Ойын сабақ:
«Ханталапай»
Мақсаты: қазақтың ұлттық ойындарын
дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық , тапқырлық, ептілік
қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
- топта жұмыс істей білуін
қалыптастыру;
- патриоттық сезімдерін және
Отанға , туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін
ояту.
Ойын
ережесі:
Ойынға қажетті заттар: ойын
бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш,жалпы саны 100-ден көп емес қой
малының асықтары,ұлттық нақышпен өрнектелген қоржын, алдын ала
дайындалған тапсырмалар.
Ойынды ұйымдастыру
кезеңі:
- ойын ережесімен
таныстыру;
- балаларды дөңгелетіп
отырғызу;
- балалардың көңіл-күйін
ойынға бейімдеу;
- ойын басталатынын
жариялау;
Ұлттық ойындар туралы
мағлұмат беру:
Қазақтың ұлттық ойындары бес
түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі
заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет
ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің
ежелден қалыптасқан , балаларды еңбекке баулиды, ширықтырып,
шынықтырады.
Тәрбиеші:
Бүгін ұлттық ойындардың бірі
«Ханталапай» ойынымен танысып, ойнауды
үйренеміз.
Ойын
ережесі:
Балаларды текемет үстіне
дөңгелете отырғызу.
Талапай-ау,
талапай
Табылды ойын алақай. Балалар
тәрбиешімен бірге қайталайды.
Тәрбиеші қоржындағы асықтарды
ортаға балалардың алдына шашады.
Балалар «Ханталапай» деп
асықтарды бөлісіп алады. Жинаған асықтарын
санайды.
Әр балаға ойынға 5асықтан
тігіп, хан асығы қолына түскен бала ойынды бастайды. Ортадағы
тізілген асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе
алмай қалған жағдайда жүргізушінің сұрақтарына жауап
береді.
(Тәрбиеші алдын ала дайындаған
сұрақтарын қояды.)
Тапсырмаға дұрыс жауап берсе
ол бала келесі асықты атады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда
кезегін келесі балаға береді. Егер бала сұраққа жауап бере алмаса,
басқа балаға жауап беруге болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі
дұрыс жауап берген балаға беріледі.
Осылайша ойын жалғаса береді.
Ойын соңында асығы көп бала жеңімпаз
болады.
Сергіту
жатығуы:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз шынығып алайық.
Ойнымызды
бастайық.
Тәрбиеші: Балалар ойын шартын
түсіндіңдер ме? Ендеше ойынымызды
бастайық.
Балалар ойын ережесін сақтап
ойнайды.
Қорытынды.
Ойын соңында өзінің
ептілігімен, тапқырлығымен, мергендігімен көзге түсіп, көп асық
жинаған балалар «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала»
номинацияларымен марапатталады.
КМҚК «Шапағат» ясли
бақшасы
«Ханталапай» ұлттық
ойыны
интеллектуалдық ойын
сабақ

Дайындаған: Нурманова
А.