жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ұлттық ойындар –халық қазынасы»
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
|
Тәрбие сағаты |
«Ұлттық ойындар –халық қазынасы» |
|
|
Күні: |
22.01.2024ж. |
|
|
Сынып жетекші: |
М.Бекмуратова |
|
|
Сынып: 6 «Ә» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру. Барлық оқушылар: Ұлттық ойындар туралы мәліметтерді еске түсіріп, таныстырылым жасауда вербалды емес тілдік құралдарды қолдана алады. Сөйлеу барысында суреттерді пайдаланып, таныстырылымын таныстырады. Оқушылардың басым бөлігі: Ойын ережесін құрастыра алады. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты ойларын шығармашылық жұмыстар арқылы көрсете алады. |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлес қосу. |
|
|
Ресімдеу |
Слайд,презентация |
|
|
Музыкалық және бейне көркемдеу |
интерактивті тақта, слайд |
|
|
Үлестірмелі материалдар |
Суреттер |
|
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер |
Презентация |
|
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
|
Ұйымдастыру кезеңі (10мин) |
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Қызығушылықты ояту Шаттық шеңбері «Дөңгелене тұрайық, Керегені құрайық, Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрайық Шаттық шеңберін құрып, дөңгеленіп тұру. Топқа бөлу : 1)Тоғызқұмалақ тобы, 2)Алтыбақан тобы Өтетін тәрбие сағатының тақырыбын анықтап алу. Мақсатын хабарлау 1 , 5 , 3, 6, 4, 2 Ұ , ы, т, қ, т, л 2 ,3, 1, 4, й, ы, о, н,- 3, 1, 2 т, ұ, л 2, 4, 1, 6, 5, 7,3, 8, а, ы, қ, а, н, с, з, ы Қазақтың ұлттық ойындары бұл-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің бірі. Қазақ елі ұлттық ойындарға өте бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындар төрт түлік малмен тығыз байланысты. Ойындар атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалып келеді.Ал енді балалар, ұлттық ойындарға кішкене ғана саяхат жасап көрейік.(Бейнебаян) -Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі? Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ -Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар? Балалар: өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты «Қай ұлттық ойындардан спорттық жарыстар өткізіледі?Басқа қандай ұлттық ойын түрлерін білесің?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Ұлттық ойын түрлері туралы слайд |
Оқушылар сәлемдесіп,шаттық шеңберін құрады. Сурет қиындыларымен топқа бөлінеді.
Тәрбие сағатытың атын табады. Суретте көрсетілген ұлттық ойындарды табады. |
Компьютер
|
|
Сабақ басы (20 мин)
|
- Олай болса , келесі кезекте ойын түрлеріне байланысты ойын ойнайық. «Теңге ілу» ойыны Музыка қою, би билеп ,музыка тоқтағанда теңгелер жинау,қай топ көп жинаса сол топ жеңеді. Келесі ойынымыз асық ату. Кім сызған жерден шертіп алады соған сыйлық. |
Оқушылар ортаға шығып шашылған теңгені кім жылдам жинайды.
|
Музыка, монеталар, асықтар
|
|
Ортасы (10 мин) |
1) . . .– екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. (қазақша күрес) 2) . . . ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған.(тоғызқұмалақ) 3) ... - алаң ортасынан көлденең сызық сызылады, ұзын жіп немесе арқан керек.(арқан тарту) 4) . . . - бұл –елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.(алтыбақан) 5) . . . - ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асықалынады. (ханталапай) 6) . . . – шауып келе жатқан аттың үстінен белгіленген затты атып түсіру. (жамбы ату) 7) ...- белгіленген қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталы-нады. Ойыншылар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. (теңге алу) 8) . . . – ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ) 9) . . . – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бір-бірін қуады. (қыз қуу) |
Оқушылар алдына көп нүктенің орнына ойын түрін жазады. |
Плақатта жазылған сөздер. |
|
Соңы (5 минут)
|
Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз керек. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттау мен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамытуымыз қажет. |
Оқушылар ұлттық ойын туралы мәлімет алады. |
|
"С.Қожанов атындағы № 9 ЖББМ" КММ Ұлттық құндылықтарға негізделген "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" бойынша жылдық жоспарға орай, 22.01.2024ж. 6 "Ә" сынып оқушыларымен "Ұлттық ойын- ұлт қазынасы" атты тақырыпта тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Ұлттық ойындар туралы мәліметтерді еске түсіріп, таныстырылым жасауда вербалды емес тілдік құралдарды қолдана алады. Тақырыпқа қатысты ойларын шығармашылық жұмыстар арқылы көрсете алады.
Кіріспе бөлім.
Қазақтың ұлттық ойындары бұл- халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің бірі. Қазақ елі ұлттық ойындарға өте бай. Оқушыларға ұлттық ойындар туралы бейнебаян көрсетіледі.
Негізгі бөлім.
Ұлттық ойындар ойнау.
1) Теңге алу
2) Асық ату
3) Сұрақтар. Қазақтың ұлттық ойындарынан қойылады.
Қорытынды.
Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт - санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз керек. Оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамытуымыз қажет.
Т
әрбие сағаты өз мақсатына жетті. Сынып жетекші: Бекмуратова
Меруерт
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген