Тақырыбы: Ұлттық ойындар және салт дәстүрлер - атадан
балаға берілетін асыл мұра
Мақсаты: Ұлттық
ойындар, салт дәстүрлерлердің бала тәрбиесінде алатын рөлі, өз
ұлтының дәстүрін қастерлеуде, ұлттық құндылықтарды
үйретуде әріптестердің тәжірибелерімен бөлісу
Міндеттері:
-
Ұлттық ойындар балалардың тілдерін дамытатынын,
бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы екендігін әріптестермен
талдау.
-
Баланың ойын үстінде өзін-өзі дамыту мақсатында
пайдаланудың маңыздылығын айқындау.
-
Ұлттық ойындар арқылы оқытудың тиімділігін және
қызығушылығын арттыруға болатынына көздерін
жеткізу.
Күтілетін нәтиже:
-
Коучинг-сессияға қатысушы тәрбиешілердің
педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;
-
Өзін-өзі дамыту, іс-тәжірибе жинақтауда сын
тұрғысынан ойлау стратегияларын біледі;
-
Тәрбиешілер оқу үдерісінде балалардың
жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.
-
Тәжірибелерімен бөліседі.
Түйінді идеялар: «Коучинг» - (ағылшын сөзінен шыққан «тәлім
ету, дайындау, жаттықтыру» дегенді білдіреді) – әріптестерді (коуч
пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз, өзара әрекеттестік
үдерісі. Формативті (қалыптастырушы) бағалау түрлері: «Бағдаршам»,
«Смайлики», бармақ арқылы, қол соғу, спикер
Қолданылатын модульдер мен
әдіс-тәсілдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық
жұмыс; диалогтық оқыту.
Сілтеме :
Қарақат Әбділдина «Келші, келші»
Ресурстар: А3,
презентация, стикер, маркерлер, ватман-постер, қолданылатын
әдебиеттер
Барысы:
І бөлім
Басталған кезде: Қарақат Әбділдина «Келші,
келші»
Кіріспе сөз (Калкабаева
К.Х.) Ойын дегеніміз
– адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан — ойға
жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе.Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті
жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында
өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуім ше
көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес,
ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», — деп тегіннен тегін
айтпаса керек.
Топқа бөліну: Түрлі –түсті асықтар арқылы топқа бөлінеді.
(қызыл түс, жасыл түс, сары түс)
Психологиялық жағымды көңіл-күй
орнату. Шырағы жанып тұрған шаңырақпен бір-біріне
жақсы тілектерін білдіреді.
Ұйымдастыру
кезеңі. Түрлі –түсті асықтар арқылы топқа бөлінеді.
(қызыл түс, жасыл түс, сары түс)
Топ ережесі:
-
Топ
ішінде жұмыла, шет қалмай біріге отырып жұмыс
істеу.
-
Бір топ екінші топқа кедергі
жасамау.
-
Топта тәртіп сақтау.
-
Екінші топтың ойын тыңдау,
құрметтеу.
Ой шақыру: Видеоматериал көрсету: «Қазақтың ұлттық
ойындары»
Топтық жұмыс (топтарға тапсырма беріледі, постерге салып
қорғайды. Әр топ өздерінің бағалау түріне байланысты топтарды
бағалайды).
Ұлттық ойындар: І топ Тұрмыс салт
ойындары
ІІ топ Аңшылыққа байланысты
ІІІ топ Дене шынықтыру және спорт ойындары (5
мин)
Коуч үш топқа бағалау түрлерін бөліп береді. (
Бағдаршам «жасыл» -өте жақсы, «сары»- әлі де ойларын толықтыру
керек, «қызыл» - қауіп)
( «Смайлики» - күліп тұрғаны, жай тұрағаны,
көңілсіз тұрғаны-?)
(«Бармақпен бағалау» - жоғары –«өте жақсы», орта
- әлі де ойларын толықтыру керек, төмен -?)
Спикерді сайлау үшін, топтағы 1 орындық артына
стикер жапсырады.
Қорғауға әр топқа 2
минуттан
Сергіту сәті:
«Қаражорға»
ІІ Бөлім
Ұлттық ойындар- балалардың білімін берік
меңгерту құралы
І топ «Ұлттық ойындардың
маңыздылығы»
ІІ топ «Балабақшадағы балалардың ойын арқылы
сөздік қорын дамыту жолдары»
ІІІ топ «Баланы ұлттық ойындар арқылы
тәрбиелеу»
Топтық жұмыс ( баяндамашылар тақырыптары
бойынша дайындалады, қорғайды). (10
мин, қорғау 3 мин) Бағалау
Спикер сайлау үшін, әр топқа «бес саусақ»
таратылып, әр саусаққа топ мүшелерінің аттарын жазуларын өтінеді.
Кім бас бармаққа атын жазса, сол топ спикері
болады.
Кері байланыс: І
топ «Бес жол » өлең (1 - жол Зат есім, 2-жол 2-3 сын есім, 3-жол
2,3 етістік, 4-жол Таң қалғанда айтылатын сөз, 5-жол Тақырыпта
алмастыратын сөз)
ІІ топ «Ертегі» құрастыру
ІІІ топ «Бір ұлттық ойынын
көрсету»
Рефлексия. Әр тәрбиешіге стикерлер үлестіріледі, олар
бүгінгі сабақтан алған әсерлері, не үйреніп шыққандары туралы
стикерлерге жазады, «Гүлге» жапсырады. Топтар бір-біріне «Екі
жұлдыз, бір тілек» айтады.
Қорытындылау: Шаңырақ
көтеру
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Құрметті әріптестер, қонақтар. Бүгінгі
коучинг-сессиямызды аяқтамас бұрын батыр, жазушы, кемеңгер
Бауыржан Момышұлының ұлттық ойындар жайлы айтқан цитатасымен
аяқтағым келеді:
« Асық, жасырынбақ, жарыс, күрес, ақсүйек
ойнау – жастарды ептілікке, шеберлікке, айлакерлікке, мергендікке,
ширақтылыққа, табандылыққа тәрбиелейді »
Құрметті келген қонақтар,барлығымыдың алға
қойған мақсатымыз болашақ ұрпақтарды тәрбиелеу,сондықтан да бір
шаңырақ астында бірлесе отырып,ата бабадан қалған асыл мұрамыз салт
дәстүрлерімізді балаларымыздың санасына құя
білейік!!!