Кіріспе ( 10
мин)
Негізгі
бөлім
(25мин)
|
а)
Кіріспе.
Балалар,
біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты: «Ұлттық ойын – халық
мұрасы» деп аталады.
- Сіздер
ұлттық ойынның қандай түрлерін
білесіздер?
-
Көкпар, асық ату, қыз қуу, ....
- Жақсы,
сіздердің жауаптарыңызбен келісе отырып, ұлттық ойындарға анықтама
беріп кетсек.
«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны.
Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш
сияқтандырып) байлайды. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда
тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл
өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының
сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен
көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы
болған.
Аударыспақ ойыны. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат
үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты
жігіттер қатысады. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа
отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп
шығады.
«Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі.
Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып
ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен
шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық
есепке құрылған күрделі ойын. «Көкпар»
ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар
тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын
баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған.
Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте
күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді талап ететін, аса
қызғылықты ойын. «Қыз қуу»
ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен
жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың
орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса,
қыз оны қамшының астына
алады.
1 –
ойын. «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір бала
кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім
сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз
болады).
2 –
ойын. «Теңге ілу» (әр топтан екі сайыскер қатысады. Шарға
түйілген сұрақтардың жауабын табу керек. Қаламмен жару керек. Шарға
тигізгенде, сыйлыққа ие болады.
3
– ойын.
б)
Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос
уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың
әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп
жәрдемдеседі.
Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос
кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті
кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Олай болса бізде бұл
ойынды ойнап көрейік.
Сөз құрастыру. «Тоғызқұмалақ»
сөзінен бірнеше сөз ойлап табу.
|
Ал қазір сіздерге асық ату
ойыны туралы видеоролик көрсетіледі.
«Қыз қуу»
сұрақтары
ә)
Ойындар.
1. Қазақтың салт – дәстүрлерін
ата.
2. Тұсаукесерде қандай жіпті
қолданады? (ала жіп)
3. Халқымыздың сенім кепілінің
көрінісі (серт, уәде)
4. Біреу арқылы жіберілетін
аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін
сыйы (сәлемдеме)
5. Төрт түлік малды
ата.
6. Сәбиге жасалынатын салт-дәстүрлер
7. Қазақтың ескі дәстүрі
бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ,
кәде (тоқым қағар)
8. Шамандық наным-сенімнен
қалған, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан
сақтау ұшін қандай ырымды қолданған?
(аластау)
9. Ертеден келе жатқан ырым
бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы
басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің сол адамдардай болуы
ұшін қандай салт-дәстүр жасалынады? (аузына
түкіру)
10. Әдет-ғұрыптың бір түрі.
Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда,
қуаныштың белгісі ретінде не әкелінеді?
(шашу)
11. Қуанышты хабар әкелушіге
берілетін сыйлық (сүйінші)
12. Алыс сапарға, емделуге
шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым
бар.
13. Қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда
ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлес (енші)
14. Қызға құда түсер алдындағы
салт (айттыру)
15. Бала тәрбиесіндегі
әдет-ғұрып, ырым (тұсау кесу)
«Теңге ілу»
сұрақтары
Ел
болам десең, ............ (бесігіңді түзе)
Атаңа не қылсаң, .......... (алдыңа сол
келеді)
Өнерлінің қолы алтын,
...................... (өлеңшінің сөзі
алтын)
Еңбек етсең ерінбей, .............. (тояды қарның
тіленбей)
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың ............... (жағасы
бар)
Кітап білім бұлағы,
Білім - ............ (өмір
шырағы)
Көп
жасаған білмейді, ............... біледі (көп
көрген)
Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
............... қалар (істеген
заты)
Ағаны көріп іні өсер,
..................... өсер (апаны көріп
сіңлі)
Жаман сөз жылатады,
.................. (жақсы сөз
жұбатады)
Жұмбақ
1)
Екі бала қатар тұрса да
Бірін – бірі
көрмейді. (Көз)
2)
Екі атасы бар,
Он
сегіз анасы бар.
Он
сегіз анасының әрқайсысында
Тоғыз – тоғыздан баласы
бар. (Тоғызқұмалақ ойыны)
3)
Төбедегі көзінен
Күн
сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі. (Киіз үй)
4)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)
5)
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды
бас. (Тасбақа)
6)
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп
қалады. (Жұлдыз)
7)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
|