жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлттық ойын - ұрпаққа өнеге
Иманкалиева Сагила және Абдыкадырова М.З.
Нұр-Сұлтан қаласы
№83 мектеп –гимназисының бастауыш сынып мұғалімі Иманкалиева Сагила.
№53 мектеп –лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Абдыкадырова М.З.
Телефон:87787377643; 87087174059; 87474469759.
Мақаланың аты: «Ұлттық ойындар –ұрпаққа өнеге»әдістемелік құрал.
Қатысу түрі: (жарияланым)
Жаңа ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған тəуелсіз Қазақстан Республикасының əрбір білім беру саласындағы жас буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, оқытып, логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда бастауыш сынып мұғалімдерінің рөлі зор. Осы орайда, бастауыш сынып мұғалімдері Иманкалиева Сагила, Абдыкадырова М.З. «Ұлттық ойындар –ұрпаққа өнеге» атты әдістемелік құралын жаздық.
Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы. Баланы зеректікке, ептілікке және икемділікке тәрбиелейді. Дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Батылдыққа, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға ұлттық ойындардың орны ерекше. Бала тәрбиесінің басты құралы ретінде қазақтың ұлттық ойындарын қолдану, баланың нағыз азамат болып қалыптасуына керемет жол ашады. Осындай бала тәрбиесіне пайдасы зор болғандықтан бұл еңбегіміз қазіргі заман талабына сай мектептерде өтілетін дене шынықтыру сабақтарына, сонымен қатар үзіліс кезінде бос уақыттарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал болып табылады. Балаларды ойната отырып, қозғалмалы ойындарды үйрету арқылы ұлттық рухын кеңейтіп, патриотизмге тәрбиелеуді көздедік.
Ұлттық ойындар –
ұрпаққа өнеге
Бастауыш білім жүйесі бойынша жасалған
әдістемелік құрал
Орындағандар: Иманкалиева Сагила
Абдыкадырова М.З.
Нұр-Сұлтан қаласы
Иманкалиева Сагила
Туған жылы, айы, күні: 20.02.1956
Бітірген оқу орны: Қызылорда қаласы,
М.Маметова атындағы педагогикалық училище.
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Жалпы еңбек стажы: 40 жыл
Педагогикалық стаж: 40 жыл
Санаты: Зерттеуші
Дәрежесі,марапаты: аға оқытушы
Сынып жетекшісінің мұраты:
Оқушылардың ақыл-ойын кеңейтіп, бойындағы
шығармашылық қабілетін дамытуда
жаңа оқыту технологияларын пайдалану.
.
Абдыкадырова М.З.
Туған жылы, айы, күні: 26.08.1961
Бітірген оқу орны:
Целиноград педагогикалық училищесі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Туған жылы, айы, күні: 26.08.1961
Бітірген оқу орны:
Целиноград педагогикалық училищесі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Жалпы еңбек стажы: 35 жыл
Педагогикалық стаж: 35 жыл
Санаты: Зерттеуші
Дәрежесі, марапаты:
ҚР Білім министрінің “Құрмет грамотасы”
Сынып жетекшісінің мұраты:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ____________________________________5-бет
Түсініктеме__________________________________ 6-7
Кіріспе _____________________________________ 8-бет
Негізгі бөлім. Қазақтың ұлттық ойындары ________9-16
Мұғалімге арналған сабақ жоспарлары___________17-22
Қорытынды _________________________________23-бет
Қолданылған әдебиеттер ______________________24-бет
Авторлары: Иманкалиева Сагила, Абдыкадырова Маймана Зайкенқызы
Бастауыш білім беру жүйесі бойынша жасалған әдістемелік құрал «Ұлттық ойындар–ұрпаққа өнеге» - Иманкалиева С., Абдыкадырова М.З.
Нұр-Сұлтан-2020
Пікір жазған: Л.Н. Гумилев атындағы Еураззия университетінің доценті, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Ф.Н. Жұмабекова
Ақмола облысы №5 мектебінің бастауыш сыныптар бойынша оқу-ісінің меңгеруші
Бастауыш білім беру жүйесі бойынша жасалған әдістемелік құрал «Ұлттық ойындар – ұрпаққа өнеге». Бұл әдістемелік құрал «Бастауыш білім беру жүйесі» бойынша бастауыш сыныптарда «Ұлттық ойын» сабағын өткізуге арналған. Бағдарламаға сай іріктеліп алынған материалдар балалардың қабуылдауына жеңіл, алған білімдерін бекіту мақсаттарында беріліп отыр. Мұндағы жұмыс түрлері баланың жеке адам ретінде қалыптасуына әсер етеді. Бұл еңбегіміз қазіргі заман талабына сай мектептерде бастауыш білім беру жүйесін дамытуды мақсат ететін электрондық әдістемелік нұсқау болып табылады. Бұл жастағы балаларды осы электрондық әдістемелік жұмысымыздағы ұлттық ойындарды пайдаланып, ұлттық рухын кеңейтіп, патриотизмге тәрбиелеу.Бұл әдістемелік құрал дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды өткізудегі пәндік бағдарламалардың негізі болып табылады.
Алғы сөз
Жаңа ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған тəуелсіз Қазақстан Республикасының əрбір білім беру саласындағы жас буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, оқытып, логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда бастауыш сынып мұғалімдерінің рөлі зор.Осы орайда, бастауыш сынып мұғалімдері Иманкалиева Сагила, Абдыкадырова М.З. «Ұлттық ойындар –ұрпаққа өнеге»атты әдістемелік құралын жаздық.
Қазақтың ұлттық ойындары- халқымыздың мәдени асыл мұрасы.Баланы зеректікке,ептілікке және икемділікке тәрбиелейді.Дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды,ширықтырып,шынықтырады.батылдыққа,тапқырлыққа,күштілікке,төзімділікке,
әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға ұлттық ойындардың орны ерекше.Бала тәрбиесінің басты құралы ретінде қазақтың ұлттық ойындарын қолдану, баланың нағыз азамат болып қалыптасуына керемет жол ашады .Осындай бала тәрбиесіне пайдасы зор болғандықтан бұл еңбегіміз қазіргі заман талабына сай мектептерде өтілетін дене шынықтыру сабақтарына, сонымен қатар үзіліс кезінде бос уақыттарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал болып табылады. Балаларды ойната отырып, қозғалмалы ойындарды үйрету арқылы ұлттық рухын кеңейтіп, патриотизмге тәрбиелеуді көздедік. Әлемнің ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманында ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің басты дәлелі болып отыр. Оқыту жүйесінде ақпараттық технологияны қолдану оқу үрдісін едәуір тиімді, сапалы ете түскені, тәрбиенің жаңа құралдарына қол жеткізгені, педагог пен шәкірт байланысы жетілгені белгілі.
Өмір сүріп отырған әлем үнемі жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік орта, онда қарым-қатынастық және ақпараттық кірігуі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгереді, жаңарып отырады, қазіргі маман ақпараттық және қарым-қатынастық технологияны пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.Осы тұста бізде өз жұмысымызды оқушылардың қазіргі заман талабына сай жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту жəне электрондық оқулықтарды пайдаланып, қоғамдық пəндерге деген қызығушылығын арттыруға арналған электронды оқулықтарды қолданудың жолын ойластырдық.
Бұл еңбегіміз қазіргі заман талабына сай мектептерде бастауыш білім беру жүйесін дамытуды мақсат ететін электрондық әдістемелік нұсқау болып табылады. Бұл жастағы балаларды осы электрондық әдістемелік жұмысымыздағы ұлттық ойындарды пайдаланып, ұлттық рухын кеңейтіп, патриотизмге тәрбиелеу.Бұл әдістемелік құрал дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды өткізудегі пәндік бағдарламалардың негізгі болып табылады. Оқушылардың дені сау, сымбатты, икемді, салауатты болып өсуіне жол ашады. Ата-бабаларымыз да ұлттық ойындарды ойнату арқылы жас ұрпақтың бойына тәрбие қалыптастырып, өсуіне зор мән берген. Бұл орайда ұлттық ойындардың дене шынықтыру пәнінде алатын орны ерекше.
Түсініктеме
Бұл еңбегіміз қазіргі заман талабына сай мектептерде бастауыш білім беру жүйесін дамытуды мақсат ететін электрондық әдістемелік нұсқау болып табылады.Бұлай деп аталу себебі әдістемені ойластырған кезде бүгінгі күннің талабына сай, баланың бойына ұлттық ойындар арқылы ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық рухты сіңірумен бірге әдепті, көргенді, қарапайым, қайырымды, тәрбиелі, байсалды болуға үйрету мақсатында жасаған еңбегімізді «Электрондық әдістемелік құрал» ретінде жазуды ойластырдық.Енді осы авторлық бағдарламамызға тоқталмақшымыз.
Бұл әдістемелік құрал «Бастауыш білім беру жүйесі» бойынша бастауыш сыныптарда бала тәрбиесіне пайдасы зор болғандықтан бұл еңбегіміз қазіргі заман талабына сай мектептерде өтілетін дене шынықтыру сабақтарына, сонымен қатар үзіліс кезінде бос уақыттарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал болып табылады.. Бағдарламаға сай іріктеліп алынған материалдар балалардың қабуылдауына жеңіл, алған білімдерін бекіту мақсаттарында беріліп отыр. Мұндағы жұмыс түрлері баланың жеке адам ретінде қалыптасуына әсер етеді.Халымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тәрбиесін бойына дарытып, ұлттық ойындарды ұмытпай өсулері үшін ұмытылып кеткен көптеген ұлттық ойындарды жинақтадық.Осы ойындардың өткізу әдістемесін жаздық.ұлттық ойындардың түрлерін топтастырып сабақта немесе үзіліс кезінде,бос уақыттарында пайдалану үшін әдістемесін қарастырдық.
Әдістемеде
1.Қауіпсіздік ережелері
2.Пәнаралық байланыс
3.Ұлттық ойынды өткізу әдістері
4. Ұлттық ойынды ойнату бағытында әдістемелік нұсқау
Спорттық ойындарда,қозғалмалы ойындарда, ұлттық ойындарда қолданылатын қауіпсіздік ережелері.
1.Жалпы қауіпсіздік талаптары.
1.1.Спорттық, қозғалмалы, ұлттық ойындар бойынша сабаққа медициналық қараудан және еңбек қорғау нұсқаулардан өткен тұлғалар қатыса алады.
1.2. Сабақ өткізу оқу сабақ кестесіне сай, демалыс және бекітілген сабақ тәртібі бойынша өтуін қадағалау керек.
1.3.Қозғалмалы және спорттық ойындар сабақ кезінде оқушыларға келесі факторлар қауіп төну мүмкін:
-ойын ережесі бұзылғанда,соқтығыстағы жарақаттар, сулы,тайғақ еденде немесе алаңда құлау кезінде
1.4. Қозғалмалы және спорттық ойындар сабақтарында спорттық киім және табаны тайғақ емес спорттық аяқ киіммен өткізілу керек.
1.5. Қозғалмалы және спорттық ойындар сабақтарында алғашқы көмек көрсету үшін танба жабдықтары мен қажетті медикаменттері бар дәрі-дәрмек қобдишасы болу керек.
1.6.Сабақтың жетекшісі мен оқушы өрт қауіпсіздік ережесін міндетті түрде қадағалау қажет, өрт сөндіргіш алғашқы құралдардың тұрған орнын білу керек.
1.7.Сабақ жетекшісі оқушымен болған әрбір кездесоқ жағдайды мектеп әкімшілігіне хабарлап, жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету қажет.
1.8.Сабақ кезінде жетекші мен оқушы спорттық киімді және спорттық аяқ киімді киюді, жеке бас тазалықты,спорттық ойын өткізу ережесін сақтау қажет.
2.ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖАСАУ.
2.1.Әдебиеттік оқу
2.2.Математика
2.3.Дүниетану
2.4.Қазақ тілі
3.ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ
3.1. Ұйымдастыру
3.2.Түсіндіру
3.3.Баяндау
3.4. Талдау
3.5.Өткізу
3.6. Бекіту
4. Мұғалімге арналған тарау.
4.1.Жаттығулар
4.2. Ұлттық ойындар
4.3. Спорттық ойындар
4.4. Пәндік ойындар
5. МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
5.1. «Үлек пен тайлақ» ойыны.
5.2. «Асық» ойыны».
5.3. «Ханталапай» ойыны
5.4. "Қарғымақ" ойыны.
5.5. "Әуетаяқ" ойыны.
5.6. «Соқыр теке» ойыны.
5.7. «Түйілген орамал» ойыны.
5.8. «Айдаһар»ойыны
5.9. «Қояндар» ойыны
6.0. «Орамал тастамақ» ойыны
6.1. «Допты теуіп шығар» ойыны
6.2. «Атқаума» ойыны
6.3. «Ұшты-ұшты» ойыны
Мақсаты:
Баланың бойына ұлттық ойындар арқылы ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық рухты сіңіру.
Міндеті:
1.Ойынның ретін таңдау.
2. Өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, тиімді жасауға үйрету.
3. Ойындар туралы түсінік беріп, олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды білу.
4. Әдепті, көргенді, қарапайым, қайырымды, тәрбиелі, байсалды болуға үйрету.
Кіріспе
Ұлттық ойындар халқымыздың тамырын тереңге жайған дәстүрінен, тіршілік ерешелігінен нәр алып, өзіндік сипатымен ел көңілінен шыққан рухани қазыналардың бірі. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы біз ұзақ өмір сүруге әзірленеміз. Сондықтан ұлттық ойындарды тәрбие құралы деп қарауға болады. Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық, өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады
Халықтың ұлттық ойындары тіршілік қажетінен туады да, психологикалық жағынан денсаулық сақтау, тірлік элементі ретінде өркенін жаяды.
Мектеп жасындағы балалардың көңілді демалуына, шынығып, бұла болып өсуіне көмек етеді.
Мұндағы көптеген ойындар балалар денесін шынықтырып, икемдігін, сергектігін, күш-қабілетін толықтырады.
Ұлттық ойындар қызықты да, күрделі болып келеді. Бұл ойындар оқушылардың қимыл-қозғалыстарын жақсартып, жарысқа ынталандыра түседі. Спорт түрлеріне қатысты кейбір элементтерді жете меңгереді.
Мынадай педагогикалық міндеттерге сәйкес болуы керек:
- жаттығуды орындау әдіс-тәсілдерін шыңдау;
- қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіру;
- спорттық бәсекеге үйреніп, батыл, қайсар қимылдап, алдына қойған мақсатына жету үшін, күш-қайратын аямай жұмсау;
- спорт түріне қызығушылығын арттырады;
- дене мүшелерінің жақсы меңгеруіне жағдай жасайды;
- жан-жақты дамуы жоғарғы деңгейде болады;
- халқына адал еңбек етуге, салауатты өмір сүруге жасынан үйренеді.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ұлттық ойын сабағында ойынды бастамай тұрып, жүгіру, қимыл-қозғалыстар жасау, доппен жаттығу, секіру, бұлшық еттерін жаттықтыру, жан-жақты дамытатын жаттығулар, музыка ырғағына сай би қимылдарын орындау, кеңістікті бағдарлау, допты лақтырып және қағып алу жаттығуларын дайындық кезеңінде меңгереді.
Ұлттық ойындар. Асық ойыны – балалардың дене қимылының жітілігін, ептілігін, оңтайлығын, арттыруға, көз мергендігі мен қол икемдігінің дамуына көп септігін тигізеді. Күрес ойыны – адам денесін ширатып, бұлшық еттерін қатайтып, төзімділікке батылдылыққа, ептілікке, тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Мысалы, “Бес тас” ойыны қолдың буындарын, бұлшық еттерін, саусақтың икемдігін жаттықтырып, жазу каллиграфиясына пайдасын тигізеді.
Спорттық ойындар. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі қимыл-қозғалыстарды: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, кедергіден өту, қарсы шығу, тепе-теңдік сақтау әрекеттерін бекітеді. Оқушылардың танымдық зейінін қабылдауын, жылдамдығын, күш-қуатын, төзімділігін, иекемділігін қалыптастырады. Жолдастыққа, достыққа тәрбиелейді.
Пәндік ойындар математика, қазақ тілі, еңбек пәндерінде қолда-нылып, сабақты қызыға тыңдауға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға, қиялын, тілін және рухани сезімін дамытуға әсер етеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Ұлттық ойын-көңіл көтеру,жұрттың өзін қуантып,көңілін шаттандыру ғана емес,ойынның .өзінше бір мағаналары болған.
М,О.ӘУЕЗОВ
Ойынға бір жақты көқарас қате.Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалануға әкеп соғады,көп ретте, мұғалімдер ойынның негізгі мәні-балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады.
А.С.МАКАРЕНКО
«Біз тек қана арнаулы мектеп ғимаратындағы ойынды ғана емес,одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеп қолдана білуіміз керек»
С:Т:ЩАЦКИЙ
Осындай
ұлағатты сөздерді ойлана отырып, ойынсыз
толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды.Қазақтың ұлттық ойындары бес
түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты,
малға байланысты, түрлі заттармен
ойналатын, зеректікті, ептілікті және
икемділікті қажет ететін,соңғы кезде
қалыптасқан ойындар.
Олардың
негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл
ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан
арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның
эстетикалық әсерін арттырып, балалардың
өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып,
көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып,
еңбекке баулиды, ширықтырып,
шынықтырады.
Ғалымдардың
пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге
жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы
Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мың
жылдықта - ақ қалыптасқан. Олардың ішінде
тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары
Азия елдерінде тайпалық одақтар мен
алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады.
Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың
негізгі, шығу тегі халқымыздың көшпелі
дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен
бастау алады. Халымыздың
әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тәрбиесін
бойына дарытып, ұлттық ойындарды ұмытпай
өсулері үшін ұмытылып кеткен көптеген
ұлттық ойындарды жинақтадық.Осы
ойындардың өткізу әдістемесін
жаздық.ұлттық ойындардың түрлерін
топтастырып сабақта немесе үзіліс
кезінде,бос уақыттарында пайдалану
үшін әдістемесін қарастырдық.Балалар
ойнайтын ұлттық ойындардың көбі еленбей,
мән мағынасы дұрыс ашылмай көрсетілді.
Сондықтан, барлық ұлттық ойындар
жинақталып, әдістемелік нұсқауға,
бағдарламаға енгізілген сағаттарға
бөлініп жасалды. Әдістемелік құралда
ойындар мен жаттығулардың әрбір түрлері
жеке-жеке талданып, орналастырылды. Бұл
оқулықта ойындар мен жаттығулардың
әрбір түрлері жеке-жеке талданып
бөлінген.
4.1.Жаттығулар
Жаттығулар: Ұлттық ойын сабағында ойынды бастамай тұрып, жүгіру, қимыл-қозғалыстар жасау, доппен жаттығу, секіру, бұлшық еттерін жаттықтыру, жан-жақты дамытатын жаттығулар, музыка ырғағына сай би қимылдарын орындау, кеңістікті бағдарлау, допты лақтырып және қағып алу жаттығуларын дайындық кезеңінде меңгереді.
Сабақтың дайындық кезеңінде өткізіледі.
Қозғалыс жаттығулары
1. Музыка әуенінің ырғағына сай жүру, жүгіру;
2. Би қимылдарын жасау;
3. Бірнеше топқа жиналып, отыру, тұру.
Секіру жаттығулары
1. Қос аяқтап секіру;
2. Секіртпемен секіру;
3. Әр түрлі қимылдармен секіру;
4. Ұзындыққа, биіктікке, орнынан тұрып секіру.
Дене бұлшық еттеріне жасалатын жаттығулар
1. Мойынға жасалатын жаттығулары;
2. Қол-аяққа жасалатын жаттығулар;
3. Сапта келе жатқанда орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Доппен жасалатын жаттығулар
1. Доппен қимылдар жасауға арналған жаттығулар;
2. Допты нысанаға көздеп лақтыру, алысқа лақтыру;
3. Допты қағып алу жаттығулары
4. Баскетбол, волейбол ойындарының жаттығулары
Гимнастикалық жаттығулар
1. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығу жаттығулары;
2. Созылу, жиырылу жаттығулары;
3. Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары.
4.2.Ұлттық ойындар:
Ұлттық ойындар. Асық ойыны – балалардың дене қимылының жітілігін, ептілігін, оңтайлығын, арттыруға, көз мергендігі мен қол икемдігінің дамуына көп септігін тигізеді. Күрес ойыны – адам денесін ширатып, бұлшық еттерін қатайтып, төзімділікке батылдылыққа, ептілікке, тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Мысалы, “Бес тас” ойыны қолдың буындарын, бұлшық еттерін, саусақтың икемдігін жаттықтырып, жазу каллиграфиясы-на пайдасын тигізеді.
Балалардың қызыға ойнайтын ойындарының бірі – «Үлек пен тайлақ».
Мұны
жыл тәулігінің барлық уақытында ойнайды,
бірақ ойын жүргізетін бөлме мүмкіндігінше
кең болуға тиіс. Балалар қол ұстасып,
дөңгелене тұрады. Олардың бірі қоршаудың
ішінде «тайлақ» болып тұрады да, екінші
қоршаудың сыртында «үлек» ролін атқарады.
Балалар
өздерінің арасынан «үлекті» де, «тайлақты»
да сайлап алады. «Үлек» «тайлақты»
шайнап тастамақ болып, қоршауды бұза
ұмтылады, бұл кезде «тайлақ» сып етіп
қоршаудан шығады, «тайлақ»
қоршауға
қайтып
кіреді.
Ақыры «үлек» «тайлақты» ұстап, таламақ
болғанда, балалар: «Шөк,шөк!» – деп
«үлекті» шөгеріп, «тайлақты» одан айырып
алады.
Қозғалмалы
ойын
«Асық» ойыны».
Асықпен ойналатын ойындар баланы
жан-жақты дамытады. ептілікке, мергендікке,
икемділікке баулиды,қимылдарын
қалыптастырады. 3-4 баладан шығып, иіру
әдістерін көрсетеді.
«ХАНТАЛАПАЙ»
«Ханталапай» ойынының қазақ халқының өміріндегі талау (өлген ханның немесе жеңілген жаудың дүние-мүлкін талау) құбылысы-мен тарихи байланысы бар деген болжам кездеседі. Бұл ойынды тек ұл балалар ғана емес, бозбалалар мен бойжеткен қыздар да ойнай-ды. Ойнаушылардың құрамы екіден (жекелеп ойнау) 4-6 адамға (2-3 адамнан екі топ) дейін болады. Асық санын келісіп алады, бірақ асық неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді.
Ойнаушылар алқа-қотан отырысады. Жеребе бойынша, бірінші болған адам ойынға қатысушылар алдына барлық асығын жайып тө-геді. Асықтардың бірі айшықталып боялған болады. Бұл – «хан». Егер ойында хан тәйке түссе, ойыншылардың бәрі «ханды» жабыла тонай бастайды. Мүмкіндігінше, әр ойыншы көбірек асық алуға тырысады. «Ханды» тонағаннан кейін, асықтарды (жаңа тобын) басқа ойыншы (топ) шашады. Сөйтіп, «хан» тәйке тұрмай, алшы не бүге, шіге, болмаса оңқа тұрса – ойыншылар кезектесіп, асықтарды шертіп атады. (тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен, т.б.).Мұнда «ханды» үш асық атып алғаннан кейін ғана барып атуға болады, ал егер бұдан кейін хан «ханды» атуға әлі мүмкіндік болмаса, бола қоймаса (ол басқаша тұрған асықтардың қоршауында қалып қойса), «ханға» қарай баратын жолды ату мақсатын көздей, тағы да 2 асық атуға рұқсат етіледі, яғни «ханды» атуға кедергі болып тұрған асықтарды атып алу керек.
Асықтың бәрі (3 немесе 5) ататын немесе шертетін қолда болады, әрі бұларды ханды алғаннан кейін ғана басқа бос қолға ауыстыруға болады.Ататын жебе емес атылатын асықтарды ғана алып отырады. «Ханмен» атпайды, керісінше тек оны атады. Кім асықты көп ұтса, сол ұтқан болып саналады. Асық саны тең болса, «хан» кімнің қолында болса, соған артықшылық беріледі.Жаңа ойын басталғанда жеңілген адам өзі ұтқан асықтарын түгелдей ойынға салады, ал жеңген адам да соншама асық салып, ұтқан асықтарын өз қолында қор етіп ұстайды. «Ханмен» бірге бір артық асық – «ханның досын» қояды.
"ҚАРҒЫМАҚ" ойыны.
Бұл – қазақтың ескіден келе жатқан ұлттық ойыны. Оны жылқышылар мен бие саууышылар желі басында ойнайтын болған. Ойынның мәні, мақсаты осы күнгі биікке секіру, алысқа секіру сияқты ойындармен шендеседі.
1.Биіктік мөлшерін дәлдеп алып, керіп ұстаған жіппен жүгіріп келіп қарғып, ар жағына барып түседі.
2. Белгілі биіктік мөлшерде керіліп қойылған жіптен,қолына ұстаған сырыққа сүйене, оның бір басын жерге тіреп, бүкіл денесін өз күші екпінімен жоғары серпіле қарғиды.
3. Осындай әдістердің бірімен ара алыстығы өлшеніп,белгі жасап қойған жазықтан секіреді.
Қарғымақ ойналатын алаң не ұсақ құм, не ағаш ұнтағы төселген, жұмсақ болуы шарт. Кім биік және алысқа секірсе, жүлдені солалады.
"ӘУЕТАЯҚ" ойыны.
Ойынның ережесі: Бұл ойын далада, ашық алаңда, ауыл сыртында ойналады. Балалар ойынға 70 – 80 см таяқтарын ала келеді. Олар араларынан бір ойын бастаушы сайлап, өзара екі топқа бөлінеді. Әр топтпағы балалар кезектесіп, біреуі таяғын әуелете лақтырса, екіншісі ұшып бара жатқан таяққа, өз таяғын лақтырып тигізуі шарт. Таяққа таяғын тигізе алған ойыншы ұпай алады. Қай топ көп ұпай алса, сол жеңген боп саналады.
Сондай-ақ, бұл ойынды жеке-жеке де ойнауға болады. Әдетте, ұтылған бала өлең айтып құтылады.
«СОҚЫР ТЕКЕ» ойыны.
Ойынның ережесі: Бір қыздың не бір жігіттің көзін байлап,қолына бір метрдей жас шыбық беріп ортаға шығады.Ол:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ,
Қайда кеттің,қалқажан,
Жетектейін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп,- деп
шыбығын өзі болжаған тықыр,дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала тұрған ойнаушылар қашып жүріп:
Соқыр,соқыр,соқырақ,
Оң көзіңе топырақ,
Топыраын алайын,
Тотияйын салайын,
Соған бір ем табайын,- деп
келіп,"соқыр текеге" тиіп қашып жүреді.Осылай ойнап жүргенде "соқыр текенің"қолына түскен ойнаушы ұтылады да,екеуі орын ауыстырады.
«Түйілген орамал» ойыны.
Алдымен кез келген орамалды түйіп-түйіп доп тәріздес етіп алады. Бір бала ортада тұрады, қалғандары оны қоршап тұрады. Сыртта тұрған біреуінің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды қалғандарынан алып қоюға әрекеттенеді. Ал, сендер бір-біріңе лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысулары керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады. (4-сурет)
«Айдаһар»ойыны
Сыныптағы
оқушылар бойларына қарай
8 – 10-нан бірнеше топқа бөлінеді. Олар ара қашықтықтарын 6 – 8 метрден қалдырып, алаңның бұрыш-бұрыштарында тізбек құрып, алдыңғы тұрған баланың белінен қапсыра құшақтап тұрады. Әр тізбек – бір «Айдаһар».
Ойын бастаушының берген белгісінен кейін «Айдаһардың» басы болып бірінші тұрған ойыншы тізбектен бөлініп кетпей, оңға-солға тез бұрылып, артындағы тізбекті күшпен сүйрей жеріп, қолын алға соза «құйрығын», яғни соңғы тұрған ойыншыны ұстап алуға тырысады.
Егер соңғы ойыншыны ұстап алса, онда ол бала екінші болып тұрады да, ойын әрі қарай жалғаса береді. Ал ойын созылып «айдаһар» «құйрығын» көпке дейін ұстай алмаса, олар орындарын ауыстырады немесе бірінші тұрған ойыншынтізбектің ең соңына тұрып, екінші тұрған бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Ойын осылай тізбектегі бар ойыншы ойын жүргізуші болғанша қайталана береді.
4.3. Спорттық ойындар
Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі қимыл-қозғалыстарды:жүру жүгіру, секіру,лақтыру, кедергіден өту, қарсы шығу, тепе-теңдік сақтау әрекеттерін бекітеді. Оқушылардың танымдық зейінін қабылдауын, жылдамдығын, күш-қуатын, төзімділігін, иекемділігін қалыптастырады. Жолдастыққа, достыққа тәрбиелейді.
«ҚОЯНДАР» ойыны
Бір топ бала жазық алаңға жиналып, бір-бірінен қашықтығы 50-60 метрдей жерде екі қоршау жасайды. Қоршауды «Орда» деп те атайды. Содан кейін бастаушы балаларды сапқа тұрғызып, есептей бастайды. Ол есептегенде кәдімгі санмен есептемей, мүлде басқаша тәртіппен, мысалы: «алдат, солдат, капитан, сен қаласың, ал мына сен топтан шығасың»,– деп есептейді. Содан кейін ол балаларды қайта санайды. Осылай санап келгенде – ең соңғы ойыншы «тазы» болады.
Есептеп болғаннан кейін «қояндардың» бәрі баяғы екі қоршауда тұрады, «тазы» олардан 3-4 метрдей жерде орналасады. «Қояндар» бірінші қоршаудан екінші қоршауға қашады, ал «тазы» оларды қуып жүріп ұстайды. «Тазы» кімді ұстаса, сол «тазы» болады да, «қояндарды» ұстауға көмектеседі. Бірақ «тазылар» «қояндарды» қоршауда тұрған жерінде, не қоршауды бойлап жүріп бара жатқанда ұстауға тиіс емес. Оларды қоршау мен қоршаудың арасында ұстауға тиіс. Ойын осылай созыла береді. Бұл ойын балаларды шапшаң жүгіруге, икемділікке үйретеді.
«ОРАМАЛ ТАСТАМАҚ» ойыны
Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топ өзара 5-6 метрдей қашықтықта болуға тиіс. Бір топтың ойнаушысының бірі орамалды алып, қарсы тұрған топқа барып, оны айнала жүгірген қалпымен бірінің аяғының астына байқатпай тастай салады да өз орнына қайта қашады. Бұл мезгілде, артына орамал түскен адам орамалды жерден ала сала, оны тастап кеткен адамды қуып жетіп, ұстауға тырысады. Егер орамал тастап қашқан адам ұстатпай, өз орнына барып тұра қалса, қуған адам соның тобына келіп қосылады. Егер орамал тастаушыны тобына жеткізбей ұстап қалса, онда ол қуушы адамның тобында қалады. Осылай бір топтың ойыншылары екінші топтың барлық ойыншыларын ұстап алып ұтып шығады да, ойын қайта басталады.
«ДОПТЫ ТЕУІП ШЫҒАР» ойыны
Ойынның мазмұны: Спорт алаңында диаметрі 3-4 см болатын 3-4 шеңбер сызылады. әрбір шеңбердің ортасында 1 оқушы тұрып, қасында жатқан допты күзетеді. Мұғалімнің белгі беруі бойынша шеңберді айнала тұрған балалар ортада жатқан допты шеңберден шығаруға тырысады. Кімде-кім теуіп шығарса, сол бала күзетші болып, ойын ары қарай жалғасады.
«АТ ҚАУМА» ойыны
Ойын ережесі:Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегін мықтап ұстайды,екінші бала да солай істейді. Айқасқан төрт қолдың басынан" орындық" жасайды да,үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады.
Ат қаума,ат қаума,
Арқар атқан қай тауда?-, деп,
оны көтеріп алып жүреді де,бір жұмсақтау жер кездескенде:
Ат қаума,ат қаума,
Арқар атқан ақ тау ма?
Көк тау ма?
Көк тау болса,
Көп тау ма?
Ал,тастадық бұл тауға-,деп,қол үстінде отырған баланы жерге тастап жібереді.Бала жығылмай ептілікпен тез түсуі керек.Жығылып қалса ұпай тартады.
4.4.
Пәндік ойындар.
Пәндік ойындар математика, қазақ тілі, еңбек пәндерінде қолданылып, сабақты қызыға тыңдауға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға, қиялын, тілін және рухани сезімін дамытуға әсер етеді.
«ҰШТЫ – ҰШТЫ» ойыны
Бұл ойынды барлық жерде ойнауға өте ыңғайлы.Сергіту сәттерінде пайдалануға тиімді.Ойын ережесі : Ұша алатын затты атап, "ұшты"деп қол көтергенде,бәрі де тез қолдарын көтеріп, алақандарын жазып, "ұшты - ұшты“ деп қалықтап тұруы керек. Ұша алмайтын затты атағанда "ұшып кеткен“ оқушы "айып“ тартады.
«Теңге ілу» ойыны
«Теңге
ілу»-
ептілікті,атқа жақсы отыруды керек
ететін ұлттық ойын.Сабаққа пайдалануға
да өте ыңғайлы ойын түрі.Денешынықтыру
сабағында ойнау кезінде өте қызықты.
Келін түсіру,қыз ұзату салтанатында қалындық орамалға түйіп өзінің күміс шолпасын,әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу»деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпестен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек.Сонда ол беташар айтуға ерік алады.Бұл ойынды әр сабаққа келтіріп ойын түрінде сабақты өткізуге болады.
5.Ұлттық ойынды ойнату бағытында әдістемелік нұсқау
Қазақтың ұлттық ойындары- халқымыздың мәдени асыл мұрасы.Баланы зеректікке,ептілікке және икемділікке тәрбиелейді.Дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды,ширықтырып,шынықтырады.батылдыққа,тапқырлыққа,күштілікке,төзімділікке,
әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға ұлттық ойындардың орны ерекше.Бала тәрбиесінің басты құралы ретінде қазақтың ұлттық ойындарын қолдану, баланың нағыз азамат болып қалыптасуына керемет жол ашады .Осындай бала тәрбиесіне пайдасы зор болғандықтан бұл еңбегіміз қазіргі заман талабына сай мектептерде өтілетін дене шынықтыру сабақтарына, сонымен қатар үзіліс кезінде бос уақыттарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал болып табылады. Балаларды ойната отырып, қозғалмалы ойындарды үйрету арқылы ұлттық рухын кеңейтіп, патриотизмге тәрбиелеуді көздедік.
5.1.«ҮЛЕК ПЕН ТАЙЛАҚ» ойыны
Сабақтың тақырыбы: «Үлек пен тайлақ» ойыны.
Сабақтың мақсаты:1. Ойын ережесімен таныстыру.
2. Әр түрлі қимыл жасаған кезде денесін дұрыс ұстауға дағдыландыру,
өз беттерімен қимылдар жасауға, ойнауға жағдай жасау.
3. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін
қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:жекелеме көрсету, топтық ойын.
Сабақ барысы:
І. Дайындық кезеңі
1.Оқушыларды сапқа тұрғызу
2.Қозғалыс жаттығулары
3.Секіру жаттығулары
4.Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды орындату
ІІ. Негізгі кезең: «Үлек пен тайлақ»ойыны
Балалардың қызыға ойнайтын ойындарының бірі – «Үлек пен тайлақ». Мұны жыл тәулігінің барлық уақытында ойнайды, бірақ ойын жүргізетін бөлме мүмкіндігіңше кең болуға тиіс. Балалар қол ұстасып, дөңгелене тұрады. Олардың бірі қоршаудың ішінде «тайлақ» болып тұрады да, екінші қоршаудың сыртында «үлек» ролін атқарады.
Балалар өздерінің арасынан «үлекті» де, «тайлақты» да сайлап алады. «Үлек» «тайлақты» шайнап тастамақ болып, қоршауды бұза ұмтылады, бұл кезде «тайлақ» сып етіп қоршаудан шығады, «тайлақ» қоршауға қайтып кіреді. Ақыры «үлек» «тайлақты» ұстап, таламақ болғанда, балалар: «Шөк,шөк!» – деп «үлекті» шөгеріп, «тайлақты» одан айырып алады.
ІІІ. Қорытынды: Сабаққа талдау жасау.
5.2.Сабақтың тақырыбы: «Асық» ойыны
Мақсаты: 1. Асықпен ойналатын ойындар ережесімен таныстыру
2. Жан-жақты дамытатын жаттығулар жүргізу
3. Ептілікке, мергендікке, икемділікке бала қимылдарын дамыту
Әдісі:қозғалмалы ойын
Түрі:асық ойыны
Сабақ барысы:І. Дайындық кезеңі
1. Асықпен ойналатын қандай ойындарды білесіңдер?
2. Асықты иіру әдісіне қарай жету ерекшеліктерін атаңдар
3. 3-4 баладан шығып, иіру әдістерін көрсетеді.
Негізгі бөлім: «Ханталапай» ойыны
«Хан талапай» ойынының қазақ халқының өміріндегі талау (өлген ханның немесе жеңілген жаудың дүние-мүлкін талау) құбылысы-мен тарихи байланысы бар деген болжам кездеседі. Бұл ойынды тек ұл балалар ғана емес, бозбалалар мен бойжеткен қыздар да ойнай-ды. Ойнаушылардың құрамы екіден (жекелеп ойнау) 4-6 адамға (2-3 адамнан екі топ) дейін болады. Асық санын келісіп алады, бірақ асық неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді.
Ойнаушылар алқа-қотан отырысады. Жеребе бойынша, бірінші болған адам ойынға қатысушылар алдына барлық асығын жайып тө-геді. Асықтардың бірі айшықталып боялған болады. Бұл – «хан». Егер ойында хан тәйке түссе, ойыншылардың бәрі «ханды» жабыла тонай бастайды. Мүмкіндігінше, әр ойыншы көбірек асық алуға тырысады. «Ханды» тонағаннан кейін, асықтарды (жаңа тобын) басқа ойыншы (топ) шашады. Сөйтіп, «хан» тәйке тұрмай, алшы не бүге, шіге, болмаса оңқа тұрса – ойыншылар кезектесіп, асықтарды шертіп атады. (тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен, т.б.).
Мұнда «ханды» үш асық атып алғаннан кейін ғана барып атуға болады, ал егер бұдан кейін хан «ханды» атуға әлі мүмкіндік болмаса, бола қоймаса (ол басқаша тұрған асықтардың қоршауында қалып қойса), «ханға» қарай баратын жолды ату мақсатын көздей, тағы да 2 асық атуға рұқсат етіледі, яғни «ханды» атуға кедергі болып тұрған асықтарды атып алу керек.
Асықтың бәрі (3 немесе 5) ататын немесе шертетін қолда болады, әрі бұларды ханды алғаннан кейін ғана басқа бос қолға ауысты-руға болады.
Ататын жебе емес атылатын асықтарды ғана алып отырады. «Ханмен» атпайды, керісінше тек оны атады. Кім асықты көп ұтса, сол ұтқан болып саналады. Асық саны тең болса, «хан» кімнің қолында болса, соған артықшылық беріледі.
Жаңа ойын басталғанда жеңілген адам өзі ұтқан асықтарын түгелдей ойынға салады, ал жеңген адам да соншама асық салып, ұтқан асықтарын өз қолында қор етіп ұстайды. «Ханмен» бірге бір артық асық – «ханның досын» қояды.
5.4.Сабақтың тақырыбы : "ҚАРҒЫМАҚ" ойыны.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды ойын ережесімен таныстыру.
2.Қозғалыс белсенділігін арттыру, денсаулығын нығайту, дененің шынығу деңгейін көтеру.
3.Ойын барысында әдепті, қайырымды, тәрбиелі, байсалды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:жекелей,топтық.
Өткізілетін орын:ашық алаң.
Сабақтың барысы:
І. Дайындық бөлімі.
1. Сап түзеу.
2. Секіру, тізесін сәл бүгіп, денесін жоғары серпу, бір орында тұрып, қос аяқпен секіру, бір орында тұрып артқа қарай бұрыла секіру.
І. Негізгі бөлім. «Қарғымақ»ойыны
Ойынның ережесі: Бұл – қазақтың ескіден келе жатқан ұлттық ойыны. Оны жылқышылар мен бие саууышылар желі басында ойнайтын болған. Ойынның мәні, мақсаты осы күнгі биікке секіру, алысқа секіру сияқты ойындармен шендеседі.
Ойын түрлері:
1.Биіктік мөлшерін дәлдеп алып, керіп ұстаған жіппен жүгіріп келіп қарғып, ар жағына барып түседі.
2. Белгілі биіктік мөлшерде керіліп қойылған жіптен,қолына ұстаған сырыққа сүйене, оның бір басын жерге тіреп, бүкіл денесін өз күші екпінімен жоғары серпіле қарғиды.
3. Осындай әдістердің бірімен ара алыстығы өлшеніп,белгі жасап қойған жазықтан секіреді.
Қарғымақ ойналатын алаң не ұсақ құм, не ағаш ұнтағы төселген, жұмсақ болуы шарт. Кім биік және алысқа секірсе, жүлдені солалады.
5.5.Сабақтың тақырыбы: "ӘУЕТАЯҚ" ойыны.
Сабақтың мақсаты: 1. Жаттығулар мен ойындарға керекті құралдарды жақсы пайдалана білу, балаларды бір-бірімен тату ойнауға үйрету.
Сабақтың турі: ұлттық ойын.
Сабақтың әдісі: топтық, жекелей.
Көрнекілігі:70 - 80 см таяқ.
Өтетін орны: спорт зал.
Сабақтың барысы:
І. Дайындық бөлімі.
1. Музыка әуенінің ырғағына сай жүру, жүгіру.
2. Би қимылдарын жасау.
3. Бірнеше топқа жиналып, отыру, тұру.
ІІІ. Негізгі бөлім. «Әуетаяқ» ойыны
Ойынның ережесі: Бұл ойын далада, ашық алаңда, ауыл сыртында ойналады. Балалар ойынға 70 – 80 см таяқтарын ала келеді. Олар араларынан бір ойын бастаушы сайлап, өзара екі топқа бөлінеді. Әр топтпағы балалар кезектесіп, біреуі таяғын әуелете лақтырса, екіншісі ұшып бара жатқан таяққа, өз таяғын лақтырып тигізуі шарт. Таяққа таяғын тигізе алған ойыншы ұпай алады. Қай топ көп ұпай алса, сол жеңген боп саналады.
Сондай-ақ, бұл ойынды жеке-жеке де ойнауға болады. Әдетте, ұтылған бала өлең айтып құтылады.
ІІІ. Қорытынды.
"Қуғыншы" ойыны.
Сабақты талдап, қорытынды жасау.
5.6.Сабақтың тақырыбы : «СОҚЫР ТЕКЕ»
Сабақтың мақсаты: 1.Жүгірудің әдістерін меңгертіп,ептілікке, жылдамдылыққа баулу.
2.Балалардың икемділігін арттыру.
3.Ұлттық ойындағы негізгі қимылдар жасау. Техникасын игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау,жекелей,топтық.
Өтетін орны: спорт зал.
Сабақтың барысы:
І.Дайындық бөлімі:
1.Жан – жақты дамыту.
2.Әр түрлі қимылтүрлерімен таныстырып,оларды жасу жолдарын ұйымдастыру.
3.Жүру мен жүгіру техникасын дұрыс жасату.
ІІ.Негізгі бөлім: «Соқыр теке» ойыны
Ойынның ережесі: Бір қыздың не бір жігіттің көзін байлап,қолына бір метрдей жас шыбық беріп ортаға шығады.Ол:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ,
Қайда кеттің,қалқажан,
Жетектейін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп,- деп
шыбығын өзі болжаған тықыр,дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала тұрған ойнаушылар қашып жүріп:
Соқыр,соқыр,соқырақ,
Оң көзіңе топырақ,
Топыраын алайын,
Тотияйын салайын,
Соған бір ем табайын,-деп
келіп,"соқыр текеге" тиіп қашып жүреді.Осылай ойнап жүргенде "соқыр текенің"қолына түскен ойнаушы ұтылады да,екеуі орын ауыстырады.
ІІІ.Қорытынды:
«Ботақан» ойыны ойнатылады.
2.Сабақты талдау,қорытынды жасау.
5.7.сабақтың тақырыбы: «Түйілген орамал» ойыны (лақтырып және ұстап ойнайтын ойын)
Мақсаты:1.Лақтырылған затты қағып ұстап алуға машықтандыру
2. Оқушылардың қимылын жетілдіру
3. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ойнаған кезде шапшаңдық, ептілік, төзімділік, күштілік қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекілігі: доп тәрізді түйіп-түйіп жасалған орамал
Әдісі: лақтыру, ұстап алу
Түрі: қозғалмалы ойын
Сабақтың барысы:
І. Дайындық кезеңі
1. Сапта тұрып орындайтын жаттығу
2. Секіртпемен секіруге машықтандыру
ІІ. Негізгі бөлім: «Түйілген орамал» ойыны
Ойын түрін түсіндіру.Алдымен кез келген орамалды түйіп-түйіп доп тәріздес етіп алыңдар. Бір бала ортада тұрады, қалғандары оны қоршап тұрады. Сыртта тұрған біреуінің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды қалғандарынан алып қоюға әрекеттенеді. Ал, сендер бір-біріңе лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысулары керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады
5.8.Сабақтың тақырыбы: «Айдаһар» ойыны
Мақсаты: 1. Топқа, командаға бөлінудің бірнеше түрін таныстыру
2. Өз беттерімен ұйымдасып ойнауға үйрету, бірігіп әрекеттенуге үйрету
3. «Айдаһар»ойыны арқылы тізбектеліп тұрып, бірдей қимылдауға үйрету.
4. Сыйласып, достасуға тәрбиелеу
Көрнекілігі:ойын ережесі,ойнататын алаң
Әдісі:топтық ойын
Түрі:серуен
Сабақтың барысы:
І.Дайындық кезеңі
8 – 10-нан бірнеше топқа бөліну. Әр топ бір тізбек құрады.
ІІ.Негізгі бөлім: «Айдаһар» ойыны
Сыныптағы оқушылар бойларына қарай 8 – 10-нан бірнеше топқа бөлінеді. Олар ара қашықтық-тарын 6 – 8 метрден қалдырып, алаңның бұрыш-бұрыштарында тізбек құрып, алдыңғы тұрған баланың белінен қапсыра құшақтап тұрады. Әр тізбек – бір «Айдаһар».
Ойын бастаушының берген белгісінен кейін «Айдаһардың» басы болып бірінші тұрған ойыншы тізбектен бөлініп кетпей, оңға-солға тез бұрылып, артындағы тізбекті күшпен сүйрей жеріп, қолын алға соза «құйрығын», яғни соңғы тұрған ойыншыны ұстап алуға тырысады.
Егер соңғы ойыншыны ұстап алса, онда ол бала екінші болып тұрады да, ойын әрі қарай жалғаса береді. Ал ойын созылып «айдаһар» «құйрығын» көпке дейін ұстай алмаса, олар орындарын ауыстырады немесе бірінші тұрған ойыншынтізбектің ең соңына тұрып, екінші тұрған бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Ойын осылай тізбектегі бар ойыншы ойын жүргізуші болғанша қайталана береді.
5.9.Сабақтың тақырыбы: «ҚОЯНДАР» ойыны (бұлшық етті жаттықтыру)
Мақсаты:1.Бұлшық етті дамыту, теріс қарап жүруге баулу, жүгіруге жаттықтыру
Көрнекілігі:бор мен таяқша
Әдісі: түсіндіру
Түрі: қозғалмалы, секіртпелі ойын
Сабақ барысы: І.Дайындық кезеңі
1.Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
2. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығу
ІІ.Негізгі бөлім::«Қояндар» ойыны
Бір топ бала жазық алаңға жиналып, бір-бірінен қашықтығы 50-60 метрдей жерде екі қоршау жасайды. Қоршауды «Орда» деп те атайды. Содан кейін бастаушы балаларды сапқа тұрғызып, есептей бастайды. Ол есептегенде кәдімгі санмен есептемей, мүлде басқаша тәртіппен, мысалы: «алдат, солдат, капитан, сен қаласың, ал мына сен топтан шығасың»,– деп есептейді. Содан кейін ол балаларды қайта санайды. Осылай санап келгенде – ең соңғы ойыншы «тазы» болады.
Есептеп болғаннан кейін «қояндардың» бәрі баяғы екі қоршауда тұрады, «тазы» олардан 3-4 метрдей жерде орналасады. «Қояндар» бірінші қоршаудан екінші қоршауға қашады, ал «тазы» оларды қуып жүріп ұстайды. «Тазы» кімді ұстаса, сол «тазы» болады да, «қояндарды» ұстауға көмектеседі. Бірақ «тазылар» «қояндарды» қоршауда тұрған жерінде, не қоршауды бойлап жүріп бара жатқанда ұстауға тиіс емес. Оларды қоршау мен қоршаудың арасында ұстауға тиіс. Ойын осылай созыла береді. Бұл ойын балаларды шапшаң жүгіруге, икемділікке үйретеді.
6.0.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі заттар көмегімен жетілдірілетін қимылдар
Мақсаты: 1.Заттарды аттап жүру, гимнастикалық арнаулы құрал, бөрене
үстімен жүру, допты бөрене үстімен дөңгелетіп алып өту.
Көрнекілігі:гимнастика арналған құралдар
Әдісі:тепе-теңдікті сақтау
Түрі:гимнастика
Сабақтың барысы:
І. Дайындық кезеңі
1. Гимнастикалық жаттығулар
2. Сапта келе жатып доппен жасалатын жаттығулар, допты лақтырып, қағып алу,
жерге соғып жүгіру.
ІІ. Негізгі кезең
Кеңістікті бағдарлауға арналған «Орамал тастамақ» ойыны
Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топ өзара 5-6 метрдей қашықтықта болуға тиіс. Бір топтың ойнаушысының бірі орамалды алып, қарсы тұрған топқа барып, оны айнала жүгірген қалпымен бірінің аяғының астына байқатпай тастай салады да өз орнына қайта қашады. Бұл мезгілде, артына орамал түскен адам орамалды жерден ала сала, оны тастап кеткен адамды қуып жетіп, ұстауға тырысады. Егер орамал тастап қашқан адам ұстатпай, өз орнына барып тұра қалса, қуған адам соның тобына келіп қосылады.
Егер орамал тастаушыны тобына жеткізбей ұстап қалса, онда ол қуушы адамның тобында қалады. Осылай бір топтың ойыншылары екінші топтың барлық ойыншыларын ұстап алып ұтып шығады да, ойын қайта басталады.
6.1.Сабақтың тақырыбы: Доппен жасалатын жаттығу
Мақсаты: 1. Доппен ойнауға жаттықтыру
2. Қимылын өзгерте білуге үйрету
3. Дене бітімінің дұрыс жетілуін ескеріп отыру
Көрнекілігі: доппен жасау жаттығулары өтетін орын спорт зал
Әдісі: тепе-теңдікті сақтау
Түрі:қозғалыс
Сабақ барысы: І. Дайындық кезеңі
1. Допты екі қолмен кезек домалату
2. «Допша секір» жаттығу ойыны
ІІ.Негізгі бөлім: «Допты теуіп шығар» ойыны
Ойынның мазмұны: Спорт алаңында диаметрі 3-4 см болатын 3-4 шеңбер сызылады. әрбір шеңбердің ортасында 1 оқушы тұрып, қасында жатқан допты күзетеді. Мұғалімнің белгі беруі бойынша шеңберді айнала тұрған балалар ортада жатқан допты шеңберден шығаруға тырысады. Кімде-кім теуіп шығарса, сол бала күзетші болып, ойын ары қарай жалғасады.
6.2.Сабақтың тақырыбы: «АТ ҚАУМА» ойыны.
Сабақтың мақсаты: 1. Әр түрлі қимылдар жасаған кезде денесін дұрыс ұстауға дағдыландыру.Өз беттерімен жұмыс жасауға,ойнауға жағдай жасау.
2.Жүру,жүгіру кезінде берілген белгіні тыңдауға,бағытын,қимылын өзгерте білуге үйрету.
3.Ұлттық спорт түрлеріне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі:ұлттық сабақ.
Сабақтың әюісі:жекелей,топтық.
Сабақтың барысы: І.Дайындық кезеңі.
1. Тепе - теңдікті сақтауға жаттығулар.
Ені 25 см үстінен жүру,жерде жатқан арқанның үстінен аяқты көлденең басып жүру,орындыққа қолымен тартылып,өрмелеп шығу,ұстамай шыға алатын орындық үстіне шығып,бір аяқпен тұру.
ІІ. Негізгі бөлім.»Атқаума» ойыны.
Ойын ережесі : Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегін мықтап ұстайды,екінші бала да солай істейді. Айқасқан төрт қолдың басынан" орындық" жасайды да,үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады.
Ат қаума,ат қаума,
Арқар атқан қай тауда?-, деп,
оны көтеріп алып жүреді де,бір жұмсақтау жерге кездескенде:
Ат қаума,ат қаума,
Арқар атқан ақ тау ма?
Көк тау ма?
Көк тау болса,
Көп тау ма?
Ал,тастадық бұл тауға ,-деп,қол үстінде отырған баланы жерге тастап жібереді.Бала жығылмай ептілікпен тез түсуі керек.Жығылып қалса ұпай тартады.
ІІІ. Қорытынды.
1."Ақ қоян" ойыны.
2.Сабақты талдау,қорытынды жасау.
6.3.Сабақтың тақырыбы: «ҰШТЫ – ҰШТЫ» ойыны.
Сабақтың мақсаты: 1.Халқымыздың әдет – ғұрып, салт-дәстүр жайында мәліметтер бере
отырып,ұлттық ойынның ойналу жолдарын үйрету.
2.Оқушылардың икемді,жылдам,епті,шымыр болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:ұлттық сабақ.
Өтетін орны: спорт зал.
Сабақ барысы: І.Дайындық бөлімі.Жан-жақты дамытатын жаттығулуар.
1.Қол,иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
2.Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
3.Аяқ бұлшық ттеріне арналған жаттығулар.
ІІ. Негізгі бөлім.»Ұшты-ұшты» ойыны
Ойын ережесі : Ұша алатын затты атап, "ұшты"деп қол көтергенде,бәрі де тез қолдарын көтеріп, алақандарын жазып, "ұшты - ұшты“ деп қалықтап тұруы керек. Ұша алмайтын затты атағанда "ұшып кеткен“ оқушы "айып“ тартады.
ІІІ. Қорытынды.
Ойын «Қасқыр мен лақтар»
Сабақты талдап,қорытынды жасау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Электрондық оқулық сапалы, ыңғайлы, қолайлы, әрі тиімді болып келеді. Сонымен қоса, ұлттық ойындар жайлы ақпараттармен жан-жақты қамтамасыз етілген. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».
Қолданылған әдебиеттер
Сағындықов Е. «Ұлттық ойындар»
Базарұлы Т. «Дене шынықтыру пәніне арналған оқыту әдістемесі»
Дене шынықтыру пәнінен оқыту әдістемесі, Алматы “Атамұра” 1998.
Педагогикалық ойын технологиясы, Астана 2005.
Балалар ойындары, Г. Әбділова “Аруна” 2001.
Қуыр-қуыр, қуырмаш.
Бастауыш мектеп, Алматы 2-2002.
Бастауыш мектеп, Алматы 8-9, 1998.
Ақпаратты-әдістемелік журнал “Білімдегі жаңалықтар”, №2(18)-2007.
Ақпаратты-әдістемелік журнал “Білімдегі жаңалықтар”, №4(20)-2007.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген