400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ұлттық ойын бой сергітер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық ойын бой сергітер

(Ұлттық ойындардан сайыс)

Мақсаты: 1). Балалардың алған білімдерін шыңдай отырып, бойларындағы ептілік қасиеттерін, күш-жігерін, ынтасын, дене қуатын, белсенділіктерін дамыту.

2). Бір-біріне деген сенімділікке, топтық бірлікке, өз өнерлерін көрстет білуге тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау.

3). Тапсырмаларды орындау барысында бұлшық еттердің жұмысына, тыныс алу жолдарының дұрыс қалыпты жұмыс жасауына мән беріп қимыл-қозғалысты жетілдіруге үйрету.

Қажетті құралдар: кегльдер, арқан, теңгелер, ағаш аттар, велосипедтер, сомокаттар, төсбелгілер.

Оқу қызметі: Дене шынықтыру.

Әдістері: ойын, еліктеу, топтасу, ой қозғау.

Жүру барысы:

  1. Дене шынықтыру нұсқаушысы:

  • Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін бізде «Ұлттық ойын – бой сергітер» тақырыбында естиярлар тобы арасында ұлттық ойындардан жарыс өтпекші, сіздерге өз шәкірттеріміздің белсенді әрекеттері мен білік- дағдыларын көрсетеміз. Ендеше, сол топтарды ортаға шақырып, амандасайық.

  • Қуаттанып ортаға,

Жиналыңдар балалар.

Ойын ойнап жарысса,

Қай топ алға шыға, алар?

Ортаға «Тұлпар» тобын шақырамыз. (Әуенмен балалар тәрбиешісімен бірге залға кіреді, өңірлерінде төсбелгі).

Тәрбиеші: Біздің топ!

Балалар: «Тұлпар»

Тәрбиеші: Біздің ұран!

Балалар: Тұлпардай біз шабамыз,

Алыстарға барамыз!

Дене нұсқаушысы: Жарайсыңдар, балалар. Ендігі кезектегі «Қыран» тобын ортаға шақырайық. («Қыран» тобы балалары тәрбиешісімен залға кіреді).

Тәрбиеші: Біздің топ!

Балалар: Қыран!

Тәрбиеші: Біздің ұранымыз!

Балалар: Қыран тобы алға,

Биіктерге самға!

Дене нұсқаушысы: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін біздер өздеріміздің мықты, епті, күшті шапшаң екендігімізді көрсетеміз. Бәріміз бірге ұлттық ойындарын ойнап, көңіл көтереміз. Сол үшін де ортадағы «Тұлпар» және «Қыран» топ-тарына қошемет көрсетіп, әділқазылар алқасын сайлап алайық.

(Әділқазылармен таныстырып, ойынның шарттарын түсіндіреді) Ойын бірнеше бөлімнен тұрады.

І-бөлім. «Көрсете біл өзіңді»

(Эстафеталық жарыс. Кедергілер арасынан велосипедпен өтіп жарысу)

ІІ-бөлім. «Епті болсаң ерінбе»

Ұлттық ойын: «Теңге алу»

(Екі топ жарысып, алған теңгелері арқылы ұпайы белгіленеді)

ІІІ-бөлім. «Тапқыр болсаң тауып көр»

(Қойылған сұрақтарға тез жауап береді)

1-сұрақ: «Үй жануарларын ата».

2-сұрақ: «1-ден 5-ке дейін тура және кері сана»

3-сұрақ: «Бағдаршамда қандай түстер болады?»

ІV бөлім. «Секірейік доппенен»

(Секіртпе доппен эстафеталық жарыс)

V бөлім. «Күштілерше сынассақ»

«Арқан тартыс» ойыны.

VІ бөлім. «Білекті бірді жығар»

«Итеріспек» ойыны.

(Топ басшыларының сынағы)

VІІ бөлім. «Өнерлі өрге жүзеді».

Әр топ ортаға шығып өнерлерін көрстетеді. Әділқазылар бағасын беріп, жеңімпаз топты жария етеді. Марапаттаулары ұсынылады. Балалар әуенмен залды айнала жүріп, тыныс алу жаттығуларын жасап, тәрбиешілермен бірге қоштасып шығып кетеді.

































«Ақ шағала балабақшасы» МКҚК









Эстафеталық жарыс



«Ұлттық ойын-бой сергітер»

(естиярлар тобы)

Дене тәрбиесінің нұсқаушысы: М.М. Садуова















Жыңғылды, 2014 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі