Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлттық ойындар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
2023жыл
«ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРАТАЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «БАЛБӨБЕК» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Бекітемін:
МКҚК «Балбөбек» бөбекжай- балабақша меңгерушісі
__________М.Ж.Наренбаева
Авторлық бағдарлама «Асық ойыны»
«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Бектемисова Құралай Қанабекқызы
Үштөбе 2023 жыл
Құрастырушы: Бектемисова Құралай Қанабекқызы
МКҚК «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Кез-келген спорттық ойындардан кем түспейтін асық ойынының жас ұрпаққа берер тәрбиелік маңызы да зор. Ойынның бұл түріне жас жеткіншектің ықыласы оянып, қызығушылығы артары да сөзсіз.
Бұл жұмыста бірқатар асық ойынының түрлеріне толық түрде талдау жасалып, жан-жақты түсінік берілген. Әр тәрбииеші балалардың деңгейіне байланысты асық ойындарын таңдай алады. Ойынды ойната отырып, топ аралық, балабақша аралық жарыстар ұйымдастыруға да болады.
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілерге және үйірме жетекшілеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Мазмұны
І.Түсінік хат 4
ІІ.Кіріспе. Асық ойынының шығу тарихына шолу 5
ІІІ.Негізгі бөлім.
3.1. МАД тобы оқушыларына арналған үйірме сағаттарын бөлу кестесі
мен асық ойынының үйірме жұмысына арналған күнтізбелік жұмыс
жоспарлары мен сабақ жоспары 7
3.2. Анықтама 14
3.3.Асықтың түрлері 15
3.4.Асықтың атаулары 15
3.5.Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер 15
3.6.Ойын түрлері. «Хан болып шық» ойыны .17
3.7 «Ұтыс» ойыны 19
3.8 «Омпы» ойыны 21
3.9 «Арқаласпақ» ойыны 22
3.10 «Атжарыс» ойыны 22
3.11 «Бес асық» ойыны 25
3.12 «Барыңды сал» ойыны 26
3.13. «Ханталапай» ойыны 26
3.14. Киім алғыш 28
3.15. Бес тас 28
3.16. Тәйке ойыны 28
3.17. Шықетер 29
3.18. Шыр ойыны 29
3.19. Шік-бүк ойыны 30
3.20. Өріс ойыны 31
3.21. Асық тігіп ойнау 31
3.22. Тас қала 32
3.23.«Құмар» ойыны 32
3.24. Иірмекіл 33
3.25.Қақпақыл 33
3.26. Бәйге 33
IV. Қорытынды. Асық ойындарының балаға беретін тәрбиелік маңызы 34
V. Пайдаланылған әдебиеттер 36
Түсінік хат
Бағдарлама бағыты: Ұлттық ойын.
Тәрбие бағыты: Асық ойынының түрлерін үйрету арқылы эстетикалық, патриоттық, мәдени тәрбие беру.
Мақсаты: Ұлттық асық ойынын жандандырып, жоғары деңгейде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызуғушылығын қалыптастыру.
Шығармашылық, ізденпаздық, ойлау қасиеттерін дамыту, шыдамдылықтарын арттыру, ұжымдасып жұмыс істеуді қалыптастыру. Асық ойынын жоғары деңгейде меңгертіп, ойлау стилі мен рухани мәдениеті қалыптасқан, өмірде өз орнын табатын, эстетикалық сауатты тұлға тәрбиелеп, даярлау.
Міндеті: Мектепке дейінгі ұйымның денешынықтыру ұйымдастылған іс –әрекетінде алған білімдерін шыңдап шеберліктерін қосымша білім беру арқылы әрі қарай дамыту. Тәрбиеленушінің дарынын ашу. Асық ойынын жетік меңгере алатын тұлға қалыптастыру. Жоспарда асық ойынының жүрістері, ойнау деңгейлігі көрсетіледі. Жоспар базалық оқулықтар мен қатар көптеген әдебиеттерден, методикалық журналдардағы қажетті мағұлұматтардан жасақталған. Қазіргі ұрпақтың санасына алыстап бара жатқан бабаларымыздың ұлттық ойын түрлерін әсіресе асық ойынын жандандыру басты міндет болып табылады.
Әсіресе осы ұлттық ойын түрлерін оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттерін тартады. Жас ерекшеліктеріне байланысты кіші буын МАД тобын қамтиды.
"Асық ату" бағдарламасында жыл бойына 68 сағатқа аптасына 2 сағаттық бағдарлама қарастырылған.
Бала асық ойынын ойнау барысында: -тарихын, жүріс тәсілдерін меңгереді; -ойлау қабілетін арттырады;
-ойында ойнау барысында жаңа әдістерін қарастырады;
-
өз ойындарына талдау жасайды;
-бір-біріне жаңа тәсілдерін сынай отырып талдайды.
Берілетін білім мен тәрбие дағдысы:
-халқымыздың ұлттық ойындарын бойларына сіңірту;
-ұлттық, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру;
-ойын ережесін сақтай білуге үйрету;
-ойын жүрістерін дұрыс орындауға бағыт, бағдар беру.
Күтілетін нәтиже :
Асық ойынның түрлі әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп орындай алады және жұмыстарын қортындылап, дәлелдеп береді.
-алдымен баланың ұлттық спортқа, асық ойынына деген қызғушылығы
пайда болады;
-ойынға деген бейімділігі мен икемділігі қалыптасады;
-ойлау қабілеті артады;
-шеберлік, іскерлік дағдылары шыңдалады.
Кіріспе.
Асық ойынының шығу тарихына шолу.
Асық ойынының пайда болуы. Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады. Асық - қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнады. Жолаушы адамның жолдан аман оралуына асық үйірген. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын дегенге саяды.
Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Асық атудың жарысы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бекітілген «Асық ойынының ережесі» бойынша өткізіледі. Асық — төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады.
Жаугершілік заманда бабаларымыз соғыс стратегиясын, соққы беретін тұсты асықты шашып жіберіп түсіндіріп, жоспарлаған. Есі кірген қазақ балаларының ең алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Асықтың түр-түрімен балалар мен үлкендер де қызығып ойнаған (асықты қазіргі баспаларда балалар ойыны деп жүр). Кезінде үлкендер бұл асықпен иіру арқылы шешілмеген дауларын шешіп ымыраға келген күндері болған. Асық
– төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Есі кірген қазақ балаларының ең алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Асықтың түр-түрімен балалар мен үлкендер де қызығып ойнаған.
Асық – Қазақ балаларының ең сүйікті ойыны Асық ойыны – Қазақ балаларының ең сүйіп ойнайтын ойыны болған. Бұл ойын балаларды мергендікке, төзімділікке баулиды. Қазақтың өмірінде мал шаруашылығы қандай маңызды болғандығының бір дәлелі осы – асық ойыны. Асық уақ малда қой, ешкіде, киікте, тау текеде болады. Асықтың бір кереметі оны ешкім қолдан жасап жатпайды. Табиғи нәрсе. Оның жақсы салмақты түрлерінен сақа жасайды. Қазақта «Қой асығы болғанмен қолыңа жақса сақа тұт, жасы кіші болса да ақылы асса аға тұт»деген мақал бар. Бір нәрсенің дайын екенін білдіретін «Сақадай сай» сөз тіркесі де бар. Асықтың Алшы, Тәйке, Бүк, Шік, Омпа деген жақтары болады. Оның ішінде алшы жатысын өте бағалаған. Өмірде жолы болған дәулетті адамдарды «Асығы алшысынан түсіп тұр» деп айтқан. Қазақтың ұлттық ойыны ретінде ережесін жазып, спорт ойынына енгізсе, болашақ ұрпақтарымыз бекем, әрі мерген, әрі төзімді қасиеттерге ие болар еді. Біздің ұрпақ осы асық ойынының артықшылығын көзбен көрген ұрпақ. Асық ойнайтын тақыр алаң жасау үшін сауыншы шешелеріміздің сиыр қораларын тазартып беріп, сабақтан бос демалыс кездерінде талай асық ойынының қызығын көруші едік- ау. Сақаны қорғасын құйып және асықты қынаны теріп алы, суға қайнатып, оның суына сақаларымызды бояйтынбыз. Қынамен боялған асықтың түсі өңбейді. Асық ойыны – балалар үшін ең қажет ойын.
Қазақы ортада сақалар құнды бұйым ретінде ойыншылардың арасында әртүрлі айырбасқа түсіп отырды. Мысалы, бір сақа екі асыққа айырбасталды. Ал құлжаның сақасы үш асыққа тең болған деген сияқты. Ойыншылар асықтың күтіміне ерекше мән берді. Әсіресе, әртүрлі түске боялған асықтар да жоғары бағаланды. Қазақ әйелдері жүн бояғанда бояудың басыртқысына немесе қалған қалдығына асықтарды салып, сәл қайнатып бояп беретін болған.
МАД тобына арналған перспективалық жоспар
№ |
|
Тақырыбы |
Сағат |
Орындалуы |
Мерзімі |
||
|
|
|
|
саны |
|
|
|
|
|
|
|
|
теория |
тәжірбие |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-2 |
Кіріспе |
|
|
2 |
Әдісін |
Әңгімелеу |
|
|
Асық тарихына шолу |
|
түсіндіру |
|
|
||
3 |
Асықпен танысу |
|
1 |
Әдісін |
Көрсету |
|
|
|
|
|
|
|
түсіндіру |
|
|
4 |
Асықпен танысу |
|
1 |
Әдісін |
Көрсету |
|
|
|
|
|
2500 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |