Материалдар / Ұлттық ойын - ұлт қазынасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ойын - ұлт қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2024
471
9 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Тәрбие сағаты



Тақырыбы :


Ұлттық ойын – ұлт қазынасы















Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқы қашанан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, тағы басқа спорт түрері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жалғасып келеді.

Бұл жұмыстың мақсаты қазақтың ұлттық ойындарымен және оларды ойнаутәртібімен таныстыру.

Бұл сабақ негізінен М. Болғанбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» кітабынан материалдар қолданылды.

Сабақтың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер.Бұл халық арасында ең көп тараған ат спортының түрі. Жергілікті жерлерде өысқа және орташа қашықтыққа бәйге өткізіледі, сондай-ақ ол жарысқа қатысушылардың барлығы үшін жаппай өткізілетін кросс болып та табылады.

Бәйге.Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар. Өйткені аты жүйрік спортшы емес, атының шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп, жарысты дұрыс өткізген спортшының жеңіп кететін кездеріде аз болмайды.

Бәйгеде классификациялық қашықтықтар 7,12 және 16 км. Тегіс жерде қысқа және орташа қашықтыққа кедергісіз өткізілетін жарыстарға он сегіз жасқа толған және одан да асқан, жаттықтырушының басшылығымен жарысқа тиісінше даярланғанспортшылар жіберіледі . Бәйге аты бес жаста және одан да басқа болуы керек. Қашықтықтың қандай болатындығын жарысты өткізетін ұйым анықтайды, ол7 және 16 мың метр аралығында болады.

Жамбы ату

Жамбы атуға садақ тартып, мылтық ата білетін атқа тақымы мықты адамдар қатыстырылады. Пайдаланылатын қару, жарысқа қатысушылар саны және басқа шарттар жарысты ұйымдастыратын ұйым бекітетін ережеде көрсетіледі. Жарысқа қатысушының ең жасы 16-да болуға тиіс. Егер өздеріне сай қаруы болса, әйелдер ерлермен бірдей дәрежеде жарысқа қатысуға рұқсат етіледі

Күміс алу

Жарыстың мақсаты – ең жай дегенде шоқырақтап шауып келе жатқан ат үстінен бір жағына еңкейіп, жерде жатқан орамалды іліп әкету.

Жарыс өтетін орын. Бастапқы орыннан сөрегедейінгі ара қашықтық 100 метр. Бастапқы орыннан 10-15 метрдей жерде мәре сызығы болады. Сол сызықтан 50-60 метр тегіс таза ( ақшыл құм немесе ағаш үгіндісі төселген) жерде орамал жатады. Ол арадан сөреге дейінгі қашықтық 20-35 метр.

.Қазақша күрес

Қазақша күрес – көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес. Оның ережесі самбоның, еркін күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеумен қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.

Қазақша күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте шартты түрде қозғалыстар былайша бөлінеді:

  • қолдардың қозғалысы – ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тарту, тіреу, басу, т.с.с.

  • аяқтардың қозғалысы – қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру, т.с.с.

  • дененің қозғалысы – еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату, т.с.с.

Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады.

Күресушінің негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы \тіреу алаңы, жалпы ауырлық центрі\.

Қыз қуу

Жастар арасында көп тараған қазақтың ат спорты ойынының бірі – осы қыз қуу. Бұл ойын өте қызық өтеді және оған қатысушылар саны жыл сайын көбейе түсуде.

Жарысқа 16-ға толған және одан асқан қыздар мен 18-ге толған және одан асқан жігіттер жіберіледі. Олар атқа жақсы отыра алатын болуы тиіс. Жарысқа спортшылар белгіленген үлгімен жасалған өтініш толтырылғаннан кейін қатыстырылады.

Қыз қуу тегіс далада немесе ипподромда өткізіледі. Шабатын жолда бұта, шұңқыр, шоқалақ, басқа да кедергілер болмауы тиіс. Қашықтықты жарыс өткізетін ұйым белгілейді. Бірақ ол 1000 метрден аспайды.


Аламан бәйгеге жаттықтырушы жеткілікті дәрежеде даярлықтан өткен спортшыларға ғана қатысуға рұқсат етіледі. Жарысқа әбден жаратылған төзімді аттар таңдалып алынады. Бәйге – қазақ халқының арасында ең көп тараған атспортының түрі. Жергілікті жерлерде қысқа және орташа қашықтыққабәйге өткізіледі. Сондай-ақ ол жарысқа қатысушылардың барлығы үшін жаппай кросс болып табылады. Күміс алу, бұл жарыстың мақсаты – шоқырақтап шауып келе жатқанда ат үстінен бір жағына еңкейіп, жерде жатқан күмісті іліп әкету. Қазақша күрес – көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және клкссикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.



















Анықтама

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқы қашанан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, тағы басқа спорт түрері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жалғасып келеді.

Бұл жұмыстың мақсаты қазақтың ұлттық ойындарымен және оларды ойнаутәртібімен таныстыру.

Бұл сабақ негізінен М. Болғанбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» кітабынан материалдар қолданылды.

Сабақтың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер.Бұл халық арасында ең көп тараған ат спортының түрі. Жергілікті жерлерде өысқа және орташа қашықтыққа бәйге өткізіледі, сондай-ақ ол жарысқа қатысушылардың барлығы үшін жаппай өткізілетін кросс болып та табылады.

Оқушыларға ұлттық ойындар туралы жалпы мағлұмат берілді.Оқушылар өздері білетін ойындарды атап шықты.Ұлттық ойындардың маңыздылығын айтты.Сабаққа юелсене атсалысты.




























5



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!