15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық ойындар туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі.
Күні: Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Элеватор |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
№1 Кел.ойнайық «Ұшты,ұшты» №2 Мәтінді оқы. Элеватор
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут
|
Ойын ойнайық! Мұны кей жерде «Тобық», ал кей жерлерде «Есімде» деп атайды. Бірақ, сайып келгенде, бұлардың негізі бір арнаға келіп құяды. Ойынның мақсаты: есте мықтап ұстау, жаңылшақтыққа, ұмытшақтыққа жол бермеу. Мұны көбінесе ересек адамдар ойнайды, олар өзара уәделесіп бәс тігіседі. Ойынның мерзімі қысқа болса, тобықты қолға қысып жүруге, ал мерзімі ұзақ болса, қалтаға салып жүруге де болады.
Жақсылап, тазалап мұжылған қойдың тобығын бір ойыншы екінші кісіге береді. «Бұл екеуі кезкелген уақытта жолыға қалса, бірінші ойыншы: «Есімде»— деп әңгімесін бастайды.
«Есімде!» демесе, ол ұтылады. Ал екінші ойынша тобықты көрсетуге тиіс, егер тобықты көрсете алмаса, онда екінші ойыншы ұтылады. Ұтқан адам тиісті жүлде алады.
Тобық ойыны, сонымен қатар, өте сақ болуды керек етеді. Өйткені, қай уақытта, қай жерде болсын, тобықты сақтаған жақ оны бәс тігіскен кісіге көрсетуі қажет. Ешқайсысы жаңылмаса, ұмытпаса әрі сақ болса, ойын созыла береді, сөйтіп бірін-бірі жаңылдырып, қапыда қалдырғанша ойын тоқталмайды |
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|
Смайликтер |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген