Мақсаты
: Салауатты өмір сүруге
қызығушылығын арттыру . Спортпен айналысудағы әр түрлі дене
шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену , оларды қолдану
.
Балалардың спортқа деген
қызығушылығын арттыру . Ептілікке , шапшаңдыққа , салауатты өмір
салтына , тазалыққа тәрбиелеу
.
Керекті құралдар : Кеглилер
, шығыршықтар, асықтар, аттар, арқан
.
Барысы
:
Тәрбиеші
: Құрметті қонақтар ,
ұстаздар және бүлдіршіндер ! Бүгінгі "Қуыршақ" тобының
«Мен және
отбасы»атты спорттық сайысына қош
келдіңіздер !
Жанұялар отыр сынға
түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын тобымызды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен
бәріміз.
1 Оразалиндер
отбасы.
2.Ибраевтар
отбасы.
3.Ермековтар
отбасы.
4.Тлеумұратовтар
отбасы
Әділ қазыларды
сайлап алу.
Тәрбиеші
:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар
алқасымен
таныстырайық
Балабақша меңгерушісі Курманова
Л.Б
Балабақша әдіскері Уразалина
Г.Б
Ойын
шарттары:
1 «Кім
жылдам?»
Шарты:Екі топ обруч
арқылы жанұясын тез жинап,кедергілерден өтіп мәреге жетуі
тиіс.
Әр таңды бақытпен атырамыз
,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
.
Сайысқа
қатысушыларды
Келесі ойынға
шақырамыз.
2.Тауық
күрес.
Шарты:Екі баладан және ата –анадан шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның
ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен
ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Қайсысы сүрініп жығылса
,сол
ұтылады.
3.Асық
ату.
Т Шарты:ізіліп тұрған асықтарды,
асық лақтырып құлату керек. Қай топ көп асық құлатса сол жеңіске
жетеді.
4.Арқан
тарту.
Шарты:Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен
ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген
балалар тартысады
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске
жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші
баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске
жетеді.
Тәрбиеші
:
Біреу озса жарыста
,
Біреу артта қалады
.
Жеңілгендер ренжімей
,
Тараса бізге
жарады
5.Пингвин»
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге
құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ
бірінші келсе сол топ
жеңімпаз
6.Теңге
алу.
Аттың үстінде тұрып жердегі түйіншіктерді
алу
Тәрбиеші
:
Бүгін міне оң
болып,әр ісіміз,
Жоғары боп
күш-жігер,намысымыз
Осылайша қуанышпен
думандатып,
Аяқталды халайық
жарысымыз- деп сөзді әділқазыларға
береміз .
Сайыскерлерді марапаттау
.
Құрметті қонақтар
келгендеріңізге көп рақмет , сау болыңыздар
.
Бестамақ «Болашақ» балалар
бақшасы
«Ұлттық ойындар
ата-баба мұрасы»
(Спорттық
сайыс)
ІІ кіші «Қуыршақ»
тобы
ата-аналарымен
Тәрбиеші:Маханова
М.
Наурыз-2018
жыл.