жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұлттық ойындар"
Ұлттық ойын - салауатты өмір негізі
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік:
Ұлттық
ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре
отырып, жарыс түрінде көрсетіп,
қызығушылықтарын арттыру
Ол
ойындар жасөспірімдер мен жастардың
бос уақытын көңілді өткізуіне,
денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін
тигізумен қатар, олардың халқымыздың
әдет-ғұрыптарын, салт-санасын біліп
өсерлеріне, тілін дамытуға да
жәрдемдеседі.
Тәрбиелік: Оқушыларды
шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке,
жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу.
Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес
байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық
ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын
шыңдай түсуге тәрбиелеу
Дамытушылық:
Оқушылардың ой өрісін, таным қабілеттерін
дамыту.
Көрнекіліктер:
Ұлттық
ойын түрлері салынған сурет, слайдтар,
ұлттық ойынға байланысты буклет,
Нақыл
сөз:
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен - ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой, ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп атап өткен.
Манашыұлы
Тұяқпай өз жырында: «Балалар ойнайды,
ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды»
- деп түйіндейді.
Жоспар:
І Бөлім. Мұғалім сөзі.
Оқушылардың ұлттық ойын туралы ойлары
ІІ Бөлім. Ұлттық ойындар сайысы
Оқушыларды топқа бөлу. Топты таныстыру (әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін таныстыру)
2. Жамбы ату.
3. Аударыспақ
4. Ұшты-ұшты
5. Теңге алу
6. Асық ойыны
7. Білектесу (қол күрес)
8. Мыршым-мыршым
Тәрбие сағатының барысы:
І Ұйымдастыру
Мұғалім:
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.
Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.
Сол себепті біз осы тәрбие сағатымыздың тақырыбына ұлттық ойындарды таңдадық.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар:
аңға байланысты,
малға байланысты,
түрлі заттармен ойналатын,
зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін,
соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
1-оқушы:
Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек,
аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше
қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
2-оқушы:
Малға байланысты ойындар: аларман (қойға
қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан,
көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
3-оқушы:
Түрлі
заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ,
аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік,
алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ,
арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек,
асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ,
батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс,
дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу
көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны,
күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау,
қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік),
монданақ, орамал тастау, сақина жасыру,
сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ
жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу,
түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік,
хал қалай?
4-оқушы:
Зеректілікті,
ептілікті және икемділікті қажет ететін
ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума,
аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап,
бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс,
бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу
жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза,
қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық,
орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап,
тасымақ, тасымалдау, тең көтеру,
тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі
кім?, шымбике.
5-оқушы:
Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.
6-оқушы:
Ұлт
ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен,
өткен мен бүгінгіні байланыстыратын
баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің,
күнделікті тұрмысқа пайдаланудың
заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге
пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан
өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық
қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса
береді.
7-оқушы:
В.Н. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті , ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған , дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»
ІІ.
Негізгі бөлім
1.Оқушылар жеребе арқылы екіге бөлініп, екі топқа бөлінеді. Әр топ сол жерде өздеріне ат қойып, топтарын таныстырады.
Қатысушы мұғалімдерден қазылар алқасы сайланады.
2.Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың екінші бөлімі сайыс түрінде жалғасады. Бұл сайыстар төмендегідей ұлттық ойын турларынан құралған:
1.
Жамбы ату.
2. Аударыспақ
3. Ұшты-ұшты
4. Асық ойыны
5. Білектесу (қол
күрес)
6. Мыршым-мыршым
.
***************************************
Сайысымыздың
1- ші туры «Жамбы ату»
Бұл сайыс
мергендер сайысы. Үлкен тойларда арнайы
жүлде тағайындалып өткізіледі. Жамбыны
атып түсірген адам жүлдеге ие болады.Үлкен
тойларда жаяу немесе ат үстінен сырық
басындағы теңгені атып түсіру.Ойыншы
садақ жебесін нысанаға әрі тез дәл
тигізу керек.Біздің ойыншыларымыз ілулі
тұрған теңгені көздеп атады.Жебесі дәл
тиген жағдайда ұпайға ие
болады.
********************************************
Келесі
турымыз «Аударыспақ» деп аталады. Өте
көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының
ұлт ойындарының бірі. «Аударыспақ»
ол –қазақ халқының арасында кеңінен
тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт
жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан
аударып тастауға тырысады.
Екі топтан
4 оқушы шығып осы аударыспақ ойынын
көрсетеді. Қай топ жеңсе сол топқа ұпай
қосылады.
****************************************
Сайысымыздың
келесі 4-туры «Ұшты-ұшты» ойыны. Бастаушы
оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін
тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды
араластырып айтады. Шарт бойынша
ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын
көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа
қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін
көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз
жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген
жағдайда ұпайға ие болады.
Екі топтан оқушы шығып, қарсылас топтың
ойынын жүргізеді.
Ұшты-ұшты – тарғақ
ұшты
Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
Ұшты-ұшты
– үкі ұшты
Ұшты-ұшты – түлкі
ұшты
Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты
–үйрек ұшты
.Ұшты-ұшты – кекілік
ұшты
Ұшты-ұшты – кекілің ұшты
Ұшты-ұшты
– іркіт ұшты
Ұшты-ұшты – бүркіт
ұшты
Ұшты-ұшты – ебелек ұшты
Ұшты-ұшты
– көбелек ұшты
Ұшты-ұшты – қызғыш
ұшты
Ұшты-ұшты – сызғыш ұшты
Ұшты-ұшты
– тырна ұшты
Ұшты-ұшты – тырма ұшты
***************************
Ойынымыздың
келесі туры «Теңге алу»
Ертеден келе
жатқан қазақтың ұлттық ойындарымыздың
бірі – «Теңге алу».Теңге ілу де ат
спортына жататын ойынның бірі. Теңге
алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Жерде
жатқан теңгені атпен шауып келе жатып
іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат
құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені
талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға
бәйге беріледі. Ертеде үлкендігі ақ
тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық
майда ақшаларды салып қоятын болған.
Сондай
кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп
әкететін адам жеңімпаз атанады.
Енді
біздің сайыскерлеріміз шеңбер ішінде
тұрған теңгені бір оқушы, бір оқушыны
арқалау арқылы тез жүгіріп барып,
шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек.
Екі топтан оқушы ортаға шығады.
****************************************
Жүргізуші:Сайысымыздың
келесі 6-туры «Асық ойыны». Ұлттық
ойындары көбінесе әр халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайларына
, шаруашылық мүмкіндіктеріне байланысты
қалыптасады.Асық ойындары ұлт ойындарының
ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің
бірі болып табылады. Асық ойыны баланың
жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап,
оларды дәлдікке , ұстамдылыққа,
байсалдылыққа тәрбиелейді. Ал енді
сайыскерлерімізбен асық ату ойынын
бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты
түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып
алса, сонша ұпайға ие болады.
**************************************
Сайысымыздың
келесі бөлімі «Білектесу» деп аталады.
Бұл
ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір
столдың шетіне қарама-қарсы отырған
екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға
қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра
мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын
әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып
алады. Осылай ұстасып алған екі палуан,
ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын
сол орынынан қозғамай, қарсысындағы
палуанның тіреулі қолын шалқасынан
түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған
палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің
жетілуіне көмектеседі.
Ойынды әрі
қарай жалғастыру үшін екі топты ортаға
шақырайық.Екі топтан бір-бір ойыншыдан
шығып күш сынасады
************************************
Сайысымыздың
соңғы туры «Мыршым-мыршым».
«мыршым-мыршым»
ойыны өте ертеден қалыптасып келе
жатқан, көбінесе ойын-сауық кештерде
ойналатын ойын.Ойыншылар қаншалықты
көп болса, ойын соншалықты қызықты
болады. Ойынға
қатысушылардың жас мөлшеріне қарамай
қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші
ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін
бір ойыншыны шығарады.Отырған ойыншылардың
біреуінің аузына тиын салынады. Қалған
ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе
жоқ.Ойын жүргізуші айтқан Мырым-мырым
деген сөзді қайталайды. Ойыншының
аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл
ойынның негізгі мақсаты оқушыларды
байқампаздыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Оқушыларымыз осы ойынды
ойнау үшін ортаға 1-ші топты шақырамыз.Біздің
ойыншыларымыз ауыздарына 2 түйір конфет
салып алып мырым-мырым деп айтып
отырады.Келесі топтан бір оқушы шығып
қай оқушының аузында конфет бар екенін
табуы керек. Тауып алса ұпай алады. Екі
топ кезекпен ойынға шығады
Тәуелсіз
тойға арналған,
Бүгінгі бәйге
қандай-ды!
Кім
келеді екен алдыда,
Жарыс пен жүйрік
таңдайды.
Осы өткізіліп отырған
сайысымыздың бағасын беру үшін әділқазы
алқасына сөз береміз.
Мәңгі толы
қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып
тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып
тастаған
Ғажап екен әдебі мен
ғұрыбы
Бүгінгі Тәуелсіздіктің
орай Мәдени мұра бағдарламасының бір
бөлігі аясында өткізіліп отырған
«Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың
мәдени асыл мұрасы» атты сайысымызды
аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген