Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ұлттық ойын-халық мұрасы.
Мақсаты : Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ қыз қуу ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Міндеттері:
1.
Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын
дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау
қабілеттерін,
ойын кезінде саусақ моторикасын дамыту.
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге,шапшаңдыққа,ептілікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің түрі: аралас ойын
Оқу іс-әрекетінің әдісі: Әңгіме,ойын,жарыс түрінде
Көрнекілік: ұлттық ойындардың суреттері,арқан,тақия, асық,аттар,
Балалар шеңберге тұрады.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қонақтар келді. Келген қонақтармен амандасайықшы.
-Сәлеметсіздер ме?
«Жүректен жүрекке» шеңбері:
–Адамдар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады. Ендеше, «Жүректен жүрекке» деп аталатын шеңбер құрайық.
Бір-біріне жақсы сөздер айтады.
- Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан
- Қазақстан көп ұлтты Мемлекет. Бірлігіміз жарасып тату тәтті өмір сүріп жатырмыз.
- Қазақстан Республикасында қандай ұлттар тұрады ?
- Орыс , неміс, өзбек, корей, армян, қазақ т.б.
- Балалар қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?
- Тақия, шапан, желет, мәсі, камзол , сәукеле т.б.
- Ал балалар өздерін қай ұлттың киімдерін киіп отырсыңдар?
- Әрине дұрыс айтасыңдар. Қазақтың ұлттық киімдерін.
Әдемі киініп келген екенсіңдер!
Өткенді қайталау
Жыл мезгілі туралы сұрақтар қою:
-Бізде қазір қай жыл мезгілі?
-Дала қандай,қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші?
-Қар туралы сұрақтар қою /суға айналады ,дәмі жоқ,түсі жоқ/
Мамандықтар туралы білімдерін бекіту.
Сұрақтар қою.
-Қандай мамандықтар иесін білесіндер?
Жеке-жеке тоқталып айту.
Жаңа сабақпен таныстыру. Суреттер көрсете отырып, балаларды ұлттық ойындармен таныстыру.Слайд көрсету.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетінің ерекшелігі біз топ болып жарысамыз.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие,тәлім табар ма?
Бұл бәйге –ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда-дегендей оқу қызметіміз жарыс түрінде өтеді.
Балаларды төрт топқа бөлемін.
1 топ:Мергендер
2 топ: Жүйріктер
3топ:Білімділер
4топ: Ақылдылар
Топ басшыларымен танысу.
Бибінұр:
Біздер шымыр жүйрік те
Ойынменен шынықтық.
Еп қана емес бірлікте
Керек екен соны ұқтық.
Алия:
Бәйге міне басталды,
Қосылдым мен шетінен
Озып шықсам егерде
Анам сүйер бетімнен.
Сағым:
Атты баптап
Түсеміз біз көкпарға
Күш болмаса өзіңде
Қаларсың аунап көк шаңға
Айша :
Ал,қанекей,келіңдер
Тамашаны көріңдер
Бізде қызық ойын бар
Барлығың ден қойыңдар.
Тосынсый: Атқа мінген бала шауып келеді.
-Алақай,алақай!
Мен осы топта жарыс болатынын естіп келдім мен де өз білімімді көрсетейін деп едім болама?
-Болады әрине.
Қоржыннан нөмірленген асықтарды алу.
1 тапсырма: Сурет қарап мақал-мәтел айт
Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей
Өзен көркі –тал,
Ерді көркі –мал
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
2 тапсырма: Мақал-мәтелдерді аяқта.
Отансыз адам,ормансыз......./бұлбұл/
Ата ағаш,бала......./жапырақ/
Туған елдей ел болмас......../Туған жердей жер болмас/
Жолдасын тастаған – жолда қалар.
3 тапсырма: Тіл ұстарту жаттығулары
Ай,ай,ай
Ұшып кетті торғай
Пай,пай,пай
Жүгіріп жүр тай
Жағажай,жағажай
Жағажайда қамажай
Шек – шек – шек,
Шығады бәйшешек.
4 тапсырма: Жұмбақтар шешу.
Қабат қабат қаттама,
Ақылың болса аттама /Кітап/
Қараңғыда жымыңдайды,жанады
Жарық түссе,бірден сөніп қалады./Жұлдыз/
Ағайынды бәрі
Шықса-көк
Түссе-сары. /Жапырақ/
Құс сияқты, құс
емес,
Самғап ұшқан
биікке.
Қанаты бар
қақпайды,
Жүрсе де сондай
биікте.
Ұшақ
(Самолет)
-Жақсы балалар,енді келесі тапсырмаларымызды алып орындауға кірісейік.
Топ басшылары ноутбуктен видеолар көріп сол көрген ойындарының ойын шартымен таныстырып, топтарымен ойынды ойнап көрсетеді.
Дайындық барысында балалар топпен санап береді.
1-10 дейін тура және кері санау
Орысша,ағылшынша
1 топ «Қыз қуу»
2 топ «Қол күрес»
3 топ «Арқан тарту»
4 топ «Тақия тастамақ»
Әр тапсырманы орындап отырған топтарға асықтың суретінен қоржындарына салып отырамын.
Шығармашылық тапсырмалар орындау.
Бекіту
- Балалар сендерге қазақтың ұлттық ойындары ұнады ма?
Иә
- Жарайсыңдар!!!
Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнадық?
Тақия тастамақ, Қол күрес, Қыз қуу,Арқан тарту.
- Жарайсыңдар!
- Ойын ойнаған ұнай ма?
- Иә, ұнайды
Би «Қара жорға» /Асықтармен/
Ата-аналармен ұйымдастырылған көрмені тамашалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлттық ойын-халық мұрасы"

шағым қалдыра аласыз