Шардара аудандық білім бөлімі
№8 «Балапан» бөбекжай балабақшасы
«ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР
САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУ»
Әдістемелік жинақ
Құрастырушы: Қожбанова Шұғыла Пердебайқызы
Шардара қаласы 2024
Әдістемелік ұсыным балабақшаның
педагогикалық кеңесінің 2024 жылғы
№1 хаттама шешімімен ұсынылды (30.08.2024ж.)
Әдістемелік ұсынымдарда мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойындарды қолданудың мазмұны, балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойындарды серуен кезінде, ұйымдастырылған іс-әрекетінде, ойын-сауықтарда қолдану әдістері тәжірибемен ұштастырыла отырып берілді.
Аталған әдістемелік ұсынымдар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, дене шынықтыру нұсқаушыларына арналады.
2
МАЗМҰНЫІ. І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ
-
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық ойындарды қолдану жолдары 10
-
БАЛАЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындарды меңгерудегі іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейлерікритерий 32
Пайдаланылған әдебиеттер 34
Қосымшалар 35
![]()
КІРІСПЕ
Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтына тәрбиелеуде басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкінділікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындарды қолдану қажеттілігі туындады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін қоғамды қалыптастыратын адал азаматтар табанды еңбегімен еліміздің дамуына өз үлес қосқанда ғана мүмкін болады.
Озық дамыған мемлекет құру үшін азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы қажет. Осыған орай жастарды тәрбиелеу «Адал азамат» идеясымен үндеседі. Бұл балалар мен жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды тәрбиелеуге бағыт береді.
Ал, «Әділетті Қазақстан» идеясы әрбір азаматқа өзін-өзі жүзеге асыруға және табысқа жетуге бірдей мүмкіндік беретін қоғам құру мақсатын көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін балалар мен жастардың бойында тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, заң мен тәртіп құндылықтарын дамытуды қажет етеді.
Салауатты өмір салты - адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана- сезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін мінез-құлық нормасымен өмір сүру тәсілінің жүйесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс- әрекеті ойын болғандықтан ойын арқылы балаларды денсаулықтарын нығайтуға тәрбиелеудің маңызы зор.
«Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу» тақырыбында эксперименттік алаң жұмысы үш жыл бойына балабақшаның тәжірибесіне енгізіліп, оң нәтижесін көрсетті. Эксперименттік алаң барысында балалардың денсаулығы мен жан саулығын нығайтуда оқу қызметінің вариативтік компонентіне, серуен кезінде, сергіту сәттерінде ұлттық ойындарды балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолдану мен бірге, «Қазақша күрес», асық ойындарынан үйірме арқылы жүзеге асырып отырдық. «Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу» бойынша эксперименттік жұмыста балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін бақылау критерилері арқылы анықталып отырды. Орта және ересек топтарға арналған бақылау критерилері көрсетілді. Балалардың ұлттық ойындарды меңгеруі, ойнау қабілеті, қимыл белсенділіктері төмен, орта жоғары деңгейде қарастырылды. Бақылау критерилері 5-қосымша көрсетілді.
Ұлттық ойындарды тәрбие мен оқыту процесінде қолдану нәтижесінде:
-
Балалардың көңіл-күйі көтеріледі;
-
Денесі қимылдап,бойы сергиді, миы тынығады;
-
Қимыл белсенділіктері артады;
-
қарым-қатынас жасау мәдениеті қалыптасады;
-
ептілік, шыдамдылық, икемділік, мергендік т.б. қасиеттері қалыптасады;
-
қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял т.б.танымдық қабілеттері дамиды, қол, саусақ бұлшық еттері жетіледі;
-
Ұлттық ойын арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді;
-
Көпшілік ортада өз өнерін көрсетуді, насихаттауды үйренеді;
-
Ұйымшылдыққа үйренеді;
-
ата-аналар да ұлттық ойындардың бала денсаулығын нығайтудағы маңызымен танысады;
-
педагогтер, ата-аналар ұлттық ойындардың шығу тарихын зерттей отырып,бала денсаулығын сақтауда қолдану тәсілдерін меңгереді.
Ойын баланың денесін, тұлғасын жетілдіріп, дамытып, қоймай, ақыл- ойын, ұлттық рухын, сана-сезімін, намысында қалыптастыратын тәрбие құралы. Ойын ойнамаған бала әлжуаз, қорқақ, өз күшіне сенімсіз, бос кеуде, қиыншылыққа мойығыш болып өседі. Сондықтан ұлттық ойындарды салауатты өмір салтын қалыптастыруда баланың денсаулығы мен психологиялық саулығын жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру көзделді.
Әдістемелік ұсынымдар кіріспеден екі бөлімнен қорытындыдан және әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.Бірінші бөлімде Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойындарды қолданудың мазмұны қарастырылса, екінші бөлімде Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойын арқылы мектеп жасына дейінгі бағыттарында серуен кезінде, ұйымдастырылған оқуқызметінде, балабқшада ойын-сауықтарда қолдану әдістері тәжірибемен ұштастырыла отырып ұсынылды.
№8 «Балапан» бөбекжай балабақшасында «Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу» эксперименттік алаң жұмысы бойынша 2022-2024 жылдар аралығында жинақталған тәжірибе негізінде осы әдістемелік ұсынымдар құрастырылған.
І.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар,үшіншіден—аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауатты өмір салтының балалар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
-
Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
-
Дене денсаулығы — организммен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
-
Жан денсаулығы —адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар:аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы, ауаның, судың бұзылуы және тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру т.б. қимыл-қозғалыстарға бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ұлттық ойындар - салауаттыөмірсалтынмұраттұтқанарманшыл,еліменжерініңқамын
ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға –жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңыздықұралы.
Ұлттық ойындар - ойын әрекеттері мәдениеттің жай ғана бір түрі емес, сонымен қатар балалар мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудің аса тиімді құралы болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық тәрбиенің міндеті ата- бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканың асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруге баса көңіл бөлінеді. Баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, бала тәрбиесіне тілек етті.
«Балалармен ойнайды, Ойнап жүріп ол бала,
Кеудеде ақыл оймайды» - деген өлең жолдары да осының дәлелі. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастырылады. Басқа ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындар тәртібін бұлжытпай орындауы баланың ойынбарысындатәртіпсақтауы,баланыосыкезденбастаптәртіпке,әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейтін тәрбие көзі екендігін дәлелдейді.
Ғалым Ж.Аймауытұлы әр жастағы балалардың өзіндік ерекшелігі болатынын,оларғақоршағанортатуралыжиітүсінікберіптұрудыңмаңызды екендігін көрсетеді [2]. Бұдан біз баланың психикалық дамуы жетіле түскен сайын оқу-тәрбие жұмыстары барысындатанымы да қалыптаса түсетінін, яғни бала заттар мен құбылыстар туралы түйсініп, қабылдап, көріп, білгендерін ой елегінен өткізіп, қорытынды жасауға дағдылана түсетінін тәжірибемізде байқаймыз. Н.Құлжанова еңбегінде мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерінің байланысы анықталып, бала танымының қалыптасуына көңіл бөлген [3].
С.Қалиұлы еңбегінде этнопсихология терминіне «Этнопсихология – халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен салттарындағы ұлттық санасезімін,өмірге деген көзқарасын, өзіндік ойлау ерекшеліктерін зерттейтін ғылым» деген анықтама бере отырып, ұлттық психологияның ерекшеліктері салт-дәстүрлерден, әдет-ғұрыптардан көрініс табатынын, ұлттың ұлт болып қалыптасуыда маңызы зор екендігін көрсеткен. Сонымен бірге ғалым ұлттық психологияның құрылымын үш бағытта қарастырған: ұлттық сана-сезім, салт- дәстүрлер және ұлттық мінез-құлық [4,49б.]. Ұлттық психологияның күрделі элементтерінің бірі – ұлттық сана-сезім.
Белгілі ғалым М.Мидтің пайымдауынша әр этностың мәдени мұралары ұрпақ болашағы үшін айрықша орны бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеген [5.]. Мектеп жасына дейінгі балалардыңкөру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері түйсіктері жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі ұйымдастырылған іс- шаралар негізінде жетілдіріп отырамыз. Мысалы,баланың иіс түйсігін
дамытуда ұлттық тағамдардың, жемістердің иістерін иіскеу арқылы ажырату арқылы, дәм түйсігін тағамдардың дәмін тату арқылы ажырата білуге үйретеміз. Тері түйсігін дамытуда заттарды сипап көру арқылы тануға көңіл бөлеміз. Баланыңтерітүйсігіндамытаотырып,денежәнеқолсаусақтарының ірі және ұсақ бұлшық еттерінжетілдіреміз. Бұл баланың дене және психологиялық жағынан дамуына көмектесетінің ерекше ықпал ететіні анықталған.
Ә.Диваев ұлттық ойындарды жан-жақты зерттей келіп, қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай ойындарды бір жасқа дейінгі нәресте, бір жастан жеті жасқа дейін сәби, сегіз жастан он бес жасқа дейін жасөспірім, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт жаста ойналатын ойындар - деп төрт топқа бөліп қарастырды [6].
Ұлттық ойындар түрлі себептерге байланысты пайда болып отырған. Мәселен, «Аңшылар», «Марламкөш» ойындарында аңды жан-жақты қоршап аулау, топталып іздеу, жасырыну, қуу, қалай қолға түсіруанық бой көрсетсе,
«Даусынан біл», «Шұқыма» ойындарының далада із кесу, түрлі дыбысты ажыратабілумақсатындапайдаболғандығыбайқалады.Ойындардыңендібір тобы көшпелі тайпалардың өзара қақтығыстарын, жаугершілік дәуірінің бітімін, рулық қауымның жол-жорағысын өзінше қайталайды. Олардың қатарына «Жамбы ату», «Теңге ілу». «Тұтқын алу», «Қамалды қорғау»,
«Батыр», «Қыз қуу», «Ат үстіндегі тартыс», «Итеріспек» сияқты іс-әрекет ойындарын жатқызуға болады. Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та, қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса мол. Мәселен. «Үй артында қолағаш», «Соқыртеке», «Ұшты-ұшты», «Тымпи-тымпи»,«Ақсерек, көк серек» сияқты ойындар да сөз, кейде іс-әрекетке жетекші, ал кейде қосалқы қызмет атқарады.
Ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, балаларды
салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойындарды төмендегі бағыт
бойынша тәрбиемен оқыту жұмыстарында қолдандық.

Сурет1-Ұлттық ойындар негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу бағыты
Қимыл-қозғалыс ойындары, мысалы «Асықату», «Ханталапай», «Ләңгі»,
«Тоқ-тоқ»,«Шыт тастау», «Бес тас», «Соқыр теке» қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.
Қазақтың ұлттық ойындары адам ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салаутты өмір салтын қалыптастырудың бірі.
Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар: «Кім сені түртті?», «Даусынан таны», «Бұғынай», «Біз де», «Жаңылма», «Ұшты-ұшты» т.б. ұлттық ойындарды ойнау барысындабалалардың жылдам ой қорытып, заттар мен құбылыстарды қасиеттеріне қарай ажырата білу дағдыларын жетілдіре отырып, бала дүниетанымының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сөзбен ойналатынойындар:«Сентұр,сеншық!»,«Құстарқалайүнқатады?»,«Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Сөз табу», «Асау мәстек», «Көги-көк» т.б.
Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар іс-әрекеттер арқылы сипатталатындықтан, балаларда заттардың қасиеттері жөнінде түсініктері шыңдалады. Мәселен, асық ойындарында малдың асығын, «Бес тас» ойынындатабиғи тастарды, «Арқан тартыс» немесе «Арынды арқан» ойынында арқанды т.б. заттар қолданылады.
Қимыл-қозғалыс ойындармен спорттық ойындар: «Орамал тастау»,
«Айгөлек»,«Тұтқыналу»,«Қамалдықорғау»,«Күзетші»,«Теңгеалу»,«Тауық күрес», «Жаяу көкпар», «Ат жарысы», «Жамбы ату»т.б. ойындарды ойнау барысында балалардың батылдық, өжеттік, алғырлық, шыдамдылық, тапқырлық қасиеттері жетіле түседі. Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар: «Көк сиыр», «Ақ байпақ», «Аңшылар»,«Ашқасқыр»,
«Қасқұлақ», «Етек-етек» т.б. ойындарды ойнау барысында бала хайуанаттардың, төрт түлік малдың және олардың төлдерінің сыртқы сипатын, құлықтарын, ұқсастықтарымен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ұлттық ойындарды оқу қызметі кезінде ғана емес серуендіұйымдастыруда қолдану аса маңызды.
Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтылары
«Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық-Көк сандық»ойыныбаланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене
сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.
Спорттық ойындарды ол көбінесе физикалық тәрбие беруде қолданды. Оның ойынша спорттық және ат пен ойналатын ойындар ерлерге әскери қатал мінез, күштерін жетілдіруге, өздерін қозғалыста ұстауға, қырағылыққа, байқағыштыққа тәрбиелейді.
Қазақ халқының ұлттық ойындары педагогикалық тұрғыдан жинағы «Ақ сандық, көк сандық», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Жаңылтпаштар» т.б. көрініс тапты. Бұларда қазақ халқының түрлі өнері көрініс беретін ойын түрлері жинақталған. Ең бастысы ұлттық ойындар арқылы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың сана-сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандықпен бауырмалдыққа,үлкенге -құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адами құндылықтарды ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығы мен тән сұлулығын жан-жақты жетілдіруге бағытталған.
Ұлттық ойындарды қолданудағы негізгі мақсатымыз балалардың денсаулығын нығайту, денені шынықтыру; мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.
Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:
-
қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
-
қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
-
денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту; қызығушылығын қалыптастырып дамыту.
Оқу қызметінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру меноқытуда қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды таңдау тәрбиешінің өз еркінде болады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады. Ойын балалар өмірінің нәрі,яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл- қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдар мен қарым- қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады.
Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын және қабілеттерін жетілдіреді. Ойын кезінде бала өзінің назарын қимылды орындау
әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше. Баланың ойынға деген қажеттілігі мектепте оқып жүрген алғашқы жылдарда да сақталып қалады. Ойындар жалпы ойлау үдерісінің икемділігін, зейінін, қабылдауын, логикасын, қиял ұшқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ойын кезінде балалар шешімді өздігінен шығаруға үйренеді. Өмір құбылыстары жөнінде таным түсініктері кеңейеді. Бала үн-түнсіз ойнамайды. Ойын барысында қарым-қатынас негізгі рөл атқарады.
Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектеп жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейінәр түрлі аурулардың белгілері кездеседі. Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде.
1.2 Мектепке дейінгі балалардың салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойындарды қолдану әдістері
Ұлттық ойын ойнау баланың қимыл-қозғаластарын жетілдіру мен бірге,өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылыктарын қалыптас-тырады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер: өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Ұлттық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
-
тәрбиеші ұлттық ойындардың дидактикалық мәнін жете түсіну;
-
дидактикалық мақсатта қолданылатын ұлттық ойындарды;
-
балалардың жас ерекшеліктері және қызығушылығына байланысты; іріктей білу;
-
ойын ережесін өзі жете біліп, балаларғада түсінікті етіп жеткізе білу;
-
барлық ойындардың негізгі мақсатын анықтап алу;
-
ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау;
-
ойын барысында ережені сақтауды алдын-ала даярлау;
-
қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің біліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуқажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптарының бірі ойынды және ойынның түрлерін ұйымдастырудың мүмкінформаларынесепке алу болып табылады.
Ойынды ұйымдастыруда ойынға қатысушыларды қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл – тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар т.с.с. болуымүмкін.
Ойынның құралдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар т.с.с) тәрбиеленушілергежақсы таныс болу керек.
Ұлттық ойындарды дидактикалық мақсатта пайдалану педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
-
Ойынның сабақтың дидиактикалық мақсатына сәйкестілігі.
-
Ойынның мазмұны мен формасына қарай әр түрлілігі.
-
Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық ұстанымы.
-
Ойын балаларға түсінікті жәнетартымды болуы.
-
Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттарды ойынды ұйымдастыруда жүзеге асыру үшін мынадай талаптарды есепке алу керек.
-
ойынға қажетті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып қойылуы тиіс;
-
ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі тәрбиеленушілерге әбден түсіндірілуі қажет; топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек;
-
оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуге жетелеу керек.
Балабақшаның тәрбие мен оқыту жұмыстарында қазақтың ұлттық ойындарының төрт тобы да қолданылды: Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындарға асық ойындары жатады. Асық ойындарды балалардың жан-жақты дамуына тигізер әсері мол. Ата-аналарға асық ойындарының баланың саусақ бұлшық еттерін дамытуда, есте сақтау, зейін, ойлау қабілеттерін дамытудағы маңызын түсіндірілді. Малдың асығынан құрылған ойындарға «Ханталапай», «Құмар» «Қақпақыл»,«Қаржу»немесе
«Қаржымақ», «Сасыр», «Төрт асық», «Асық шерту» ұлттық ойындары жатады. Табиғи тастар ойынына «Бес тас» ойыны, мал терісінен жасалып, ойналатын ойынға «Ләңгі» ойыны жатады. Балабақшада ата-аналармен асық жинау акциясы жүргізілді. Ата-аналар асықтарды жинай отырып, оларды түрлі-түсті бояулармен бояды. Әр ата-ана асық жинау акциясында ерекше белсеніділік танытты. Ата-аналар арасында асық ойындарынан сайыстар ұйымдастырлды. «Хан талапай» «Асық ату» ойындарын ережелері ата- аналарға түсіндірілді. Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын болғандықтан аналар қатысты.Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі. Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек. Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтарданерекшеленген«ханға»қадалады.Себебі,ханалшытүссе,барлығы
тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тигізбей ойнау арқылы ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны. Онда кезек келесі ойыншыға беріледі. Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Асықтардыбір-бірінетигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге болмайды. Ойынның соңына дейін ханға бірде-бір асық тимеуі керек. Себебі ол – хан. Ата-аналар асық ойындарын ерекше қызығушылықпен ойнады.Ұлттық ойындарды оқыту процесіне сәйкес таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарты. Ойынды оқу әрекеттерінееңгізубіріншіден,сабақтақолайлыжағдайдыңболуы,екіншіден тәрбиешініңшеберлігін,үшіншіден,балалардыңпсихологиялықкөңіл-күйінің болуын талап етеді.
Қимыл-қозғалысты ойындары балалардың дене қимылын арттыруда маңызы зор. Ата-аналармен ұйымдастырылатын кейібір іс-шаралар ұлттық ойындаржелісіндеөткізілді. «Арқантартыс»ойыныарқылыәрата-анаарқан тартқан сайын баласының жағымды қылықтарын атап отырды. Ұлттық ойын арқылы Қимыл-қозғалыс ұлттық ойындар арқылы ата-аналар ұлттық ойындарментанысаотырып,баладамуынаәсерітүсіндірілді.
«Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік- жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған.
Сөзбен ойналатын ұлттық ойындар: «Айгөлек», «Ақсерек-көксерек»
«Бұғынай», «Даусынан таны» т.б. ұлттық ойындар балалардың сөздік қордарын дамытумен бірге қимыл белсенідіктерін арттырады. Сөзбен ойналатын ойындардың бірі «Ақшам шық» - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны халық арасында «Сақина салу», «Сақина тастау» депте айтады. Аталған ойынды ата-аналармен ойнау барысында да ерекше қызығушылық танытты. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір ойыншыны шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша ойыншылар дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады.Ойынды жүргізуші алақанындағы сақинаны кімге салсада өзеркі. Ол адамдардың барлығының алақанына сақина салған болып шығады да дауыстап: «Тұр сақинам, тұр»деп немесе «Ақшамшығымды бер!»депдауыс- тайды.Сол сәт сақин атасталған адам «Сақина менде!» деп орнынан тез тұруы керек. Оны көршісі ұстай алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.
«Теңге алу»- жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу- үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.
«Қыз қуу» - бұл ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек.
«Көкпар» - ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып,өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған.
«Ақ сандық, көк сандық». Екі-екіден балалар теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып бір-бірін көтереді.
«Даусымнан біл». Балалар шеңбер болып тұрадыда, шеңбердің ортасына бір адамды көзін байлап қойып, дыбыс шығарған адамды табу керек. Ойын балаларының қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін, елестету, ес, ықыласын, тілін) белсендіреді. Ойын ерікті түрде құрылады. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды. Ойын барысында балалар қанағаттанарлық, қуаныш алады. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беру мәселесіне қатысты қазақтың ұлттық ойындарын қолдану бағыттары:
-
танымдық яғни,білім беру;
-
дене шынықтыру;
-
арнайы ойын ойнатып оны ұйымдастыру кезінде;
-
сергіту сәттерінде.
Балаға бір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырып, ойын ережесітүсіндіріледі.Сондай-ақпайдаланылатынқұралжабдықтарайтылады. Халық ойындары қарапайым заттар мен ойнала береді. Олай болса дидактикалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір тәрбиеші дайындай алады.
Ойын таным әдістері мен бірге іскерлікке, тапқырлыққа, жігерлікке, белсенділікке, әділдікке тәрбиелеу мен бірге санауға, өлшеуге, топтауға, біріктіруге т.б үйретеді. Ойынға баланың қызығушылығын туғызу үшін ойынды өмірмен ұштастыра отырып, оның керектігін сезінетіндей етіп таңдап алу қажет.
Ұлттық ойындарды оқыту мен тәрбие құралы ретінде пайдалануда төмендегі талаптарды ескерген жөн:
-
Тәрбиеші ұлттық ойындардың бірнеше түрін білуі;
-
Ұлттық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу;
-
Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап білу;
-
Ойын ережесін жете білу балаларға түсінікті етіп жеткізу;
-
Ойын барысында ереженің сақталуын қадағалау;
-
Ойынға қажетті құралдарды даярлау.
Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни үш кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек: ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс; ойынның басталуы мен ойналу барысы; ойынның аяқталуы.
Дене шынықтыру оқу қызметі мазмұны негізінен қимылды ұлттық ойындардан тұрады.Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың
ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл-ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір- бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.
Соны мен бірге ойын ойнау негізінде бала:
-
Көңілді болып жақсы демалады;

Ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді,ұйымшылдыққа үйренеді. Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
-
ұлттық ойындарды дене шынықтыру, оқу қызметтерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;
-
қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
-
жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында немесе оқу қызметінен тыс уақытта баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы.Халықтың ұлттық ойындары-жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсерететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты.
«Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек», «Теңге алу» т.б. ойындарды балалар ерекше қызығушылықпен ойнайды. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
Ойындардың ішінде қимыл-қозғалыспен қатар, жан-жануарлардың даусын, төлдерін, іс-әрекетін дұрыс айтуға дағдыландыратын «Қалай айтуды білемін», түрлі сөйлем құрастыруға тәсілдендіретін «Егер», айтылған сөзді есте сақтауға машықтандыратын «Хабаршы», сөз бен сөйлемнің мазмұнына дұрыс мән беруге үйрететін «Бізде», «Ұшты-ұшты», бірден сөз табуды қажет ететін «Орамал табу» ойындарының тілді жетілдіруде маңызы зор.
Мысалы,«Асау мәстек» ойындары өте көңілді ән мен орындалады т.б.
Екі таяқшаға 50-70 см биіктікте тартылған арқанның үстіне бір бала отырып, жердегі таяқшаны алу керек. Егер ала алмаса, ән немесе тақпақ, би билеп беруі керек. Бұл ойындар балаларды шапшаңдылыққа үйретеді және музыкалық шығармашылығын дамытады.
«Қалай айтуды білемін» мынадай сұрақтарды қамтиды:
-
Кім қалай дауыстай біледі?
-
Малды қалай шақыруды салайық,
-
Малдың төлдеуін қалайайтады?
-
Малды суға кім шақыра алады?
Жүргізушінің сұрақтарына ойынға қатысушылар әр жануардың дыбысын дыбыстайды. Бұл ойында байқампаздық қажет. Ойын кішкентай театрдың сахнасын қажетсінеді.
«Аңдардың айтысы» ойынында қатысушылар жүргізушінің айтқанын қайталайды, сол жүргізушіге еліктейді. Бұл ойында жануарлар әлемін өте жақсы білу керек. Мысалы, жүргізуші иттің үргенін көрсетсе, қатысушылар сонытурасолайқайталаукерек.Бұндайойындарұлттықпедагогикадаөтекөп және олардың бәрі қызықты болып келеді. Балалар ойын кезінде басқа рөлге кіріп ойнайды. Мысалы, «Қоғи көк» ойынында балалар дөңгеленіп тұрып, қаздың даусын салу керек және қаздың қимылын салады. Мұнда есте сақтау қабілеттері жақсы дамиды. Осындай ойындарға: «Орамал жасырмақ», «Хан ойнау» жатады. Ұлттық ойындарда көптеген әзіл-оспақтар, жарыстар, санамақтар көп. Олар бағалы және құнды ойын фольклорын сақтайды.
Ұлттық ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Халықтың ұлттық ойындары -жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты. Ойын - дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, көңіл көтеру, дем алу, бас қосып бірлесіп әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттауменқатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерінжинақтаужәне дамыту керек. Баланың ой-өрісінің жан-жақты дамуынаойын элементтерін денетәрбиесіұйымдастырылғаноқуқызметінеаз-азданеңгізеотырып,келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді.
3-5жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты.Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағзақорегін арттырады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындардан құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп санаймыз.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті екені белгілі. Ойынғабалалардыңбарлығынқатыстыружәнебалалардыңой-өрісінкеңейту мақсатында ойынға шақыру өлеңдерін қолдану бала танымын кеңейте түсті.
Ойынға шақыру жырларын ойын басталар алдында ойын жүргізуші немесе ойыншылар ойынға қатысқысы келмей отырған балаларға арнап жеке де, хормен де айтуға болады. Кейбір ойынға шақыру жырларына баланың атын қосыпсыпайытүрдеайтуарқылы балалардыңойынғадегенқызығушылығын туғыздық. Ойынға шақыру өлеңдері де, балалардың тілдерін дамытып, қызығушылықтарынарттыруменбірге,өлеңмазмұнындаайтылғаной-таным қабілеттерін жетілдіруге септігін тигізді.
Құстар қалай үн қатады?» ұлттық ойыны арқылы әр құстың өздігіне тән ерекшеліктерін үнтаспадан үнін тыңдау арқылы және бейне таспадан көрсету арқылы таныса отырып, құстардың дыбыстарын тыңдай отырып, қандай құс екенін ажыратуды үйренді. Мысалы, бозторғай шырылдайды, бұлбұл сайрайды, көгершін уілдейді, көкек көкектейді, тауық қыт-қыттайды, торғай шиқылдайды т.б. және құстардың өзіне тән ерекшеліктері жөнінде білімдері беки түсті. Мысалы, тоқылдақ–орман дәрігері, бұлбұл–әншіқұс, көгершін– бейбітшілік құсы, бүркіт – қыран құс, көкек – өз атын өзі шақыратын құс т.б.
«Асау мәстек» ойынында балалармен бірге «Асау мәстек» құрдық. Ол үшін арасы екі-үш қадамдай бағанаға 45-50 см биіктікте арқан байланып, үстіне көрпешесалынады. Балаларға асау мәстек кішкентай жылқының бір түріекенінтүсіндірілді.Ойынжүргізушібалалардыойынғаөлеңайтаотырып шақырады.Өзінің ептілігін сынағысы келген ойыншы ортаға шығады. Ойынға шыққан бала таяқшаның көмегімен «Асау мәстекке» мініп тұрып, таяқпен тақияны жерден іліп алып, жоғары көтеруі керек. Орындай алмаса айып тартады: қораз болып шақырады, түйе болып боздайды немесе ешкі сияқты маңырайды т.б.
Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындардың бірі–
«Аңшылар». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы аңдар – шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар – шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі. Ал, «Ит пен қоян» ойынында балалардың арасынан қаламақ арқылы бір ойыншы “ит” рөлінде тағайындалады. Қалған ойыншылардың бәрі қоян болады. Екі-үш қадам қашықтықтан ит қояндарды қуа жөнеледі. Оның ұстаған ойыншылары итке айналады. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғаса береді.
«Қасқұлақ» ойынында ойыншылардың ішінен күзетші және қасқырды сайлайды. Қасқырдың басына ақ орамал байланады. Қалған ойыншыларқой боладыдажан-жаққабытырап,тығылады.Қасқырдакүзетшініңкөзінетүспес үшін, ұзап барып тығылады. Қойлар әбден жайғасып тығылғаннан кейін, күзетші қойларды күзетуге кіріседі. Күзетшінің мақсаты – қойды күзету, қасқырдың мақсаты – күзетшінің көзін ала беріп қой ұрлау. Сөйтіп күзетші мен қасқыр бір-бірін аңдумен болады. Қойдың жатқан жерлерін екеуі де білмейді. Себебі, қойлар тығылғанда екеуіде теріс қарап тұрады.Ойын шарты бойынша қасқыр күзетшінің көзіне түспей келіп қойды ұстаса, қой қашпау керек. Ондай жағдайда екеуі күзетшіге келіп, орындарын алмасады. Ал, күзетші қасқырды қуалап, қойды аман алып қалса, қасқырдан құтылған қой күзетші болады. Қасқыр мен күзетші арасында болыпжатқанөзгерістікүзетші қатты дауыстап басқаларға жеткізіп тұрады.
Сонымен қатар, балалардың таным-түсінігіне қарай ықшамдалып алынған «Күн мен түн» ойынында тәулік мезгілдері туралы ұғымдары беки түссе,«Ақбайпақ», «Көксиыр»,«Асау мәстек», «Аш қасқыр», «Ит пен қоян»,
«Қасқұлақ» ойындарында жануарлар туралы білімдері кеңейе түсті.
Жоғарыда сөз болған ойындар арқылы балалар төрт түлік, хайуанаттар жайында, аңшылық кәсіп туралы білімдері шыңдала түсті. Қырағылық, батылдық, ептілік қасиеттері қалыптасты. Әуендік ұлттық ойындар арқылы балалардың ұлттық өнер туаралы түсініктері, табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар арқылы қоршаған орта жайында түсініктері, қимыл- қозғалыс ойындары арқылықимыл-қозғалыстары жетіліп, дүниетанымдары кеңейе түсті.
Қорыта келе қазақтың ұлттық ойындары мектепке дейінгі балалардың денесін шынықтырып, оның рухани қалыптастыру негізін құрайтын, салаутты өмір салтын қалыптастыруда маңызды құралдардың бірі екендігіне көз жеткізуге болады. Балаларға дәстүрлі ұлттық ойындарды үйрету арқылы жас ұрпақтың денсаулығын реттеу, салауатты өмір сүруге жағдай жасау осы күнгі заман талабы.
ІІ. БАЛАЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ
Серуен - мектепке дейінгі ұйымдарда бала әрекетін ұйымдастырудағы күн тәртібіндегі сәттердің негізгі бөлігі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын – алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде ағзада болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқакелтіру.Балабақшабалаларыүшінсеруенніңасамаңызды.Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері күннің бірінші және екінші жартысындағы серуенді ұйымдастыруда қателіктерге бой алдырып жатады. Осы тұрғыдан мектепке дейінгі серуенді өткізу тұрғысынан тақырып өзекті.
Бала саулығын нығайтуда ұлттық ойындарды
Төменде мектепалды даярлық топтрында серуенді ұйымдастыруда ұлттық ойындарды қолдану үлгілерін ұсынып отырмыз.
-
Бақылау. Күнді бақылау.
Мақсаты: күн энергиясының адамдар, өсімдіктер және жануарлар өмірінеәсері туралы білімдерін бекіту.
Еңбекке баулу. Ойын алаңы айналасындағы жолдарды тазалауға аула тазалаушыға көмектесу.
Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген ынталарын дамыту.
Қимылды ұлттық ойын:«Аңшылар»
Мақсаты: Ұлттық ойынмен танстыра отырып,балаларды шапшандық, мергендік, ептілік қасиеттерін жетілдіру.
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы үйректер - шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар - шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптарменатыпалабастайды.Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі.
Баламен жеке жұмыстар. Ұлттық ойындардың мазмұнын түсініп игермеген балаларға ойын мазмұнын түсіндіру.
Балалардың өз бетінше әрекеті.Үйренген ұлттық ойындарын өз бетінше ойнауды ұсыну.
-
Бақылау. Қардың еруін бақылау.
Мақсаты:Табиғаттағы өзара байланысты көре білуге үйрету.
Еңбекке баулу. Тәрбиешімен бірге ауладағы сынған ағаш бұталарын шығару.
Мақсаты: Сынған бұталарды ғана жинауға болатынын түсіндіру.
Аулада тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Қимылды ұлттық ойын:«Аш қасқыр»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынтуралы түсініктерінкеңейту. Қимыл- қозғалыс белсенділіктерін қалыптастыру.
Ойынға 10-15 адам қатысуға болады. Ойнаушылардың арасынан біреуі аш қасқыр болып сайланады. Ойнаушылар - қойлар аш қасқырға жеткізбей қашып,жүгірулерікерек.Қайойыншығаболсынашқасқырдыңқолытисе,ол аш қасқырға айналады да, өзі ойыншыларды қуа жөнеледі. Осылайша «аш қасқыр» ролі ауысып отырады.

Балалардың өз бетінше әрекеті. Үйренген ұлттық ойындарын өз бетінше ойнауды ұсыну.
-
Бақылау.Ағаштарды бақылау.
Мақсаты: Балабақшаның ауласыңда өсіп тұрған ағаштарды жапырақтары бойынша танып, атын атай білу. Табиғат байлығы ағаштарға қамқор болуға, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Еңбекке баулу.ағаштартүбініңтопырағынқопсыту.
Мақсаты:балаларғаағаштүптеріннеүшінқопсытукеректігінтүсіндіру, ағаштарды күтуге тәрбиелеу.
Қимылды ұлттық ойын:«Үлек пентайлақ»
Мақсаты:Балалардытүйеатаулары-үлекжәнетайлақпентаныстыру.
Ұйымшылдыққа,шапшаңжәнешыдамдыболуға үйрету.
Үлек - сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Тайлақ– бір жастан асып, екі жасқа толмаған түйе.
Ойынбарысы:Үлек,тайлақбетперделерікерек.Балалардышапшаңәрі шыдамды, ұйымшылдықққа үйрету. Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып, ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады. Үлек тайлақты қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар ттайлақты яғни үлектен құтқару үшін, қақпадантайлақты шығарып діберіп үлекті шығармауға тырысады. Үлек тайлақты ұстау үшін шапшаңдық керек.Үлек тайлақтыұстап алса, ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
Баламен жеке жұмыстар.Ұлттық ойындардың мазмұнын түсініп игермеген балаларға ойын мазмұнын түсіндіру.

Бақылау. Күзгі жапырақтардың түсуін бақылау.
Мақсаты: Табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту.
Еңбеккебаулу.Алаңдағы жапырақтарды жинауға аула сыпырушыға көмектесу.
Мақсаты:Бірлесежұмысістеуге,мақсатқажетуге баулу.
Қимылды ұлттық ойын:«Түйілген орамал»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігін кеңейте отырып, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру. Ойынға деген қызығушылықтарын, қимыл-қозғалыстарын арттыру.
Ойын барысы: Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрыпөнеркөрсетеді.Оданкейінойынжүргізушіауыстырылады.Ойынойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.
Баламен жеке жұмыстар.Ұлттық ойын ойнау барысында ойын ережесін түсінбеген балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Бақылау. Ауладағықұстарғабақылаужасау.
Мақсаты:Ауладағы құстардың ұшуы, қонуы, оларға қамқорлық жасау жөнінде түсіндіру.
Еңбеккебаулу.Құстарға арнап дайын ұяларды ағашқа ілу. Ішіне құстарға дән салу.
Мақсаты:Құстарға қамқорлық жасауға, бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге баулу.
Қимылды ұлттық ойын:«Ұйқыдағы аю»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігін шыңдай түсу. Ептілік, шапшаңдық қасиеттерін жетілдіре отырып, қимыл-қозғалыстарын артыру.
Керекті құралдар:Аюдың бетпердесі.
Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен аю ролі белігленеді. Аю бетпердесін киген бала ұйықтап отырады. Балалар орманда серуендеп келе жатып, ұйқыдағы аю көреді. Аю балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп, балаларды қуа жөнеледі. Ұстап алған баланы өз мекеніне алып кетеді. Ойын қайта жалғаса береді.

Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшінүлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да балаларды оқу қызметінде қимыл-қозғалысын арттыру мақсатындаойындардыоныңішіндеұлттықойындардықолданудыңмаңызы зор.Оқуқызметіндебаланыңқимыл-қозғалыстаболуықимылдағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейміделу қабілетіне әсер етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда әр іс-әрекетіне сергіту сәтіне ұлттық ойындарды іс-әрекеттің мазмұнына сай қолдану денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда оқу қызметінде төмендегі міндеттері жүзеге асырылады:
-
Баланы шынықтыру және оның белсенді қозғалысы
-
Зиян қылықтарды жою және оны алдын – алу (баланы ұзақ бір орында отырып қалуын алдын алу).
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде денсалық бұрышына
«Ұлттық ойын - дені сау балақай үшін!» атты айдарын жүргізіп отыру, балбақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы ұлттық ойындардан үйірме жұмыстарын жүргізу тиімді.
Төменде орта топта ұйымдастырылған оқу қызметтерінде ұлттық ойындарды қолдану әдісін көрсеттік.
Білім беру саласы: Танымдық зияткерлік дағды
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Математика негіздері
Тақырыбы: «Ғажайып асықтар»
Мақсаты: Балаларды асықпен таныстыра отырып,5көлемінде сандарды тура және кері санап, іс-әрекет дағдыларын меңгерту. Түстерді ажыратуға, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын кеңейту. Қол саусақ бұлшық еттеріндамыту,тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа сыйластыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: түрлі-түсті асықтар, сандар,
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы:
- Қане, қанетұрайық, Үлкеншеңберқұрайық. Сәлемдесіп алайық
Балалар бір-бірімен амандасады.
Қонаққа Тазша бала асықтардан құрыстырылған тапсырмалар алып келеді. Балалар Тазша баланың тапсырмаларын орындайды.
-
Тапсырма.Асықтарды санап,санды сәйкестіріп қою.

-
Тапсырма.Асықты түстеріне қарай санап отырып
жіпке тізу.-
тапсырма. Балалар асықтан әр түрлі пішіндер құрастырады. Шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш т.б.
-
Сергіту сәті:«Ханталапай» ұлттық ойыны.
Тәрбиеші еркекше боялған бір асықты қосып, барлық асықты кілем үстіне шашады. Балалар хан мен қосып, асықтарды жылдам жинау керек. Кім қанша асық жинады санайды.
-
тапсырма.Асықтанәртүрлізаттарқұрастыру.(Сағат,сандықт.б.)
Қорытынды:Тазша бала балаларға алғыс білдіру. Мадақтау.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Күз» «Ақсерек, көксерек ойыны желісінде құрылған іс-әрекет.
Мақсаты: Балаларды екі топқа тең етіп бөліп отырғызып ұжымдық жұмыстарды орындауға жаттықтыру. Сөздік қорларын, қимыл-қозғалыстарын дамыту.
Керекті құралдар: Күз мезгілі бейнеленген суреттер.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы:
«Ақ серек, көксерек» ойыны бойынша екі топқа теңетіп бөліп отырады.
«Ақсерек, көксерек» ойыныңөлеңдерін бірге айтады.
І-топ:
-
Ақ терек, көк серек, Бізден сізге не керек?
ІІ-топ:
-
Ақ серек, көк серек, Бізге жұмбақ шешу керек?
Бірінші топ тәрбиешінің көмегімен күз туралы жұмбақ жасырады. Екінші топ шешуін табады.
ІІтоп:
-
Ақ терек, көк серек, Бізден сізге не керек? І топ:
-
Ақсерек,көксерек,
Біз Жанардың күз туралы тақпағын тыңдағымыз келеді?
Аты аталған бала ортаға шығып «Күз» туралы тақпақ айтып беруі керек. І топ:
-
Ақ терек, көк серек, Бізден сізге не керек? ІІ топ:
Ақсерек, көксерек,
Біз күз мезгілі туралы әңгіме тыңдағымыз келеді. (Сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Тапсырманы дұрыс орындамаса сол топтың бір мүшелерін өздеріне қосып алады.
Сергіту сәті: «Жаңылма» ұлттық ойыны.
Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші әр түрлі сөз айтып, жылдам қимыл жасайды. Балалар сол қимылды жаңылмай қайталау керек. Мысалы, тәрбиеші «жапырақтар» деп, қолын көтереді, «күз» деп тізесін бүшеді т.б.
Іс-әрекет қорытындылау:
«Сымсыз телефон» ұлттық ойыны.
Балалар бір-біріне жақын шеңбер жасап отырады. Тәрбиеші бірінші тұрған баланың құлағына күз туралы сөз не сөйлемді сыбырлап айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы балаға дейін жалғасады.Тәрбиеші соңғы баладан бастап сұрайды.
Тәрбиеші іс-әрекетіне, ойынға жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтайды.
Вариативтік компонент бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет Ойынның аты: «Сақина салу » ұлттық ойыны
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны ойыны туралы түсінік беру. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, сабырлылыққа үйрету,тілдері, саусақ бұлшық еттерін дамытып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Керекті құрал:қолдан жасалған сақина.
Өту барысы: Ойын ережесімен таныстыру. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек. Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Ойын басталар алдында сақина салатын ойыншы төмендегі мәтінді айтады:
Аспаймын, саспаймын, Шеңберді айнала бастаймын. Бір, екі,үш төрт,бес
Біреудің тұсына келгенде, Білдіртпей сақина тастаймын. Сақинаны тауып көр,
Кім жылдам,кімшапшаң? Сақинаны тауып ал.
Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып,«Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу керек. Ұстап қалатын болса қолында сақинасы бар бала жеңіліп орнына отырады. Ал жеңсе жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

Қорытынды. Тәрбиеші ептілік танытқан, өзін сабырлы ұстаған балаларды мақтап, мадақтайды.
Сауықтыру іс-шараларында денсаулықты нығайтуда ұлттық ойындарды енгізе отырып ұйымдастыру абзал.
Дене шынықтыруды нығайту да ұлттық ойындар баланың жинақтылығын, зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.
Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде балалардың ойлау қабілеттерін, рухани эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық және ақ көңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады.
Спорттық жарыстар мен түрлі ойын–сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан-жақты жетілуіне әсер етеді. Балалардың денсаулығын шынықтыру мақсатында «Дарабоз», Ұлт ойыны – денсаулық кепілі» «Ойын мен шынығамыз» т.б.тақырыптарда ойын-сауықтар ұйымдастырады.
Балалармен сауықтыру мен шынықтыру шаралары жыл бойына жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулар мен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізетін әсерденсақтауүшініс-шаралар таза ауда өтуі бала өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл-күй сыйлайды. Алдымен балалар ойнайтын ойын алаңдарын дайындап, қысқы жарыстар көбірек ұйымдастыру, жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
Ата-аналар мен бірлесе ұйымдастырылған
«Дарабоз» ұлттық ойындардан сайыс
Мақсаты: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс–әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгінгі «Дарабоз» ұлттық сайысымызға қош келдіңіздер! Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. Қаражорға әуенімен сайыскерлерортаға шығады
Жүргізуші:
Міне,сайыскерлер шықты алаңға,
Ептілік, мықтылық,батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз, Жарысымызды ал енді бастаймыз,
«Жеңіске жетеміз!» деп, Жалынды ұрантастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр.Осы топтардың жарысын аәділ бағасын беретін сіздерсіздер.
Ал, құрметті халайық Жарысты енді көріңіз Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіз
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз. Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық.
Әкелермен өткізілетін сайыстар:
-
16 кг гір тасын көтеру
-
Арқан тартыс
-
Қазақ күресі

Аналар мен өткізілетін сайыстар:
-
Қаппен секіру
-
Кім жылдам,шар жар
-
Арқан тартыс
-
»Ханталапай» ойыны

Музыкалық үзіліс: Күй: «Келін»
Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз, Думанға қызық келіңіз. Әділ қазы ел сенген, Өнерге баға беріңіз.
Құрметті көрермендер біздің алға қойған мақсатымыз ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, ұмытылып бара жатқан ойындарды қайта жаңғырту, адам денсаулығына пайдасы зор, он екі мүшенің барлығы қозғалып салауаатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.
Күннің екінші жартысында асық ойындарын қолдану
«Асық ойындары» үйірмесінің жоспары Мектепалды даярлық тобы
Мақсаты: Балалардың ұлттық ойынға деген қызуғушылығын қалыптастыру. Қол жәнесаусақ бұлшық еттерін дамыту. Мерегендік, ептілік, көздегіштік т.б. қасиеттерін жетілдіру. «Асық ойындары» үйірмесі жыл бойына 36 сағатқа, аптасына 1 сағатқа жоспарланған.
Күтілетін нәтиже:
-
Асық атауларын және асық ойындарын меңгереді.
-
Асық ойындарына деген қызығушылықтары артады.
-
Асық ойындарына деген бейімділігі мен икемділігі қалыптасады;
-
Зейін, қабылдау, есте сақтау,ойлау қабілеттері дамиды;
-
Шапшаңдық, икемділік, мергендік т.б.шеберлік, іскерлік дағдылары шыңдалады.
-
№
Апта күндері
Ұлттық ойындардыңатауы
Мақсаты
1
Қыркүйек айы
І апта
Асықпен таныстыру
Балалардың асық туралы түсініктерін кеңейту.
2
ІІ апта
Асықтыңалшы,
тәйкетүрі
Асықтың алшы,тәйкет үрінде жатысын
(қалпын) түсіндіру.
3
ІІІ апта
Асықтыңбүк.шік түрі
Асықтың бүк.шіктүрінде жатысын (қалпын) түсіндіру.
4
ІҮапта
Асықтыңомпы,
шоңқатүрі
Асықтың омпы, шоңқа түрінде түрінде жатысын (қалпын )түсіндіру
5
Қазанайы І апта
Асық ату жаттығулары
Асық ату жаттығулары арқылы асық ойындарына саусақ икемділіктерін дамыту
6
ІІ апта
Асықиіру
жаттығулары
Асық иіру арқылы асық ойындарына саусақ икемділіктерін дамыту
7
ІІІ апта
Асықты асыққа тигізу жаттығулары
Асықты асыққа тигізу жаттығулары арқылы икемділік, көздегіштік, мерегендік қасиеттерін жетілдіру.
8
ІҮапта
«Ханталапай» ойыны
«Ханталапай» ойнынын ойнау ережесін түсіндіру. Қол сасак бұлшық еттерін
жетілдіру. Қимылбелсенділіктерінарттыру.
9
Қараша айы
І апта
«Бесасық»ойыны
«Бес асық» ойнынын ойнау ережесін түсіндіру. Қол сасак бұлшық еттерін жетілдіру. Қимылбелсенділіктерінарттыру.
10
ІІ апта
«Бәйге»ойыны
«Бәйге»ойнынын ойнау ережесін түсіндіру. Қол саусак бұлшық еттерін жетілдіру.Қимыл
белсенділіктерін арттыру.
11
ІІІ апта
«Атжарыстыру» ойыны
«Ат жарыстыру» ойнынын ойнау ережесін түсіндіру. Қол сасак бұлшық еттерін жетілдіру. Қимыл белсенділіктерін арттыру.
Зейіндерін дамыту.
12
ІҮапта
Ойындарды
қайталап ойнау
Ойындарды қайталап ойнату арқылы ойын
ережесін толық түсіндіру, жаттықтыру.
13
Желтоқсан айы
І апта
Асық тігіпойнау
Асық тігіп ойнау арқылы асықтарды дұрыс тізіп қою, ойын ережесін сақтауға үйрету. Саусақ бұлшықеттерін дамыту. Зейіндерін
дамыту.
14
ІІ апта
«Мерген»ойыны
«Мерген» ойыны арқылы Қолсаусақ бұлшық еттерін дамыту. Икемділік, ептілік, жылдамдық т.б. жетілдіру. Қол саусақ бұлшық еттерін дамыту. Икемділік, ептілік,
жылдамдықт.б. жетілдіру.
15
ІІІ апта
«Асықату»ойыны
«Асық ату» ойнынын ойнау ережесін түсіндіру. Қол сасак бұлшық еттерін
жетілдіру. Қимыл белсенділіктерін арттыру. Зейіндерін дамыту.
16
ІҮапта
Ойындарды
қайталап ойнау
Ойындардықайталапойнатуарқылыойын
ережесінтолықтүсіндіру, жаттықтыру.
-
17
Қаңтарайы І апта
«Тасқала»ойыны
«Тасқала» ойыны қолсаусақбұлшықеттерін дамыту. Икемділік, ептілік, жылдамдық т.б. жетілдіру.
18
ІІ апта
«Бәйге»ойыны
«Бәйге»ойынынойнатуарқылықолсаусақ
бұлшықеттеріндамыту.Икемділік,ептілік, жылдамдық т.б. жетілдіру.
19
ІІІ апта
«Алшы»ойыны
«Алшы»ойынынойнатуарқылықолсаусақ бұлшық еттерін дамыту. Икемділік, ептілік,
жылдамдықт.б. жетілдіру.
20
ІҮапта
Ойындарды қайталапойнау
Ойындардықайталапойнатуарқылыойын ережесін толық түсіндіру, жаттықтыру.
Зейіндерін дамыту.
21
Ақпанайы
І апта
«Атжарысы»
ойыны
Қолсаусақбұлшықеттерін дамыту.
Икемділік,ептілік,жылдамдықт.б. жетілдіру.
22
ІІ апта
«Ханталапай» ойыны
Шапшаңдыққа,зеректіккеүйрету.Саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.
23
ІІІ апта
«Бестабан»ойыны
Ойынарқылыикемділікқасиетерін
жетілдіру.Аяқбұлшықеттерінжетілдіру.
24

25
Наурыз айы
І апта
«Ханболыпшық» ойыны
«Ханболыпшық»ойынережесінтүсіндіру. Қол сауақ бұлшық еттерін, қимыл-
қозғалыстарынжетілдіру.
26
ІІ апта
«Омпы»ойыны
«Омпы»ойыныарқылыикемділік қасиетерін
жетілдіру.Қолсаусақмоторикасындамыту
27
ІІІ апта
«Хан»ойыны
Ханойыныарқылыикемділік қасиетерін
жетілдіру.Қолсаусақмоторикасындамыту
28
ІҮапта
Ойындарды
қайталап ойнау
Ойындардықайталапойнатуарқылыойын
ережесінтолықтүсіндіру, жаттықтыру.
29
Сәуірайы І апта
«Алшы»ойны
«Алшы»ойынережесінтүсіндіру.Қолсауақ бұлшық еттерін, қимыл-қозғалыстарын
жетілдіру.
30

31
ІІІ апта
«Тасқала»ойыны
«Тас қала» ойын ережесін түсіндіру. Қол сасуақбұлшықеттерін,қимыл-қозғалыстарн
жетілдіру.
32
ІҮапта
Ойындардықайтала
ойнау
Ойындардықайталапойнатуарқылыойын
ережесінтолықтүсіндіру, жаттықтыру.
33
Мамырайы І апта
«Тасқала»ойыны (Қайталау)
«Тасала»ойынережесінтолықмеңгеруту. Қол сасуақ бұлшық еттерін, қимыл-
қозғалыстарынжетілдіру.
34
ІІ апта
«Өріс»ойыны
«Өріс»ойынережесінтүсіндіру.Қолсауақ бұлшық еттерін, қимыл-қозғалыстарын
жетілдіру.
35
ІІІ апта
«Шыр»ойыны
«Шыр»ойыныарқылықолсауақбұлшық
еттерін,қимыл-қозғалыстарынжетілдіру.
-
36
ІҮапта
Ойындарды
қайталап ойнау
Ойындардықайталапойнатуарқылыойын
ережесінтолықтүсіндіру, жаттықтыру.
Алшы ойыны
Алшы ойыны- асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет.
Омпа
Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады.Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.Ойынның мақсаты –асық ұту.
Өріс ойыны
Түзу бойына алшы, тәйке кезектесіп тізіледі. Өріске ұзап барып атасың. Кімнің бірінші ататындығы сақаларын қосып, бір ойыншы басынан асыра жергетастайды.Алшытүскенсақаиесібірінші,тәйкеекінші,бүкүшінші,шік төртінші болып атады.Сақа асыққа тиіп «алшы» түссе, тізілген асықты түгел ұтып алады.
Асықты тігіп ойнау
Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып,ортадантөртбұрыштысызықсызады.Солтөртбұрыштыортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы Балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді.
Тасқала
Асықойыныныңендігібіртүрі–«Тасқала».Ойынғақатысушыларғашек қойылмайды.Олар тегіс жерді таңдап алып, шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды.Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді.
Хан
Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі –«Хан» ойыны.Ойынға қатысушыларға шек қойылмайды.Ойынға қатысушылар көнге қанша асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Содан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты
«Хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған ( әр ойыншы не бес, не онасықтанқосуға тиіс)асықты иіретінойынжүргізушісінтағайындапалады. Олжиналғанасықтыортағаекіқолдапиіріптастайбереді.Иіргенасықтардың арасында «Хан» ашық жатса, онда «Ханмен » бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса береді.
Ханталапай
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі –«Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатысушы балалар- дың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңберқұрыпотырады.Ойынжүргізушіқолындағыасықты«Ханталапай»деп ортаға қарай шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жинап алулары керек. Кім азжиыпалса,солжеңілгенболыпесептеледі.Ойынныңмақсаты–балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Құмар
Бұл да - асықпен ойналатын ойын. Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді.Ойынға қатынасушылардың саны 5-6 адамнан аспауы керек. «Құмар» үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойналады. Ойынға төрт асық қажет. Олармұқияттазартылып,түрлі-түстібояуғабоялады.Ойынныңкімніңбірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешіледі. Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айналдыра еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді. Ұтылған адам ұпай төлейді.
Атқапыл
Мұны кей жерде «Көтеріспек» деп атайды.Бұл ойынға екі бала қатысады.Біреуі сақасын иіріп, екіншісі сол сақаны екінші бала өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп апарады.Осылайша екі бала бірінің сақасын бірі атып, бір-бірін кезек-кезек көтерісіп ойнай береді. Бұл ойын балаларды шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге үйретеді.
Иірмекіл
Бұлойынекінемесетөртбалаойнауғаынғайлы.Ойындыекібалаайнаса, тәртібітөмендегідей:әрбалада5-6асықтанболуыкерек.Екеуібір-бірлепасық иіреді. Қай баланың асығы алшы түссе, сол осы екі асықты уыстап алады да жерге жайлап шашып жібереді. Екі асықтың бірі алшы түссе, онны алады. Екінші асықты иіреді. Ол алшы түссе, оны да алады. Бұдан соң екі бала тағы да асықтарын бір-бірлеп иіреді. Асығы алшы түскен бала екі асықты сыпырып алып, жерге тастайды. Сол кезде бір асық алшы, бір асық шіге түссе, екеуінде алады. Осылайша асығы алшы түскен баланың тастаған асығы шіге түсіп отырса, ол ұтысқа ие бола береді.Асық алшы түспей, басқа ыңғайды шіге ұтысқа саналмайды. Екі бала кезек-кезек иіріп отырып, ойынды жалғастыра береді. Бұл ойын балалардың есте сақтау қабілетін арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындарды меңгерудегі іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейлері критерий
Орта тобы.
І деңгей – Балалар ұлттық ойындың аттарын суреттерден атаған кезде үнемі үлкендердің көмегін қажет етеді (Қыз қуу, Көкпар, «Айгөлек», «Арқан тарту» т.б.). Бала ұлттық ойын түрлерін толық айыра алмайды. Ұлттық ойындарды ойнау барысында қызығушылығы төмен.Асық ойындары, т.б. ұлттық ойындарды ойнау ойнау барысында үлкендердің көмегін қажет етеді. Қимыл- қозғалыстары баяу, танымдық қабілеттері төмен.
ІІ деңгей – Балалар ұлттық ойындың аттарын суреттерден атаған кезде кейжағдайдаүлкендердіңкөмегінқажететеді(Қызқуу,Көкпар,«Айгөлек»,
«Арқан тарту» т.б.). Бала ұлттық ойын түрлерінде кейбір ойындарды атауда шатасады. Ұлттық ойындарды ойнау барысында қызығушылығы бар. Асық ойындары, т.б. ұлттық ойындардыойнау барысында үлкендердің көмегін қажет етеді. Қимыл-қозғалыстары қалыпты деңгейде, танымдық қабілеттері орташа.
ІІІ деңгей – Балалар ұлттық ойындың аттарын суреттерден аттарын ойналу жолдарын да түсіндіре алады. (көкпар – атқа мініп ойнайтын ойыны т.б.«Соқыртеке» ойынын ойнағанда Соқыр текенің көзі байланады т.б.).Бала ұлттық ойын аттарын айыра алады. Ұлттық ойындарды ойнау барысында қызығушылығы жоғары, үнемі белсенділік танытып отырады. Ұлттық ойындарға қажетті құралдармен жұмыс істеуді толық меңгерген. Асық ойындары, т.б. ұлттық ойындардыережелерін сақтай отырып ойнайды. Қимыл-қозғалыстары белсенді, ептілік, шапшандық т.б. қасиеттері қалыптасқан.
Ересек тобы.
І деңгей – Балалар ұлттық ойындың аттарын суреттерден атап, ойналу барысынайқанкездеүнеміүлкендердіңкөмегінқажететеді(«Соқыртеке»
«Көкпар», «Орамал тастамақ» «Арқан тарту» т.б.). Ұлттық ойындардың аттарын айтуда, ойнын барысын түсіндіру барысына жиі қателеседі.Ұлттық ойындарды ойнау барысында қызығушылық таныта қоймайды. Ұлттық ойындарды ойнау барысында үлкендердің көмегін қажетсінеді. Қимыл- қозғалыстары баяу, танымдық қабілеттері төмен, шапшаңдық, ептілік т.б. қасиеттері толық жетілмеген.
ІІ деңгей – Балалар ұлттық ойындың аттарын суреттерден атап, ойналу барысын айқан кезде кейде үлкендердің бағыт беруін қажет етеді («Соқыр теке»«Көкпар»,«Орамалтастамақ»«Арқантарту»т.б.).Ұлттықойындардың аттарын атай алады, алайда ойнын барысын түсіндіру барысында қателеседі. Ұлттық ойындарды ойнау барысында қызығушылығы орташа. Ұлттық ойындардыбалаларменбіргеойнайды,ойынбарысындабастырөлдіойнаудан бас тартады.Қимыл-қозғалыстары орташа, танымдық қабілеттері қалыпты, шапшаңдық, ептілік т.б. қасиеттері жетілген.
ІІІ деңгей – Балалар ұлттық ойындың аттарын суреттерден атап, ойнын мазмұнынтүсіндіріпайтаалады.(«Соқыртеке»«Көкпар»,«Орамалтастамақ»
«Арқан тарту» т.б.). Ұлттық ойындардың аттарын атай атайды, ойнын барысын түсіндіріп бере алады. Ойын барысында басты рөлді ойнауға қызығушылығы жоғары. Қимыл-қозғалыстары белсенді, танымдық қабілеттері жоғары деңгейде дамыған, сөздік қорлары мол. Шапшаңдық, ептілік т.б. қасиеттері жетілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБЕИТТЕР
-
Мемлекетбасшысының«Болашаққабағдар: руханижаңғыру» аттымақаласы. Ақорда, 12 сәуір 2017.
-
АймауытұлыЖ. Психология. -Алматы:Рауан,1995-312б.
-
Құлжанова Н.Халқымадепіс-қылдым.-Алматы:Рауан,1993-163б.
-
ҚалиұлыС.Қазақэтнопедагогикасыныңтеориялықнегіздерімен тарихы: оқу құралы. - Алматы: Білім, 2003- 280 б.
-
МидМ.Культураимирдетства.– М.,1988-428б.
-
ДиваевӘ.Игрикиргизскаядетей//Тургайскаягазета.-1905.-№152.
-
Ақсандық,көксандық//Құраст:Ш.Ибраев-Алматы:Жазушы,1988.-255 б.
-
ӘйіпқалиеваГ.Қазақұлттықойындарыныңтоптастырылуыжәне олардың сипаттамасы [Электронды қор] https://oqu-zaman.kz/?p=19202
-
БаделА.Қазақэтнопедагогикасы–тәрбиебасауы.Әдістемелікқұрал. – Нұр-Сұлтан,2020- 226 б
-
БолғанбаевМ. Қазақтыңұлттықспорттүрлері.-Алматы, 1985-81 б.
-
Иманбеков Т. Қазақ балабақшасындағы оқу-тәрбие жұмысында ұлттықойындардыпайдалану(5-7жас):пед.ғыл.канд автореф:13.00.01.-
Алматы,1995.- 27б.
-
Данибекова Ж.Н.Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардыңмаңызы // Білім айнасы. 2018. 22 мамыр.
-
ЖұмабековаФ.Н.Мектепкедейінгіпедагогика.–Астана,2010-336б.
-
Қалиев С.Қ. Қазақтың халықтық тәлім - тәрбиесінің ғылыми - педагогикалық негіздері. - пед.ғыл.докт..баяндама.-Алматы,1996.-656
-
СағындықовЕ. Қазақтыңұлттықойындары.–Алматы,1996-65 б.
-
ТөтенаевБ. Қазақтыңұлттықойындары.–Алматы,1978-144 б.
-
Тяженов Н.И., Рахметов Е.С., Исламбеков М.Қ. «Асық ойыны» факультативкурсыныңбағдарламасы.1-2-сыныптарғаарналған.-Нұр-Сұлтан қаласы: 2020.- 66 б.
-
Омарбекова А.И. Тәрбие — тал бесіктен басталады.- Астана, 2010 - 310 б.
Қосымша-1
Асық бояу әрекетінен көрініс

Қосымша-2
Асық ойындарына көрініс

Қосымша-3
Асықтан жасалған балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған құралдар

Экспериментке қатысушы балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін бақылау критерилері
Орта тобы

ІІ деңгей – Балалар ұлттық ойындың аттарын суреттерден атаған кезде кей жағдайда үлкендердің көмегін қажет етеді (Қыз қуу, Көкпар, «Айгөлек»,
«Арқан тарту» т.б.). Бала ұлттық ойын түрлерінде кейбір ойындарды атауда шатасады. Ұлттық ойындарды ойнау барысында қызығушылығы бар. Асық ойындары, т.б. ұлттық ойындарды ойнау ойнау барысында үлкендердің көмегін қажет етеді. Қимыл-қозғалыстары қалыпты деңгейде, танымдық қабілеттері орташа.
ІІІ деңгей – Балалар ұлттық ойындың аттарын суреттерден аттарын ойналу жолдарын да түсіндіре алады. (көкпар – атқа мініп ойнайтын ойыны т.б.«Соқыртеке»ойынынойнағандаСоқыртекеніңкөзібайланадыт.б.).Бала ұлттық ойын аттарын айыра алады. Ұлттық ойындарды ойнау барысында қызығушылығы жоғары, үнемі белсенділік танытып отырады. Ұлттық ойындарға қажеттіқұралдарменжұмыс істеуді толық меңгерген. Асық ойындары, т.б. ұлттық ойындардыережелерін сақтай отырып ойнайды. Қимыл-қозғалыстары белсенді, ептілік, шапшандық т.б. қасиеттері қалыптасқан.
Ересек тобы

ІІ деңгей – Балалар ұлттық ойындыңаттарынсуреттерденатап, ойналу барысын айқан кезде кейде үлкендердің бағыт беруін қажет етеді («Соқыр теке»«Көкпар»,«Орамалтастамақ»«Арқантарту»т.б.).Ұлттықойындардың аттарын атай алады, алайда ойнын барысын түсіндіру барысында қателеседі. Ұлттық ойындарды ойнау барысында қызығушылығы орташа. Ұлттық ойындардыбалаларменбіргеойнайды,ойынбарысындабастырөлдіойнаудан
бас тартады.Қимыл-қозғалыстары орташа, танымдық қабілеттері қалыпты, шапшаңдық, ептілік т.б. қасиеттері жетілген.

«Арқан тарту» т.б.). Ұлттық ойындардың аттарын атай атайды, ойнын барысын түсіндіріп бере алады. Ойын барысында басты рөлді ойнауға қызығушылығыжоғары. Қимыл-қозғалыстары белсенді, танымдық қабілеттері жоғары деңгейде дамыған, сөздік қорлары мол. Шапшаңдық, ептілік т.б. қасиеттері жетілген.
0
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУ»

шағым қалдыра аласыз