Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойындар.7- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 7 сыныпта сабақ беретін ұстаз қауымына көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шығыс Қазақстан облысы,

Зырян ауданы , «Зырян қаласының

11 орта мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Мұқатаева Мереке Адылханқызы


Сабақтың тақырыбы

Ұлттық ойындар.Мекен үстеу.

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ұлттық спорт ойындары туралы толық ақпарат беруге үйрету.Мекен үстеуді меңгерту.

Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушылардың спорт ой -ындары жайлы ой-өрістерін кеңейту.

Тілдесім әрекетіне құрылған қарапайым мәтіндер негізінде спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы

Жетістік критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ):ұлттық спорт ойын-дары,«Көкпар»туралы ақпарат бере алады,ойынның ерекшелігін таныстыра алады,өзінің ойын түсіндіреді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ):тақырып аясында сыныптастарымен жас өнертапқыштар тақырыбы жайлы тілдесе алады,қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Негізгі түсініктер

Көкпар ойыны, семіз серке, терісі жыртылмайды,отауға-қазандыққа жеткізу.

Қолданылатын материалдар

А4 парағы, маркерлер,плакат,үлестірмелі материалдар, асық,оқушыларға арналған «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы бейне баяны,кестелер,суреттер,желім қағаздар.

Оқыту әдістері

Сипаттау,талдау,әңгімелеу,сұрақ-жауап,«Сәлемдесу»ән тренингі, «Тізбектеу»,«Тілші»,«Балық қаңқасы», «Баскетбол»рөлдік ойыны, «Ой шақыру,«Көршіңді шақыр»,«Теңге алу» және «Жамбы ату» ойындары, «Аялдау»стратегиясы,«Табиғи» әдіс,«Тамаша идеялар», «Ашық микрофон» .

Дерексөздер

Әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар,сөздік.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 мин



1)Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Сәлемдесу» тренингі арқылы сәлемдесіп, тілек айтқыздыртады.

Сәлеметсізбе мұғалім!

Мынау менің сәлемім,

Қонақтарға бас идік,

Досыма да, сізге де,

Сәттілікті тіледік!

2) суреттер бойынша топқа бөледі

Оқушылар ән айтып, ишаратыммен көрсетіп,сәттілік тілейді .

Топ ережесі:1) Топ басшысын тыңдау

2) Бір- бірімізді сыйлау

3)Сөйлеушінің сөзін тыңдау

4) Топта ұқпаған балаға көмектесу

Өтілген тақырыпты тексеру

І.Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Мақсат:Дұрыс жауап беріп, ауызекі сөйлеу тілді дамыту

1. «Тізбектелу» әдісі,мұғалім:- мен өз сұрағымды Полинаға қоямын. 1)Көшпелі көрмені өткізудегі негізгі мақсат қандай ?

2) Полина- Мен келесі сұрақты Максимге қоямын.,сұрақ: ЕХРО дегеніміз қандай көрме?

3)Ең алғашқы ЕХРО көрмесі қашан, қай жерде өткен?

4) ЕХРО көрмесіне Қазақстан нешінші жылдан бастап қатысып келеді ?

5)Халықаралық көрме Қазақстанда қашан өтеді?

2 «Тілші» әдісі ,Мұғалім: 1) Мақсат Кәдірханды «өнертапқыш» деп атай аламыз ба, неге?- киіз үй

2) Электронды сөйлейтін «Зерек» қаламды кімдер ойлап тапқан? Абзал Қадырбаев, Бауыржан Сейтенов

3) Серікбол Шәймарданды неге өнертап-қыш деп атаймыз? электронды бесік

4)Өнертапқыштар басқа адамдардан несімен ерекшеленеді? ұтқырлығымен

5) Қалау рай дегеніз не,жасалу жолдары қандай?

4. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы қорытындылайды.

Топтарды мадақтап, 3 рет қол соғып қошемет көрсетіп қою


Әр дұрыс жауапқа бір теңге


Оқушылар тізбектеліп жауап береді






Тілші парақшаға жазылған сұрақтарды оқып, оқушылар жауап береді.

Скипер- Менің тобымнан Лера сөйлейді.


І.Қызығушы-лықты ояту

1.«Ой шақыру»– Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтап алу үшін: «Стоп кадр» стратегиясы бойынша жаңа тақырыптың атауын, мақсатын өздері ашады. 3 топтың атауын айтады

Видео көреді ,слайд көріп мақсатын ,неге 3 топқа бөлінгендерін сол бойынша топ аттарын белгілейді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.Мұғалім оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, «Көршіңді шақыр»әдісі арқылы жаңа сөздерді меңгертеді . Көкпар ойыны, семіз серке, терісі жыртылмайды, отуға-қазандыққа жеткізу.

2.Мәтіналды жұмыс.А)Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы

орындатады.

Б) Тілдесім.10-тапсырманы орындатады.

: Етістікті тіркестерді дұрыс рай себеттеріне салғызады: «Баскетбол»әдісі : Өнертапқыштарды білемін, өнертапқыш атанғым келеді, ЕХРО көрмесіне барсын, Электорнды киіз үй жасап шығарды, өнертапқыш болайық,көрмеге жиналып жүрмін

3.Грамматиканы –қалау райды меңгертеді

5.Грамматикалық тақырып: «Теңге алу»ойыны :

1)Үстеу дегеніміз не?

2) Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3) Мекен үстеу дегеніміз не, мысал? 4) Көкпардың серкесін онда- мұнда лақтырды.


4 оқушы шығады.. Жаңа сөздерді тыңдайды,ойынның шартын орындайды.

Айтылым. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығады.

Айтылым.3 оқушы

3 сурет бойынша презентация қорғайды.

Жазылым.Сөйлем құрап жазады. Сөздерді рай бойынша дұрыс анықтайды , талдайды

Жазылым.Ойынның шартын орындайды.

Әр топтан 2 оқушы берілген доптарды баскетболдың себетіне дұрыс салады

Сандық,доп сияқты сөз жазылған кәртішкелер Қалау райды меңгертуді жалғастырады, мысалдар айтады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді

Жазылым. Етістіктерді табады, қалау райға айналдырады

Айтылым. Ойланып, сұрақтарға жауап береді.

ІІІ.Ойтолға-ныс

«Тірек сөздер» стратегиясы бойынша оқушыларға бірнеше сөз береді, ауызша сөйлем құрауын тапсырады.

Тілдесім. Тақырыпқа қажетті сөздерді , сөз тіркестерін айтады.

IV. Бекіту


«Сәйкестендіру» әдісі арқылы сабақты бекіту(Парақта тапсырмалар топтар орындайды)

Сұрақтың сәйкес жауабын айтып,дәлелдейді.Спикерлер:

V. Бағалау


Формативті бағалау. Топтың спикерлері оқушылардың білімін бағалайды.

Оқушылар өз топ мүшелеріне баға қояды, бағаларына талдау жасайды

VII .Үйге тапсырма



102-104 беттер

«5» - 7- тапсырма +презентация.

«4» - 7- тапсырма + қосымша материал

«3» - 7- тапсырма.

Күнделікке тапсырманы жазып алады

VIIІ .Кері байланыс

«Бес саусақ»әдісімен қорытындылау

Кері байланыс .«Бес саусақ»әдісі.СУРЕТ

Бас бармақ - Бізге бүгінгі сабақ ұнады/ ұнамады .

Балан үйрек – Не туралы көп ақпарат алдық

Ортан терек – Маған сабақта түсінікті / түсініксіз болғаны

Шылдыр шүмек - Бізге неге назар аудару керек?!

Кішкене бөбек - Оқушылар тілегі!


Әр топтан бір бала сөйлейді .Топ басшысы: \














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12