Ұлттық ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ұлттық ойын түрлерімен танысытру. Ойынға қызығушылығын арттыру. Шапшандыққа, тапқырлыққа, сөздік қорын молайтуға, адамгершілікке, имандыққа тәрбиелеу. Жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау және әрі қарай дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тиақырыбы: Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты: Балаларды ұлттық ойын түрлерімен танысытру. Ойынға қызығушылығын арттыру. Шапшандыққа, тапқырлыққа, сөздік қорын молайтуға, адамгершілікке, имандыққа тәрбиелеу. Жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау және әрі қарай дамыту.Тақпақ түрінде берілген табиғат құбылыстарын салыстыра білуге, есту, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: орамал, қоржын.

Сабақтың барысы: Балалар сыныпқа әуен ырғағымен кіреді.

Мұғалім: Балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті. Кәне қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Мұғалім:Балалар мен сендерге бүгінгі күндерің нұрлы болсын, көңіл күйлерін жақсы болсын, сабақтарың жақсы өтісін деп тілеймін!

Балалар: Армысың қасиетті аспан – ата,

Армысың мейірімді жер – ана.

Армысың шұғылалы күн шуағы,

Армысың балабақша, достарым.


Мұғалім: Енді балалар біздің қонақтарымыз көңілді отырсын деп жылы лебіздерімізді білдірейікші.

Балалар: Алақандарын ашып, ауыз тұсына апарып жай ғана үрлейді.

Осы кезде есік қағылып кішкентай Аружан келеді.

Мұғалім: Ой, балалар қараңдаршы, бізге кішкентай бүлдіршін Аружан қонаққа келіпті. Сендердің жаттығуларың мен ойындарыңды көріп үйренемін дейді. Қолында қоржыны бар екен. – Кәне, Аружан, ішінде не бар көрсетші бізге?

Аружан: Орамал, көзді таңатын орамал бар.

Мұғалім: Енді осы заттарды біз сабақта қалай пайдалатынымызды көрсетейік. Аружан үйреніп алсын. Ал ендеше жаттығуымызды бастайық.

Балалар: Шындықтырып денені,

Тісін жуып, тазалап.

Бақшасына келеді,

Міне үлкен азамат.

Орамалы қалтада,

Үсті - басы таза ма?

Отыр алғы партада,

Міне үлкен азамат.






Мұғалім: Енді шеңбер жасап жүреміз.

  1. Қолды белімізге қойып, кеудені тік ұстап аяқтың ұшымен жүреміз.

  2. Қолымызды желкемізге қойып, кеудені тік ұстап өкшемен жүреміз.

  3. Қолды жанымызға қойып тез – тез жүреміз.

  4. Қолды жоғары көтеріп «ап» деп демді ішке тартып, «уп» деп шығарамыз. Қолымызды түсіреміз.


Мұғалім: Енді орамалды пайдаланып, біз күнделікті апа –аталарымыцздың жасап жүрген жаттағуларын да жасап көрейік.

  1. Қолымызды алға созып, тізені тізені тіке ұстап орамалды оғары – төмен түсіреміз.

  2. Орамалды жерге жайып, тізерлеп отырамыз. Басымызды «бір» дегенде орамалға тигізіп, «екі» дегенде көтереміз.

  3. Ұл балалар қолдарын құлақ түбіне, қыз балалар қолдарын кеудесіне қойып оңға және солға басымызды бүрамыз.

  4. Енді балалар «бес саусақ» санамақ айтамыз.

Балалар: Оң қолымда «бес» саусақ,

Сол қолымда «бес» саусақ,

Бәрін қосса «он» саусақ.

Мұғалім: Ой жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз отырамыз. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем.

Мұғалім: Көктемнен кейін қай мезгіл болады?

Балалар: Жаз.

Мұғалім: Жазда біз не істейміз?

Балалар: Ауылға барамыз, суға түсеміз, орман, тоғайларды көреміз.

Мұғалім: Олай болса, балалар, ауылға барғанда, бақтарды аралағанда төмен өскен ағаштар болады. Олардан қалай өту керек?

Балалар: Еңкейіп, басыңды бұғып өту керек.

Мұғалім: Ал шалшық су кездескенде ше?

Балалар: Секіріп өту керек.

Мұғалім: Ондай кедергілерден біз өтуге дайынбыз ба, көрейікші?

Балалар екі қатарға тұрғызылып қойылған доға мен құрсаулардан секіріп өтулері керек.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Сендер жақсы секіреді екенсіңдер. Мен сендерге «соқыр теке ойынын үйретемін»


Ойынның шарты түсіндіріледі.

  1. Қаламақ айтылады.

  2. Ортаға бір бала шығып тұрып, көзін байлап тақпақ айтқан баланы даусынан танып ажырату керек.


Мұғалім:Жарайсыңдар балалар. Сендер бәрің тапқыш екенсіңдер,тақпақты да көп біледі екенсіңдер, ойынымызды сәл тоқтатып тұрып Аружанның кететін уақыты болып қалыпты.Аружанға кетер алдында бір жұмбақ жасырайық.

Балалар: Тікерейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады,

Бойын жазып, керіліп,

Беті қолын жуады. (мысық)



Мұғалім: Енді Аружанмен қоштасайық.

Мұғалім: Сау бол, Аружан!

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымызды аяқтап, қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыздар.

Балалар сыныптан музыка әуенімен шығып кетеді.

























Тәрбие сағаты


Тақырыбы:

Ұлттық ойындар




Нургаина Ф.О


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
449
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі