"Ұлттық ойындар"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлттық ойындар»



Мақсаты: Ұлттық ойындарды кеңінен қолдана отырып, балаларға рухани жаңғыруда ұлттық ойындарымызды бойына сіңіріп , қызығушылықтарын, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.

Шапшаңдық, байқағыштық қабілеттерін дамыту.

Ұлттық ойындарымызды қадірлеуге салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Арқан, Жылқы, Теңге, Қамшы. Тымақ, Асықтар

Құрметті әріптестер және балалар «Ұлттық ойындар» атты спорттық сайысқа қош келдіңіздер!

Жарысымызды бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстырып өтейін:

1.Бөбекжай басшысы:

2. Әдіскер :


Топ аты, ұранымен таныстырады.

«Тұлпар» тобы, «Алтын асық» тобы, «Сыр сандық» тобы, «Ою-өрнектер» тобы, «Қыран» тобы

Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...

«Ертөстік», «Ертарғын» топтарын ортаға шақырайық
1. Ұлттық ойын: «Оқтау тартыс»

Шарты: Ортаға екі топтан екі бала шығып оқтаумен тартысады, кім тартып алады сол топ жеңіске жетеді.

2. Ұлттық ойын: «Тымақ алу»

Ойын шарты: Екі атпен екі бала шауып келіп ортада тұрған тымақты қамшымен іліп алу немесе құлату керек.

3. Ұлттық ойын:«Бәйге»
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары ( арақашықтық2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.


Ортаға «Ерқанат», «Ербатыр» топтарын шақырамыз.
1. Ұлттық ойын
: «Қыз қуу»

Ойын шарты: Бір ұл бір қыз қатысады, қыз атпен шауып қашады, ұл қуа жөнеледі, жетіп алса бетінен сүйеді, жете алмаса қыз ұлды қамшылайды.

2. Ұлттық ойын: «Теңге алу»

Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.

3. Ұлттық ойын: «Асық ату»

Екі топ балалары бір – бірден шығып қатарға қойылған асықты атып құлатуы тиіс құлатқан топқа ұпай қосылады әрі қарай солай жалғасады.



Келесі ду қол шапалақпен «Ертөре» тобын шақырамыз.

1.Ұлттық ойын:«Тауық күрес»

 Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай  жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады
2.Ұлттық ойын: «Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.

3.Ұлттық ойын:«Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.


Тәрбиеші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
ойынға баға беріңіз.

Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.

Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойын
дар» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ қазылар шешімімен марапаттаймыз. Екі топты алтын және күміс медалдарымен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2025
39
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі