400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойындар жинағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаларға тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы.

Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Жаңадан нәрестелі болған екі жас қарияның алдына келіп:

— Баламызға тәрбие берсеңіз деп едік, — дейді.

Сонда кемеңгер:

— Сәбилеріңнің туғанына қанша болды?» — деп сұрайды.

— Үш ай.

— Ей, құлындарым, балаға тәрбие беруден үш ай кешігіп қалыпсыңдар, — депті. Шынымен де, бала тәрбиесі бір сәтті де қалт жіберуге болмайтын ұлы да игі іс. Ал сол тәрбие беруде баланың көңіліне, ішкі жан-дүниесіне қатты тимейтіндей етіп берудің өзінде үлкен мән-мағына жатыр. Себебі, жас бала жаратылысынан ата-анасының қамқорында болып, өмірдің барлық келбетін ойын арқылы қабылдайды. Баланың негізгі іс-әрекетінің өзі – ойын. Халқымыздың баланы «ойын баласы» деп те атауы бекерден бекер болмас.

Балаға дүниенің қызығы сол – ойын, барлығын ойынға айналдыру. Сондықтан балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіру ата-ананың да, тәрбиешінің де, бір сөзбен айтқанда жөн сілтеушілердің міндеті. Халық даналығы да соны меңзейді.

Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б. секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал – ұлттық ойындар. Сонау ерте замандардан бері талай батырларымыз, ақын-жырауларымыз, бозбала-бойжеткендеріміз сол ойындарымызды ойнап, халық даналығынан сусындап келді емес пе?!

Педагог ретінде балаларға тәрбие мен білім беруде, құндылықтарды үйретуде халық ойындарының маңызы өте зор екендігіне көзім жетіп отыр. Себебі, бұл балалар – үйде болған, балабақшаға бармаған, ешқандай даярлықтан өтпеген биязы балалар. Ата-анасының етегінен асып көрмеген олар балабақшаға келгенде бөтен ортаға, бөтен адамдар арасына түседі. Отбасы, ошақ қасынан басқа да дүние бар екенін, балаға басқа өмірге аяқ аттап келе жатқанын аса бір педагогикалық шеберлікпен, шынайылықпен жеткізген жөн. Ойнай отыра тәрбиелеу, білім беру.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, Алматы, «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындары туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған», — дейді. Бұл сөздер алынып отырған әдісіме, айтылған сөзіме жан бітіріп отырғандай.

Ұлттық ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, ақсүйек, алакүшік алтыбақан, ақшамшық, арқан аттау, арқан тартпақ, асық, аттамақ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды қыз қуу, күміс ілу, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, шалма, соқыр теке, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген орамал, асық, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, т.б. түрлері өте көп. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.

Осы ойындардың ішінен оқу қызметіме, жағдайға, баланың жас ерекшелігіне байланысты таңдап, керектісін қолданып отырамын. Кейде сабақтың талабына сай ойындар толық емес, элементтері пайдаланылады.

Асықпен ойналатын ойындардың түрі сан алуан. Сабақтың элементі ретінде де қолдануға болады. Балаларға шапшаң, епті болуды баулиды, сонымен қатар асық табиғи зат болғандықтан, бала денсаулығына еш зиянын тигізбейді

Ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Әр сабақтың ерекшелігіне, тақырыбына сәйкес ойын түрлерін алмастырып пайдаланған жөн деп есептеймін. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін осы ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.



«Сымсыз телефон»

Ойынның шарты:

Балалар тізіліп тұрады. Ойын бастаушы бір сөзді тез айтады. Келесі бала естігенін көршісіне айтады. Сөйтіп тізбек бойы айтылады. Соңында қай сөз айтылғаны сұралады. Егер сөз бұзылса, оны бұзған бала айыбын төлейді, яғни өнерін көрсетеді. Немесе сәл басқаша ойнауға болады. Әр бала көршісіне әртүрлі сөздер айтады. Кейін жүргізі әр балағасұрақтар қояды. Мысалы, «Сен тамақты немен ішесің?» — дейді. Ол баланың сөзі «қарындаш» болатын. Сонда «Қарындашпен тамақ ішемін» деп жауап береді. Әр бір қисынсыз шыққан жауапқа балалар мәз-мейрам болып күледі.






«Соқыртеке»

Ойынның шарты:

Ойыншылар дөңгелене тұрады.

Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады. Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді.









«Тақия тастау».

Ойынның шарты:

Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, бір баланың артына білдіртпей тастап кетеді. Сезіп қойған бала жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал жүргізуші бала қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді. Өте қызықты әрі жан-жақты ойын. Себебі, бұл ойын дене бітімін тәрбиелеуге көмектеседі, шапшаңдық, мұқияттылық және ең ұтымдысы баланың өнерін жан-жақты дамытуға көмек береді.







«Ақсерек-көксерек»

Ойынның шарты:

Бұл ойын ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі. Ойынның шарты бойынша балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай ашып, тізіліп, қол ұстасып тұрады. Бірінші топ:

Ақсерек, көксерек,

Шауып алдым бәйтерек.

Ақсерек, көксерек

Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды. Келесі топ жауап береді:

Ақсерек, көксерек,

Сізден бізге … (баланың аты) керек.

Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Үзсе, сол топтың бір баласын өзімен ала келеді, ал үзе алмаса, сол топта қала береді. Қай топта бала көп болса, сол топ жеңеді. Балалар ептілікке, бірлікке, тобы үшін намыстанып, жеңіске талпынуға үйренеді. Дене тәрбиесі, сергіту сәттерінде пайаланылады. Кейде сабақтарымда бұл ойынның сәл өзгертілген түрі пайдаланамын. Дәл солай екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөздерін айтады. Аты аталған бала сол топтың сұрақтарына жауап беруі не тапсырмаларын орындауы тиіс. Орындай алмаса, сол топқа өтеді не өнерін көрсетеді . Бала тапсырманы қызыға орындайды.




«Арқан тарту»

Ойынның шарты:

Бұл ойын екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналатын ұлттық ойын. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып кетсе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып, екінші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.






«Хан талапай»

Ойынның шарты:

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын. Оған 4-5 үміткерден қатысады.Ойын үшін 10 асық таңдап алынады.Он бірінші асық ерекше өзге түске (қызыл) боялған болуы шарт. Алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылыр аңдысын аңдып өзге асықтардан

ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып,ортадағы асықтарды , «хан талапай»жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйір кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін,тәйкесімен тәйкесін бір-біріне соғып, асықтар бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны. Онда кезек келесі ойыншыға беріледі. Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.














«Қуыр-қуыр қуырмаш»

Ойынның шарты:

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді

де,сол қолмен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.

Содан соң екінші балаға балаға:

-Ортаңғы саусағымды тапшы,-дейді. Екінші бала

қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың

басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала

жасырушының ортаңғы саусағын дәл тапса, ұпайды

бірінші бала тартады. Ұтқан бала ұпай алу үшін

мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1.Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың

атын бір түгел атап беруді.: басбармақ,балан үйрек,

ортан терек, шылдыр шүмек,кішкентай бөбек.

Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бармағыннан

Бастап,былай деп 5 саусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар

Сен тұр түйеңе бар

Сен тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырына бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де, отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта

ұстайды да:

Қуыр-қуыр,қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжеең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.

Осыларды істеп бола беріп:

-Мына жерде қой бар

-Мына жерде жылқы бар

-Мына жерде түйе бар

-Мына жерде сиыр бар

-Мына жердемына түлкі бар-деп, баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар-деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды.




«Шертпек»

Ойынның шарты:

Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін,ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де,кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп,жолдастарының бірі маңдайынан кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып,иығындағы

орамалмен шертпегімді тап –деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді,ал егер тауып алса,жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.














«Күш сынаспақ» Ойынның шарты:

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.



«Көтермек»

Ойынның шарты:

Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бірін-бірі арқада көтеріп алса, сол бала жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.



«Қыз - қуу»

Ойынның шарты

Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды ағаш атпен қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қыз баланы екі балада қуады.Қай бала бұрын жетіп қыздың қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.





«Алақан соқпақ»

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады. Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі «орамал» беріледі Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге-«Алақанынды тос!» -дейді. Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп –Сүлгі қайда?-деп сұрайды. Сонда ойыншы «анада»-деп бір баланың атын атайды. Аты аталған ойншы орнынан тұрып алақанын тосады. Бастаушы «сүлгі қайда?»-деп атын айтады. Ойын осы ретпен жалғаса береді.Тапсырманы орындап жақсы ән салған балалар ұпай жинайды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі