15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ұлттық ойындар
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеумет», «Денсаулық»
Тақырыбы: « Ұлттық спрорттық ойындар алаңына саяхат»
Мақсаты:
Білімділік
- Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай
қалыптасқандығы,
оның атадан балаға,
үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып
отырғандығы туралы мағұлмат
беру.
Дамытушылық
-
Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре
отырып, ойын түрлерін
көрсетіп,
қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік
- Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес
байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық
ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын
шыңдай түсуге тәрбиелеу.
Әдістемелік-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: тақия, орамал, слайд,ат.
Қостілдік компонент:ат- лошод, қақпа-ворота,
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық-ояту бөлімі
|
Амандасу.(Үш тілде) -Балалар бүгін бізде ерешке сабақ болады. Есік қағылып Батыр кіреді. Сәлеметсіздер ме балалар? -Сендер менімен ұлттық ойындар алаңына барғыларын келе ме? -Ендеше бәріміз атқа мінейік. Жолда бізге көптеген кедергілер өтуіміз керек.Жұмбақтарымен тапсырмаларын орындаймыз. |
Амандасу . Назарын аударту. Тосын сый кіру. |
Ізденушілік-ұйымдастыру бөлімі
|
1 -Қақпа. «Ұлттық ойындарды ата». - Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі. Қазақтың ұлттық ойындарын айту. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.Ұлттық ойындар түрлері көп. Сол ұлттық ойындардың бірі. Ойын:«Соқыртеке» Ойын шарты:Бұл ойынды қыздарды ұлдарды ойнайтын ойынның бірі.Бұл ойында бір баланың көзі байлаулы болады.өлең жолын атады.Ұстап алған баланың ұл не қыз екенің айтады. 2-Қақпа .Жұмбақ шешу. Сырт жағына зер жiппен, Көз тартатын көрiкпен. Ою-өрнек бастырған, Шалқасынан тастаған, Кәдiмгi сырлы тостаған, Қойсаң егер төңкерiп, Төңiрегiн көмкерiп, Тостағандай бос тұрған, Киiз үйден аумайды, Басқұрмен бастырған. (Тақия) Ойын:«Тақия тастамақ» Ойын шарты: Тақия таспамақ ойының бұл ойынды ұлдармен қыздар ойынайтын ойын. Тақия тастмақ ойыны шеберде отырып ойналатын ойын.Бір бала шеңберді айналып жүріп бір баланың басына кигізеді. Бұл тақияны тек ер адамдар киеді. 3-Қақпа . Тақпақтар айту. Алинур:
Ала алмасаң теңгені. Санжар:Кімнің
көзі қырағы Расул:
Атты баптап Ойын:«Көкпар». Ойын шарты: Ат үстінде ойналатын ойын. Бұл ойынға 10-15 бала ойнайды. Ортада шеңберде жатқан көкпарға таласады.Кім бірінші көтереді сол жеңімпаз болады. 4 -Қақпа . «Мақалдар айту» Денсаулық туралы. Батыр.Ауру
жайын баққан біледі, Ділназ:Денсаулық- зор байлық. Аян:Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде. Тоқжан: Аурудың жақсысы жоқ. Дәрінің тәтісі жоқ. Саусақ ойыны:«Қуыр-қуыр қуырмаш» Ойын шарты: Бұл саусақ ойыны. Міне басты бас бармақ Қолдағы үлкен саусақ. Ол барады жылқыға Құлындарды бағуға. Балаң үйрек саусақ. Бұзау бақташқа ұқсап. Бұзауларға жол көрсет. Ауылға кел құт берекет. Ал түйге бар қара. Ортан тере ойнама. Ботақадар жоғалса. Әжелердің айқасы. Шылдыр шүмек асыға. Қошақандарға бар қара Қасқырлардан қорғап. Қораға алып кел жинап. Кішкентай бөбек саусақ Сенің жұмыссын қайда. Менің тірлігім осында. Ойнап жүрмін шаршамай.. 5 -Қақпа . «Жұмбақ шешу ». Дөңгелек пішінді. Қыз қызығар өзіне. Шылдыр шүкекке киер көзі. Өзіндік бар кезі. Ойын: «Ақ» Ойын шарты:Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. -Міне балалар біздер ұлттық ойындар алаңына жеттік. Бұл алаңда бізге ойындарды құрастыру. Ойын: «Қазақтың ұлттық ойындар» Ұлттық ойындарды ата және оның құралдарын тап. -Міне балалар біздер ұлттық ойындарды білеміз. -Енді балабақшаға ораламыз. |
Ұлттық ойындарды атау.
Ойын шартымен ойнау.
Жұмбақ шешуін табу.
Ойын шартымен ойнау.
Тақпақтарды мәнерлеп айту.
Ат үстінде ойнауы.
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту.
Саусақ ойындар сөзбен қайталап жасау.
Жұмбақтың жауабын шешеу.
Ұлттық ойынға қажетті құралдар.
|
Рефлексивті-түзету Бөлімі |
-Балалар біздер қандай ойындар ойынадық? -Қазақтың ойындарын атадық? -Батырмен қайда бардық?
|
Сұрақтарға жауап беру. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ұлттық ойындардың түрлерін біледі.
Игереді: Ұлттық ойындардың шарттарымен ойнау дағдысын игерді .
Үйренеді: Ұлттық ойындарды құралдарымен ойнауды үйренеді.
«
Батыс
Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің
білім беру бөлімінің Ақсай қаласының
№ 3 «Гүлдер» бөбекжайы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тақырыбы:
«Ұлттық спорттық ойындар алаңына саяхат
»
(Танымдық спорттық ұлттық ойындар
ұйымдастырылған оқу қызметі.)
“Шырайгүл” ортаңғы тобы.
Тәрбиеші: Такушева К.Е
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
Муканова А.З
2017 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген