“Ұлттық ойындар және
мақал - мәтел жарысы”
Күні: 11.03.2025ж
Іс-шара
атауы: Зияткерлік
күні
Мақсаты:
Балалардың зияткерлік
әлеуетін,ақыл-ойын дамыту.Мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
жаңылпаштар,жырлар мен эпостардан үзінділер айту.Дәстүрлі қазақ
мәдениетіндегі баланың санаасын дамытуға бағытталған басқа да
амал-тәсілдерді дәріптеу,
Құрметті
балалар:
Бүгінгі біздің оқу
іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Біз қазақтың ұлттық ойындарын ойнап,
тек күшіміз бен ептілігімізді ғана емес, тіл байлығымызды да
сынаймыз! Ойын шарты қарапайым: жеңілген топ немесе ойыншы мақал
айтып беруі керек.
Ендеше, сайысымызды
бастайық!
1-кезең: “Арқан тартыс –
Кім күшті, кім тапқыр?”
Ойын
ережесі:
• Қатысушылар екі топқа
бөлінеді.
• Белгі берілген соң арқанды
тарту басталады.
• Қай топ жеңілсе, сол топтың әр
мүшесі бір-бір мақал айтып беруі керек.
• Егер біреу мақал айта алмаса,
жеңген топ қосымша 1 ұпай алады.
2-кезең: “Жүзік салу –
Тапқырлық сыналады”
Ойын
ережесі:
• Ойыншылар шеңбер болып
отырады.
• Біреуі қолында жүзік ұстап,
жасырын түрде біреуге салады.
• Ортада тұрған ойыншы жүзік
кімде екенін табуы керек.
• Егер дұрыс тапса, жүзікті
жасырған адам мақал айтады.
• Егер таппаса, өзі мақал айтып
береді.
3-кезең: “Ұшты-ұшты –
Жылдам ойлау керек!”
Ойын
ережесі:
• Жүргізуші «Ұшты-ұшты…» деп бір
нәрсенің атын айтады (мысалы, «Ұшты-ұшты қарға
ұшты»).
• Егер ол шын мәнінде ұшатын
нәрсе болса, қатысушылар қолдарын
көтереді.
• Егер ұшпайтын нәрсе айтылса
(мысалы, «Ұшты-ұшты, қой ұшты»), қол көтергендер
жеңіледі.
• Жеңілгендер мақал айтып
береді.
Қорытынды:
• Барлық ойындардан кейін мақал
айту саны есептеледі.
• Кім ең көп мақал айтса, «Мақал
шебері» атанып, марапат алады.
• Қатысушылар алғыс хаттармен
марапатталады.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызда ұлттық
ойындарымыз бен даналық сөздерімізді қатар қолдандық. Қазақтың асыл
мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Баршаңызға алғысымызды
білдіреміз
Нұрдәулет
Отан-отбасынан
басталады
Ал-Фараби
Отан-оттан да
ыстық
Ж.Димаш
Отансыз адам, ормансыз
бұлбұл
Хантөре
Отан үшін күрес- ерге тиген
үлес
Ажар
Баланың білегі ауырса, ананың
жүрегі ауырады
Сұлтан
Кітап-алтын
қазына
Айлин
Ананың ойы балада, баланың ойы
далада
Қазына
Арқа сүйер елің болсын,аунап
жатыр жерің болсын!
Елге сыймаған, жерге де
сыймайды.
Таңшолпан
Опасызда отан
жоқ
Алинұр
Ғылым-теңіз
Білім –
қайық
Димок
-
Ананың сүті
бал
Баланың тілі
бал
-
Анаңа ауыр сөз
айтпа
Атаңа ауыр жүк
артпа
Қайнар
-
Отан-отбасынан
басталады
-
Отансыз адам-ормансыз
бұлбұл
Ибрахим
Отаны бірдің жүрегі
бір
Жүрегі бірдің тілегі
бір
Мұхаш
Бір тал
кессең
Он тал
ек
Айару
-
Еңбек
ширатады
Өмір
үйретеді
-
Еңбек пен бақыт
егі
Демеу
Отан
қуат
Отбасы
шуақ
Айша
-
Ана алдыңда
құрмет
Ата алдында
қызмет
-
Алып анадан
туады
Ат биеден
туады
Әмір.
Ақылды адам аз
сөйлейді
Абдурахман
Отанын сатқан
–оңбас
Расул:
Анасын көріп қызын
ал
Дінмұхаммед
Әй Айдарбай,
Айдарбай
Үйір мүйіз
сиырыңды
Үйіңе айдай
бар






«
Кішкентай данышпан»
бөбекжай-балабақшасы
Бекітемін:
«Кішкентай
данышпан»
бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі:
У.К.Ешенкулова
Зияткерлік күні құтты
болсын!
«Ұлттық ойын
ойнап,
мақал-мәтел айтып
жарысайық!»
«Жұлдыз» ересек
тобы
Тәрбиеші: Қалдыбаева
А.Ж
Шымкент қаласы 2024-2025 оқу
жылы