Ұлттық ойындар жинағы
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»

Түсініктеме хат.
ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.
Қазақ халқы мәдениетінің аса маңызды элементтерінің бірі көптеген адамдардың өмірі мен тарихи тәжірибелерімен тиянақталған тарихи мұра іспеттес ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі. Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Ол – жас ұрпақты имандылыққа, тапқырлыққа, адамгершілік қағидаларына баулуда баға жетпес құрал. Себебі бала айналасындағы жағдай- лардың бәрін ойын арқылы қабылдайды. Сол арқылы тәрбиеленіп, өнеге үйренеді.Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге,отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал.
Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
«Ұлттық ойындар – Ұлт қазынасы» жинағын жасау себебім, кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалып барады. Қазіргі күні қиял-ғажайып ертегі кітаптардың орнын компьютер мен ғаламтор алмастырған. Бүгінгі баланың балалық шағы жаңашылдықтың жарсысына көшті. Олардың атыс-шабыс ойындары арқылы қатыгездікке, зұлымдыққа тәрбиеленіп жатқаны қынжылтады.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро- эпостарының қай- қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет- ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Осы жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді.
Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Бала кезімізде әр-түрлі ойын түрлерін ойнап өстік. Бүгінгі күні қала баласын ауызға алмағанда, ауылдағы балалардың өзі мұндай ойынның бар екендігінен де бейхабар.
Расымен де, ұлттық ойындарды біз Наурыз мерекесі қарсаңында ғана еске түсіреміз де, кейін ол келесі жылға дейін ұмыт қалады. Бұл дұрыс емес. Ұлттық ойын түрлерін қазіргі уақытта тек Наурыз мерекелерінде ғана қолданбай, әр іс-әрекетте көрсетіп, ұлттық тіл өрнектерін пайдалана білсек, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға болар еді.
Ұлттық ойынды іс-әрекетте қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындардың маңызы зор және де осы жинақтың бала денсаулығына, ойлау қабілеттерін дамытып, ұлттық сана-сезімін, патриоттық сезімдерін оятады деп ойлаймын. . Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:
Ұлттық ойындарды аз қимылды және қимылды ойындар қылып ойнауға болады. Ұлттық ойындарды тек серуенде, денешынықтыруда немесе ертеңгіліктерді ғана пайдаланбай, оларды ұйымдастырылған іс-әрекеттерде де пайдалануға болады.
Мынадай ұлттық ойындарды ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдануға болады. ҚМҰҚ –да- «Хан талапай» (асық), «Хан алшы», «Орнын тап», «Теңге ілу » т.б. ойындары. Бұл ойындарды математика іс-әрекетінде асықтарды 1- 10 санауға, асықтарды алу ретімен, берілген тапсырмаларды орындауға болады.
Сауат ашу мен жазу , Тіл дамыту – да- «Соқыр теке», «Сақина жасыру», «Орамал тастамақ», «Ұшты-ұшты», «Сымсыз телефон», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Киіз үй» т.б. ойындары .
Бұл ойындар сауат ашу, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыруды қолдануға болады.
Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық:
1. Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады
2. Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, сонымен қатар ұйымдастырылған іс-әрекеттен алған білімдерін толықтырады.
3. Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.
4. Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді, т.б
Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
- балаларды қазақтың
ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу.Ойын арқылы балалардың
адамгершілік,адалдық,әділдік сезімталдық қасиеттерін
қалыптастыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру,сөздік қорларын
дамыту;
- ұлттық ойындар
дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене
тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін
арттыру;
- ұлттық ойындарды ойнай отырып,өз ұлтына
деген сүйіспеншілігін арттырып,салт-дәстүрлерді сақтай білуге
ынталандыру.
- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі
тәрбиелеуге дағдыландыру.
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты
:
балалардың денсаулығын нығайту, денені
шынықтыру;
мәдениетін қалыптастыру, тәрбиелеу;
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.
Ойынды ойнату мен үйретудің
міндеттері:
-қажетті дене қозғалыс дағдыларын,
танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды
таныстыру;
-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене
жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту,қызығушылығын
қалыптастырып дамыту;
-оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту
жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру
іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда
тәрбиешінің өз еркінде.
-мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн
тәртібінде жоспарлауға болады.
Ұлттық ойындар жинағы
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
1.«Ақсерек-көксерек»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы.
Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту.
Патриоттық
сезімге тәрбиелеу.
2. «Соқыр теке»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын түрімен таныстыру.
Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сезімталдыққа, төрт түлік малға қамқор боуға
тәрбиелеу.

3. «Сақина жасыру»
Мақсаты: Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру.
Ойын барысын түсіндіру. Сөздік қорын дамыту.
Қызығушылықтарын арттыру.
Ұлттық
ойынды қастерлеуге тәрбиелеу.
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған
ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды.
Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала
алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина
салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол
сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал
білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай
жалғастыра береді.
4.«Хан талапай»

Мақсаты: Асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру.
Асық түстерін атау.
Ептілікке, мергендікке баулу.
Ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Бұл отырып
ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес
үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші
асықтардан ерекше өзге түске (қызыл, не көк) боялған болуы шарт
бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар
кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар
асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге
асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі, хан алшы түссе,
барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы
тиіс.Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі
екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай
жазылады.
Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі
мен бүгін, шігі мен шігін , алшысымен-алшысын тәйкесімен мен
тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай
жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе, немесе бөгде
асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі
ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына
қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын
жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз
болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен
сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына
дейін ханға бірде - бір асық тимеуі керек.Себебі ол
–хан.
5.«Арқан тарту»
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен, салт-дәстүрімен
таныстыра отырып, ұлттық ойын түрімен танысу.
Эстетикалық мәдениетін дамыту.
Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен
ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген
балалар тартысады
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске
жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші
баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске
жетеді
.
6. Хан «алшы»
Мақсаты: Балаларды асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру.
Асық түстерін атау. Ептілікке, мергендікке баулу.
Ұлтжандыққа тәрбиелеу.
7.«Көтермек»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынмен таныстыру.
Ойын барысын түсіндіру.
Шыдамдылыққа, төзімділікке
тәрбиелеу.
Мақсаты: Балаларды ойын барысымен таныстыру.
Эстетикалық мәдениетін дамыту.
Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала
жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді.Артына орамалды
тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына
орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп
беруі керек.
Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай
жалғаса береді.
9.«Әуе таяқ»
Мақсаты: Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру.
Балалардың күштерін сынау.
Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту.
Салауатты
өмір сүруге тәрбиелеу.
Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы.
Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық
сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат
жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол
болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы
таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі
шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай
әкеледі.
10.«Алақан соқпақ»

Сөздік қорын дамыту. Қызығушылықтарын арттыру.
Ұлттық
ойынды қастерлеуге тәрбиелеу.
Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да
дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі
(орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге
–Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына
сүлгіні тигізіп-Сүлгі қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп
бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын
тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен
жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай
жинайды.
11.«Арқан түю»

Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ
арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң
арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды
балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен
секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса
ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе
билеп береді.Ойын осылай жалғаса
береді.
12.«Түлкі мен балапандар»

Мақсаты: Балалармен қимылды ойын түрін ойнау.
Ұйымшылдыққа, шапшаң және шыдамды болуға үйрету.
Денсаулықты сақтауға тәрбиелеу.
К\құралдар: түлкің мен балапандар беп
перделері.
Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде
бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп
әрқайсысына бетперде кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі
кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша
ойынды бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы
тиіс.
13.«Ұйқыдағы аю»

Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
К\Құраладар:Аю бетпердесі.
Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады.
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізіп
орындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда серуендеп келе
жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан)
оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне
отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді.
14.«Ат жарыс»

Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
К\Құралдар: Екі командаға аттың кескін
бетпердесі.
Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады.
Ойын шарты: Балалала тәрнбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша,ат
үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп
бітіреді.Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға
қысып мәреге шауып жету.
15.«Ұшты - ұшты»

Адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру кер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз