400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойындар туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Асық ату Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні:

Сынып: 1


Мектеп: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Рахметхан Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлттық ойындар туралы түсінік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ұлттық ойындарды таниды, ережесін ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

Сұрақ қойып, мәтінді әңгімелей алады.

Кейбір оқушылар:

Өздіктерімен сөйлем құрастырады, жазады.

Бағалау критерийлері

Берілген сурет және сызба бойынша сөйлемдер құрап жазады. Сұрақ қойып, әңгімелей алады.


Тілдік мақсаттар


ұлттық ойындар – национальные игры - national games, салт-дәстүр – обычаи - customs.

Құндылықтарды дарыту


Достық қарым-қатынас

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Онлайн тапсырма орындау, тақтада сызу, қарау, тыңдау

Бастапқы білім


Ұлттық ойындар тақырыбы бойынша сөздік қор.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

1 мин







4 мин












5 мин

Таңғы шеңбер

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

-Өлең не жайында?

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындармен танысуды жалғастырамыз. Сөйлемдер құрап, сұрақтарға жауап береміз.

  • Ортаға шығып, Айгөлек ойынын ойнайық.






интерактивті тақта





аудиожазба





Сабақ ортасы

6 мин



















7 мин





3 минут



1 минут



2 минут





7 минут





1. (Ұ) «Көршіңе сұрақ қой» стратегиясы

Мақсаты: сұрақ құрастырып және сұраққа жауап беріуге жаттығады.

Жұптық жұмыс:

- мәтінді оқы;

- 2 сұрақ құрастыр, дәптерге жаз;

- өзің құрастырған сұрақты келесі оқушыға қой;

- келесі оқушының сұрағына жауап бер;


Асық ату

Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.

(ҚБ) Оқушылардың сұрақтары мен жауаптарын тыңдай отырып бағалау. «Stop-кадр» әдісі арқылы тақтадан суреттер көрсетіп, балалардан дұрыс жауабын сұрау.

Жауабын дұрыс тапқаннан кейін «Асық туралы» бейнежазба көрсетіледі.

Мұғалім әрбір оқушыға асық таратады. Әр оқушы өз асығын тастап алшасынан түскендер 1-топ, бүк түскендер 2-топ, тәйке түскендер 3-топ және шік түскендер 4-топ болып бөлінеді.

Топтық жұмыс. 1-тапсырма «Істеп көрсет» стратегиясы. Топқа берілген ойынды көрсету.

Мақсаты: оқығанды түсіну және ұлттық ойын жайлы білімдерін іс-жүзінде қолдану.

Нұсқаулық:

- мәтінді оқы және түсін;

- топта ақылдас;

- ортаға шығып көрсет;


1-топ Аударыспақ

Бұл ойынға мықты жігіттер қатысады. Олар атқа мінеді. Аттың үстінде отырып тартысады. Аттан құлаған ойыншы жеңіледі.

2 – топ Ақсерек

Ойын кең алаңда өтеді. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бір-бірін «ақ серек, көк серек, сізге бізден кім керек» деп сұрайды. Келесі топ «ақ серек, көк серек, сізден бізге (бір баланың атын айтады) керек»деп шақырады. Шақырылған ойыншы қолды үзіп өту керек.

3 - Орамал тастамақ

Ойыншылар көздерін жұмып, шеңбер бойы отырады. Жүргізуші орамалды алып, бір ойыншының артына тастайды. Орамал тастағанын сезген ойыншы оны қуып жетіп, орамалмен соғады. Жеңілген ойыншы айыбын тартады.

4 – топ Сақина салмақ

Ойыншылар екі-екіден отырады. Жүргізуші сақинаны білдіртпей бір ойыншының уысына салады. Жүргізуші «Сақинам кімде?» деген кезде сақина бар ойыншы атып тұруы керек. Ал көршісі ұстап қалуы керек. Жеңілген ойыншы айыбын тартады.

(ҚБ) Әр топ ойынды кезекпен көрсетеді.



2-тапсырма. Сөйлемді аяқта:

Сақина салмақ ойынында ойыншылар ...... отырады.

(екеуден, төртеуден)

Асық атудың бұл түрінде ойыншыда .... асық болу керек. (екі, төрт)

Ақсерек ойынында қолды ..... ойнайды. (үзіп, аттап)

Орамал тастамақ ойынында ойыншылар ....... отырады. (қатарға, шеңберге)










Ұлттық ойын «асық» туралы бейнежазба







Көңілді сергіту жаттығулары


Сабақтың соңы

5 минут




Рефлексия

-Кім бүгінгі ойындардың шартын түсінсе, сұрақ құрастырса және сұрақтарға жауап бере алса, екі қолын да көтереді

- Жартылай білсе, қолдырын беліне қояды

- Түсінбесе, қолын жай қояды.















«Қара жорға» биі





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
541
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі