400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойындар арқылы бала денсаулығын нығайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрпағымыздың ұлттық ойындарды білуі, ел жанды, ұлт жанды ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайту


Асқарова Алманұр Асқарқызы



Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы,

МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы

қызметі: дене тәрбиесінің нұсқаушысы



КІРІСПЕ



Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту

ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды.

Ұлттық ойындар – ата–бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. [5.14]

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы туралы М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне, оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - деп жазған.

Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы өзекті мәселелердің бірі.

Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі қоғамның басты міндеттердің бірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. [1.11]



НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Ойын туралы жалпы түсінік

Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздай жасаған оты. Міне, ойын дегеніміз- тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді. [4.13]

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.


Әтеш - шақырады

Есек – бақырады

Күзен – шақылдайды

Бақа-бақылдайды

Шыбын – ызылдайды

Шіркей ызындайды

Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:

  • ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;

  • ойынның басталуы мен ойналу барысы;

  • ойынның аяқталуы.

Дене тәрбиесі іс-әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.


1-кесте

Shape1

1-сурет

Балабақшамызда дене тәрбиесінде

қолданатын спорттық құралдар


2-кесте

Shape2

3-кесте

Shape3


4-кесте

Shape4

Оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады. [2.24]

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады.



Балабақшада ойналатын ойындар

Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын: [2.8]

Арқан тарту

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

2-сурет

«Арқан тарту» ойыны


Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

3-сурет

«Орамал тастамақ» ойыны

Ақсерек-көксерек

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.

1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ. Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

4-сурет

«Ақсерек-көксерек» ойыны


Қыз –қуу

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.


Түйілген орамал

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1, 2, 3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

5-сурет 6-сурет

Оқу-қызметіндегі

«Түйілген орамал» ойыны



Соқыр теке

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар:

Бота, бұзау, қозы, лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.


7-сурет

«Соқыр теке» ойынынан көрініс

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізелерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

8-сурет

«Сақина жасыру» ойынынан көрініс


Қуыр-қуыр қуырмаш

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:

-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді. Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады. Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1. Бас бармақтан бастап шынтаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап беруі: басбармақ,балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп: 5 саусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар,

Сен тұр жылқыңа бар.

Сен тұр сиырыңа бар,

Сен кішкентай әлі жас екенсің,

Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Әжең келсе есік аш,

Қасқыр келсе мықтап бас.

Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:

Мына жерде қой бар,

Мына жерде жылқы бар.

Мына жерде жылқы бар,

Мына жерде түлкі бар.

- деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды. [2.17]


Хан талапай

Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын. Оған төрт-бес үміткерден қатысады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі. Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек. Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады. Себебі, хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе, немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді. Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды. Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек. Себебі ол –хан.


Аударыспақ

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны. Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ. Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті. Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды, ойын шарты бұзылады. Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.


Теңге ілу

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі. Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. [2.32]

Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Мәселен, мен «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» тақырыбындағы ашық оқу-қызметін өткізу арқылы балаларды ұлттық ойындармен таныстырумен қатар, ұлттық ойындарды ойнау арқылы спортқа деген сүйіспеншілігін арттыруға жұмыстандым.


Бөлімі

Дене шынықтыру

Тақырыбы

Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

Мақсаты

  • бір қатармен сапқа тұруды үйрету;

  • денешынықтырумен үзбей шұғылдануға тәрбиелеу;

  • ұлттық ойындардың түрлерімен балаларды таныстыру, спортқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

Арқан, слайдтан ұлттық ойындардың суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар 1 қатарға тұрады.

Амандасады.

Тік тұрыңдар!

Түзеліңдер!

Оңға бұрылып, саппен жүріңдер!

Нұсқаулықты орындатады.

Аяқ ұшымен жүреміз, қол белде.

Өкшемен жүреміз, қол желкеде. Саппен жүреміз.

Жәй жүгіреміз, қатты жүгіреміз.

Сапқа тұрғызады. 1 - 2 деп санатып, 2 қатарға бөліп тұрғызды.




Мұғалімнің бұйрығы бойынша оңға бұрылып саппен жүреді.

Ұйымдастыру- ідестіру

Жалпы дамытушы

жаттығуларын орындатады.

«Қара жорға» әуеніне орындатады.

Б.қ. Аяқ арасы сәл алшақ, қол белде, иықты алға, артқа қозғау

(3-4 рет қайталау)

Б.қ. Оң аяқты алға созып, оңға қарай иіліп, қолды бүге, саусақтарды қозғау.(3-4 рет қайталау)

Б. қ. Сол аяқты алға созып, оң қолды жоғары көтере, сол қолды алға соза, сол қолды, оң қолға тигізу.

(3-4 рет қайталау)

Б. қ. Аяқты бірге ұстап, қолды 2 жаққа соза, иықты қозғау.

(3-4 рет қозғау)

Б. қ. Аяқты айқастыра тұрып, қолды белге ұстап, иықты алға, артқа қозғау.(3-4 рет қайталау)

Ендеше бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің

тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен

шыңдалады» демекші, сендерге

қазақтың ұлттық ойындарының

түрлері - мен таныстырайын.

(Слайдтан ұлттық ойындардың

түрлері көрсетіледі). 


Ұлттық ойын түрлері:

«Аламан бәйге» ойыны

«Қыз қуу» ойыны

«Асық ату» ойыны

«Алтыбақан тебу»ойыны

«Тақия тастамақ» ойыны

«Арқан тарту» ойыны

«Күш сынасу» ойыны

(Тосын сый). Есік қағылды. Балалар қонаққа Бай мен Алдар Көсе келіпті.

- Сәлеметсіздер ме балалар?

- Сәлеметсіздер?

Бай: Алдар Көсе екеуміз сендердің балабақшаларына қонаққа келіп едік. Осы балабақшада қазақтың ұлттық ойыны болып жатыр деп естіп едік халықтан. Бізде ұлттық

ойындарына қатысып ойнағымыз

келіп тұр. Бізді ойнатасыздар ма?

Алдар Көсе: Ендеше екеуміз бәс

тігейік. Қай топ жеңетін болса, сол

бәстескен заттарымызды қалдырып кетеміз. Жарайды.

Бай: Қойындағы дорбасын алып, ортаға қояды.

Алдар Көсе: Қолындағы

домбырасын ортаға қояды.

Балаларды 2 топқа бөлді.

1 - топ «Байдың» тобы,

2 -топ «Алдар Көсенің» тобы.

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Арқан тарту» ойыны

Ойын шарты: Арқанның ортасынан

қызыл матамен байлайды.

Арқанның 2 жақ шетінен балалар

ұстап тартады.

Қай топ арқанды өз жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді.

Арқанды тартқан кезде 1 бала құлап

қалса, құламаған топ жеңіске

жетеді. Әрі қарай ойын осылай

жалғаса береді.


2 - ойынымыз «Күш сынасу»

Ойын шарты: Бұл ойын стол үстінде

екі баланың білек сынасуымен

орындалады. 2 бала шынтақтарын

столға тірек қол бастарын

айқастырады. Кім білекті столға

жықса сол бала жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.

Ендеше бүгінгі сайыста Бай мен

Алдар Көсенің топтары ойынға

жақсы қатысты. Алдар мен Бай

бізбен қоштасқалы тұр.

Олар тағыда осындай жарыстарға

қатысуға асығып тұр екен.

Бай, Алдар Көсе:

Сау болыңыздар балалар.

(Екеуі қоштасты.)


Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.








Әуненің ырғағына сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындайды.


Аяқтарын бірге ұстап, қолды екі жаққа созып, иықтарын қозғайды.













Ұлттық ойындардың түрлерін атайды.









Балалар амандасады.







Балалар иә деп жауап береді.












Балалар екі топқа бөлінеді.








Ойынның шартын мұқият тыңдап, ойынға белсене араласады.







Ойынның шартын мұқият тыңдап, ойынға белсене араласады.








Балалар Бай мен Алдар Көсемен қоштасады.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Рефлексивті-түзетушілік

Тыныс алу жаттығуы:

Қолдарымызды 2 жаққа созып,

жоғары көтере, мұрынымызбен

терең тыныс алып, қолды төмен

түсіре, ауызбен демді шығарамыз.

-Бүгін бізге кімдер қонаққа келді?

-Қандай ұлттық ойындармен

таныстыңдар?

-Қандай ұлттық ойындарын

ойнадыңдар!

Сендер бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар!

Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды.

Балалар жаттығуды орындайды





Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі

Ұлттық ойындардың түрлері.

Меңгеруі

Ұлттық ойындар туралы түсінікті;

Ұлттық ойындардың ойналу шарттарын.

Жасай алуы

Тыныс алу жаттығуларын жасауды.


8-сурет 9-сурет

Ашық оқу-қызметіндегі

ұлттық «Қара жорға» әуеніне жаттығу


10-сурет 11-сурет


Ашық оқу-қызметінде ойнатылған

«Күш сынасу» ойыны


12-сурет

«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

ашық оқу-қызметіндегі мадақтаулар

ҚОРЫТЫНДЫ



Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Халықтың ұлттық ойындары - жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты. Ойын - дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, көңіл көтеру, дем алу, бас қосып бірлесіп әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Балабақша тәрбиеленушілеріне дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді. Балабақшаларда ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек. [3.4]  Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы болып қала береді.

Ойын баланың денесін, тұлғасын жетілдіріп, дамытып, қоймайды. Сонымен бірге ақыл-ойын, ұлттық рухын, сана-сезімін, намысында қалыптастыратын тәрбие құралы. Баланы – ойын өсіреді. Ойынға қатыспаған бала әлжуаз, қорқақ, өз күшіне сенімсіз, бос кеуде, қиыншылыққа мойығыш болып өседі. Ойында тәрбиелік мәнге ие ұлттық көптеген этнопедагогикалық элементтері жетерлік.

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басты ерекшелігі — оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.

Қазақтың ұлттық ойындарын балабақшамызда өткізілетін, дене шынықтыру шараларында ұтымды пайдалана отырып, балалардың дене шынықтыру шараларына құштарлығын арттыруға және тәрбиеленушілердің бойына халықтың асыл мұрасын сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыру бағытындағы жұмыстарымды жалғастыра беремін.

















ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Кел, балалар, ойнайық! – Алматы «Арда» 2006 ж.

2. Қазақтың ұлттық ойындары – Алматы «Рауан» 1991 ж.

3.«Балбөбек» бағдарламасы бойынша педагогикалық жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері – Алматы «Арда» 2006 ж.

4. «Ақ сандық, көк сандық» – Алматы «Жазушы» 1988 ж.

5. Қаженбаева А.Е. «Бала танымын ойынмен дамыту».(А.Е.Алдабергенова)

Бала мен балабақша. – 2002. - №1.



PAGE \* MERGEFORMAT 11 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі