар: Жылқы.
Ойын барысы
Көкпар - көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі.
Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. Сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.
Тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды. Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. Ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды. Серіктері жолдастарын жебейді. Қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне береді. Ол топқа қарай ала қашады. Қарсыласы қуалайды. Жетіп ұстаса, қайта тартысады. Сөйте-сөйте көрерменге жақындайды. Осы арада көкпарды жұлып алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. Ал аты ұшқыр , жүйрік жігіттер түптегі тартыста-ақ лақ қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін. Көкпар тартуға араласа алмайтын қартттар, балалар көкпаршы жігіттердің осы ойынынан ләззат алады. Жүйрік атпен мықты жігіттің қайратына сүйсінеді. Біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайдыда, ел жапа-тармағай тартысқа кіріседі. Бұл дода деп аталады. Мұнда да мықты жігіттермен жақсы ат көзге түседі. Мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды шығарып береді. Олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді.
8 ойын «Қыз қуу»

Мақсаты: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, шапшаңдыққа үйретеді.
Ойын тапсырмасы: Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады.
Ойын іс әрекеті: Қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек.
Ойын ережесі: Жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті.
Құралдар: Жұмсақ топрақты жазық жер.
Ойын барысы
Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады.
9 ойын «Алты бақан»

Мақсаты: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа үйретеді.
Ойын тапсырмасы: Қыздар мен бозбалалар жұп-жұп болып, алма-кезек ауысып тербеледі де әуелете ән шырқайды.
Ойын іс әрекеті: Әнге қосылып, көңілді күлкі,көңіл көтеру.
Ойын ережесі: Қатысушылар санына шек қойылмайды, көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді.
Құралдар: Алты бақан, арқан, ағаш.
Ойын барысы
Алты бақан – қатысушылар санына шек қойылмайды. Алты бақан далада, алаңда, алаңқайда көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді. Алты бақанды әзірлеу және ойын шарты: тербелетін тұғыр жасау үшін ұзындығы 3,5-4 метрлік алты бақан және үш мықты арқан керек. Алты бақан әрқайсысы үш-үштен мосы тәрізді етіліп ара қашықтығы 50-70 сантиметрге жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең арқалыққа бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқ тиреуге, қалған қысқалау екеуі – отыруға бейімделеді. Әдетте қыздар мен бозбалалар жұп-жұп болып, алма-кезек ауысып тербеледі де әуелете ән шырқайды. Қалған ойыншылар өз кезектері келгенше әнге қосылып, көңілді күлкі, шат думан түннің біруағына дейін созылды.
10 ойын «Тоғыз құмалақ»

Мақсаты:Бұл ойын балалардың ойлау қабілетін, дер кезінде дұрыс есептеп тығырықтан шыға білуге үйретеді.
Ойын тапсырмасы: Ойынды бастаушы өзінің кезкелген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан бір-бірлеп ұяларға салады.
Ойын іс әрекеті: Есептеу.
Ойын ережесі:Тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады.
Құралдар: Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды.
Ойын барысы
Тоғыз құмалақ – жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар. Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (оны кіші отау деп те атайды), әрқатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады. Әр ойыншыға 81-ден екі ойыншыға 162 құмалақ (оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін) беріледі. Олар әр үяға 9-дан орналастырылады.
Тоғыз құмалақты тақтада немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды. Тіпті болмаған жағдайда ұяларды жерден қазып та ойнай береді. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін өзінің реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1-ден 4-ке дейін) және сол жақ (6-дан 9-ға дейін) қапталы бар. 5-ұя орталық ұя деп аталады. Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кезкелген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан бір-бірлеп ұяларға салады. Егер ең соңы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2,4,6,8,10т.б.) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгел алып, өз қазанына аударады. Ойының барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалса және оған серіктесі жүріс барысында өзінің ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Содан әрі қарай сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшіп отырады. Әр ойыншы өз қарсылысының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Төтенаев Б.Қазақтың халық ойындары.-Алматы, «Қайнар», 1994
2.Бадел А. Бала зейінін дамытуда қазақтың ұлтық ойындарының маңызы// бастауыш мектеп-2008.№7-8.Б.17-19
3.Қазақтың халық ойындары – Алматы «Рауан» 1991 ж.
4.Алты бақан– Алматы «Жазушы» 1988 ж.
5.Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - «Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл дамыту саясаты» Қазақстан халқына Жолдауы
6. 2015 жылға дейін білімді дамытудың Концепциясы
7.С.К.Құрманбаева «Алматы» 2004 ж. «Халық ойындардың бүгіні мен келешегі»
8.Б.К.Несіпбаев «Білім» 2003 ж. «Ұлт мәдениеті мен өнері»
9.А.С.Атабаев «Кітап» 2006 ж. «Халық ойындар- халық мұрасы»
10. Отбасы және балабақша 2007ж. №1
2

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген